kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қармақшы аудындық оқушылар үйі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Байдабаева Гаухар Жақаншақызы 1975 жылы Қызылорда обылысы Қармақшы ауданында қарапайым отбасында дүниеге келдім. Қазіргі таңда отбасылымын үш балам бар. Екі ұл бір қыз тәрбиелеп отырған анамын.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында. Қармақшы аудандық оқушылар үйінде қызмет істеймін.  Қармақшы аудандық оқушылар үйінде "Балдәуренә үйірмесін жүргіземін. Үйірмеге бастауыш оқушылары тартылған. Яғни бірінші және төртінші сынып оқушылары. Оқушылар аудан орталығындағы мектептерден келген. Атап айтсақ № 105 мектеп, №121мектеп, № 27 мектеп, № 26 мектеп, № 183 мектеп және №30 мектеп, № 250 мектептердің оқушылары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қармақшы аудындық оқушылар үйі»

« Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!» атты тәрбие сағатының

С Ц Е Н А Р И Й І

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың ұстаз атаулыға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еңбектерін бағалап, сыйлап, қадірлеу сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Кітап-ғылым-тілсіз мұғалім», «Адамның адамшылығы...жақсы ұстаздан болады».

Барысы:

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ардақты да аяулы ұстаздар! Бүгінгі күн- барлығымыз үшін ерекше күн. Ұстаздарымыздың ұлы мерекесі.

2-жүргізуші: Үйретіп алған бізге әліппені

Мұғалім ғылымға жол салып берді

Адамның ой-арманы мақсаттары

Оқушының сәулесімен жарық көрді

1-жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекемізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық тілейміз

2-жүргізуші: «Балдәурен» үйірмесінің оқушыларының сіздерге арналған құттықтауларын қабыл алыңыздар.

1-оқушы: Ғұлама білгіш ғалымның

Оқушы жас жалыннан

Оқыған жас- кәріден

Оқушының бәрінен

Барлығы: Ұстаздарға мың алғыс!

Ән:

1-жүргізуші: Ұстаз! Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да, атқара алмайды. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру-рахат, ал ұстаздық ету-бейнет.

1-жүргізуші: Ендеше аяулы ұстаздар «Бейнеттің де зейнеті бар!»дейді ғой қазақ аталарымыз. Бүгін бәрін ұмытып, шәкірттеріңіздің алғысы мен құттықтауларын қабыл алыңыздар.

2-оқушы: Ұстазым екінші анам аялаған

Біздерден бар білімді аямаған

Оқысын, білім алып үйренсін деп

Таңертең күнде құшақ жачды алдан

3-оқушы: Ойламайтын ертеңін

Ойсыз кейбір еркені

Түзеп жолға салдыңыз,

Ел алғысын алдыңыз

Хормен: Сізден ізгі кеңшілікті

Үйрендік біз кісілікті

4-оқушы: Анамыздай сыр шерткен

Ақыл-білім үйреткен

Үйірмеде оқимын

Ерекше зор құрметпен

Ән:

5-оқушы: Шәкірттерін баптаған

Ұстазыма мақтанам

Тәрбие берген біздерге

Көп рахмет сіздерге

6-оқушы:

Ақыл құйған санама

Жеткізер ол данаға

Білім берген біздерге

Алғыс айтамыз сіздерге

Хор: Ұстаздарға мың алғыс!

7-оқушы: Сен жалықпай жетелеп

Мен ғарышқа жетермін

Айтқаныңды ұғып ап,

Арманыма жетермін

8-оқушы: Үйретіп өмір ұстазын

Үлгілі іске нұсқадың

Ақкөңіл іскер қашанда

Ақылшым менің- ұстазым!

9-оқушы: Білімнің кәусар бұлағын

Жүресің құйып санама,

Біз үшін сенсің, мұғалім

Ұстаз да, ғалым, дана да.

10-оқушы: Қыр-сырын зерттеп заманның,

Ұлылығын айтып бабамның

Өнеге, өріс беретін

Барометрі сенсің адамның

Би:

11-оқушы: Сағыныш сазы толқытқан

Арнамақ сөздің мәйегін

Шәкірттерің оқытқан

Келіп тұр жолдан сәлемін



12-оқушы: Ұстаздардың ұлағаттың сөзінен

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз

Ұстаздардың мейірімді көзінен

Бізге деген жылылықты табамыз

Ән:

13-оқушы:Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

14-оқушы: Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан

Жансыздар әлдилеген шуақты арман

Жатталсын есімдерін жан жүректе

Адамның аяулы әні сияқтанған

15-оқушы: Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз

Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Тәтті күй асқақ ән мен әсем биді

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

Ән:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Белгілі жазушы, ұстаз, сықақшы Әдібай Табылды ағамыздың «Ұстаздық оңай ма?» атты сахналық қойылымын қабыл алыңыздар.

Қатысушылар: Еңбек ардагері, жас мұғалім.

Еңбек ардагері: Амансыңдар ма, ардақты шәкірттерім менің?!

( шат-шадыман болып жас мұғалім келеді)

Жас мұғалім: Ассаламалейкум, ағай! Сәлемет саусызба? Денсаулығыңыз .....

Еңбек ардагері: Кел айналайын! Әке-шешең аманба? Қандай жаңалығың бар?

Жас мұғалім: Бәрі жақсы ағай...... Мен өзіміздің мектепке мұғалім болып келдім.

Еңбек ардагері: Өз ауылыңа келгенің жақсы болыпты. Келген қадамың құтты болсын!

Жас мұғалім: Ағай, осы ...... ауылға, атаға бөлу, меніңше дұрыс емес...

Еңбек ардагері: Мен ауылға атаға «бөлейіндеп» тұрған жоқпын.Өз ұстаздарыңның мұрагері болғаныңа қуанып тұрмын.

Жас мұғалім: Ағай, өзіңіз білесіз, мені бастауыш сыныпта республикаға белгілі Тәлім ағай тәрбиеледі емес пе?

Еңбек ардагері: Білем.... Білем.... тәрбиең жаман болған жоқ.

Жас мұғалім: Баста білім бар, диплом қалтада! Енді ұстаздық істің қызығын көрсек деп, салып- ұрып жүрміз ағай.

Еңбек ардагері: Сабыр ет балам! Саған айтарым: сен шәкірттеріңнің алғашқы үш сынағынан мүдірмей өтсең нағыз ұстаз боласың.

Жас мұғалім: Ха-ха-ха! Ағай, мен бес жыл ұстаздық оқуды оқып келіп, енді балалардың алдында «әртіс» болуым керек пе?

Еңбек ардагері: Күлкісі жоқ, балам! Ұстаз- әрі актер, әрі философ, әрі шәкірттің ата-анасы, қамқоршысы, қадірлі жақыны.

Жас мұғалім: Мына сөздеріңіз ойыма орналаса бастады, ағай.

Еңбек ардагері: Баланың алдында байыпты болу, оларды жақсы көріп, білім бере білу- нағыз ұстаздық, ұлылық қасиеттер.

Жас мұғалім: Бала қағынса, қабақ түймей, дауыс көтермей, қалай шыдауға болады, ағай-ау?! Мынау бір қиямет екен...

Еңбек ардагері: Ұстаз болу оңай емес! Қасиетін тауып, қадірлей білсең, бала қағынбайды, қайта абырой сақтап, ақыл жинайды.

Жас мұғалім: Енді түсіндім, ұстаз болу қиынның қиыны сияқты ғой... Мен қайтсем жақсы ұстаз бола аламын?!

Еңбек ардагері: Ұстаздыққа ұстамдылық керек.

Жас мұғалім: Сол ұстамдылық қасиет менде жоқ па деп қорқа бастадым...

Еңбек ардагері: Міне, ұстаздық әрекет басталды.Өз кемшілігін білген адам сол кемшілікті жоя да біледі.

Жас мұғалім:Қияметтей қиын жұмысқа шыдамым жетсе жақсы болар еді.

Еңбек ардагері: Ұстаздық іс –қиын күрес мұндай зіл:

Ұстаз болсаң шыдамыңды шыңдай біл!

Ән:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің кешіміз осымен аяқталды. Халықтың нұрлы ертеңі үшін ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Қармақшы аудындық оқушылар үйі

Автор: Байдабаева Гаухар Жақаншақызы

Дата: 08.03.2017

Номер свидетельства: 398483


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства