Просмотр содержимого документа
«?ыз ?ссе - елді? к?ркі»
Күні: 02.03.2016ж.
Класы: 6 «в»
Тақырыбы: «Қыз сұлу көрінер қылығымен»
Мақсаты: Қыз баланың икемділігін, шеберлігін, шығармашылық
қабілетін арттыру, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты
оқушылар бойына дарыта отырып дамыту; Ұлттық сана
сезімге, әдемілік пен әсемдікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс жарыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, қоржын толы асық, түрлі-түсті қағаздар, ойын ойнауға қажетті, заттар.
ӨТУ БАРЫСЫ
Ислам: Армысыздар, аяулы қыздар мен көрермендер! Бүгін көктемнің шуақты күндерінде біздің елде үлкен мереке. Көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздарымыз сіздердің алдарыңызда өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр. Тотыдыай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты, құралайдың көзіндей мөлдіреген, раушан гүлдей хош иісті, айнадай таза, сәуледей жарқыраған арулар, көктемгі мерекелеріңіз құтты болсын!
Данияр: Енді аруларымызды ортаға шақырайық!
(Қыздар ортаға шығып орналасқанша ұлдардың орындауында өлең шумақтары)
Данияр: Бірінші қыз білімді,
Меңгерген бар ілімді.
Екінші қыз елгезек,
Алады тез тіліңді.
Үшінші қыз мақпалдай,
Ағарып таң атқандай.
Ислам: Төртінші қыз үлбіреп,
Қос жанары мөлдіреп.
Бесінші Құндыз шығады,
Бұрымдары желбіреп.
Алтыншы қыз Әйгерім,
Бойыңда жоқ бір мінің.
Жетінші қыз Нұр-ай,
Айдай көркем болғаны-ай.
Сегізінші өнерлі,
Төгеді бар өнерді.
Данияр: Қыз сұлу көрінеді қылығыменен,
Жарыса төгілген қос бұрыменен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Тоғыздағы жасыменен.
Қыз сұлу көрінеді өрмегімен,
Тізіліп сөз маржанын тергенімен.
Майыса бұратылып, майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен.
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен,
Құлпырды сыныбымның арулары,
Өткендей сұлулуықтың елегінен.
Ислам: Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сегіз ару кезектесіп,
Таныстырсын өздерін,
Тамылжытып сөздерін.
1 тур: «Мен қазақтың қыздарына қайран қаламын»
(Бірінші арудан бастап, ойыншылар өздерін таныстырып болғаннан кейін әділ қазылар алқасында отырған оқушылар сөйлейді.)
Ренат: Таныс болдық арулар теіменен,
Туып өскен мекені, еліменен.
Маған тартқан бәрі ақын көрінеді,
Таныстырып өтті ғой төгіп өлең.
Ғазиз: Қыздар қызыл киігі жанұяның,
Қайықтары махаббат дарияның.
Ескектерін ерліктің жоғалтпаған,
Сіңілілері-ай Мәншүк пен Әлияның.
Ислам: Қыздар, қыздар, көңілдің көк гүлдері!
Көк көлдердің көзге ыстық кептерлері.
Азаймаңдар арулар – жауқазындар,
Азаймасын өмірдің көктемдері.
2 тур: «Қонақты қалай күте білеміз?»
Данияр: Ал, арулар, сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.
Ислам: Қырықтың бірі – Қыдыр деп,
Айтатын әже, атамыз.
Келіп қалса бір қонақ,
Қандай жілік асамыз?
(Бұл бөлім қонақ түрлері, қонаққа тартылар сый-табақ жайында болмақ. Қыздар қоржыннан нөмірленген асықтарды алы, сұрақтарына жауап береді.)
АСЫҚ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1. Қонақ түрлерін ата.
2. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?
3. Асықты жілікті кімге ұстатады?
4. Төс кімге тартылады?
5. Балаға неге бас ұстатпайды?
6. Қыздарға қойдың желкесін неге ұстатпайды?
7. Балаға неге құлақ береді?
8. Қызға таңдай берудің мәнін түсіндір.
Данияр: Музыкалық үзіліс. «Маленькая девочка»
Орындайтын: Сатиев Айбек
3 тур: «Өнер сайысы»
Ислам: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынды бәйге алуға,
Арулар аянбай-ақ жан салыпты,- деп қыздарымыздың өнерін тамашалайық.
(Қыздар ортаға шығып, үйлеріндегі дайындап келген өнерлерін көрсетеді. Мысалы: ән айту, би билеу.)
4 тур: «Оюлар сыр шертеді»
Данияр: «Ою ойғанның ойы ұшқыр» дегендей, аруларымыз енді ою оя білуөнерлерін көрсетеді.
Ислам: Сегіз қырлы, бір сырлы,
Біздің қыздар өнерлі.
Саусақтары майысып,
Меңгеріп те алыпты,
Ою сынды өнерді.
(Қыздар ортаға шығып қағаз бен қайшы алады да, өздерінің оюларын ойып, ат қояды)
Данияр: Музыкалық үзіліс.
Сен де бір бұлбұл,
Тыңдағанда.
Әсем үнді әніңді,
Рахат желі, қуаныш лебі,
Тербетеді жанымды,-
деп Аманжолов Ғазиздің орындауында «Ана» әні.
5 тур: «Туыстық атауларды білеміз бе?»
Данияр: Жекжат кім, нұрағат кім жамағат кім?
Көңіліне тоқып бәрін жүре ме екен?
Туысты қалай атау керектігін,
Қанеки, біздің қыздар біле ме екен?
(Конверттен сұрақтар алып, сол сұрақтарға жауап береді)
КОНВЕРТ СҰРАҚТАРЫ:
1. «Немере» дегеніміз кім?
2. «Жиен» дегеніміз кім?
3. «Шөбере» дегеніміз кім?
4. «Келін бала» дегеніміз кім?
5. «Күйеу бала» дегеніміз кім?
6. «Нағашы» дегеніміз кім?
7. «Құда» дегеніміз кім?
8. «Сіңілі, қарындас» дегеніміз кім?
6 тур: «Сұлудың сыры»
Данияр: Сынбатына сән киім жарасатын
Аспандағы айымен таласатын.
Өнеріне көркі сай келіп тұрған.
Аруларға қызығып қарасасың.
(Ортаға қыздарымыз шаш үлгілерін көрсетіп, қалай аталатынын, қалай жасалғанын айтып, түсіндіреді)
7 тур: «Мерекелік дастархан мәзірі»
Ислам: Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз аналарымен пысықсып.
(Мерекелік дастарханға жасап әкелінген астары жайлы айтып береді)
ҚОРЫТЫНДЫ:
Данияр: Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жараңдарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ақылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызығынан қапы қалма» деген екен.
Ислам: Бүгінгі «Қыздар сұлу көрінеді қылығымен» деген ертеңгілігімізге қатысқан аруларымызға, қонақтарға көп рахмет дейміз. Қыздарды келе жатқан мейрамдарымен құттықтаймыз! Сіздерге әрбір арайлап атқан таң мен нұрлана батқан күн тек қана жақсылық, бақыт, қуаныш сыйласын!