kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дептіліктен озбайы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: 
О?ушыларды адамгершілікке, ?арапайымдылы??а, кішіпейілдікке, ?дептлікке, ?з хал?ыны? салт – д?ст?рін ?йрене отырып, жаман ?деттерден аула? болу?а т?рбиелеу.
О?ушылар бойында ?деп ?ліппесін дамыту, таным белсенділігін арттыру. ?дептілікке, сыпайылы??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дептіліктен озбайы? »

Тақырыбы: Әдептіліктен озбайық!
Мақсаты: 
Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептлікке, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту, таным белсенділігін арттыру. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдістері: сұрақ – жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Көрнекілігі: сызбалар, көрініске арналған көрнекіліктер, жүрек сұлбасы.
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар!
-Бүгінгі болатын 4"Ә" сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

-Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

2. Психологиялық дайындық
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ.Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр.Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.

"Жүректен жүрекке" ойыны

(тілектер айтылады)

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!...............

-Білім беріп,жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!

-Рахмет!

-Міне балалар,бір-бірімізге денсаулық тілеп,жақсылық жасасақ,ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.

3. Жаңа сабақ.

-Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.

Ситуациялық жағдай (слайд).

-Демек, бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттердаен бойымызды аулақ ұстаған жөн екен.

-Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы "Әдептіліктен озбайық!" Ал енді мыны адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастырайық.

-Сендер қалай ойлайсыңдар? Жарқырап тұрған күнге қандай баланы жатқызуға болады?

-Ал мына қара бұлтқа қандай баланы жатқызуға болады?

-Олай болса, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсетейік.

Күннің шуағы-Әдепті бала:(Таза жүреді,Сыпайы,Ұқыпты,Тәртіпті......)

Бұлт-Әдепсіз бала:(Өтірікші, Дөрекі,Еріншек,Ұқыпсыз...........)

Әдепті және әдепсіз балалар жайлы тақпақтар айтамыз.

Әдептілік-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының,жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек.

Ән:Атамекен(хор)

Әдепсіз балаға тән қасиеттерді бойына жинаған балалар қандай болады

екен,осы жайлы сынып оқушыларына сөз берейік.

Етек кетер салақтап, Ілгек,түйме жұлынып,

Бос жүріспен далақтап. Кешке дейін алысар.

Ұқыпсыз сабақ ұқпайды, Әркімге бір ұрынар,

Өз бетімен алақтап. Құспен,малмен жарысар.

-Міне балалар,уәде беріп оны орындамаса,кісіге дөрекі жауап берсе,үлкенді сыйламаса,ондайды жұрт "әдепсіз"екен дейді.Әдепсіз баланы достары да сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.

Көрініс: Дүрбелең

Өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдар.

-Ал енді балалар өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдаршы?

Мысалы: Босағада отырма.

Босағаны керме.

Үйге қарай жүгірме.........(әрі қарай жалғастыру).

-Дұрыс. Тыйым сөдерді жақсы біледі екенсіңдер.

Би:Көңілді күн

Жаман әдет туралы қандай мақал білесіңдер?

-Жаман әдет туралы мақал білетін болсаңдар айта қойыңдаршы?

-Ұрлық-түбі қорлық.

-Ұрымен жақын болсаң,ұятқа қаласың.

-Міне балалар,бұл жерден біздің білгеніміз кісі сыйлық жасаса рахмет, біреуді ренжітсең міндетті түрде кешірім сұрау керек екен. Біреудің затын ешуақытта рұқсатсыз алмау керек екен,бір рет рұқсатсыз алсаң соған әдеттеніп кетесің де,біртіндеп ол әдетті бойыңа сіңіресің. Түбі ол сені үлкен ұрлыққа жетелейді. Ал өздерің білесіңдер "Ұрлық-түбі қорлық" екенін ұрлық жасасаң заң алдында жауап беруге тура келеді.

-Балалар,енді кезекті әнге берейік

Ән: Әдемі-ай

-Дұрыс балалар сендер бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Әнді жақсы айттыңдар.

Слайд Ойын:"Жалғасын тап"

-Балалар мен мақалдың бірінші жолын оқимын, ал сендер жалғасын табасыңдар.

(Экраннан көрсету)



-Ұқыптының тоны тозбас

.................................

(ұқыпсыздың ісі оңбас)

-Әдептілік белгісі

..........................

(иіліп сәлем бергені)

-Сәлем түзелмей

...........................

(әлем түзелмейді)

-Аға әдепті болса

..........................

(іні әдепті)

Көрініс:Ата мен немере

Сиқырлы сөздер айтыңдар:

-Сәлеметсіз бе?

-Армысың!
-Айналайын!

Рахмет!

Көп жаса!

Кеш жарық!

Кешіріңіз!................

-Ал балалар,өздерің айтқан сиқырлы сөздерден не пайда болды?

Слайд

-Дұрыс,өздерің айтқан сиқырлы сөздерден көңілімізді көтеретін әдемі гүл шоғы пайда болды.

(мәнерлеп өлең оқу)

Бағила өзің білетін бір өлеңді жатқа оқып бере қойшы.

Біздің сынып

Жұп жазбастан жүреміз,

Біздің сынып-мақтаулы.

Өйткені біз сүйеміз,

Дәйім тәртіп сақтауды,

Біздің сынып мақтаулы.

Оқуда да алдамыз,

Біздің сынып өнерлі.

Жақсы үйреніп алғанбыз,

Талай би мен өлеңді,

Біздің сынып-өнерлі.

Еңбекке де қолы епті,

Ынымақтықты дос ыңғай.

Біздің сынып әдепті,

Біздің сынып осындай.

Біздің сынып осындай.

Музыкалық үзіліс

Би: Қара жорға

Қортынды
- Балалар, сонымен әдептілік деген ар – ұяттың, әдеміліктің белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, ақ болуын қадағаласа, істеген ісі соған сай әдепті, инабатты, жүрегі мейірімге толы болмақ. Егер сендер бала күніңнен әдепті тәртіпті болып өссең, есейе келе, ата – аныңның, өз Отаныңның мақтанышы боласыңдар. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай :
Сүйме, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек
Ақылмен ойлап сөйлемек
Ақыл керек, ес керек, мінез керек,- дей келе «Әдептіліктен озбайық» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?дептіліктен озбайы?

Автор: Кенганова Мейрамгул Нурадиновна

Дата: 20.04.2015

Номер свидетельства: 203458

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "?дептен озбайы? 6 сынып"
    ["seo_title"] => string(21) "dieptienozbaiyk6synyp"
    ["file_id"] => string(6) "280584"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453391782"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Ана тілі п?ні бойынша саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(31) "anatilipniboiynshasabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "327354"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463416171"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства