Просмотр содержимого документа
«?бдірейімов Шахруддин «Сыр?а толы Сыр ??ірі» (реферат)»
Әбдірейімов Шахруддин «Сырға толы Сыр өңірі» (реферат)
Сабақтың мақсаты: Сыр елі - жыр елі тақырыпты жалғастыра отырып, Нұртуған жыраудың шығармашылығымен таныстыру, термесін жаттау. Білімділік: Нұртуған жыраудың өмірбаянымен танысып, терме-толғаулары арқылы оқушылардың білім-таным қасиеттерін арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың ырғақты сезіну, орындау, есту арқылы тыңдай білу қабілеттерін дамыту, ән айту, вокалдық қабілеттерін дамыту. Тәрбиешілік: Халқымыздың музыка өнеріне сүйіспеншілігін оята отырып, ұлттық өнерге тәрбиелеу. Халқымыздың мәдени мұраларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, проблемалық ситуация, зерттеу, әңгімелесу, ойын, шығармашылық жұмыс. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих Сабақ көрнекілігі: Нұртуған жыраудың портреті, терме құрастыру үлгілері, жыраулар портреттеріне жасалынған буклет, жырлар тұралы әдеби оқулықтар, жырауларды бейнелеген қолмен салынған сурет - иллюстрация, сұрақтары бар үлестірме қағаз, «Оқушылар шығармашылығы»- болашақ кітапша жинағының мұқабасы. Техникалық құралдар: музыкалық центр, теледидар, бейнемагнитофон, бейнетаспа, үнтаспалар, фортепиано аспабы. Сабақта қолданатын музыкалық шығармалар: 1. Тұрмағамбет жыраудың бейнетаспаға жазылған «Тәлім» термесі, Е. Жаңабергенованың орындауында 2. Нұртуған жыраудың үнтаспаға жазылған «Қанеки, тілім, сөйлеші» термесінің 2 нұсқасы Е. Жаңабергенованың орындауында және Р. Рымбаеваның орындауында. 3. «Қанеки, тілім, сөйлеші» термесінің үнтаспаға жазылған инструменталдық аранжировка (фонограмма) 4. «Жыр жазамын жүрегімнен» Ғ. Жұбанованың шығармасы (шығармашылық жұмысының фон - музыкасы)
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі, балаларды түгендеу, сабақ тақырыбын айтып, мақсатын қою. - Балалар, қазір сендер бейнекөріністі тамашалайсыңдар. Назарларыңды аударып, зейін қойып тыңдаңдар. /бейне көріністе Тұрмағамбет жыраудың «Тәлім» термесі, Елмұра Жанабергенованың орындауында/ - Балалар, тыңдаған шығарма қандай шығарма түріне жатады? - Иә, бұл терме - Кімнің термесі? Қалай аталады? - /Тұрмағамбет жыраудың «Тәлім» термесі/ - Бейнекөріністе термені орындап тұрған - атақты әнші, қазіргі заманымызда термелерді орындайтын жыршы Е. Жаңабергенова. /дәптерге жазып алу / - Терменің мазмұны не туралы?/жауап/ - Тұрмағамбет ақын қай жыраулық мектепшілігінің өкілі? - /Сыр бойындағы мектепшілікке жатады/ - Неге біз «сыр елі - жыр елі» дейміз? - Сыр бойындағы елді мекеннен көптеген атақты жыраулар шыққан және жыраулық мектепшілік өте дамыған. - Осы мектепшіліктің ерекшелігі неде? - көмейімен айту мәнерінде - Ал, терме деген не?/жауап/ - Жыраулардың сол заманда атқарған міндеттері неде?/жауап/ - Сондықтан, жырауларды кім деуге болады? - Ақын, шешен, орындаушы, ұстаз, философ. - Термеден біз не аламыз? - тәлім, тәрбие, үлгі...
ІІ. Ендеше, бүгінгі сабақта Сыр елінің тағы бір атақты жырауының бірі Нұртуған ақынның өмірбаянымен танысып, «Қанеки, тілім, сөйлеші» термесін талдап, айтып үйренеміз./Дәптерге тақырыпты жазу/ - Мен сендерге алдын ала Нұртуғанның өмірі туралы зерттеу жұмысын бергенмін. Кім оқиды? Түйінін ғана оқындар. /окушылар дайындаған мәліметті қысқа ғана оқиды / - Иә, балалар, Нұртуған ХІХ ғ. өмір сүрген, Арал өңірінен шыққан атақты жырау, әрі орындаушы - жыршы екенің білдік. Өзінің соңына көптеген терме - толғаулар мен жыр - дастандар жазып қалдырған. /жауап берген балаларды бағалау / - Бүгінгі сабақта осы жыраудың атақты термесімен танысып, мәтінін талдап, айтуын үйреніп, термені орындауға машықтанамыз. / осы жерде кітаптағы «Қанеки, тілім, сөйлеші» термесінің сөздерін ашып, мәтінмен талдау жұмысын жасау /- Терме не туралы? /жауап / - Балалар, кәзір біз осы терменің 2 нұсқасын екі әншінің орындауында тыңдаймыз. Алдын ала мынандай сұрактар қоямын:- Терменің 2 нұсқадағы орындау мәнері қандай, салыстыру керек? - Орындаған әншілер сендерге таныс па? /Үнтаспаға жазылған «Қанеки, тілім, сөйлеші» термені Е. Жаңабергенованың ұлттық аспаптар оркестрдің сүйемелдеуімен орындауында және осы термені атақты әнші - Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауында тыңдатқызу /Оқушылар жауап беріп, дәптерге термені орындаған әншілердің аттарын жазып алады/
ІІІ. Енді біз сабағымыздың негізгі бөліміне көшеміз. Термені жаттап, орындауға машықтанамыз. Алдын ала дауысымызға жаттығуларды жасаймыз. Алдыларындағы тақтаға жазылған терменің сөздеріне назар аударып көрейік. /оқушыларға жаттау жұмысын жүргізгенде дыбысын жоғары және төмен баратын жерлерін көрсету, әуенін үйрету, қиын жерлерімен жұмыс жасау / Бір рет аспаппен тез екпінде орындату. Содан кейін, жазылған инструменталдық аранжировкамен (фонограммамен) айтқызып көру. - Балалар, біз бүгін қай жыраумен, қай шығармамен таныстық? - Нұртуған ақын қай өңірден шыққан, қай ғасырда өмір сүрген? - Ақынның қай шығармасымен біз таныстық?
ІV. Сабағымызды әрі қарай жалғастыра отырып шығармашылық жұмысқа көшеміз. Бүгін сендер ақын - жыраулардың ізімен ойларынды өрбітіп, өздерінде ақын, жырау боп сезініп көріндер. 1 - ші топтың жұмысын « Болмасаң да ұқсап бақ...» 2 - ші топтың жұмысын « Бір үзік сыр...» деп атадым. - Алдыларындағы термені құрастыру үлгілері 3 нұсқада. 1 - ші топтағы «ақындар» бір нұсқа таңдап алып термені құрастырып көреді. 2 - ші топтағы балалар «қазіргі заманның жыраулары» болып өз ойларын толғатады. Тақырыбы: қазіргі заманның жырау нені жырлайды? / балаларды топқа бөліп, арнайы парақтарды таратамын, олар жұмысқа кіріседі. Сол уақытта баяу фон - музыканы қоямын - Ғазиза Жұбанованың « Жыр жазамын жүрегімнен» атты шығарманы. Оқушылар жұмыстарын бітіргеннен кейін тексеремін. Әр бір нұсқадан бір - екі баладан тыңдап, қорытынды шығарып, жұмыстарын жинап аламын./ - Балалар, бүгінгі сендердің шығармашылық жұмыстарыңды біріктіріп мынандай кітапша шығарамын /балалар жазған парақтарды жинап, дайын мұқабамен бірге степлермен бекітіп кітапшаны көрсету /
V. Сабағымыздың қорытындысын шығару үшін мен сендерге таратып берген жеке үлестірме қағаздағы сұрақтарға назар аударайық. Қандай сұрақтарды көріп отырсыңдар: не білдік, не үйрендік, не белгілерін, үйренгілерің келеді. Осы сұрақтарға қысқа жауап береміз. / жауаптарын тыңдап, қорытынды жасау /. Сабаққа жақсы қатысқан балаларға баға қойып, үйге тапсырма беру: термені жаттау, Сыр елінің жыраулары туралы мәліметтерді қайталау, Нұртуған ақынның өмірі туралы оқып мазмұндап келу. - Осымен біздің сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!