kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Дені сау ?рпа? - жар?ын болаша?" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  "Дені сау ?рпа? -жар?ын болаша?"

Ма?саты: салауатты ?мір салтын  насихаттай отырып, таби?атты? адам баласына сыйла?ан басты  байлы?ы денсаулы?ты  са?тауды? басты ?а?идалары: зиянды ?деттерден бойларын аула? ?стау?а, о?ушыларды? бойында адамгершілік, имандылы? ?асиеттерді   ?алыптастыру?а, денсаулы?ты? ?адірін т?сініп, са?тай білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Дені сау ?рпа? - жар?ын болаша?" т?рбие са?аты »

Абай атындағы мектеп - гимназия

























Дайындаған: Менжолова Н.Қ.










2014-2015 оқу жылы

Сыныбы: 6

Уақыты: 26.01.2015 ж

Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары: зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Ойлан,бірік, бөліс», сұрақ – жауап, жеке, жұптық,топтық

жұмыс

Көрнекіліктер: слайдтар, нақыл сөздер жазылған қағаздар, суреттер,

постерлер, АКТ

«Дені сау ұрпақ-ұлт келешегі»

Н.Ә.Назарбаев

«Көңіліңді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.»

Ы.Алтынсарин

Сабақтың барысы

І. Кіріспе ( 2 минут)

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Оқушыларды топқа бөлу

( Оқушылар денсаулық, тазалық, салауат сөздерін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.

ІІ. Тұсаукесер ( 4-5 минут) (Видеоролик көрсету)

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу мақсатында зиянды заттар туралы бейнетаспа көрсетіледі)

  • Оқушылар бейнетаспадан нені көрдік?

(оқушылар бейнетаспадан көргендері туралы өз ойларын айтады)

Сонымен, бүгінгі тәрбие сағатымыз немен байланысты?

Мұғалім: Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік саулықтың толық мәнді теңдігі». Отанымыздың келешегі , көркеюі, оқушылар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сіздердің қалауларыңыз - салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» деп аталады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетілген өзекті мәселеленің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау. Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол - әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану,зиянды нәрселерден аулақ болу.



Салауатты өмірге қандай әрекеттер кері ықпалын тигізеді деп ойлайсыз? (топтастыру)

Оқушылар: Салауатты өмір сүруге кері ықпал тигізетін әрекеттер: темекі, нашақорлық, ішімдік, уақытты тиімді пайдаланбау т.б.

Мұғалім сөзі: Олай болса оқушылар біз әрі қарай жұмысымызды топтық жұмыспен жағастырайық.

Негізгі бөлім: (4-5 минут)

Топтық жұмыс:

1- топ: Есірткі. Оның адам ағзасына тигізер әсері

2-топ: Шылымқорлық

3-топ: Алкоголь

(Әр топқа мәтін беріледі. Оқушылар жеке мәтінді оқып шығады. Оқып болған соң топ ішінде талқылайды, оны флипчартқа түсіреді және топ мүшелері постерді қорғайды). (7 минут)

1топ: Есірткі туралы жалпы мағлұмат

Наркозис – грек тілінде өзіне – өзі еріту деген ұғымды білдіреді.

Нашақорлықтың алғашқы баспалдағы көбіне темекі тартатындар мен насыбай ататындардан бастау алады.

Насыбай – темекі дақылы жапырағынан махорка тектес төменгі сортынан жабайы әдіспен дайындалатын зат. Насыбайдың негізгі бөлігін, темекі дақылы жапырағының әбден ұнтақталып жасаған талқаны құрайды. Ауыз қуысына түскен насыбай, біріншіден, ауыздың ішкі кілегей қабықтарын күйдіреді және сілекейдің шамадан тыс көп бөлінуіне байланысты адам қайта – қайта түкіре береді. Кейде насыбаймен араласқан сілекей ішке жұтылып, асқазанға түседі. Сілекейдің құрамындағы улы заттар асқазанға сіңіп, қанға тарайды. Насыбайды тілдің астына салу адам тәнін тез уландыру мүмкін. Жастардың арасында насыбай да нашақорлықтың белең ала бастауына себеп. Сондықтан насыбай ату сияқты теріс қылықтарға тосқауыл қою – нашақорлармен күресудің маңызды шараларының бірі.

Есірткі қайдан алынады?

Есірткі тобындағы заттар,көбінесе көкнәр өсімдігінен екі түрлі жолмен жасалады.

1. Көкнәр өсімдігінің ұрық қабығы пісуден бұрын, пышақпен тілгенде аққан сұйықтың күнге кептірілуінен жасалатын апиын сағызынан өндіріледі.

2. Піскен ұрық қауашағының құрғақ артықтарынан өндіріледі.

Героин деген не?

Екі рет қолдан өтуі арқылы өндіріледі. Медициналық мақсатқа мүлде қолданылмайды. Жасалуы да заңсыз. Героин есірткінің 90% болып табылады. Өте қысқа уақытта тым аз мөлшері құмарлыққа апарады. Героиннің ұнтақ түрін искеу, ал суға езіндісін тамырға құю арқылы пайданылады.

Морфий мен кодеин медецинада ауру басу үшін қолданылады. Гашиш үнді сорасы өсімдігінің түбірі, жапырағы және гүдінен өндіріледі.

Есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта бір жола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата-ана, құрбы құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл дүниеден кешетіні – азап.

2-топ: Шылымқорлық

Құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан шылым жасалады.Темекінің елі Америка болып табылады. Ертеде темекі алыстағы Америка материгінде өсірілген екен. Ал бұл өсімдіктің темекі атануы Гаити аралындағы Тобаго провинциясында өсетін жабайы өсімдіктің атауынан шығыпты. 1559 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Француз елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Сонымен, «никотин» атауы француз елшісінің құрметіне аталған. 2002 жылы елімізде «Темекі шегудің алдын алу және оны шектеу туралы» заң қабылданды. Никотиннің салдарынан гастрит, стенокардия, гипертониялық ауруларға ұшырайды. Тамаққа тәбеті азайып, асқазан – ішек жолдарының жұмысы бұзылады. Темекі шегетіндер бронхитке алты есе көп ұшырайды. Бұдан әрі өкпе эмфиземасы, қолқа демікпесі, обыр сияқты тыныс жолдарының ауыр түрлеріне ұшырауы мүмкін. Темекі мидың жұмысына зиян келтіреді. Ол баланың есте сақтау қабілетін төмендетеді, күйгелектікке ұшыратады, жүйке мен ұйқының бұзылуына әкеледі.

3-топ: Алкоголь-бұл қосындыларды ашытудан алынатын есірткі.Ол шарапта,сырада болатын масаңдататын элементтен тұрады.

Алкоголь-күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі.

Алкоголь әдетте қанға араласады,одан ары миға шабады.алкоголь адам ағзазы үшін улы.

Алкогольге тәуелді болу мына жағдайларға соқтырады:

- Спиртті ішімдіктерді шамадан тыс ішетін адамдар жасының ұзақтығы халықтың орташа жас мөлшерінен 15-20 жасқа төмен;

- Алкогольді шамадан тыс ішу – қылмысты әрекетке барудың жиі себебі;

- Тері ауруларын жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйдегі жағдайда болады;

- Балалар ақыл-ойы кемістігінің 40-60%-ы ата-аналарының ішімдікке бой ұруының салдары;

- Алкоголь орталық жүйке жүйесіне қатты қысымшылық көрсетеді, адам миының жұмысын бәсеңдетеді және есте сақтау процесін тежейді;

Алкогольге тәуелді болу мына жағдайларға соқтырады:

- Спиртті ішімдіктерді шамадан тыс ішетін адамдар жасының ұзақтығы халықтың орташа жас мөлшерінен 15-20 жасқа төмен;

- Алкогольді шамадан тыс ішу – қылмысты әрекетке барудың жиі себебі;

- Алкоголь орталық жүйке жүйесіне қатты қысымшылық көрсетеді, адам миының жұмысын бәсеңдетеді және есте сақтау процесін тежейді;

- Алкоголь қозғалыс үйлесімін бұзады және тез реакцияны төмендете;

Алкоголь көздің, сонымен қатар құлақтың қызметін төмендетеді. Адамның дәм тату, иіс сезіну мүмкіндігі алкогольден әлсірейді

Ішімдік адам ағзасындағы барлық органдар мен жүйелерінің зат алмасуының бұзылуына әкеліп соқтырады. Ішімдік-қан-тамыр жүйесін бұзады.

Сергіту сәті: (3 минут)

Мақал – мәтелдердің жалғасын табу.

1. Дана көптен шығады ...... (дәрі шөптен шығады)

2. Бірінші байлық - ........ (денсаулық)

3. Ауырып ем іздегенше ...... (ауырмаудың жолын ізде)

4. ...... (денсаулық кепілі)

5. Ішің ауырса аузыңды тый, көзің ауырса ...... (қолыңды тый)

6. Шынықсаң ...... (шымыр) боларсың.

7. Ауру батпандап кіреді, ...... (мысқылдап шығады)

8. Дені саудың ...... (жаны сау).

Жағдаяттарды шешу (оқушылар жағдаяттардың шешу жолдарын ауызша немесе көрініс түрінде көрсете алады)

1. Сен бір танысыңның есірткіге әуес екенін байқап қалдың. Қандай көмек берер едің? Әлде байқамаған болып жүре бересің бе?

2. Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер.

Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық.

Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

3. Сен бірде теледидардан есірткі, оның зияндылығы, ағзаны улаушы зат екендігі туралы бейнефильм көрдің.Осы бейнефильмнен қандай әсер алар едің ? Оны құрбыларыңа қалай насихаттар едің ?

Тапқырлық

«Денсаулық ( 2 минут )

“Тазалық»

«Болашақ» сөздерінің әрбір әрпіне сөз немесе сөйлем құрастыру

IV. Қорытынды

1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)
2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты – спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)
3. Адамға ең қымбат. Ол не? (Денсаулық)
4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)
5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)
6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді)
7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы)
Сөзжұмбақ шешу

1. Денсаулықты сақтау үшін немен шұғылдану керек?

2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді?

3.Гигиенаны ерте кезден бастаған ел?

4. Адамға ең керекті тағамдардың бірі

5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды?

6. Денсаулықты әлсіретуші жағдайлардың бірі

7. Дені сау адамның денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар?

8. Адамның денсаулығына ең керекті не нәрсе?

9. Американ ғалымы П. Брэг адамдарда болатын аурулардың 99 %-ы

неден болады деген?

Рефлексия






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Дені сау ?рпа? - жар?ын болаша?" т?рбие са?аты

Автор: Менжулова Нургуль Кайсаевна

Дата: 09.02.2015

Номер свидетельства: 170101


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства