kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?АЗА?СТАН жолы – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ:бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Cаба?ты?та?ырыбы:

 «?АЗА?СТАН жолы – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ:бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?».
Ма?саты: 
Білімділік: О?ушыларды Елбасымызды? жолдауымен таныстыру. Жолдау туралы т?сінік бере отырырп, жан - жа?ты тал?ылап, ой б?лісу. Жолдау жар?ын жол ашатынын ??ындыру. О?ушылыр?а Елбасыны? ?о?ам?а ж?не мемлекетке сі?ірген е?бегі, экономикасы мен саясатта?ы реформаларына талдау жасау ар?ылы білімдерін толы?тыру;
Дамытушылы?: О?ушыларды? ойлау, саралау, ?з пікірлерін орта?а салу ?абілеттерін арттыру, ?здігінен білім алу?а, ізденулеріне жа?дай жасау, ой ?орытып, оны жеткізе білуге да?дыландыру.
Т?рбиелік: Бір - біріні? пікірін ты?дау?а, сыйлау?а баулу. Еліне деген с?йіспеншілікті арттыру, м?дениеттілікке т?рбиелеу.
К?рнекілігі: ?аза?стан картасы, ?нтаспа, елбасыны? суреті, Астана ?аласыны? суреттері с?зж?мба?.
Саба?ты? ?ту барысы:
І. ?йымдастыру б?лімі:
С?леметсіздерме ??рметті о?ушылар. Жа?а о?у жылыны? басталуымен ??тты?тай отырып, ал?аш?ы т?рбие саба?ымыз?а ?ош келді?іздер.саба?ымызды бпстамастан б?рын «Шатты? ше?беріне» т?рып бір-бірімізге осы о?у жылыны? бастамасына с?ттілік тілейік.(о?ушылыр ше?бер жасап т?рып тілектерін айтады)

Саба?ымызды? та?ырыбы «?АЗА?СТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ:бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?».деген аттпен ?теді.

1.Алдары?ызда ?ай елді? картасы?
?аза?стан.
2.?аза?стан Республикасы ?андай мемлекет?
Т?уелсіз мемелекет.
3.Ендеше ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік р?міздерн ата?ыздар?
4.?аза?станда ?анша ?зге ?лттар мен ?лыстар т?рады?
5.Осы ?лттар бір- бірімін ?алай т?рып жатыр.
Тату т?тті т?руда.
6.?аза?стан Республикасыны? астанасы ?ай ?ала?
(Астана туралы т?сінік)

7.Мемлекетімізді? бас?арушысы кім?
(Президент туралы о?ушылар пікірі)

8.Президентімізді? 2014 жылды? 17 ?а?тарында?ы д?ст?рлі жолдауы ?алай аталады?

17 ?а?тар к?ні «?аза?стан жолы – 2050: Бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?» атты жолдауын жариялады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?АЗА?СТАН жолы – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ:бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?». »

Cабақтыңтақырыбы:

«ҚАЗАҚСТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларды Елбасымыздың жолдауымен таныстыру. Жолдау туралы түсінік бере отырырп, жан - жақты талқылап, ой бөлісу. Жолдау жарқын жол ашатынын ұғындыру. Оқушылырға Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономикасы мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, саралау, өз пікірлерін ортаға салу қабілеттерін арттыру, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Бір - бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға баулу. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, үнтаспа, елбасының суреті, Астана қаласының суреттері сөзжұмбақ.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар. Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, алғашқы тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер.сабағымызды бпстамастан бұрын «Шаттық шеңберіне» тұрып бір-бірімізге осы оқу жылының бастамасына сәттілік тілейік.(оқушылыр шеңбер жасап тұрып тілектерін айтады)

Сабағымыздың тақырыбы «ҚАЗАҚСТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».деген аттпен өтеді.

1.Алдарыңызда қай елдің картасы?
Қазақстан.
2.Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Тәуелсіз мемелекет.
3.Ендеше Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерн атаңыздар?
4.Қазақстанда қанша өзге ұлттар мен ұлыстар тұрады?
5.Осы ұлттар бір- бірімін қалай тұрып жатыр.
Тату тәтті тұруда.
6.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
(Астана туралы түсінік)

7.Мемлекетіміздің басқарушысы кім?
(Президент туралы оқушылар пікірі)

8.Президентіміздің 2014 жылдың 17 қаңтарындағы дәстүрлі жолдауы қалай аталады?

17 қаңтар күні «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.

Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру( мұғалім слайдтан түсіндіреді ).
2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді.
Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады.

2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге беглгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады.
Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай - ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ.

Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі.
Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта.
Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы – ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық – зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.

Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

Оқушылар екі топқа бөлінеді, яғни парақшалар таңдау барысында 2 сөз берілген

I топ Стратегия

II топ Жолдау деген.Сөзжұмбақ жасырылған берілген уақытқа дейін екі топ жарыса шешулері тиіс.

Қорытындылау:

1. Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

2.Қазақстанға қатысты білетін өлең шумақтарын айтады.

3. Қанатты сөздер арқылы ойларын жеткізеді.

Мұғалім сөзі:

Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«?АЗА?СТАН жолы – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ:бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?».

Автор: Махмут Алия Есимбаевна

Дата: 16.01.2015

Номер свидетельства: 156277


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства