kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Д?рыс тама?тана білу - денсаулы? кепілі" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: " Д?рыс тама?тана білу - денсаулы? кепілі"

Ма?саты:  Д?рыс тама?тану туралы  білімдерін ж?йелеу, ке?ейу.  Тазлы?  гигиенасы туралы  ережелерді   ?айталау.

               о?ушыларды? д?ниетанымын, ой - ?рісін, ?ызы?ушылы?ын арттыру.

             Д?рыс тама?тана білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Д?рыс тама?тана білу - денсаулы? кепілі" т?рбие са?аты »

Абай атындағы мектеп – гимназия

















(тәрбие сағаты)












Өткізген: Менжолова Н.Қ.














2014-2015 оқу жылы

Уақыты: 20.10.2014

Сыныбы: 6

Тақырыбы: «Дұрыс тамақтана білу - денсаулық кепілі»
Мақсаты:
1. Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту.Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.
2. Дүниетанымын, ой - өрісін пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: тамақтану туралы сөздер, ережелері, плакаттар,слайдтар


Барысы:
І Кіріспе

(тренинг,топқа бөліну)

ІІ. Тұсаукесер

Жұмбақтың шешуін табу

Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

1. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
2. Қандай заттар тағам құрамына кіреді?
3. Тамақтанудың негізгі ережелерін ата?
4. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады?
5. Қандай тағам түрлерін білесіңдер?
6. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады?

ІІІ. Негізгі бөлім

Мұғалім:
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.

«Табиғатта адам үшін табиғи тағамнан артық дәрі де, дәрумен де жоқ. Дәрі деген адамды емдемейді, тек аурудың бетін жасырады. Ол ауру қазір беті қайтқандай болғанмен біраз уақыттан кейін жаңа күшпен қайта өршіп кетеді. Тек дұрыс тамақтану, тағамды таңдай білу, күтіну ғана адамды барлық ауру-сырқаудан құтқара алады».

Бүгінгі тәрбие сағатымызда осылар туралы толығырақ білетін боламыз.
Мұғалім:
Артық болмас, білгенің...
Бірнеше жыл бұрын Чехияда, жоғары сынып оқушылары, қаттырған құлпынайы мен кілегейі бар балмұздақты жеп, эпидемия тіркелген болатын. Зертханалық сараптаманың нәтижесінде аталған кілегейдің орнында өзі емес, мұздалған А гепатиті болып шықты. Сондықтан да балмұздақ, газдалған сусындар, чипсы т/б зиянды тағамдардан бойымызды аулақ ұстаған жөн!
Слайдтар көрсету.

Ақуыздар.
Балалар үшін ең құнды балық және сүт ақуызы.Оның ағзада сіңуі өте жоғары.Екінші орында сапасы жағынан - етті ақуыз, үшінші орында – өсімдік текті ақуыз.
Күнделікті оқушы 75-90 г ақуыз, оның ішінде 40-55 г жануарлар өнімінен шыққан ақуыздарды қабылдауы қажет.
Оқушы баланың күнделікті рационында мынадай өнімдер болуы қажет :

Сүт немесе қышқыл сүт өнімдері ;

ірімшік;

сүзбе

балық;

Ет өнімдері;

жұмыртқа;

Ақуыздар.
Балалар үшін ең құнды балық және сүт ақуызы.Оның ағзада сіңуі өте жоғары.Екінші орында сапасы жағынан - етті ақуыз, үшінші орында – өсімдік текті ақуыз.
Күнделікті оқушы 75-90 г ақуыз, оның ішінде 40-55 г жануарлар өнімінен шыққан ақуыздарды қабылдауы қажет.
Оқушы баланың күнделікті рационында мынадай өнімдер болуы қажет :

Сүт немесе қышқыл сүт өнімдері ;

ірімшік;

сүзбе

балық;

Ет өнімдері;

жұмыртқа;

КӨМІРСУЛАР.
Көмірсулар ағзада энергетикалық қоры болып табылады.Көмірсулардың құрамында қорытылмайтын тағамдық талшықтар бар.
Оқушының күнделікті рационында көмірсулар – 300- 400 г.
ОҚУШЫНЫҢ мәзірінде ҚАЖЕТТІ ӨНІМ ТҮРІ:

НАН

Дәнді - дақылдар;

Картоп;

Бал ;

Кептірілген жидектер ;

Қант .

Дәрумендер мен минералдар

ДӘРУМЕН А ӨНІМІНЕ БАЙ ТАҒАМ:

сәбіз ;

Тәтті бұрыш;

Жасыл пияз ;

бауыр;

Жұмыртқа

сүт

итмұрын

А дәрумені. Организмнің даму процессіне қажет. Көз және тері ауруларын болдырмайды. Тістердің, тырнақтардың, шаштардың сау жағдайын қамтамасыз етеді.

ДӘРУМЕНДЕР МЕН МИНЕРАЛДАР

ДӘРУМЕН А ӨНІМІНЕ БАЙ ТАҒАМ:

сәбіз ;

Тәтті бұрыш;

Жасыл пияз ;

бауыр;

Жұмыртқа

сүт

итмұрын

А дәрумені. Организмнің даму процессіне қажет. Көз және тері ауруларын болдырмайды. Тістердің, тырнақтардың, шаштардың сау жағдайын қамтамасыз етеді.

Дәрумен Е

бауыр ;

жұмыртқа ;

сұлы, гречка дәндері

Е дәрумені. жасушалардың қартаю процессін, миокард инфарктінің және инсульттің қауіп-қатерін азайтады.

дәрумен В:

нан ;

сүт;

ірімшік ;

бауыр ;

жұмыртқа ;

орамжапырақ;

алма

миндаль ;

қызамық ;

В дәрумені. Жүректің, жүйке жүйесінің және бұлшық еттердің қалыпты қызмет істеуі үшін қажет. Көмірсутек алмасуына қатысады. Мидың дұрыс қызмет істеуіне ықпал етеді, холестерин деңгейін төмендетеді.

АЛМА
Алмада өте көп пайдалы заттар бар: — калий, натрий, кальций,магний, фосфор, темір және йод, дәрумендер А, В1, В3, РР, С. мысалы , витамин А апельсинге қарағанда алмада 50% жоғары. А дәрумені тұмау және басқа инфекциялық аурулардан қорғайды.

Апельсин
Бұл ароматты жеміс дәрумен А, В1, В2, РР және микроэлементтер: магний, фосфор, натрий, калий, кальций және темірге өте бай. Ең басты апельсиннің жетістігі, цитрустың құрамындағы — дәрумен С. 150 грамма апельсинде 80 мг аскорбин қышқылы бар. Бұл дәрумен ағзада екі қажетті функцияны атқарады: иммунды қорғаныс және психиканың стабилизациясын қалыпқа келтіреді.

Орамжапырақ. Рак ауруын тежейтін, оның бастапқы кезеңінде толықтай жазылып кетуіне септігін тигізетін сульфорафанға бай. Бұл дәруменге әсіресе, орамжапырақтың брокколи деп аталатын түрі бай болады.

Банан
Банан — ағзаны калиймен қамтамасыз етеді. Жүрек-қантамыр жүйесінің,ОЖЖ ның қалыпты қызмет етуіне қажет.Үлкен адамға күнделікті калийдің түсуі — 2 г .Сонымен қатар, калий ,сумен-тұздың қызметін реттеп, организмдегі артық суды шығарып тастайды.Сондықтан да оны барлық ісіну ауруларында тағайындайды. Банан гипертониктер мен арықтарға өте пайдалы.


Қызылша. Фолий қышқылының қайнар көзі – В витамині. Қан тамырлары және иммундық жүйенің дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет. Ағзада оның жетіспеуі ересектерде анемияның өршуіне, әйелдердің екіқабат кезінде дамып келе жатқан нәрестенің жүйке ауруына шалдығып тууына әкеліп соқтырады.


Сүт тағамдары. Әсіресе, сиыр сүті. Күніне тым болмаса бір стақан сүт ішіп тұрған адамға рак ауруының қайсысы да жоламайтын көрінеді.

Зиянды тағамдар

Адам – өз құмарлығының құлы. Ол пайдалы нәрсені көре тұрса да, өзі бұрыннан бой үйретіп алған пайдасыз нәрсені тастап кете алмайды. Ал, ең пайдасыз нәрсе – қолға не түссе, сонымен қоректену.

Егер сіз күніне картоп чипсыйының бір пакетін жесеңіз, бұл бір жыл ішінде бес литр сұйық май ішкеніңізбен тең болады. Британдық медицина мамандарының зерттеуі бойынша британдық оқушылардың 50 пайызы күніне кемінде бір пакет картоп чипсыйын жейді екен.


« Жағдаяттарды шешу»
І топ:
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді. Самат анасына: « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді.
- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па?
Жауабы::
ІІ топ:
Айгүл бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен, Айгүл қуанып кетті. Қызығып қолына алды.
Дереу жемек боп аузына апара бергенде оған қасындағы құрбысы ол алманы үйіңе апарып тазалап жуып же деді. Бірақ Айгүл алманы жегісі келіп құрбысының айтқанын тыңдамады. Айгүлдің осы ісі дұрыс па?

Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?


ІІІ топ:
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол
« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
- Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

«Дастархан басында сақталатын ырым - тыйымдар».

Әрбір топ дастарханға байланысты тыйым сөздерді айтады.
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3. Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7. Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8. Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
9. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10. Дастарханнан аттауға болмайды.
11. Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
«Жалғасын тап»

Бұл кезеңде денсаулыққа қатысты мақалдардың жалғасын табады.
1.Ет етке, сорпа бетке.
2.Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама!
3. Өзі тоймастың көзі тоймас.
4.Өле жегенше бөле же.
5. Ауру астан,
Дау қарындастан.
6. Тәні саудың жаны сау.
7. Көзің ауырса, қолыңды тый.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
«Тапқыр болсаң, талас жоқ» (постермен жұмыс)

І топқа: дұрыс тамақтану ережелері
ІІ топқа: адам ағзасындағы пайдалы тағамдар
ІІІ топқа: адам ағзасындағы зиянды тағамдар
Қорытынды
Мұғалім:
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.
Дана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысы «Бірінші байлық – денсаулық» деп білген.
Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау.
Рефлексия жазу










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Д?рыс тама?тана білу - денсаулы? кепілі" т?рбие са?аты

Автор: Менжулова Нургуль Кайсаевна

Дата: 09.02.2015

Номер свидетельства: 170180


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства