kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан халы?тарыны? ?лтты? киімдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?аза?стан халы?тарыны? ?лтты? киімдері

1-ж?ргізуші:

Армысыздар, ??рметті ?стаздар мен о?ушылар!
2 - ж?ргізуші «?аза?стан халы?тарыны? ?лтты? киімдері» атты бай?ау?а ?ош келіпсіздер!
 1995 жылды? наурызында д?ние ж?зіне ?лгі болып отыр?ан, ?лтаралы? татулы? пен т?ра?тылы?ты? феномі - ?аза?стан халы?тары ассамблеясы ??рылды. Б?л ешбір елде болма?ан ерекше, саяси ма?ызы зор ??рылым.

1 - ж?ргізуші
Б?гінде ?рбір ?лт?а салт - д?ст?рлерін жа??ырту?а, м?дениеті мен ?дебиетін дамыту?а, тіліні? жетілуіне ?ам?орлы? к?рсетілуде. Дегенмен ба?ыт, ?ділдік, бейбітшілік, жар?ын болаша? ?шін к?рес оларды? б?ріні? басын біріктірді.
«Бірлігі жо? ел тозады, бірлігі к?шті ел озады» дейді ?аза? елі.
2 - ж?ргізуші
?аза?стан мемлекеті к?п ?лтты. : Б?кіл д?ние ж?зі бойынша ?аза?тарды? саны – 12 млн. Б?гінде шет елдерде т?ратын ?андас бауырларымызды? саны 3, 5 млн адам.
?аза?станда 130 - ?а жуы? ?лт ?кілдері т?рады. Оларды? ішінде е? к?п санды орыстар - 30%, украиндар – 3, 7%, ?збектер – 2, 5% ??райды. Адам саныны? ?сімі мен дамуы жа?ынан ?аза?стан Б?? - на м?ше мемлекеттер ?атарында да ?ома?ты орын алады, орыс, ?й?ыр, к?ріс, д?нген, ?збек, ?ыр?ыз, т?рікмен, т?жік, армян, ?зербайжан, украин, белорус, т?рік, шешен ж?не та?ы бас?а шет мемлекеттен келген ?лттар бізді? елімізде тіршілік етуде.

1 - ж?ргізуші ?рт?рлі елді? ?зіне т?н ?лтты? киімдері туралы та?ырып кім-кімге болсын ?ызы? деп ойлаймыз. Себебі, ?лтты? к?стюмдер ар?ылы ?лт туралы, оларды? тарихы, ерекшеліктері туралы к?п н?рсе білуге болады. Ж?не ?рбір халы? осындай киімдерін бірнеше ?асыр бойы ?згертпестен са?тап келеді, оларды? ?о?амда алатын орны да ерекше. Б?гін бізді? 3-4-5 сынып о?ушыларымен бірге ?йымдастырып отыр?ан бай?ауымызда, о?ушыларымыз  9 ?лт ?кілдеріні? киімдерімен шы?ып сол ?лтты? ?нерін к?рсетеді
бай?ауымыз 2 б?лімнен т?рады

  1. Киімдерін к?рсету
  2. ?нерлері

Сыныптарды орта?а ша?ырамыз

2 - Ж?ргізуші:
?ара ?ылды ?а? жар?ан,
?діл сынды д?л айт?ан.
Ба?аларын береді,
К?рсеткен жа?сы ?нерге, - дей келе ?діл - ?азылар ал?асын сайлап алайы?.

1-ж?ргізуші: Н?сілдерге н?сіл болсын н?рлы к?н,

                        Ынтыма?ты? шертсем деймін бір жырын.

                       Татулы?ын жыр?а ?осам ?лттарды?,

                       Ма?тан ?ылып ?лыстарды? бірлігін.

2-ж?ргізуші: Тілі б?лек бол?анымен тілек бір,

                        ?лы досты? м?пелеген ж?рек г?л.

                        ?аза?стан бар ?лыс?а ша?ыра?,

                        Шай?алмастан шатты?ымыз тіреп т?р.

1-ж?ргізуші: Ал?аш?ы кезекті ?зімізді?  5б сыныбы  /?аза? ?лтыны? ?кілдеріне/ с?з кезегін береміз.

2-ж?ргізуші: 1995 жылы ?лтаралы? татулы? пен т?ра?тылы?ты? феномені – ?аза?стан халы?тары Ассамблеясы ??рылды. Б?л – ешбір елде болма?ан ерекше, саяси ма?ызы зор ??рылым.

1-ж?ргізуші:                           Орта? мекен жер шары,

                                                  Т?бемізде бір аспан.

                                                  Барлы? ?лтты? баласы,

                                                  Досты?ымыз жарас?ан.

2-ж?ргізуші:                           Орта? бізге бір Отан,

                                                  Орта? жерді? байлы?ы.

                                                  Е?бек орта?, жыр орта?,

                                                  Орта? бізге барлы?ы.

1-ж?ргізуші: Байлы?ты? е? ?лкені – халы?тар досты?ы,- дей отырып, 3б-сыныбы                        /Орыс хал?ыны? с?леміне/  с?з кезегін береміз.

         1-ж?ргізуші:                 Елім мені?, жар?ыра?ан, жайна?ан,

                                                Ба? біткенде б?лб?л ??сы сайра?ан.

                                                Елім мені? биіктігі шарайнам,

                                                ?ыран ??сы к?гінде мы? сам?а?ан!

2-ж?ргізуші: С?з кезегін 3?-сыныбы /?збек хал?ыны? с?леміне/   береміз.

 Жер-Ана б?рімізге орта?. Осынау сахара ке? ?аза? даласында к?птеген ?лт ?кілдері тату-т?тті ынтыма?та, бауырласты?та ?мір кешуде.

1-ж?ргізуші: ?аза? жері орта? Отан, орта? ?лке болып, ?р азаматты? мекеніне айнал?ан. Келесі кезекті 3а-сыныбы  /Татар  хал?ына с?з кезегін/ береміз.

                                               А?айын-ту?ан – бар адам,

                                               Адалды? ?шін жарал?ан.

                                               Бар ?ымбат туысты?,

                                               Баянды болсын тынышты?!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан халы?тарыны? ?лтты? киімдері »


Тақырыбы: Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері» атты байқауға қош келіпсіздер!
1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1 - жүргізуші
Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ елі.
2 - жүргізуші
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. : Бүкіл дүние жүзі бойынша қазақтардың саны – 12 млн. Бүгінде шет елдерде тұратын қандас бауырларымыздың саны 3, 5 млн адам.
Қазақстанда 130 - ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде ең көп санды орыстар - 30%, украиндар – 3, 7%, өзбектер – 2, 5% құрайды. Адам санының өсімі мен дамуы жағынан Қазақстан БҰҰ - на мүше мемлекеттер қатарында да қомақты орын алады, орыс, ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде.

1 - жүргізуші Әртүрлі елдің өзіне тән ұлттық киімдері туралы тақырып кім-кімге болсын қызық деп ойлаймыз. Себебі, ұлттық кәстюмдер арқылы ұлт туралы, олардың тарихы, ерекшеліктері туралы көп нәрсе білуге болады. Және әрбір халық осындай киімдерін бірнеше ғасыр бойы өзгертпестен сақтап келеді, олардың қоғамда алатын орны да ерекше. Бүгін біздің 3-4-5 сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған байқауымызда, оқушыларымыз 9 ұлт өкілдерінің киімдерімен шығып сол ұлттың өнерін көрсетеді
байқауымыз 2 бөлімнен тұрады

  1. Киімдерін көрсету

  2. Өнерлері

Сыныптарды ортаға шақырамыз

2 - Жүргізуші:
Қара қылды қақ жарған,
Әділ сынды дәл айтқан.
Бағаларын береді,
Көрсеткен жақсы өнерге, - дей келе әділ - қазылар алқасын сайлап алайық.

1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.


2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

1-жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің 5б сыныбы /Қазақ ұлтының өкілдеріне/ сөз кезегін береміз.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, 3б-сыныбы /Орыс халқының сәлеміне/ сөз кезегін береміз.

1-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

2-жүргізуші: Сөз кезегін 3ә-сыныбы /Өзбек халқының сәлеміне/ береміз.

Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.

1-жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті 3а-сыныбы /Татар халқына сөз кезегін/ береміз.

Ағайын-туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

2-жүргізуші: Республикам менің,

Республикам менің,

Абатым!

Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

1-жүргізуші: Сөз кезегі 5ә- сыныбы /Украин халқына/ беріледі.

1-жүргізуші: Тілегі бір,

Жүрегі бір.

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз!

2-жүргізуші: Өз құттықтау лебізін білдіру үшін ортаға көршілес түрік халқын

шақырамыз. 4а,ә сыныптары /Түрік халқының лебізі/



2-жүргізуші: Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

1-жүргізуші: Сөз кезегі ұйғыр халқына беріледі. 4б- сыныбы/Ұйғыр халқының құттықтауы/

1-жүргізуші: Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытқа.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл!

2-жүргізуші: Келесі кезекте ортаға 5а-сыныбы /Корей халқының лебізі/

1-жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,

Арғы тегі Алаштан тараған,

Керегесін ағаштан құраған елміз!

2-жүргізуші:Біздің еліміз нәсілшілдік, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермейді. Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылған. Түрлі нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы Конституциямен қорғалады.
Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көрсетіп келеді.
1-жүргізуші: Сонымен, кезекті әділ - қазылардың шешіміне берсек.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның елін, жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз - дей келе барлықтарыңызға рахметімді айтамын.











«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері





















Технология пәнінің мұғалімі: А.Несипбаева










Көлащы ауылы. 31/01.2015ж. сағат 12.00-13.30 Акт залы








































2-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

1-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

2-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!

1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

2-жүргізуші: Ән «Қазақстаным менің!»

1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!

2-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Достық әнін жырлайық!» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!



ЫНТЫМАҚ - ДОСТЫҚ КЕПІЛІ.

Тәрбие сағаты

Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ-достық кепілі»
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.

Біздің Отанымыз — Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.
Оқушы:

Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.

Жүргізуші: Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Елтаңбам қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.
Оқушы:

Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

Жүргізуші: Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым - жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
Оқушы:

Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.

Жүргізуші: Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы. Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды. Келбетіне көрік қосты, келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп, шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды. Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы - Орынбор қаласы, екінші астанасы - Қызылорда қаласы, үшінші астанасы - Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.

Оқушы:

Заман жаңа,ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !

Жүргізуші: Далам! Кең-байтақ. Сондықтан ғой, күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда - «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған»
Оқушы:

Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман- тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең- байтақ даласы.

Жүргізуші: Республика халқының саны 16 миллионнан астам.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 136 ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді. Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады. Бүгінгі жиналған ұлт өкілдері өздерінің бірлік, достық мерекесін тойламақ.
Оқушы:

Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Оқушы:

Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Оқушы:

Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.
Оқушы:

Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Оқушы:

Қадірменді бір досымыз - өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
Түрік биі. (1-сынып оқушыларының орындауында би)
Оқушы:

Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузин дос болдым қонақ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол- ақ.
Оқушы:

Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Оқушы:

Онша үлкен болмаса көлемі
Әжірбайжан, Әзірбайжан ағайын,
Тағы сені құшып сүйгім келеді.
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
- Сенің ұлтың кім?
- Қырғыз.
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.
Оқушы:

Белоруссия – жайқалған жасыл орман.
Жасыл орман – мәңгі жасыл арман.
Шетінен ойшыл келер армандары –
Қойнында сан ұрпақтың жасы қалған.
Оқушы:

Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.
Ойын: «Хан талапай».
- Қазақтың жаңа жыл мейрамы?
- Ұлттық тағамдарды ата?
- Қазақтың ұлттық киімдері қандай?
- Ұлттық аспаптарын ата.
Оқушы:

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн.
Оқушы:
Тірлігімен адам байлық жасады,
Бірлігімен асулардан асады.
Адал жандар жер – ананы қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік жасағы.
Оқушы:

Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық
Хор: «Достық»
Жүргізуші: Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан – байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлем і- 2 млн.700 мың шаршы километр.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза?стан халы?тарыны? ?лтты? киімдері

Автор: Несипбаева Ардак Амантуровна

Дата: 14.05.2015

Номер свидетельства: 211323


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства