kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БАТАМЕН ЕЛ К?ГЕРЕР

Нажмите, чтобы узнать подробности

С?леметсіздер ме! Мені? жиберіп отыр?ан материалым "Батамен ел к?герер" та?ырыбына арнал?ан т?рбие са?аты. Сонымен ?оса презентациясымен. Тарбие са?аты бірнеше б?лімнен т?рады:
1) Бата туралы жалпы ма??лмат беру
2) О?ушылардан бата с?рау
3) Авторды? орынды?ы (бата ??растыру)
4) К?рініс к?рсету (Т?ле биді? батасы, ?жені? бала?а берген батасы)
5) Жал?асын тап (ма?ал-м?тел сайысы)
6) Бата с?зіні? ма?ынасын ашу (топты? тапсырма)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бата тәрбие сағаты - копия»

Н. Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі

Сынып жектекшісі: Каньянова Гүлжан Мейірханқызы

Сынып: 6 Ә

Тақырыбы: Батаменен ел көгерер

Мақсаты: 

  • Оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру;

  • Бата төңірегінде ой қозғау, осы тақырыптағы өз ойларын мемлекеттік тілде сауатты, көркем, толық жеткізе білу;

  • Батаны өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа, салт-дәстүрді дәріптеу. Өз Отанының патриоты болуға, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты өткізу әдісі: ой-қозғау, ізденіс, талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу. 

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, бата кітабы.


Сабақтың барысы: 

I. Ұйымдастыру.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? 

-Бүгін бізде ерекше сабақ, осы сабағымызды бәріміз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып ойдағыдай өткізуге тырысайық. 

-Сіздерге жақсы көңіл-күй тілеймін! 

II. Жаңа сабақ 

-Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Батамен ел көгерер» деп аталады. Сабағымыздың негізгі мақсаты неде деп ойлайсындар?

-Бата дегеніміз не?

-Бата жайлы не білесіңдер? (ой қозғау) 


Бір іске қадам баспас бұрын яғни ойға алған дүниені бастамас бұрын адам Ниетті түзеп, Тілек тілейді. Өз мақсатына жету үшін Аллаға сыйынады. Бүкіл Ой, Ниет, Тілек түгелімен жинақталып, сөз болып бір арнаға құйылады. Бата – дегеніміз осы. 

Тарих беттеріне үңілсеңдер, күллі елдің аузында жүрген би, шешен, батыр, тіпті хан болған бабаларымыз өздерінен үлкен ақсақал, абыздардың батасын алған. «Халықтың тілек – бата сөздері жеткіншек жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуге баулиды, малды-басты, дәулетті, бақытты, кекшіл емес, кешірімді болуын тілейді, жерін, елін қорғауға, талапты тастүлек боп ержетуге талпынтады». Көшпелі халықтың түсінігінде батаның рөлі айрықша болған. Болашаққа үлкен жақсылықтар тілеу – адамзат баласының ежелден асыл мұраты болса керек.

Белгілі әдебиеттанушы, тілші ғалым Ахмет Байтұрсынов аталарың: «Бата –  біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар жасайды. Батагөй шалдар басы бар табақты ап келгенде де, асты жеп болғанда да бата қылады», – деп жазады «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде.

Батаның қалай, қайдан шық-қанын нақты ешкім айтпаған. Әдебиет зерттеушісі Серік Негимов батаны Құранның «Фатиха» сүресімен байланыстырады. Арабтың «фатеке» деген сөзі ақ тілек, ақ ниет білдіру, алғыс айту деген мағына береді екен.

Бата тек қазақ жұртында емес, түркі, моңғол халықтарында да баяғы заманнан дәстүрге, салтқа айналған.

Қазақтың батасы көбінесе өлең түрінде өріліп, ол: «А, құдайым оңдасын, Желеп-жебеп қолдасын», «Уа, Жаратқан Ием құдірет, Тілегімді қабыл ет», «Ақ батамды берейін, Арта берсін мерейің», - деген сөздермен басталып, сөз түріндегі баталар: «Батыр бол», «Бай бол», «Бақытты бол», «Ақ сақалды қария бол», «Қосағыңмен қоса ағар», «Үбірлі-шүбірлі бол», «Алла Тағала пәле-жаладан сақтасын», - деген ақ тілекпен де аяқталады. Дастарқанға бата бергенде оны «Дастарқаның мол болсын, абыройың зор болсын!», «Бақ берсін, бас берсін, өміріңе ұзақ жас берсін!», «Дастарқаның берекелі болсын, өмірлерің мерекелі болсын!», - деп те қайыратындар бар.
Бата берілген кезде жиналған жұрт та қолдарын жайып, іштерінен «Әумин!», - деп айтып, тыныштық сақтап, бір-бірімен сөйлеспеуге, ыржалақтап күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа шаруамен айналыспауға тиісті.

Батаның мақсаты: (интерактивті тақтадан) 

1.Ел-жұрттың бір-біріне деген сүйіспеншілігін айту. 

2. Достыққа, береке-бірлікке, ынтымаққа шақыру. 

3. Жақсы іске бас болу. 

4. Үлкен-кішінің жолын ашу. 

5. Алдағы өмірге мақсаттар белгілеу. 

Батаның түрін көрсету (интерактивті тақтадан). Қазақ халқы сөзбен ойнамаған. Жаман сөз айтпауға тырысқан. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген түсініктің мұсылманшылықтан шыққандығы белгілі. Жақсы сөз айтса, «Құдайдың құлағына шалынсын», жас бала тілек айтса, «періште әумин десін» деп тілек тілейді. Алда-жалда жаман сөз айтса, «өзіне көрінсін, тарт тіліңді» деп тыйып тастап отырады. Батаның түрлері болады.

Батаның негізі үш түрі бар:

Ақ бата;

Теріс бата;

Серттесу (Баталасу);

Ақ бата – шын жүректен шыққан тілек, өсиетнама. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асатын мақсаттарға береке тілеу.

  • жаңа туған нәрестеге, 

  • өмір жолын жаңа бастаған ұл-қызға, 

  • жас отауға, 

  • алыс жолға шығушыларға, 

  • үлкен бір істі қолға алушыларға, 

  • жорық-шеруге аттанушы сарбазға, 

  • тойларға,

  • асқа,

  • Наурызға (Наурыз бата),

  • Жаңа жылға, 

  • мүшел жасқа, 

  • дастарқанға,

  • Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата) беріледі.


Жас нәрестенің шілдеханасынада берілетін бата:

Нәрестенің бауы берік болсын,

Ата-анасына серік болсын!

Азамат болып ер жетсін,

Ақсақал болып төрлетсін,

Азамат болсын көрікті,

Ғұмыры ұзын берікті,

Қолқанаты көп болып,

Артынан ерте берсін серікті,

Мінезі болсын салмақты,

Өнері болсын жан-жақты,

Осы айтқанның бәрі келсін,

Алла берсін зор бақты,

Аллаһу әкбар!...

 

Тұсау кесерде айталатын бата:

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын.

Ата-анаға мейірлі болсын,

Ағайын-туысқа пейілді болсын.

Өнеге-білімге зейінді болсын,

Он саусағы майысқан шебер болсын.

Ел қорғайтын батыр болсын,

Шындықты айтар ықн болсын.

Халқым деген жүрегі болсын,

Жұртының қамқор тірегі болсын.

Абыройы өрлесін,

Жаманшылық көрмесін!

Әумин!

 

Беташарда берілетін бата:

Жаратқан ием, Тілегімді қабыл ет,

Иманымызды кәміл ет,

Ынтымақсыз алаусыз,

Қырқыстан сақта,

Әрі тарт, бері тарт

Жұлқыстан сақта.

Төріңді билер,

Жатыңнан сақта.

Көк долы қатыннан сақта.

Руға бөлген наданнан сақта,

Жақсылығы өзінен артылмас,

Адамнан сақта.

Қара жүрек есерден сақта,

Нан аттаған кесірден сақта.

Кеуде керген көргенсіз,

Келіннен сақта.

Мезгілсіз келген өлімнен сақта.

Татымсыз тұзыңнан сақта,

Бетіңе күлген сұмнан сақта,

Бетімен кеткен жыннан сақта.

Жалғасқан бәледен сақта.

Бас кетер жаладан сақта.

Қайырсыз малдан сақта,

Қазымыр шалдан сақта,

Адасқан елден сақта,

Ез болған ерден сақта.

Төтенше нәубеттен сақта,

Міндетшіл жекжаттан сақта.

Ия, жаратқан,

Өмір берсең, жайлы ғып бергін.

Дәулет берсең сайлы ғып бергін.

Әйел берсең, әдепті болсын,

Алыс-жақынның көңілі толсын.

Ұл берсең, от болсын,

Қыз берсең, шоқ болсын.

Келін берсең, келісті болсын,

Келешегі өрісті болсын.

Құда берсең, жолдасыңдай болсын.

Құдағи берсең, сырласыңдай болсын.

Ата-баба жолынан кім ассын,

Құадалық мың жылға ұлассын,

Екі жастың бақытын берсін,

Екі жақ қызықшылығын көрсін!

Әумин!

 

Ұл балаға берілетін бата:

Жортқанда, балам, жолың болсын,

Қалтаң ділдаға толсын!

Бір толмасын, жылда толсын,

Өмір жасың ұзақ болсын!

Қатарыңнан озар, ерен бол,

Қыз кезінде терең бол!

Сынай қалса, құлақ сал,

Мақтай қалса – керең бол!

Әумин!

 

Қыз балаға берілетін бата:

Талдай бой берсін,

Сұңғыла ой берсін.

Жаздай жамал берсін,

Қардай жанар берсін!

Анаға шуақ болсын,

Ағаға қуат болсын,

Нәзік жаны болсын,

Еліңнің ары болсын,

Басына өнердің бағы қонсын,

Ақ орданың шамы болсын!

Әумин!

 

Наурызда берілетін бата:

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жолың болсын!

Жасың құтты болсын!

Өмір, жасың ұзақ болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле-жала жерге енсін!

 

Жарапазан батасы:

Міне, бата, ақ ниет,

Бола берсін берекет.

Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет.

Құлшылық қыл Аллаға,

Қыл көпірмей таймай өт!

Кірсін дәулет,

Шықсын бейнет,

Алла атымен ниет ет.

Жоқ-жітікке рақым ет.

Тәңір сені қолдасын,

Уайым-қайғы болмасын.

Қабыл болсын оразаң,

Әулетіңді оңдасын!

Әумин!

 

Дастарханға берілетін бата:

Түндерің тыныш болсын,

Үйлеріңе ырыс толсын!

Келіндерің есті болсын,

Ұлдарың сесті болсын.

Балаларың қуаныш әкелсін,

Немерелерің жұбаныш әкелсін.

Орындарың төр болсын,

Дастархандарың мол болсын.

Қатарларың көп болсын,

Уайым-қайғыларың жоқ болсын.

Жастардың қазасын көрмеңдер,

Зұлымдардың жаласын көрмеңдер!

Еліңде бірлік болсын,

Жарасты тірлік болсын!

Әумин!


Екінші түрі – серттесу батасы (баталасу). Құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы жасалатын үлкен маңызды шараларда жасалатын жол. Қазақ баталасуды елдіктің, тектіліктің, азаматтықтың белгісі санайды. Батаны бұзу – қарғыспен тең.

Этнограф-жазушы Сейіт Кенжеахметұлы  баталасуға байланысты мынандай бір оқиғаны айтады. «Шақшақ қайтыс болғанда (ХVII ғасыр) оның жас әйелі Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқыайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: «Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын», – деп, қол жайып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ».

Батаның үшінші түрі – теріс бата. Қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны ата-анасы сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, күнә жасаған баласына қолын теріс жайып тұрып берген. Батаның бұл түрі ел арасында сирек қолданылады. Теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс батасын алғандарды халық жек көрген. Олармен құдаласпаған. Теріс батаны қайтару, қайтып алу үшін алқалы жұрт жиналып, Алла тағаладан теріс батаны өзгертуді сұрап, жалбарыну рәсімдері жасалған. Ата-анасы тірі болса, «Теріс батамды қайтып алдым» деп айтқан. Адамдар қанша ашуланып, қорланып намыстанса да, теріс бата беруге асықпаған, теріс батадан сақ болған.


III. Оқушылардан бата сұрау.


ІV. Автордың орындығы: Әр топқа берілген өлең шумақтын жалғасын тауып, бата құрастыру
І топ Жол батасы: Жорыққанда жолдарын болсын,
ІІ топ Ас батасы: Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа береке берсін,...................
ІІІ топ Наурыз батасы: Ұлыс оң болсын,
Ақ ол болсын,........................ 

V. Көрініс көрсету

1-Көрініс:

Төле бидің батасы

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би былай деген екен: –  Бата –  басқа, қына –  тасқа, ақыл –  жасқа, не қалайсың, балам? –  депті. Сонда Жетес бала: –  О, қасиетті, баба! –  Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат-тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, –  депті. Онда қолыңды жай, балам, –  деп Төле бидің берген батасы мынау екен:

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп көлдің ағысы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қарала.

Өзегің талса өзен бойын жағала

Өзіңе-өзің кәміл бол.

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол!

Әумин!


2-Көрініс:

Бір кезде қашада тұрған Азамат жүгіре жөнеліп, бір қарт кісінің қолынан ауыр сөмкесін көтеріп: -Салеметсіз бе, әже! Ауыр сөмкенізді маған беріңіз, көмектесіп жіберейін. Сонда әже күлімдеп қарап: -Балам-ау, маған аялдамаға дейін көмектессен, батамды беремін,- деді. Аялдамаға жеткен соң, әже: -Балам-ау, өркенің өссін, үлкен азамат бол! деп, әже өз батасын беріп, рахметін айтты. Азамат батанызға көптен-көп рахмет деп, қуана жүгіріп кетті.


VI. «Жалғасын тап» ойыны: 
Берілген мақал мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру

1. Жаңбырмен жер көгерер, 
(Батамен ел көгерер.)


2. Ұлы кісіден бата алсаң, 
(Сонда олжалы жол болар.)


3) Ақ тілек аянды болсын,
(Ақ бата баянды болсын.)


4) Ақыл көпке жеткізер,
(Өнер көкке жеткізер)


5) Ата өнері – (балаға мұра.)

6) Асыл тастан шығады,
(Өнер жастан шығады.)

7) Көп жасаған қария – 
(Ақылы теңіз – дария.)

8) Ақылдының сөзі қысқа...
( көпке болар нұсқа).

9) Шешен сөз бастар,...
( батыр қол бастар).


VII. «Бата» сөзінің мағынасын ашу.


1-топ: ”Бата” мағынасын ашу үшін сөздерді топтастыр:
Сөздер: сыйластық , тәрбие сөзі, жылы сөз, алғыс сөз, мадақтау ,
игі тілек, теріс қылық, жай сөз , мағынасыз сөз, тәрбиесі жоқ.

2 топ :
• Бата отбасының бақытты болуына ………………………… деп есептеледі.
• Батаны ……………………………….. береді.
• Бата отбасының ………….., адамгершілігін сақтауда ерекше ………………. атқарады.
• Бата үйдегі адамдарды …………………… тәрбиелейді.
• Сондай-ақ әртүрлі мерекелерде, ………………………………………., т.б. жағдайларда бата береді.

Керекті сөздер: бірлігін, ықпал етеді, жасы үлкен адамдар, дастарқан басында қызмет, сыйластыққа, тамақ ішкенде.


3-топ: Сөйлемді сөздерден дұрыс құрастыр
Сабырлы үйдегі байланысты жас зерделі әдептілікке айтылады түрлі тәрбиелейді оқиғаларға сыйластық қадамдарды әдепті Тұрмыстағы баулиды өсуге Бата Жеткіншек өсуге ұрпақты әр
1.Жеткіншек жас ұрпақты әдепті, зерделі болып өсуге баулиды.
2.Тұрмыстағы әр түрлі оқиғаларға байланысты айтылады.
3.Бата үйдегі адамдарды сыйластыққа, әдептілікке тәрбиелейді.


VIIІ. Қорытынды:

-Балалар бүгінгі сабақта не біліп, не үйрендік? 

-Жақсы білім көрсеткендерін үшін бата берейін. Қолдарынды жайындар


Әлемнің бетін жарық ет, 

Ұл - қызды түгел білімді ет, 

Келесі оқу жылына 

Аман - есен түгел жет!

«4» пен «5»-болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз!

Өнер білім көп тоқып, 

Өсе берсін санамыз!

Әумин!

-Бүгінгі сабағымызды мынадай өлең шумақтарымен аяқтайыз:

Ниет, ықылас білдіру,

Әр адамға аманат!

Ата - баба дәстүрі –

Батаны біл жамағат!






















І топ

Жол батасы:

Жорыққанда жолдарын болсын,

......................................................

ІІ топ

Ас батасы:

Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа береке берсін,...............


ІІІ топ

Наурыз батасы:

Ұлыс оң болсын,
Ақ ол болсын,........................ 



1-топ: ”Бата” мағынасын ашу үшін сөздерді топтастыр:

Сөздер: сыйластық , тәрбие сөзі, жылы сөз, алғыс сөз, мадақтау , игі тілек, теріс қылық, жай сөз , мағынасыз сөз, тәрбиесі жоқ.

2 топ :
• Бата отбасының бақытты болуына ……… деп есептеледі.
• Батаны ……………………………….. береді.
• Бата отбасының ………….., адамгершілігін сақтауда ерекше ………………. атқарады.
• Бата үйдегі адамдарды …………………… тәрбиелейді.
• Сондай-ақ әртүрлі мерекелерде, ………………………………………., т.б. жағдайларда бата береді.

Керекті сөздер: бірлігін, ықпал етеді, жасы үлкен адамдар, дастарқан басында қызмет, сыйластыққа, тамақ ішкенде.


3-топ: Сөйлемді сөздерден дұрыс құрастыр
Сабырлы үйдегі байланысты жас зерделі әдептілікке айтылады түрлі тәрбиелейді оқиғаларға сыйластық қадамдарды әдепті Тұрмыстағы баулиды өсуге Бата Жеткіншек өсуге ұрпақты әр
1.Жеткіншек жас ұрпақты әдепті, зерделі болып өсуге баулиды.
2.Тұрмыстағы әр түрлі оқиғаларға байланысты айтылады.
3.Бата үйдегі адамдарды сыйластыққа, әдептілікке тәрбиелейді.




1-Көрініс:

Төле бидің батасы

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би былай деген екен: –  Бата –  басқа, қына –  тасқа, ақыл –  жасқа, не қалайсың, балам? –  депті. Сонда Жетес бала: –  О, қасиетті, баба! –  Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат-тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, –  депті. Онда қолыңды жай, балам, –  деп Төле бидің берген батасы мынау екен:

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп көлдің ағысы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қарала.

Өзегің талса өзен бойын жағала

Өзіңе-өзің кәміл бол.

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол!

Әумин!


2-Көрініс:

Бір кезде қашада тұрған Азамат жүгіре жөнеліп, бір қарт кісінің қолынан ауыр сөмкесін көтеріп: -Салеметсіз бе, әже! Ауыр сөмкенізді маған беріңіз, көмектесіп жіберейін. Сонда әже күлімдеп қарап: -Балам-ау, маған аялдамаға дейін көмектессен, батамды беремін,- деді. Аялдамаға жеткен соң, әже: Балам-ау өркенің өссін, үлкен азамат бол! деп, әже өз батасын беріп, рахметін айтты. Азамат батанызға көптен-көп рахмет деп, қуана жүгіріп кетті.



Просмотр содержимого презентации
«тәрбие сағ бата - копия»

Тәрбие сағатының тақырыбы: Батаменен ел көгерер  

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Батаменен ел көгерер  

Мақсаты: 

Мақсаты: 

  • бата туралы мағлұмат алу;
  • түрлерімен танысу;
  • қандай қасиеті бар екенін ұғындыру;
  • өз ойымызды мемлекеттік тілде сауатты, көркем, толық жеткізу
Мақал - мәтел Жаңбырмен жер көгерер,   Батамен ел көгерер.

Мақал - мәтел

  • Жаңбырмен жер көгерер,  Батамен ел көгерер.

Батаның мақсаты:    1.Ел-жұрттың бір-біріне деген сүйіспеншілігін айту.  2. Достыққа, береке-бірлікке, ынтымаққа шақыру.  3. Жақсы іске бас болу.  4. Үлкен-кішінің жолын ашу.  5. Алдағы өмірге мақсаттар белгілеу. 

Батаның мақсаты: 

1.Ел-жұрттың бір-біріне деген сүйіспеншілігін айту. 

2. Достыққа, береке-бірлікке, ынтымаққа шақыру. 

3. Жақсы іске бас болу. 

4. Үлкен-кішінің жолын ашу. 

5. Алдағы өмірге мақсаттар белгілеу. 

Батаның негізі үш түрі бар :

Батаның негізі үш түрі бар :

  •  Ақ бата;
  •  Теріс бата;
  •  Серттесу (Баталасу);
Ақ бата шын жүректен шыққан тілек, өсиетнама. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асатын мақсаттарға береке тілеу.

Ақ бата

шын жүректен шыққан тілек, өсиетнама. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асатын мақсаттарға береке тілеу.

Серттесу батасы (баталасу)

Серттесу батасы (баталасу)

  • Құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы жасалатын үлкен маңызды шараларда жасалатын жол. Қазақ баталасуды елдіктің, тектіліктің, азаматтықтың белгісі санайды. Батаны бұзу – қарғыспен тең.
  • Этнограф-жазушы Сейіт Кенжеахметұлы  баталасуға байланысты мынандай бір оқиғаны айтады. «Шақшақ қайтыс болғанда (ХVII ғасыр) оның жас әйелі Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқыайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: «Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын», – деп, қол жайып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ».
Теріс бата

Теріс бата

  •   Қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны ата-анасы сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, күнә жасаған баласына қолын теріс жайып тұрып берген. Батаның бұл түрі ел арасында сирек қолданылады. Теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс батасын алғандарды халық жек көрген. Олармен құдаласпаған. Теріс батаны қайтару, қайтып алу үшін алқалы жұрт жиналып, Алла тағаладан теріс батаны өзгертуді сұрап, жалбарыну рәсімдері жасалған. Ата-анасы тірі болса, «Теріс батамды қайтып алдым» деп айтқан. Адамдар қанша ашуланып, қорланып намыстанса да, теріс бата беруге асықпаған, теріс батадан сақ болған.
Жас жұбайларға бата Жаратқан ием, Тілегімді қабыл ет, Иманымызды кәміл ет, Ынтымақсыз алаусыз, Қырқыстан сақта, Әрі тарт, бері тарт Жұлқыстан сақта. Ия, жаратқан, Өмір берсең, жайлы ғып бергін. Дәулет берсең сайлы ғып бергін. Әйел берсең, әдепті болсын, Алыс-жақынның көңілі толсын. Ұл берсең, от болсын, Қыз берсең, шоқ болсын. Келін берсең, келісті болсын, Келешегі өрісті болсын. Құда берсең, жолдасыңдай болсын. Құдағи берсең, сырласыңдай болсын. Ата-баба жолынан кім ассын, Құадалық мың жылға ұлассын, Екі жастың бақытын берсін, Екі жақ қызықшылығын көрсін! Әумин!

Жас жұбайларға бата

Жаратқан ием, Тілегімді қабыл ет,

Иманымызды кәміл ет,

Ынтымақсыз алаусыз,

Қырқыстан сақта,

Әрі тарт, бері тарт

Жұлқыстан сақта.

Ия, жаратқан,

Өмір берсең, жайлы ғып бергін.

Дәулет берсең сайлы ғып бергін.

Әйел берсең, әдепті болсын,

Алыс-жақынның көңілі толсын.

Ұл берсең, от болсын,

Қыз берсең, шоқ болсын.

Келін берсең, келісті болсын,

Келешегі өрісті болсын.

Құда берсең, жолдасыңдай болсын.

Құдағи берсең, сырласыңдай болсын.

Ата-баба жолынан кім ассын,

Құадалық мың жылға ұлассын,

Екі жастың бақытын берсін,

Екі жақ қызықшылығын көрсін!

Әумин!

Дастарханға бата Түндерің тыныш болсын, Үйлеріңе ырыс толсын! Келіндерің есті болсын, Ұлдарың сесті болсын. Балаларың қуаныш әкелсін, Немерелерің жұбаныш әкелсін. Орындарың төр болсын, Дастархандарың мол болсын. Қатарларың көп болсын, Уайым-қайғыларың жоқ болсын. Жастардың қазасын көрмеңдер, Зұлымдардың жаласын көрмеңдер! Еліңде бірлік болсын, Жарасты тірлік болсын! Әумин!

Дастарханға бата

Түндерің тыныш болсын,

Үйлеріңе ырыс толсын!

Келіндерің есті болсын,

Ұлдарың сесті болсын.

Балаларың қуаныш әкелсін,

Немерелерің жұбаныш әкелсін.

Орындарың төр болсын,

Дастархандарың мол болсын.

Қатарларың көп болсын,

Уайым-қайғыларың жоқ болсын.

Жастардың қазасын көрмеңдер,

Зұлымдардың жаласын көрмеңдер!

Еліңде бірлік болсын,

Жарасты тірлік болсын!

Әумин!

Көпшілікке арналған баталар

Көпшілікке арналған баталар

Ұлыстың ұлы күніне берілетін бата Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын Қайда барсаң жолың болсын! Жасың құтты болсын! Өмір, жасың ұзақ болсын! Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Пәле-жала жерге енсін!

Ұлыстың ұлы күніне берілетін бата

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жолың болсын!

Жасың құтты болсын!

Өмір, жасың ұзақ болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле-жала жерге енсін!

Үлкендердің жастарға беретін батасы Жортқанда, балам, жолың болсын, Қалтаң ділдаға толсын! Бір толмасын, жылда толсын, Өмір жасың ұзақ болсын! Қатарыңнан озар, ерен бол, Қыз кезінде терең бол! Сынай қалса, құлақ сал, Мақтай қалса – керең бол! Әумин!  

Үлкендердің жастарға беретін батасы

Жортқанда, балам, жолың болсын,

Қалтаң ділдаға толсын!

Бір толмасын, жылда толсын,

Өмір жасың ұзақ болсын!

Қатарыңнан озар, ерен бол,

Қыз кезінде терең бол!

Сынай қалса, құлақ сал,

Мақтай қалса – керең бол!

Әумин!

 

Сапарға бата

Сапарға бата

Жарапазан батасы

Жарапазан батасы

Баталардың жинақ кітапшалары

Баталардың жинақ кітапшалары

Автордың орындығы: І топ Жол батасы: Жорыққанда жолдарын болсын, ІІ топ Ас батасы: Дастарханыңа береке берсін,  Бастарыңа береке берсін,................... ІІІ топ Наурыз батасы: Ұлыс оң болсын,  Ақ ол болсын,........................ 

Автордың орындығы:

І топ Жол батасы: Жорыққанда жолдарын болсын,

ІІ топ Ас батасы: Дастарханыңа береке берсін, Бастарыңа береке берсін,...................

ІІІ топ Наурыз батасы: Ұлыс оң болсын, Ақ ол болсын,........................ 

Төле бидің батасы – Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол! Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол! Бір тонның жағасы болма, Көп көлдің ағысы бол! Ақты ақ деп бағала, Қараны қарала. Өзегің талса өзен бойын жағала Өзіңе-өзің кәміл бол. Халқыңа әділ бол, Жауыңа қатал бол! Досыңа адал бол!  Әумин!

Төле бидің батасы

– Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп көлдің ағысы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қарала.

Өзегің талса өзен бойын жағала

Өзіңе-өзің кәміл бол.

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол!

Әумин!

Мақал-мәтел сайысы

Мақал-мәтел сайысы

Бүгінгі сабағымызды мынадай өлең шумақтарымен аяқтайыз   Ниет, ықылас білдіру, Әр адамға аманат! Ата - баба дәстүрі – Батаны біл жамағат

Бүгінгі сабағымызды мынадай өлең шумақтарымен аяқтайыз

Ниет, ықылас білдіру,

Әр адамға аманат!

Ата - баба дәстүрі –

Батаны біл жамағат

Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
БАТАМЕН ЕЛ К?ГЕРЕР

Автор: Каньянова Гульжан Мейрхановна

Дата: 18.04.2016

Номер свидетельства: 319738


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства