kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Денсаулықты күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

8 «Ә» сынып. 14.03.2025ж.

Сынып сағаты:


Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Дамытушылық: Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт — дәстүрлерін жаңғырту арқылы ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Тәрбиелілік: Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас.

Барысы:


1. Таныстыру (дәрумендер өздерін таныстырады )
2. «Кім шапшаң» (сұрақ - жауап)
3. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
4. «Ойлан тап» (жұмбақтар шешу)
5. «Жалғасын тап» (мақал - мәтелдер)



Ұйымдастыру кезеңі:


Бүгінгі күн терезеден,

Бізге күліп, тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл-күймен,

Басталады бұл сабақ.


Бір бірімізге сәттілік тілейік.


Кіріспе әңгіме

- Балалар, сендерге жұмбақ жіберілген екен. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі шарамыздың да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.

Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар,

Байлық осы деседі. (денсаулық)


- Адамның басты байлығы, ол денсаулық

- Халқымыз «Бірінші байлық –денсаулық» деп тегін айтпаған.

-Денсаулық мықты болу үшін не істеуіміз керек?

-Балалар, дұрыс тамақтану керек.

-Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

Слайд

-Дұрыс тамақтану дегенініміз бұл аз-аздан әртүрлі тамақтарды қабылдау.Ағза үнемі жұмыс атқарады. Сондықтан үнемі тамақтануды талап етеді. Тамақ арқылы адам қуат алады. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен айналысады. Әр тағам құрамы дәруменге толы. Дәрумендер жөнінде айтып өтейін .

А – қажет көзіңе,

В — жүйкені тоғайтар,

С – дан микроб безінер.

Д – сүйекті нығайтар


Алдарыңызда шашылып жатқан дәрумендер (витаминдар) таңдап алыңыздарздар

Бір жерге бір түрлі витамин болып отырамыз

Топқа бөлінді.

1 кезең.Ендеше бүгінгі сабақты бастайық. Топқа бөлінейік.
І топ: «А дәрумені»
ІІ топ: «С дәрмені»
ІІІ топ: «Д дәрумені»
1 кезең - Әр топ өздерін таныстырады

А дәрумені: Мен сәбіздің, қауынның, қызанақтың, балық майының, жұмыртқаның, сары майдың құрамында боламын. А витамині Ол организмнiң қорғаныш қасиетiн арттырады, көздiң көргiштiгiн жақсартады, терiде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині – балық бауырында, теңiз алабұғасында, сары майда, сәбiзде, қызанақта, т.б. болады.

С дәрумені: Мен пияздың, картоптың, орамжапырақтың,жеміс — жидектердің құрамында боламын. С витаминi (аскорбин қышқылы) организмнiң түрлi жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тiстiң мықтылығын жақсартады. Ол организмге қыста және көктемде көбiрек қажет. Бұл витамин организмде жеткiлiктi болу үшiн – көкөнiс пен жемiс – жидектердi , ашыған қырыққабатты тағамға көбiрек пайдаланған жөн.

Д дәрумені: Мен өте пайдалымын.Балық майында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында кездесемін. Д дәруменнің жеткіліксіздігі қимыл-тірек жүйесінің, бұлшық еттің, тырнақтың және тістің саулығына кері әсер етеді. Бұл дәрумен жетіспесе, онда терлегіш әрі әлсіз келеді. Оған қоса, тісі мен сүлдесі нашар дамиды. Егер тырнағыңыз сынып, тісіңіз жиі қанап ауыратын болса, еш ойланбай Д дәруменін қабылдаңыз және де құрамы осы дәруменнің қайнар көзі болып табылатын тағамдарды тұтыныңыз.

Мұғалім: Тамақтану мәдениеті және ережесі жөнінде атып кетейік

Тамақтану ережесі дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәдениеті?

Балалар өз ойларын айтады.


Балалар үстел басында өзін ұстау ережелерін айтады:


-Үстел басына отырғанда қол таза болуы керек.

-Тaмақты шайнағанда сөйлеуге болмайды.

-Тамақты ауызды толдырып асап жеуге болмайды.

-Тамақты ауызды жауып,дыбысын шығармай шайнау керек

-Тамақ бөліктері мен нан қоқымын жеңімен сүртуге болмайды.





Тамақтану мәдениеті туралы кеңес

Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын қуатына сай тамақтануы тиіс.

- Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.

- Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.

- Қатты ыстық тамақты, қатты суық тамақты ішуге болмайды, тістің эмалін бұзады

- Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.

- Тамақтын түрін өзгертіп тұру керек

-Қайнатылған, буға піскен тағам пайдалы.

- Тамақты асықпай шайнап жеу керек

- Сұйық тағамдарды, көкөніс, жемісті көп қолдану керек

- Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек


2 кезең «Кім шапшаң» деп аталады. Бұл кезеңде әр бір топқа сұрақтар берілді. Сол сұраққа жауап бересіздер.
1. Таңғы ас уақыты, мәзірі
2. Түскі ас уақыты, мәзірі
3. Кешкі ас уақыты, мәзірі

Мұғалім: Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

3 кезең «Тапқыр болсаң, талас жоқ» деп аталады. Бұл кезеңде әр бір топқа мынадай тапсырмалар беріледі.
І топқа: дұрыс тамақтану ережелері
ІІ топқа: адам ағзасына пайдалы тағамдар
ІІІ топқа: адам ағзасына зиянды тағамдар- туралы өздерін жобаны қорғап шығу


Мұғалім: Бұл тағамдар неге зиянды деп шештіңдер? Фаст-фуд тағамдары «тез тамақтану» деген мағына береді. Хот-дог, чисбургер, гамбургер, чипсы, кириешки, сэндвичті дайындау барысында көп маргарин қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды майлар көп.Олар асқазанда ұзақ уақытқа дейін қорытылмайды. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. Әсіресе өз денсаулығына көңіл бөлмейтін балаларға обал. Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сендер бір ғана гамбургермен шектеліп қоймайсыз ғой. Бұл өнімдер адамды толық тәбетін қанағаттандыра алмайды, ол тек аз ғана уақытқа асқазанды алдау десе болады. Сөйтіп артық тамақ ішіп, семіздікке шалдығуға болады.

-Балалар, арамызда фаст-фуд тағамдарын қолданушылар бар ма?-Зиянын білесіңдер, ендеше фаст-фудқа үйір болмаңдар.Өз денсаулықтарың өз қолдарыңда екенін ұмытпаңдар.


4 кезең «Жалғасын тап» деп аталады. Бұл кезеңде денсаулыққа қатысты мақалдардың жалғасын табу.


Ет етке, сорпа бетке.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Ас адамның арқауы.


Өзі тоймастың көзі тоймас.
Өле жегенше бөле же.
Асы бардың ырысы бар, Аты бардың тынысы бар


Көзің ауырса, қолыңды тый.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.

Тәні саудың жаны сау


Абысын тату болса, ас көп.

Ас атасы - нан.

Тату үйдің тамағы тәтті.


Дана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысы «Бірінші байлық – денсаулық» деп білген.
Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің ұлттық тағамдардың дәруменге толы әрі құнарлы, пайдалы екенінде білеміз

Қазақ тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шарманов аталарыңның ұлттық тағамдарымыз қымыз бен жылқы еті туралы кеңесіне құлақ түрейік.

видео

5 кезең «Ойлан тап» деп аталады. Бұл кезеңде жұмбақтардың шешімін табу керек.
Жұмбақтар шешу.

Әрі сусын, әрі дәрі ,

Емге ішеді жас пен кәрі.

Малдың сүті ,елдің құты,

Деп бағалар жұрттың бәрі . /Қымыз/


Жатам құстар тобына,

Азығымын адамның.

«Ы»-ны қоссаң соңыма,

Жылқы етімін – тағаммын. (Қаз-ы)

Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ,
Жаңғақтай - ақ домалақ. (Құрт)

Мұғалім: Қазақ халқының негізгі ежелден келе жатқан тағамы ет пен сүттен жасалған өнімдер. Олардан көшпелі жағдайда ұзақ сақталатын түрлі тағамдар дайындаған. Мысалы, қазы, шұжық, сүрленген, қақталған, ысталған ет өнімдері ұзақ сақталады, әрі өте дәмді. Ал сүт өнімдерінен айран, ірімшік, қымыз, шұбат сусындары дайындалады. Ұлттық тағамнан қол үзуге болмайды.

Рефлексия
Ал енді қазыр осындай ойын өткізейік, екі сапқа тұрамыз, мен екі жақтан тағам түрлерін көрсетемін, таңдау жасаған тағам жаққа тұрамыз. Осы ойын арқылы бүгінгі алған ақпаратты қаншалықты қабылдадыңдар соны білйік.

Егерде кейбір оқушылар зиянды тағам таңдаған болса, әлі де жұмыс жасау керек деп есептеймін.

Сабағымыз аяқталды.



















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі

Автор: Габдуллина Баян Ахметжановна

Дата: 05.06.2025

Номер свидетельства: 671205


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства