kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?арыш ?лемі» Ашы? т?рбие саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?арыш  ?лемі»

Ма?саты: ?арыш ?лемі  жайлы  ж?не  12  с?уір – ?арышкерлер к?ні  екенін  т?сіндіру, ?арыш?а  54 жыл екенін атап  ?ту. Т???ыш  ?арышкерлерлермен  ж?не  ?аза?стан  ?арышкерлерімен  таныстыру.  Экологиялы?   сана   ?алыптастыру  ж?не  дамыту. Адамзатты?  орта?  ?йі – жер  планетасына,  ?арыш  ?леміне  с?йіспеншілікке  т?рбиелеу.

К?рнекілік:  ?арышкерлер  суреті: ай,  ж?лдыздар,  зымыран.

Кіріспе  с?ра?тар:

  • Балалар к?ктем   мезгіліндегі ?андай  мейрамдарды  білесі?дер? (8-наурыз – халы?аралы?  ?йелдер к?ні,  22-ші наурыз – ?лысты? ?лы  к?ні,  1-ші  с?уір – ??стар к?ні, 12-с?уір – ?арышкерлер к?ні)
  • Біз  ?андай  планетада  ?мір  с?ріп  жатырмыз?
  • ?арыш  дегеніміз не?  ?арышты кім  зерттейді? Олар ?андай  ??ралдар  пайдаланамыз?
  • Ал?аш?ы  ?арышкерлерді  еске  т?сірейік (Юрий  Гагарин,  12-с?уір  1961 жылы, Валентина Терешкова,  1963 жылы, т???ыш ?йел ?арышкер; То?тар ?уб?кіров 2-ші ?азан 1991 жылы, СОЮЗ  ТМ-13 ?аза?ты? т???ыш ?арышкері;  Тал?ат М?сабаев, 1994; 1998 жылы)
  • 1961 жылы 12-ші с?уірде  зымыран  ?арыш?а  ?ай  жерден  ?шырылды? (?аза?стан  Республикасы, ?ызылорда облысы, Бай?о?ыр  айла?ынан)

Сергіту с?ті:

Балалар алдарында жат?ан т?рлі – т?сті  пара?тар?а  аналарыны?  оларды  ?йде  ?алай  еркелетіп  атайын  с?здерін  ортасына  ірілеу  етіп  жазады  (к?нім, айым,  бота?аным,  ??лыным  ж?не  та?ы  бас?а,  ?ркім  ?з  беттерінше.)

С?зді  жазып  бол?ан  со?  ?а?азды  ?олмен  умаждап,  мыжып,  доп  пішіндес  етіп  бол?ан  со?,  барлы?ы  ше?бер  жасап  т?рады  да,  бір-біріне  ла?тырады.

Содан  кейін  балалар   араласып  кеткен  доп – ?а?аздарды  алып,  ашып,  ішіндегі  жазыл?ан  с?здерді  дауыстап  о?иды.  Содан  кейін  ?айтадан   умаждап  бір  ?орап?а  жинайды.  Балалар  ?з  орындарына  ?айта   орналасады.  Сергіту  с?тіні?  со?ында  балаларды?  к??ілін  екі  н?рсеге  аудару – аналарыны?  оларды  ай?а  ж?не  к?нге  те?ейтініне,  ж?не  умаждал?ан  ?а?аздарды?  пішіні  планеталарды?  пішініне  ??састы?ына.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?арыш ?лемі» Ашы? т?рбие саба? »

ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді

дамыту басқармасының«Көзі нашар көретін

балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернаты

КММ-нің тәрбиешісі Мырзахмет Элмира

Тақырыбы: «Ғарыш әлемі»



Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір – ғарышкерлер күні екенін түсіндіру, ғарышқа 54 жыл екенін атап өту. Тұңғыш ғарышкерлерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту. Адамзаттың ортақ үйі – жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: ғарышкерлер суреті: ай, жұлдыздар, зымыран.

Кіріспе сұрақтар:

  • Балалар көктем мезгіліндегі қандай мейрамдарды білесіңдер? (8-наурыз – халықаралық әйелдер күні, 22-ші наурыз – Ұлыстың ұлы күні, 1-ші сәуір – құстар күні, 12-сәуір – ғарышкерлер күні)

  • Біз қандай планетада өмір сүріп жатырмыз?

  • Ғарыш дегеніміз не? Ғарышты кім зерттейді? Олар қандай құралдар пайдаланамыз?

  • Алғашқы ғарышкерлерді еске түсірейік (Юрий Гагарин, 12-сәуір 1961 жылы, Валентина Терешкова, 1963 жылы, тұңғыш әйел ғарышкер; Тоқтар Әубәкіров 2-ші қазан 1991 жылы, СОЮЗ ТМ-13 қазақтың тұңғыш ғарышкері; Талғат Мұсабаев, 1994; 1998 жылы)

  • 1961 жылы 12-ші сәуірде зымыран ғарышқа қай жерден ұшырылды? (Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Байқоңыр айлағынан)

Сергіту сәті:

Балалар алдарында жатқан түрлі – түсті парақтарға аналарының оларды үйде қалай еркелетіп атайын сөздерін ортасына ірілеу етіп жазады (күнім, айым, ботақаным, құлыным және тағы басқа, әркім өз беттерінше.)

Сөзді жазып болған соң қағазды қолмен умаждап, мыжып, доп пішіндес етіп болған соң, барлығы шеңбер жасап тұрады да, бір-біріне лақтырады.

Содан кейін балалар араласып кеткен доп – қағаздарды алып, ашып, ішіндегі жазылған сөздерді дауыстап оқиды. Содан кейін қайтадан умаждап бір қорапқа жинайды. Балалар өз орындарына қайта орналасады. Сергіту сәтінің соңында балалардың көңілін екі нәрсеге аудару – аналарының оларды айға және күнге теңейтініне, және умаждалған қағаздардың пішіні планеталардың пішініне ұқсастығына.



Алғашқы қазақ ғарышкерлері туралы мәлімет.



Қазақ халқы қаһарман ұл – қыздарына кенде емес. Сонау көне заманнан осы күнге дейін батырлықты, ерлікті өзіне бойтұмар ете білген, қаһарман халық. Тарихқа терең бойлай ой қозғайтын болсаң, ерлік дәстүріміз қомақты, басқаларға үлгі боларлық өткен көне тарих өз алдына. Ал қазіргі заман талабына сай көкке көтерілген ғарышкерлерлеріміз ерліктері өз алдына бір төбе.

Тоқтар Әубәкіров қазақ тарихындағы бірінші ғарышкер Халық Қаһарманы. Ол ғарышта өзге ғарышкерлермен бірігіп, биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғарышта селекцияланып, бүгінде жақсы өнім беріп отырған картоптың атын тұңғыш ғарышкерлеріміз «Тоқтар» деп атаған.

Қазақстан Халық Қаһарманы, Ресей федерациясының Батыры, екі елдің ғарышкер ұшқышы, полковник Талғат Мұсабаевтың ел мақтанышына айналған өз орны бар.

Ресей Федерациясынындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). 1969 – 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 – 1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992 - 93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 - 94 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

Аспан, таулар мен дала төсінде түлеп ұшқан Ұлаңнан – қазақ ұлының екі мәрте ғарышкер отаны күллі қазақстандықтардың қуанышы. Егемен еліміздің тарих табалдырығынан енді ғана тәй – тәй басып отырған тәуелсіз мемлекетіміздің ғарышкерлер тізгінің өз қолына алып бейнесіндей жер қалдырады.



Ребус шешу:



(ай+гүл, ай+сұлу, күн+бағыс, жұлдыз+ай)



Тарихқа шолу.



  1. Мысырдағы пирамидалар аспан денелеріне бақылау жасайтын орын – абсерватория ретінде пайдаланылған.

  2. 500 жыл бұрын Астроном Николай Коперник (поляк) планеталар күнді айналып жүретінін дәлелдеген. Бұған дейін күн планеталарды айналады деп санаған.

  3. Телескоп 400 жыл бұрын жасалған, содан кейін күн жүйесін бақылауға мүмкіндік болды.

  4. Астроном Исаак Ньютон мықты телескоп ойлап талып «гравитация»-тартылу күші планеталардың күннің айналасында жүруіне әкелетінін дәлелдеген.

  5. Ғарышқа ұшу ғалымдарға оны зерттеу үшін үлкен мүмкіндік жасады.

  6. Ұялы байланыс, теледидар көру, компьютерлік байланыс, ауа-райы жайлы мәліметтер ғарыштағы жасанды жер серіктері арқылы жүзеге асырылады.

Тоғыз планета

Күн – жүйесіндегі ең ірі планета.

Меркурий – күнге ең жақын орналасқан, өте суық болып келеді.

Венера – бұл планетада қышқыл жанбырлар жауады.

Жер – өзіміз өмір сүріп жатқан планета

Марс – қызыл планета, жерге жақын орналасқан.

Юпитер – ең үлкен планеталардың бірі, құрамы газдан тұрады.

Сатурн – үлкендігі жағынан Юпитерден кейін, жерден 95-есе үлкен бірақ салмағы өте жеңіл.

Нептун – мұнда жылдамдығы сағатына 2100 км желдер соғып тұрады, түсі көгілдір.

Уран – бұл да түсі көгілдір планета.

Плутон – күннен ең алыс және планеталардың арасында ең кішкентайы.

Ғалымдардың айтуынша Күн жүйесінде тағы да бір планета болуы мүмкін, бірақ оны анықтау әзірге мүмкін болмай отыр.





Сәруар Қарлығаштың хаты:



  • Балалар Сәуар Қарлығаштан бір хаты келіпті, оқып көрейікші! Кішкентай менің достарым!

  • «Алыс – алыс ғарыш көкжиегінде бір таңғажайып планета болған екен. Онда көңілді, мейірімді адамдар өмір сүріпті, Белгісіз планета біздің жер сияқты өте әдемі болған екен, бірақ түсі күлкін түстес шуақ шашыпты. Таулары, гүлдері мен ағаштарының пішіндері де ерекше болыпты. Тұрғындары бір-бірімен өте тату-тәтті өмір сүреді.

Күндердің күнінде планета апатқа ұшырапты, өсімдіктері қурап, сулары қурап қалыпты. Бүгінгі күнде сол планета тұрғындарына үлкен көмек қажет болып отыр»

  • Сәруар Қарлығаш бізден планетаны қайта тірілту үшін көмек сұрауда . Ал енді біз Байқоныр айлағына барып, ғарышқа ұшайық»!

Балалар көзілдіріктеріңді шешіп, алақандарыңды бір-біріне ысып, пішінің қайық тәріздес етіп көздерін жабады ( музыка әуені ойнап тұрады). Байқоңыр айлағынан ұшып ғажайып планетаға ұшып келеді, көздерін ашады, көзілдірік киеді (тақтада планета суреті). Планета табиғи апатқа ұшыраған. Оған не себеп болды екен? Біз қандай көмек көрсете аламыз? Қане, планетаны қайта гүлдендіруге көмектесейік? Ғажайып планетада көңілді, мейірімді адамдар тұрғандықтан түсі қызыл, жасыл, сары, көгілдір болуы керек.

  • Біз не білдік?

  • 12 сәуірді бүкіл адамзат ғарышкерлер күні ретінде атап өтеді. Ғарышкерлердің денсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болуы керек. Ежелден адамдардың арманы ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу.

Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты адам. Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек.

Осымен, бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Келген қонақтарға алғысымызды білдіреміз!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«?арыш ?лемі» Ашы? т?рбие саба?

Автор: Мырзахмет Элмира

Дата: 17.04.2015

Номер свидетельства: 202412


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства