kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ел болаша?ы салауатты ?рпа?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: 1. О?ушылар?а адам денсаулы?ыны? ?ымбаттылы?ын, ?мір с?ру ?шін ?ажеттілігін, басты байлы? екенін ??ындыру. 2. О?ушыларды? танымды? ?абілеттерін дамыту, с?йлеу шеберлігін жетілдіру. 3. Тазалы??а, спорт?а, е?бекс?йгіштікке т?рбиелеу. Міндеттері: 1) салауаттылы? ?мір салтына байланысты ішімдік, темекі шегі наша?орлы? ауруларыны? адам?а, ?о?ам?а тигізетін кері ?серлерін ан?ытау;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ел болаша?ы салауатты ?рпа?»

Тақырыбы:  Ел болашағы дені сау-ұрпақ.

Мақсаты: 1. Оқушыларға адам денсаулығының  қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.

                    2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

                    3. Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.

Міндеттері: 1) салауаттылық өмір салтына байланысты ішімдік, темекі шегі нашақорлық ауруларының  адамға, қоғамға тигізетін кері әсерлерін анқытау;
2). Оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін  дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, өзара пікірлесу, өз ойларын ашық айта білуге білімдерін  дамыту.
3) жат әдеттерден аулақ болуға, салауаттылықа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: биология, химия, құқық, тарих

Көрнекілік: Мақал – мәтелдер, слайдтар.

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру  кезеңі.Сыныпты 3 топқа бөлу : “Салауат” тобы, “Тазалық” тобы, “Денсаулық”

Ой қозғау

Балалар сендер қараңғы  үйге кіріп келіп  шам  жақсаңыз,  шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең  көзің  соған  түседі.  Біздің  де өмірімізді жарық  қылатын, жан -  жағымызға тамаша  сәулесін шашатын,  өмірдегі  басты  байлық не деп ойласыңдар?

Әрине,  Денсаулық.

Кіріспе.   

  Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің  халыққа  арнаған  «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі  үшін  өз  денсаулығымызды  сақтауға  шақырады. Қазақстанда  тұратын әрбір азаматтың денсаулығы  мықты болуы  керектігін  айтады.  2008 жылдың  8- ақпандағы  кезекті  жолдауында  денсаулық  мәселесіне  көбірек  тоқталып кетті.  Ауруды  емдеуден гөрі  оның  алдын алу  керектігін  айтты.  Біздің бүгінгі  тәрбие  сағатымыз  салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Ел болашағы дені сау ұрпақ» деп аталады.

Топтарға сұрақтар беріп қорғату

Салауат тобына: «Біз салауатты өмір сүруіміз керек неге?»

Тазалық тобына: «Тазалық – денсаулық кепілі соған келісесіздер ме?»

Денсаулық тобына: Бірінші байлық-денсаулық па? (Топтар қорғайды)

Мұғалім.

Денсаулық  адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.

Денсаулық   дұрыс тамақтану.

Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.

Денсаулық таза ауада көбірек жүру.

Денсаулық  тазалық сақтау.

Денсаулық  тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.

Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

Сергіту сәті.

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір

Сағатқа қарап ап

Жаттығу оңай ақ

Қақпаға туралап

Теп допты оң аяқ

Теп допты сол аяқ

Жаттығу, сол аяқ

Жаттыға оңай – ақ

 

Ал балалар, бір ауық

Әріп сырын  ұғайық

А  дегенде отырып

Б дегенде  тұрайық

А-Б,  А – Б, А – Б.

Біздің денсаулығымыз  мықты болу үшін  тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен   бірге  денемізді  шынықтыруымыз  керек.  Үнемі  дене  шынықтырумен  айналысатын  адам  ауырмайды

«Ас адамның арқауы»

Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді  көбірек  жеген жөн.  Олардың  құрамында адам  денсаулығына  қажетті  дәрумендер  өте көп.  Сонымен  қатар шамадан  тыс көп тамақтану да зиян.

(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)

Сұрақтар.

1 Жеміс – жидектерді  жемес  бұрын не істеу керек?

(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)

2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?

(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)

Оқушы.Тойып ішсен қаншама

                 Ауырасын соншама

                 Асқазанды бүлдірсең

                 Жазылмас қанша күн жүресің.

Сонымен бірге денсаулықтың  бір  дауасы  таза  ауа.

Оқушы.Денсаулықтың  дауасы

                Даланың  ауасы.

                Көк  өзен, күмбез тау.

                Ну  орман  ағашы.

Мақал – мәтелдер

(Оқушылар денсаулық туралы мақал – мәтелдер айтады)

«Кел  ойнайық» Сөзден  сөз  шығару  «Денсаулық»

Қортынды

  1. Адамның дені сау болу үшін қандай  шарттарды орындау  қажет?

(Денесін, беті – қолын  киімін  әрдайым  таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу  керек.)

  1. Адам не үшін жуынады?

  1. Тазалықтың  достары мен қастарын ата?


 Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі- халқының саулығына байланысты. Дені сау халық- бай халық, халықының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз Салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық- байлық негізі.

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар. Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер. 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Ел болаша?ы салауатты ?рпа?

Автор: ?дей Жайнагул

Дата: 16.01.2016

Номер свидетельства: 277715


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства