Білімділік: «Бейнелеу өнері» пәні оқушылардың ой -әрісін кеңейтіп ,дүниетанымын , көзқарасын қалыптастырып ,олардың қоршаған ортаны сезіне білу тәжірибесін байыта түседі.
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау ,бақылау, сезім мүшелеріне сүйене отырып ,суреттеу тілінің ерекшеліктерін ,эстетикалық сезімді ,қимылдыны ,түстің және т.б әдеміліктерін балалар қабылдайды.
Дамытушылық: Бейнелеу өнері сабақтары ақыл ойы дамыған балалардың кемшіліктерін түзетуге көп мүмкіндіктер туғызады.Оқушылардың жан-жақты үйлесімді түрде дамуын қалыптастырады.
Көрнекті құралдар: Құмырадағы гүл,түрлі-түсті бояулар ,гүлдің суреті т.б
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып түгелдесу
Өткен тақырыпқа шолу: Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.Гүлдердің суреттегі бейнесін дұрыс преспективалық құрылымымен ғана берілмейді.Сонымен қатар жарық және көлеңке деп суреттегі қою және сирек штрихтар мен дақтардың таралуын айтамыз.Затқа қарап сурет салған кезде көлеңкенің суретте таралуы ,затқа түскен жарыққа сәйкес болуға тиіс.Заттың өзіндегі жарық және көлеңке олардың сансыз сатылы бізге оның пішіні туралы ұғым береді т.б
Сабақтың әдісі: Оқушылар біріне гүл туралы жұмбақтар жасыру,сұрақ –жауаптар әдіс-тәсілі.
Жаңа сабақ: Сурет салған кездегі бейнеленген заттардың жекеленген бөліктерін бір-бірімен түсіне қарап салыстырамыз .Натюрморттың бөліктерін бірлесе түс, (тон) ешқашан
Болмайды.Қатар тұрған бөлшектерінің өзінде айырмашылықтар болады. Бірақ бұл айырмашылықтар өте аз болғандықтан, жаттықпаған көзге байқала бермейді. Сондай-ақ оқушы түстердің өзгеру сатыларын көбірек көрсете алса сонда оқушы заттардың көлемдірек айқын өмірдің өзіндегісіндей әсер етеді.Дегенмен ,заттардың үстіндегі жарық және көлеңкелердің барлығын сала беруге болмайды.Оқкшы натюрморттың көлемін ,пішінін жақсы көрсете алатын болуы керек.Осы тақтадағы натюрморт құмыраның суретін сызғанда бірінші эскиз сызықтарын сызып аламыз,екінші құрлыс формасын сызып аламыз,үшінші штрих сызықтар береміз,төртінші жарық көлеңкесін беріп альбомдарымызға сызамыз.
Сергіту сәті: Оқушылар орындарымыздан тұрамыз
Қолдарымызды созамыз
Қане қанат жаяйық
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып- ұшып алайық!
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі:
Оқушыларды тақтаға шығарып натюрморттар туралы сұрақ-жауаптар.