kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Е?бекпен тап?ан нан т?тті

Нажмите, чтобы узнать подробности

3 сыныптар?а арнал?ан "Е?бекті? наны т?тті" атты ашы? саба?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Е?бекпен тап?ан нан т?тті»

Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан нан тәтті

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: балалардың «дұрыс әрекет» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Тәрбиелігі: оқушыларды еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу;

Дамытушылғы: еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбек қуанышын сезіну іскерліктерін дамыту.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дәптер, оқулық, түрлі түсті қағаздар мен конверттер.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе бөлім.

Оқушылар, бүгін біз үшін ерекше күн. Себебі, бүгін біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Яғни, бүгін бізде ашық сабақ. Сабағымызды бастымыс бұрын бір – бірімізге жылы лебіздерімізді, тілектерімізді білдірейікші.

- Рахмет, оқушылар, айтқандарың келсін. Олай болса, мына түстерді

таңдап, топтарға бөлінейік.

Қызыл, жасыл, сары түстер арқылы 3 топқа бөліну.

- Оқушылар, біз алдыңғы сабақтарда өнер мен білімді игеру мен ақылды болу үшін көп еңбектену қажеттігі туралы қызықты шығармалармен таныстық. Адам еңбектің дәмін өзі тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Бүгін біз осы туралы әңгімелесеміз.

ІІ. Негізгі бөлім.

Маңдай тер Б.Досымов

Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.

- Ата, маңдай тер деген не? – деп сұрады бірде Хамит.

Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді. Қолына күрек ұстатты:

- Қане, екі – үш рет қазып ал!

Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора – пора боп терледі. Үйге келген соң да атасы жақ ашпады.

... Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді. Қып – қызыл алманың біреуін үзіп қолына ұстатты. Сондай дамді!

- Маңдай тер деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі!

Хамит атасын құшақтай алды.

Мәтінді талдау үшін үш топ өзінің түстеріне сәйкес конверттерді таңдайды.

Қызыл конверт:

• Хамит атасын не үшін ұнатады?

• Хамиттің атасы қандай кәсіппен шұғылданады?

• Балабек қарияның сүйікті ісі қандай?

• Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма?

Жасыл конверт:

• Хамит атасына қандай сұрақ қойды?

• Хамиттің атасының айтуымен еккен көшеті қалай өсті?

• Балабек қарияның сүйікті ісі қандай?

Сары конверт:

• Хамит еккен алма ағашы қалай жеміс берді?

• Атасы Хамитке «маңдай тер» дегенді түсіндіре алды ма?

• Атасы Хамитке қандай іс жасатты?

ІV. Сергіту сәті:

Қырға шықсаң, өрлеп (қолдарын кезек – кезе жоғары көтереді),

Мұның аты − Еңбек (екі қолын жаяды),

Кесте тіксең, зерлеп (оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді),

Мұның аты – Еңбек.

Сабағыңа жөндеп (жанындағы көршісіне қарап, қолын жаяды),

Әзірленсең – Еңбек.

Қиындықтың бәрін (құшағын ашады),

Еңбек қана жеңбек (екі қолын жаяды).

V. Қорытындылау бөлімі.

Оқушылардың ойлары дәйексөздің мәннін түсіндіру арқылы түйінделеді.

− Әр адам өз еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімде болады, оны басқалардың таптауына жол бермейді. Әркімге өзінің еңбегімен келген нәрсе ыстық және ең қымбат.

Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар − деген халық даналығы осыдан шыққан. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.

Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

Адам еңбекпен өседі. Еңбек адамды жақсылыққа жеткізеді. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады. Адал еңбектің жемісі тәтті болады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Е?бекпен тап?ан нан т?тті

Автор: Алагозова Камар

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322895


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства