kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елім деп со?ар ж?регім. ?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары. 8- сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елім деп со?ар ж?регім

Ма?саты: «Отан», «Ел» ??ымдарыны? адамгершілік ??ндылы? ретіндегі м?нін т?сіндіру. Отанына, ту?ан жеріне, еліне деген с?йіспеншілікке т?рбиелеу. 

        Міндеттері:

        ?Отан?а, ту?ан жерге деген махабатты? м?нін т?сіндіру;

?Отаныны? жар?ын болаша?ына деген сенімдерін ?алыптастыру;

??з білімі мен Отан игілігіне ж?мсай білуге т?рбиелеу. 

Шатты? ше?бері

О?ушылар ше?берге т?рып, А.О?дасыновты? «Алматым» ?ле?ін орындайды. ?нді о?ушылар?а ?нтаспадан ты?дату?а да болады.

??гімелесу

Б?гінгі ?тіліп отыр?ан та?ырып жайлы ойлану?а м?мкіндік ту?ызу ма?сатында т?мендегідей с?ра?тар ?ойылып, балаларды? жауаптары ты?далады.

Отан?а деген с?йіспеншілік, ??рметтері?ді ?алай білдіресі?дер?

Елі?, жері? ?шін жаса?ан азаматты? ерлікке жата ма?

?зі?е «Мен болмасам, кім?» деген с?ра? ?ойып к?рді? бе?

Педагог ??гімелесу ?дістемелік т?сілі ар?ылы о?ушыларды? бойында ?лтты? намыс пен ?лтты? ма?таныш сезімін оята отырып, ту?ан елге ?ызмет етуге деген ??лшыныс, еліні? жар?ын болаша?ына сенім ?ялату ма?сатын к?здеуі тиіс.

М?тінмен ж?мыс 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елім деп со?ар ж?регім. ?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары. 8- сынып.»

Елім деп соғар жүрегім


Мақсаты: «Отан», «Ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

∙Отанға, туған жерге деген махабаттың мәнін түсіндіру;

∙Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;

∙Өз білімі мен Отан игілігіне жұмсай білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңберге тұрып, А.Оңдасыновтың «Алматым» өлеңін орындайды. Әнді оқушыларға үнтаспадан тыңдатуға да болады.

Әңгімелесу

Бүгінгі өтіліп отырған тақырып жайлы ойлануға мүмкіндік туғызу мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылып, балалардың жауаптары тыңдалады.

Отанға деген сүйіспеншілік, құрметтеріңді қалай білдіресіңдер?

Елің, жерің үшін жасаған азаматтық ерлікке жата ма?

Өзіңе «Мен болмасам, кім?» деген сұрақ қойып көрдің бе?

Педагог әңгімелесу әдістемелік тәсілі арқылы оқушылардың бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтаныш сезімін оята отырып, туған елге қызмет етуге деген құлшыныс, елінің жарқын болашағына сенім ұялату мақсатын көздеуі тиіс.

Мәтінмен жұмыс

Педагог оқушылардың әңгімелерін қорытындылап, олардың туған жеріне деген ыстық махаббаты, атамекенді қастерлеуі, халқының атына кір келтірмеуге талпынастары, өз бойындағы күш-қуаты, білімін халық мүддесінің игілігіне жұмсауға ұмтылыстары олардың рухани өсулері, Отан алдындағы перзенттік борыштары екендіктерін ұғындыра түсу мақсатында оқулықта берілген Қ.Мырза Әлидің «Елге деген махаббат» өлеңін оқып береді.

Дәйексөз

Оқулықта М.Әуезовтің «Алтын анам, Отаным!

Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ» деген қанатты сөзі дәйексөз ретінде берілген.

Мұғалім оқушыларға дәйексөзді талқылату барысында Отан, мемлекет, ел, жер, ұлт, халық, атамекен сияқты киелі ұғымдарды қадірлей білумен санада патриоттық сезімінің қалыптасуына ықпал етеді. Қоршаған ортаның құндылықтарын сезіне білу, ұлттық патриоттық сананы қалыптастырып, сезім мен қабілеттің дамуына ықпал етеді. Балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу басты мақсат болса, отаншылдық сана, отаншылдық сезім, отаншылдық іс-әрекет, өзін-өзі отаншылдыққа тәрбиелеу – оның басты бағыты. Ұлттық патриотизм ар, намыс, ождан, қарыз, парыз ұғымдары мен түсініктерін нақтылаудың, білімдерін жетілдірудің ауқымын кеңейтіп, оны тереңдетуден тұратынын ескерулері керек.

Жағдаятты талдау

Оқулықта «Жағдаяттарды талдау» айдарында төмендегі тапсырмалар берілген.

Жағдаяттарды шешіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Тапсырмаларды орындату арқылы педагог оқушыларды азаматтық белсенділікке, елге, Отанға қызмет етуге тәрбиелейді. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, өз іс-әрекеттеріне сыни көзбен қарап, ой елегінен өткізуге, өз көзқарастарын сыныптастарының көзқарасымен салыстыруға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында, тек қана дайын ақпаратты баяндап бермей, өз шешімін, ой қорытындысын, ниеті мен мүддесін көрсетеді.

Оқу ақпараты

Оқулықта төмендегідей ақпарат берілген:

Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету - әрбір азаматтың міндеті. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмен – азаматтықтың көрінісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін бүгінімен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанашы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды.

Оқушылар оқулықтағы «Жаңа ақпарат» айдарында берілген ақпарат негізінде талқыланып отырған тақырыпты қалай түсінетіні туралы негізгі ұстанымдарын анықтай алады. Оқушылар жаңа ақпаратты оқи отырып, өз түсініктерін салыстырып, толықтыруға мүмкіндік алады.

Шығармашылық жұмыс

Оқушыға тек қана ақпараттар беріп қана қоймай, өз бетімен ізденуге, теорияны өмірмен салыстыра қарауына көмектесу мақсатында оқулықта төмендегідей шығармашылық жұмыс берілген: Төмендегі сұрақтарды қатыстыра отырып, «Елім деп соғар жүрегім!» тақырыбында эссе жазыңдар.

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, оқулықта берілген Ж.Қашқыновтың «Астана» атты өлеңін үнтаспаға қойып айтады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Елім деп со?ар ж?регім. ?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары. 8- сынып.

Автор: Идирисова Кулаш Куанишовна

Дата: 31.12.2015

Номер свидетельства: 271507


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства