Мен Сейілхан Айгерім Н?рлыбек?ызы 1993 жылды? 16 наурызында А?т?бе обл., Айтеке би ауд., Толыбай ауылында д?ниеге келдім. Акт?бе гуманитарлык колледжін 2013 жылы "Педогог-?йымдастырушы" маманды?ы бойынша ая?тап, А?т?бе обл., ?ар?алы ауданы Жосалы орта мектеп-бала ба?шасыны? Директорды? т?рбие ісі ж?ніндегі орынбасары болып ?ызмет ат?арудамын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ф.Он?арсынова "Поэзия Падишасы" »
«Фариза, Фаризажан, Фариза қыз,
Өмірде ақындардың бәрі – жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Біріміздің –біріміз арылармыз.
Бідерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз».
Мұқағали Мақатаев
Максаты: Атыраудын ақын қызы Фариза Оңғарсынованың окушылардын акынның өмірі мен шыгармашылығы оқушылардың поэзияга деген кызығушылыктарын арттыру, акыннын ipілігі мен парасаттылығын айкындай тусу.
Көрнекілігі: ақын портреті, арнайы буклет, ақын шығармаларының жинағы.
Тақырыптық слайд:
1) Елiгi еркін даланың (акын өмірбаяны)
2)«Поэзия падишасы» (акын өлеңдері)
3)Ақын арманы алға жетелейді (ақын құрдастары)
4)«Фариза» деп жырлайды жүрегіміз (сұрақ-жауап)
5)Айдыны бар Атыраудың әлдилеген талайды (кітап көрмесі)
6)Адамның жаны бip жұмбақ (сөз-жұмбақ шешу)
1-жүргізуші- Акын Фариза Оңғарсынова шыгармашылыгынан әр жылдары туған поэтикалык жырларды көреміз.
Бес қаруым бойдагы - батыл жырым,
Батылдықпен аралас жатыр мұңым,
Биліктіге жұғысар ебім де жоқ
Немесе алыс 6epic жақындыгым,- деген сездері поэзияның әлеуметтік сипатын аңғартады.
2 – оқырман: - Туған жер, туған ауыл қымбат маган,
Ешкімге бул сезімді былғатпағам.
Мен оның өзім ғана сезінетін
Қacmepлi қасиетін жырлап бағам.
Ол жерге деген менде сезім бөлек,
(жатпасын келгенімде өзімді елеп!)
Ал оның қасиетін сезу үшін
Тек менің журегім мен төзім керек!
Kөnip болып жалғасқанмен
Келешекке
Жіңішке қкыздың жолы не десек те.
Тумаппын жаман ер боп
тым құрыса
Калпағын кейбіреудің
жұлып алып.
Фариза Оңғарсынова
Kітап көрмесі: «Айдыны бар Атыраудын әлдилеген талайды»
Ән «Фаризажан».
Құрметті қонақтар! Бугінгі кешімізді «Фаризажан» әнмен аштық. Жүректерді жан жылуымен epiтіn, поэзия әлемінің биік шындарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі, «Парасат» ордендерінің иeгepi, Мәдени агарту iciнe еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова . Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау облысы Новобогат ауылында 25 желтоқсанда дуниеге келген. Фариза Оңғарсынова өзінің қауырсынқаламымен ақ жүрегін өлеңмен, кісілік келбетін әлдеқашан түгендеген ақынның бipi.
Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы: махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы болды.
Қыз - тағдыр
Көміліп көк теңіздей мұңға жаным
Бойымда кейде менің толар ағын
Сыйлымын сонда-дағы өкінішті-ақ
Өзімнің жігіт болып тумағаным.
Қашанда намыссыздық па теңі
Пысықай бала да оны шектетеді.
Аузынан сөзі түскен жігіт үшін
Отырам намыс қысып,қаным қайнап.
Туган ел
Аймалайды өпкен желі
Нұрға оранып көк пен жері.
Бала сағым бұлдырайды,
Гулмен ойнап бөктердегі.
Қаз-үйректің тансе әні
Ерке өзенмен табысады.
Бip-6ipineн күле қашып
Ақ толқындар алысады.
Құштарлық
Ойларым менің ойран боп
Сарқылып жүрген кезімде
Бұрқан да талқан сезімге
Алқынып жүрген кезімде
Жан ашырларды қайғыртып
Дал қылып жүрген кезімде
Жер менен көктен жай таппай
Шарқ ұрып жүрген кезімде
Жолықтың маған Жақсы Адам
Ерекше тұлғаң басқадан
Осындай сәтте ойлап па ем
Кездесемін деп тек саған.
Дұшпанды талай жасқаған
Таусылып менде асқақ ән
Түңіліп барлық тірліктен
Жүгініп менен жыр күткен
Жұртым бар-ау деп саспаған,
Ысырып бәрін тастағам.
Достар әні
Ақ, қарамыз, сарымыз
Тату доспыз бәріміз.
Достық жайлы ән салып,
Шырқатайық, кәне, біз.
Жузімізге қарайык,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күн шуақ,
Бізге қымбат анамыз.
Күннің нұрын сүйеміз,
Қырдың гулін сүйеміз.
Оиыншықтар біздерде
Көп болғанын қалаймыз.
Ән. «Қыздар, қыздар, Арулар».
Мақатаев туралы жыр
Мұз айдынындағы ой
«Өмірдің өзі. — мұз айдын,
Тайғанап кетпе! — деген ең,
Сырғанап жүріп мұңайдым,
Еске алдым сені неге мен ?
Қайғы азап шексең жебер ем,
Тайганап кетсең, демер ем...
Дейтұғын өзің емеспе ең?
Аса алмай асу белестен.
Қақ маңдайымнан жел ескен
Тайганақ құзда турамын кеп,
Енді құлардай дірілдеп,
Бар edi сүйер кімім деп,
Қарадым үміт жүзбенен,
сонда мен сені іздегем.
Ән. «Қыздарға әсемдік жарасады»
Сурактар: «Кім көп біледі?
Фариза Оңғарсынова апамызды көрдіңдер ме, ол кici жайлы жазған өлеңдерді білесіңдер ме?
Фариза аламыздын қазақ қыздары жайлы жазған өлеңдерін білесіңдер ме?
Сен өзі қандай бойжеткенмін деп ойлайсың?
Тектілік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Фариза апамыздын елендершен ол кісінің мінезінің кандай екенін байкадындар ма?
Қазіргі кезде біздің салт-дәстүріміз өзгеріп бара жатқан жоқ па? Сіздің ойыныз қандай?
Фариза апамыз қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
Фариза ақынға қай ақын ән арнаған?
Ақын орны қаламы қандай биікке көтеріп шығаpca, сол жерде. Ондай орын әcipece биікте көп, — деп Ғабит Mycipenoв айтқандай, әрдайым біздің ақын апамыз Фариза қаламы мұқалмай, әлі де сан-салалы тың тақырыптағы еңбектерімен оқырман жүрегіне жол таба берсін дейміз.
Фариза Оңғарсынова есімін естігенде жыр сүйер қауымның бір елеңдемей қалғаны болған емес. Поэзияға келумен оның көркемдік әлемінен ойып алудың арасы жер мен көктей. Мұның біріншісі – бірталай қаламгерлердің еншісі болғанмен, ал екіншісі – сирек те болса шынайы таланттардың заңды ырыс-несібесі, ақындық тағдыры сыйлайтын бәсіресе – бағы, өзіне тиесілі сыбағасы. Фариза ақынның поэзиялық-көркемдік әлеміне мейлінше ден қойғанынды, өте-мөте сүйетіндігіңді бүгіп қалу еш мүмкін емес. Фариза ақынның мына бір жырына қөз жіберсек: Жыр –
Менің жалғыз тарланым,
Аялап өтер ардағым,
Талықсып атар таңдарым
Айымдай жалқы арман үн,- дейді.
« Сұхбат» атты жинағындағы «Маңғыстау монологтары», «одағым – оқшау құрлығым», «Революция және Мен» деген өлеңдер циклі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына ие болған еді.
Туған дала! Туған ел! Бұл ұғымдар – ақын жырындағы ең қасиетті, ең қастерлі ерекше жалыңды леппен жырланатын, асқақ шабыттарға толы сезімдердің тақырыбы. Оның өлеңдерінің барлығы дерлік туған далаға деген перзенттік махаббаты басқа тақырыптағы өлеңдерінің арасынан да ерекшеленіп, өзге өлеңдерді өзіне көгендеп жатады.
Жүрек сенсің, Отаным, қоғамым да
Мейлі күлдір, күрсіңдер, ора мұңға, -
Мен бәрібір өзіңнен бөлінбеймін,
Сенсіз менің әнім жоқ, жоқ арым да.
Туған – жерін сүйген, оған барлық ысиық жүрегімен берілген ақын сол жердің тыныштығын, бейбіт өмірін ойдан шығара ала ма? Фариза өлеңдерінде де бұл леп ерекше.
Жүректе – сүйікті елес
Мәңгілік күн – жанымда, биікті емес.
Бұл әлемде ең биік – Адам ғана,
Мұңдауға ешкім де тиіс емес.
Өз үлкен патриоттық сезімнің ақыны болғандықтан, оның елін, жерін сүймегендерден, халықтың жанын ұқпағандардан, «Сүтін емген тілімнің қадір-қасиетін сезіп білмегендерден жаным жылап, түңілгем» деген жолдары да:
ентеңдерді, жерді ойлап,-
адамды ойлап, елді ойлап,
жер күрсіне, көз ілмей
жаны ауырған өзімдей
күнмен бірге күлмесем,
мен осылай жүрмес ем,-
өнер дертін білмес ем,-
деген тебіреністері де үлкен ақиқат өмірге биіктен қарай білудің өршіл белгісіндей.
Достық оның ішіндегі халықтар достығы тақырыбы – ақын шығармаларындағы өзекті тақырыптың бірі. «Дауа» жинағындағы «Қырғыз қазақ – өзімнің қос жанарым» атты өлеңінде де ақын іргелес екі елдің ортақ тағдырын, ортақ тыныс-тіршілігін ықыласпен жырлайды.
Сен қуансаң, шуақты менде де күн,
Сен самсаған, менің де өрлегенім!
Сіздің үйде қонақсып өрлемедім
Қырғыз, қазақ – өзімнің қос өрлемедім
Қырғыз, қазақ – өзімнің қос жанарым,
Қос жанарым, қашан да сөнбе менің!
Фариза ақын өлеңінде адамдардың қоғамдағы орны, борыш пен парыз, жақсылық пен жамандықтың күресі сияқты келемі мәселелерге өз көзқарасын білдіреді. Оның «Адам деген – уақыттың сыңары, заманының ұланы, шырқап салар жыр-әні, көкке өрлетсе – қыраны, аяласа – ну бағы, жер салса – тулағы. Заманының да ұлы емес, уақытың да түк емес!
- Адамдарды өмір сыны жеңбесе, тіршіліктің екпініне ермесе» деген жолдарында осындай келелі ой, қоғам алдындағы борышты сезунішілік жатыр. Сондықтан да адамдар, ақын түсінігінше «Өзіңе берілген өлшеулі өмір ішінде бір-біріне жақсылық жасай білуі керек», - дейді.
Кезінде нетпеген жақсылық,
Қылмыспен кейде пара-пар
Ол өмірдің мәнін адамдардың бір-бірімен ізгі қарым-қатынас, достығында деп түсінеді.
Сондықтан да: Достарым, ортам, қоғамым,
Оларсыз семем, соламын.
Салқындық сеуіп, сырт берсе,
Көңілім де – кірбің, жоқ әнім,
Солардың қабақтарымен
Налимын, тасып – толамын, -дейді.
Ф.Оңғарсынова – өмірге сергек қарайтын, жамандық атаулыны, оның ішінде адамдардың бойындағы салқындықтың, екіжүзділік, жігерсіздік сияқты болсандықты жан-жүрегімен жек көретін ақын.
Жандар қанша күлкісі де шектеулі,
Біледі олар тасадан көсектеуді.
Жан ашырлық, түгілі, ондайлардың
Кіммен сөлемдесуі – есептеулі.
Ақын бұрын-соңды өткен ой иелері мен сөз шеберлерінің немесе әлемнің әр түкпірінде өтіп жатқан уақиғалар мен болмыстарға өзінше баға беріп, жыр жолдарына айналдырады.
Фариза ақын «Сапфомен сырласу», «Айша бибі», «Баба әже», «Омар Хайяммен әңгіме», «Шекспир шындығы» өлеңдеріндегі адамдарға деген ізгілік, мейірім сөзімі, достық махаббат жайлары бүгінгі ұрпақтардың түсінігіне қажет тұрғыдан жырланады.