kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білімді ?рпа?-ел болаша?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?уелсіздік-басты ??ндылы?ымыз. М??гілік ел-елді? біріктіруші к?ші.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білімді ?рпа?-ел болаша?ы»

Тақырыбы: «Ел болашағы-білімді ұрпақ»

Мақсаты: оқушылардың танымдық-тапқырлық дағдысын жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, патриоттық тәрбие беру.

Түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: слайд, плакаттар, карточкалар.

Барысы:

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев тай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Президентіміздің жыл сайынғы қазақ халқына жолдауы Республиканы дамытуға бәсекеге қабылетті жастар тәрбиелеу мәселелерін өзекті етіп көрсетеді. Н.Ә.Назарбаевтың сөздерімен айтатын болсақ: «біздің жалпы ұлттық идеямыз Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік ел- елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» дей келе бүгінгі сайыс сабағымызды бастаймыз.


Сайыстың шарты:

1.Сәлемдесу

2.Полиглот

3.Жорға

4.Алтын қақпа

5.Тарихи тұлғалар

6.Тапқырлар

7.Қорытынды


1.Таныстыру (әр оқушы өз мақсатымен және қай сыныпта оқитынын таныстырады)

2.Полиглот (экранда қазақ тілінде сөздер шығады, сол сөздерді орыс және ағылшын тілінде айтулары қажет)

3.Жорға (бұл ойын шарты бойынша әр оқушы өзінің жылдамдығымен және жүйріктігімен бірінші болйып жауап береді)

4.Алтын қақпа (бұл ойынымыздың шарты бойынша 5,10,15,20,25,30,35,40 сандары беріледі, әр оқушы өз қалаулары бойынша ұяшықтарды таңдап алады, бұл ұяшықтың ішінде сіздерге арналған сұрақтар және сыйлық ретінде берілетін ұпайымызды бар, әр дұрыс жауап берген ұяшықтан сіздер қоржындарыңызға ұпайларыңызды аласыздар)

5.Тарихи тұлғалар (бұл ойын шарты бойынша қазақ халқы тарихындағы белгілі тұлғалардың есімдерін табу керек)

6.Тапқырлар (бұл ойын шарты бойынша еліміздің нышандары, айтулы күндері, географиялық сұрақтар беріледі)



Сабақ барысы:

1.Таныстыру

2.Полиглот

1.Күн-солнце-sun, су-вода-water, күміс-серебро-silver,

2.Саябақ-парк-park, ай-луна-moon, әуежай-аэропорт-havaalam,

3.Мұхит-океан-ocean, алма-яблоко-apple, үй-дом-home,

4.Өсімдік-растение-plant, жануар-животное-animal,жұлдыз-звезда-shine,

5.Өзен-река-river, зауыт-завод-factory, газ-газ-gas

6.Құс-птица-hayvanlari, көлік-машина-car, алтын-золото-gold

Тарихи тұлғалар

1.Қазақтаннан шыққан тұңғыш географ ғалым. (Ш.Уәлиханов)

2. “Жылнамалар жинағы” еңбегінің авторы кім?(Қадырғаи Жалаири)

3.Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті болған академик геолог ғалым? (Қ.Сәтпаев)

4.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.(Т.Әубәкіров)

5.Ұлы ғалым дәрежесіне жетіп, “Шығыстың Аристотелі” атанған.Әрі Күн сағатын ойап тапқан ғалым.(Әл-Фараби)

6. .Қарағанды көмірін ашқан кім? (Аппақ Байжанов)

7. “Диуани лұғат –ат-түрк” атты еңбектің авторы? (Махмуд Қашқари)

8.Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шань тауын зерттеген алғашқы саяхатшы (Семенов Т.П)

9.Қазақстан туралы алғашқы деректі өзінің “Тарихына” кіргізген грек ғалымы (Герадот)

10.Қазақстан республикасы мемлекеттік туының авторы (Шакен Ниязбеков)

11.Үш жүздің басын қосқан хан. (Абылай хан).

12. Екібастұз көмірін тапқан кім? (Қасым Пішенбаев)


Тапқырлар.

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимннің авторлары? Жұмекен Нәжмединов, Нұрсұлтан Назарбаев

2.Қ.Р-ның мемлекеттік елтаңбасының авторы? Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Ыдырысұлы Уалихан

3.Қ.Р-ның мемлекеттік туының авторы? Шәкен Ниязбеков

4.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл - 1992

5.Мемлекеттік рәміздер күні 4- маусым

6. Қазақстан Республикасы неше мемлекетпен шектеседі? Оларды атаңдар (5-мемлекет: Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай)

7.Қазақстан Республикасының аумағы мен шекарасының ұзындығы қанша? (2724,9 мың км2, 13394 км)

8.Қазақстанда неше облыс, неше қала бар? (14 облыс, 86 қала)

9.Қазақстан Республикасы БҰҰ-на мүше болған жыл? (1992 жылы 2-наурызда)

10.Қазақстанның абсалюттік биіктігі ең төмен және ең жоғары нүктелері (Хантәңірі 6995 м, Қарақия ойысы -132 м)

11.Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім? (Шәмші Қалдаяқов)

12.ЭКСПО 2017 көрмесі қай қалада өтеді (Астана)



Қорытынды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Білімді ?рпа?-ел болаша?ы

Автор: Сагидан Алтынбек Серикбаевич

Дата: 20.05.2016

Номер свидетельства: 328790


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства