kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дастархан адебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Дастархан әдебі" тақырыбында тәрбие сағатымды назарларыңызға ұсынып отырмын.Барша сайт қолданушыларына жұмыста жеміс тілеймін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дастархан адебі»

Жамбыл орта мектебі





Тәрбие сағаты





Класы: 1

Күні: 20.10.2014ж

Өткізген: Төлегенова Н.Н.







2014-2015 оқу жылы.

Тақырыбы: Дастархан әдебі

Мақсаты: Оқушыларға дастархан әдебі туралы мағлұмат беру. Ережелімен таныстыру. Өзге елдің әдет-ғұрыптары туралы да мағлұмат беру.

Көрнекілігі: слайд, дайын үлгі.

Мұғалім сөзі.

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, тамақтану әдебінің бүгінгі күні әр ұлттың салт-дәстүріне қарай ойысқан өзгеше үлгілері де бар. Мәселен, көбінесе ат үстінде жүретін монғол халқы әсіресе өздерінің жыл басы саналатын – «Сағансар» мейрамына арналған мерекелік дастархан басына отырмас бұрын жаңа туып келе жатқан айға қарап шоқынса, тамақтануға аса үлкен мән бере қарайтын қытайлықтар таңертең оразаларын ашпас бұрын жаңа шығып келе жатқан күнге қарап иіліп, сәлем береді. Мұндай тамақтану салты корей халықтарында да бүгінге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ.

Қазақ халқында сақталған әдептілік дәрістерінен нағыз мұсылман ұстанымының көрінісін көреміз. Солардың бірі дастарханда отыру, тамақтану әдебі. Енді халық санасында сақталған сол әдептерді хадис шәрифтермен ұштастырып көрелік.

Дастарханға отырғанда Алланың атын ауызға алып, тамақты табақтың жақын жерінен оң қолмен алып жеу ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі әдеп. Бұл Пайғамбардың (с.ғ.с.) өсиеттерінен алынған өнегелер.

Тамақтану әдебі қол жуумен ғана шектеле ме?

Адамның басты қажеттіліктерінің бірі – уақтылы тамақтану. Қандай тағам болмасын, ағзаның қозғаушы күші. Халық арасындағы «Ас – адамның арқауы» деген сөз де осыған орай айтылса керек. Иә, ешбір дәлелді қажет етпейтін бұл қағидамен келісуге болар. Десек те, біз сол ас ішу мәдениетін білеміз бе? Жалпы дастархан тәртібі несімен ерекшеленеді, оның тамақтанушының ағза қажеттілігін өтеуге қатысты тұстарынан басқа біз білмейтін қандай беймәлім жақтары бар? Шынында да, тамақтану әдебі үстелге отырар алдында қолды жуу мен ас құралдарын дұрыс қолдана білумен ғана шектеле ме? Егер олай болса, онда сонау ертедегі дала қазақтары қалыптастырған, жаз жайлауда асықпай, салиқалы әңгіме-дүкен құра отырып, ас ішу рәсімінің өзгеше поэтикалық үлгісін, ХІХ ғасырдағы Еуропа ақсүйектерінің өзгелерді тамсандырған тамақтану әдебінің озық үлгілерін қалай жоққа шығарамыз? Ал, бұған қоса осы еуропалықтардың тамақтану рәсімін басқа құндылықтармен қатар қойып, тіпті қыздарын дастархан әзірлеу мен қонақ күту ісіне баулитын арнайы оқу орындарында оқытулары да көп жәйттен хабар берсе керек. Бүгінде тамақтану мәдениеті жайлы сөз қозғағанда ең алдымен оның дұрыс тамақтанудан айырмашылығы қандай деген сауалға жауап іздегеніміз дұрыс шығар. Мамандар: «Дұрыс тамақтану – құнарлы тағамды уақтылы қабылдау, ал тамақтану мәдениеті – дастархан тәртібін сақтау», — дейді. Жалпы тамақтанушы үстел басындағы үйлесімділікті қалай үйлестіруі қажет?

— Қазақтардың тамақ ішер алдында дастархан басында алдымен бисмилладан бастап, алақан жаюы Алланың берген ризық-нәсібіне тәубешілігі жатыр. Мұны барша мұсылмандарға тән амал және тамақтану мәдениетінің ең озық үлгісі деуге де болады. Тағамды оң қолмен алып, жеудің өзі Аллаға бой ұсыну әрі шартты орындау. Шариғат бойынша да пенденің оң қолы бетін жуып, тамақтануына, ал сол қолы дәрет алуы үшін арналған. Тіпті, намаз алдында адамдар дәрет алғанда суды мұрнына оң қолымен жіберіп, сол қолымен шығарады. Мұсылмандар тік тұрып немесе тағамды екі қолымен ұстап жемейді. Жан баласының оң жағы тазалықтың, жақсылықтың көрсеткіші болғандықтан да қазақтардың ауызекі сөйлеу тілінде «Оңынан ұйғарсын», «жолың оңды болсын», «ісің оңтайлы болсын» деген тіркестер қолданысқа енген. Ислам түсінігінде сол жақ қашанда шайтани болып саналады. Дастарханнан оң қолмен алып, асықпай шайнап, жұтқан тағам қашанда сіңімді болмақ. Ислам дінінің тағы бір осы тамақтану әдебіне қатысты тұсы – дастарханда арам сойылған мал етінің, харам ішімдіктердің қойылмайтындығы. Ал бұл тек дастархан басындағы әдептің көрінісі ғана емес, тұтастай ағза мәдениетінің кепілі.

Сұрақ-жауап

Қорытынды: …Әр халықтың әр ұрпаққа аманатталып келе жатқан өзіндік, дара тамақтану дәстүрі бар. Оған ешкім тыйым сала алмайды. Мамандар тек әр ұлттың тамақтануға қатысты ырым-жоралғыларын мүмкіндігінше қоғамдық орындарда емес, отбасы мен өз орталарында ғана ұстанғандары жөн дейді. Ал «Тамақтану әдебінің баршаға ортақ қатып қалған еміле-ережесі бар ма?» — деген сауалға бүгінгі күні мәдениеттанушылар да, тағамтану саласы мамандары да дөп басып, нақты жауап бере алмағанымен, барша адамдарға ортақ әдеп нормасы бар екенін ескертеді. Ол, әлбетте, кім-кімнің де үстел басындағы үйлесімділік сәнін бұзбауы. Адам бойында ондай әдеп үлгісін қалыптастыруды неден бастаған дұрыс?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Дастархан адебі

Автор: Толегенова Науат Нуртайкызы

Дата: 05.10.2016

Номер свидетельства: 347501


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства