kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?бділда Т?жібаев «Сырдария» ?ле?і

Нажмите, чтобы узнать подробности

?.Т?жібаев туралы ?ыс?аша м?лімет беру, ?ле?ні? мазм?ны мен идеясын ашу ар?ылы таби?атта?ы,

адам ?міріндегі ат?арар ж?гін таныту, ?ле?ді т?сініп м?нерлеп о?у?а, ту?ан жерін с?юге баулу;

О?ушыны?  ауызша ж?не жазбаша тіл м?дениетін ?алыптасытру, жеке т?л?аны дамыту,

?ле?ді ??рылысына таладй білуге машы?тандыру, шы?армашылы? ?абілетін дамыту;

Адам ?міріне ?ажет ?зенні? пайдасын білуге, оны ?ор?ау?а баулу, ойын еркін жеткізе алатын ?олайлы орта ту?ызу; 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?бділда Т?жібаев «Сырдария» ?ле?і »

Тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Сырдария» өлеңі

Мақсаты: Ә.Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі атқарар жүгін таныту, өлеңді түсініп мәнерлеп оқуға, туған жерін сүюге баулу;

Оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптасытру, жеке тұлғаны дамыту, өлеңді құрылысына таладй білуге машықтандыру, шығармашылық қабілетін дамыту;

Адам өміріне қажет өзеннің пайдасын білуге, оны қорғауға баулу, ойын еркін жеткізе алатын қолайлы орта туғызу;

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ жауап, ой қозғау,

Көрнекілігі : Қазақстан картасы, өзен суреті, ақын суреті,

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау, бекіт.

Поэмадан үзінді жаттау

Поэмадағы ақын кім?

Поэманың тақырыбы не жайында?

Поэма оқиғасы қай кезеңді суреттейді?

Кімнің ерлігі суреттелген?

Жаңа сабақ

А)Музыка қосылып, оқушыларға ой тастау.

«Ой шақыру» Не тыңдадық?

«Су» дыбысын естігенде әсерін әдеби тілмен баяндату

Яғни, бүгін біздер Әбділда Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңімен танысамыз.

Қазақстан географиялық картасынан өзенді көрсетіп, мағлұмат беру.

Сырдария өзені – Орта Азиядағы аса ірі су жолының күре тамыры. Ертеде Яксарт деп аталып, кейін оны арабтар Сейхун деп атаған. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі «Үлкен маржан» деген сөз тіркесінен бастау алады. . Сырдарияға Арыс, Бөген, Келес, Қырықкелес, т.б. Қаратау баурайларынан бастау алатын майда өзендер құяды.

Сырдария жағасында қалың жыңғыл тоғайы өседі. Қамыс арасында қырғауыл, қабан, шағал, жабайы мысық, ондатра, қаз бен үйректер, қасқалдақтар өмір сүреді. Дария жағасындағы жайылған суаттарда көптеген балықтар – лақа, жылан балық, сазан, көксерке, табан балық бар. Сырдария Оңтүстік Қазақстан облысындағы аңшылық пен балық шаруашылығын өрістетіп, туризмді дамытуда ерекше орын алады.

Су ағынын реттеп, жерді суару мен суландыруда Шардара су қоймасы мен гидроузелінің орны ерекше. Өзен жағасынан шалғай жатқан шөл далаларға магистаральды каналдар тартылып, судан таршылық көрмеген егіс даласы күріш пен мақтадан, жүгері мен түрлі бақша дақылдарынан мол өнім беруде. Суландырылған далада миллиондаған отар мал ел ырысын арттыруда. Қазақстанда ауыл шаруашылығына көмекке келген дәл Сырдариядай өзен жоқ деуге болады,  оның үстіне Сырдария ондаған миллион квт-сағат электр энергиясын беруге де қуатты.

Ұзындығы- 2212 км , шекарасы - Қызылорда- Ходжент- Қазақстан –Тәжікстан

В) Автор өмірі туралы мағлұмат беру.

С) Өлеңнің тақырыбын ашу

Сырдария біріккен сөз, зат есім, жалқы есім.

«Сыр » сөзінің синонимі. Адамның жан сыры,. Сыр- құпия.

Дария -үлкен өзен, кең арна.

«Сырдария» өлеңін мәнерлеп оқытып, жалқы есімдерді таптыру.

Сұрақ жауап әдісімен өлеңнің идеясын ашу.

Өлең тақырыбы не жайында?

Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдіреді? Оны қай жолдардан байқауға болады?

«Ел анасы -менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?


Өлең құрылысына талдау

  1. Тармақты, 7-8 буын, 2 -бунақ, 1-шумақ, қара өлең ұйқасы

Ой толғау

«Су –тіршілік көзі»

Қорытындылау :

Ақын «Сырдария» өлеңінде не айтқысы келген?

Өзен, көлдердің адам өміріндегі пайдасы қандай?

«Қазақстан- жасыл желекті, мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс» деп «Қазақстан -2030» бағдарламасында айтылғандай, өз жерімізді көркейтуге қандай үлес қосар едіңдер?

Бағалау

Үйге тапсырма: «Сырдария» өлеңін жаттау, Ә. Тәжібаев өлеңдерімен танысу.







Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шағатай ауылы

Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ

Қосмурзиева Гүлдана Орынбасарқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі


















 Сабақтың тақырыбы: Матасу

  Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерінен білімдерін жетілдіру, матасудың ерекшеліктерін ,тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық:байланыстырып сөйлеу,топтаса жұмыс,грамматикалық талдау дағдысын ,өткен тақырыппен салыстыра отырып білімдерін жетілдіру.Тіл мәдениетін дамытуға жағдай туғызу.

Тәрбиелік:танымдыққа білеттерін жетілдіре отырып бірін-бірі құрметтеу-ге, пікірлерін сыйлауға дағдыландыру,ұлттық сананы арттыруға жігерлендіру,рухани мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық оқыту,бесжолды өлең,Венн диаграммасы.

 Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топшамалар, қосымша материалдар, кестелер.

Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті,география,Қазақстан тарихы,өзін-өзі тану,халық педагогикасы.

  Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Қызығушылықты ояту.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ой ашар сұрақтары:

1.Сөздердің байланысу тәсілдері қандай?

2.Сөздердің байланысу түрлерін атаңдар.

ІІІ.Мағынаны тану.

Бірінші сөз ( зат есім немесе заттанған сөз) ілік септік тұлғасында, екінші сөз тәуелдік жалғауында байланысып келген сөз тіркесі матасу деп аталады.

Матаса байланысқан есімді тіркестер

Матаса байланысқан (заттанған) етістікті сөз тіркесі

Бағыныңқы сыңары

Басыңқы сыңары

Бағыныңқы сыңары

Басыңқы сыңары

Ілік септік жалғаулы сөз

Тәуелдік жалғауын қабылдаған зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеуден болады

Ілік септік жалғаулы сөз

Есімше, тұйық етістік тұлғасындағы етістіктен болады

Наурыздың бесі, менің ойым, оның сыры, көзімнің ағы,

Көптің айтқаны, жолаушының оралуы

Тәуелдік жалғауын қабылдаған үстеуден болады: жалқаудың ертеңі

Географиялық атаулар мен мекеме, ұйым, көше аттарында ілік септігі көбіне жасырын келеді: Абай көшесі, Астана қаласы, Жайық өзені


Абай өлеңінен алынған үзіндіден матасуды тауып, тәсілдерін ажырату.

                   Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы,

                   Сонда да  солардың бар таңдамасы.

                   Іші алтын ,сырты күміс сөз жақсысын

                   Қазақтың келістірер қай баласы?


Жаттығулар орындау 247 – жаттығу

Сөйлемдерден матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып,әр сыңарына талдау жасау.

 

Танымдық сұрақтар .(Сұрақтардың жауабы матаса байланысқан сөз тіркестерінен тұрады)

 

1.Ғ.Мүсіреповтің әңгімесі-        Ананың анасы

2.…….. қара сөздері                  Абайдың қара сөздері

3.С.Аронұлының өлеңі –         Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

4.Б.Момышұлының «Қанмен жазылған кітап»жинағынан алынған үзінді қалай аталады?           -          Жауынгердің тұлғасы

5.Әз Жәнібек билеріне «Дүниеде не өлмейді?» -деп сұрақ қойғанда, алпыс би қалай жауап беріп еді,ал Жиренше оларға қарсы  қалай жауап берген еді?

 Әз Жәнібектің алпыс биі бір ауыздан былай депті:

                          Ағын су өлмейді,

                        Асқар тау өлмейді.

                       Аспанда ай мен күн өлмейді,

                      Әлемде қара жер өлмейді.

 Сонда Жиренше шешен:

                    Ағын судың өлгені-

                   Алты ай қыста қатқаны.

                  Асқар таудың өлгені-

                 Басын бұлттың жапқаны.

                Ай мен күннің өлгені-

               Еңкейіп барып батқаны.

                  Қара жердің өлгені-

                 Қар астында жатқаны.

                 Ажал деген атқан оқ,

                Бір Алланың қақпаны.

               Дүниеде не өлмейді?     

              Жақсының аты өлмейді,

              Ғалымның хаты өлмейді,-дейді.

 

   Мақал –мәтелдермен жұмыс.

(Берілген мақал –мәтелдерден матаса байланысқан сөз тіркестерін дәптерге жазу,талдау)

  1. Туған жердің түтіні ыстық.

    2. Туған жердің торғайы  тұрымтайдай көрінер,

      Құлыны тайдай ,қыздары айдай көрінер.

    3. Ас-адамның арқауы.

    4. Сіңбес астың бөгеуі көп.

    5. Өтіріктің балын жалап өмір сүргенше ,

     Шындықтың уын ішіп өлген артық.

    6.  Ерінбегеннің еңбегі жанады,іркілмегеннің ерлігі артады.


 Жаңылтпаштар( жатқа айтып, құрамындағы матаса байланысқан тіркестерін табу)

            Шоқша сақал атайдың  шақшасы бар,

            Күмістей ақ шашы бар.

            Бақташы баласының бақшасы бар,

            Уыс-уыс ақшасы бар.

 

Ата салтың асыл-қазынаң

 

«Ақ үй аманат» / салт /.Қазақ тарихы мен аңыз әңгімелерінде «ақ үй аманат берген екен » деген сөз жиі кездеседі. ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардағы жаугершілік замандарда екі жақ мәмілеге келіп,іс бітімгершілікпен  аяқталғанда осы салт сол үлкен жұмыстардың айғағы ретінде жүрген.Мұндайда негізінен кінәлі жақ өзінің жеңілгендігін мойындап бар сән –салтанат ,дүние жиһазымен ақ орда , яғни  «ақ үй аманат » әкеліп тапсырады.Бұл тек жеңілу ғана емес ,сол елді мойындаудың ,бұдан былай тату көршіліктің /елдіктің/ кепілі ретіндегі орны бөлек құжат әрі сый –сияпат десе де болады.

   «Ақ үй аманат » -ант ,серт пен келісімнің ,татулықтың айғағы.

(Соңғы сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау)



   Топшамамен жұмыс


Матаса байланысқан сөз тіркестерін табыңыз

    1  Қазақ халқының саңлақтары

  Қазақстан Республикасында Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша тәуелсіз еліміздің тарихы негізінде ең таңдаулы адамдарға «Мыңжылдық саңлағы» және «Ғасыр саңлағы» деген атақтар берілген.

«Мыңжылдық саңлағы» - Абылай хан, «Ғасыр саңлағы» -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев



2. Мына сөздерді қатысытырып матаса байланысқан сөз тіркесін жасаңыз

Кітап, бесі, мектеп


3. Матаса байланысқан сөз тіркестерінен сөйлем құра талдау

Ауыл тұрғындары, біздің гүліміз, көршінің қызы


«Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.»

Жолдау жолдарынан

   ...Сендер тәуелсіз қазақ елінің перзенттерісіңдер.Тәуелсіз елде туып ,тәуел-сіз елде тәрбие алдыңдар.Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің –елімізді  қазір бізге көз жетпес алыста ,қол жетпес қиянда көрінетін тың мақ-саттарға апаратын құдіретті күш.

    Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласы-ның  мәңгілік құндылықтары –ерік -жігер мен еңбексүйгіштік,мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын.

 

(Сөйлемдердегі сөз тіркестерін тауып,олардың есімді ,етістікті екенін және сөз тіркестерінің  байланысу тәсілдеріне назар аудару)


Ой толғаныс


Венн диаграммасы (Қиыса байланысқан сөз тіркестері мен матаса байланысқан сөз тіркестерін) салыстыру.


Бағалау. Үй тапсырмасын белгілеу.

231- жаттығу


Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шағатай ауылы

Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ

Қосмурзиева Гүлдана Орынбасарқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?бділда Т?жібаев «Сырдария» ?ле?і

Автор: ?осмурзиева Г?лдана Орынбасар?ызы

Дата: 20.05.2015

Номер свидетельства: 213749


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства