kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныпта ?олданылатын ойындар – баланы? ойын дамытуда?ы басты ??рал

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныпта ?олданылатын ойындар – баланы? ойын дамытуда?ы басты ??рал
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныпта ?олданылатын ойындар – баланы? ойын дамытуда?ы басты ??рал»

Өтінім қағазы


1. Баяндаманың тақырыбы: «Бастауыш сыныпта қолданылатын

ойындар – баланың ойын дамытудағы басты

құрал»



2. Баяндама авторының тегі, аты, әкесінің аты: Култаева Жанна

Абилдакызы


3. Білім мекемесінің атауы: Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта

мектеп коммуналдық мекемесі


4.Қызметі: бастауыш пәнінің мұғалімі


5. Пошталық мекен-жайы: [email protected]


6. Ұялы телефон: 8775-882-32-63


7. Баяндаманың мәні айқын ашылған аннотация:

Қазіргі заманның даму қарқыны ұстаздардан жаңаша, ғылыми зерттеу бағытында жаңа әдістерді құруды талап етеді. Мемлекетіміздің ертеңі бүгінгі мектеп оқушылары мектеп табалдырығын білсем деген ынтамен аттайды.




















Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.

Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп көрсеткен болатын.

Ұлы педагог В. А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түседі. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының ой белсенділігін дидактикалық ойындар арқылы дамыту қажет болып отыр.

Сынып проблемасын алуға негіз болып отырған бұл өзекті мәселеден мен де тыс қалған жоқпын. Алдыма келген оқушыларды заман талабына сай оқытып, тәрбиелеудің жолдарын іздестірдім. Қай ұстазды болсын алаңдататын бір жәйт ол баланың дербестік іс-әрекеті, сабақта баланың ойын дитактикалық ойындар арқылы дамыта білу қабілеті.

Осы мәселелерді зерделей келе баяндама тақырыбын «Бастауыш сыныпта қолданылатын ойындар – баланың ойын дамытудағы басты құрал» - деп алдым.

Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері:

Бастауыш білім беру оқушыларды оқу, жазу, санау, оқу іс-әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін меңгеруін, сонымен қатар оқу әрекеттерін өзін-өзі бақылаудың қарапайым дағдыларымен, тәрбие және сөйлеу мәдениетімен, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерімен қамтамасыз етеді.

Демек, бастауыш білім берудің мақсатыоқу, жазу, санау, есептеу дағдылары қалыптасқан, ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас сияқты әрекет түрлерін меңгерген, тұлғалық, құндылық қасиеттерді бойына сіңірген, өзін-өзі бақылай және бағалай алатын, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерін, ұлттық менталитетті ескере отырып, отандық және әлемдік мәдениетпен таныстыру, шығармашылық қабілеттері дамыған жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау болып табылады.

Бастауыш білім беру деңгейінде 1-4-сынып оқушыларын оқытудың негізгі міндеттері:

– оқу іс-әрекетінің негізгі дағдыларын қалыптастыру;

– оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

– оқушылардың жеке басын, олардың шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқу дағдысы мен икемділігін қалыптастыру;

– адамгершілік қасиет пен эстетикалық талғамға, эмоционалдық құндылыққа, өзіне және қоршаған ортаға деген оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу;

– салауатты өмір салтын, денсаулық пен жеке бас гигиенасын және өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетіне баулу болып белгіленген.

Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді.

Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.

Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану.

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.

Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Мен сол себепті «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» деп өзімнің проблемалық тақырыбыма сүйенемін.

Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.

Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Мокаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.

Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.

- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Ұлттық ойындар. Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады. Ұлттық ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, қосымша материал үшін баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Сабақ үрдістерінде ұлттық ойындарды ойнату - баланың тілін ширатады, ойын дамытады, зейінділікке, ұстамдылыққа, ойлылыққа, зерделілікке, мергендікке баулиды.

«Сиқырлы қоржын», «орамал тастамау», «асық ойыны», «сақина», «ақ серек, көк серек», «бәйге», ойындар балалардың ширақтық, қозғалғыштық, жинақылық сияқты жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, және физиологиялық дамуын жетілдіре түседі деп ойлаймын. Мектепалды даярлық сыныпта қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сынып жоғарлаған сайын, ойынның мазмұны да баланың жас ерекшелігіне сай пайдаланған дұрыс.
Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл - ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері.

Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.

Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әртүрлі әдіс - тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.

Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.

2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық

І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.

3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық

«Дыбыс таңдау ойыны» Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.

«Бұл қалай өзгерген?» ойыны дыбыстар мен әріптердің айтылу және жазылу ерекшеліктерін оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.

Ор-өр сұр-сүр терек-зерек. Тор-тер сан-сән көл-шөл- төл

«Орнына қойып жаз» ойыны арқылы оқушылар сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі.

Ойын тәртібі: сынып 3топқа бөлінеді. Плакатқа 3 қатар етіп сөздер дайындалады. Әр қатардан шыққан үш оқушы тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады. Әрі тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

Құл ұ/ы н сө с/з кө н/м бе

Жұлд ұ/ы з Қорға н/м бек а щ/ш ы

Ше к/г ара сә н/ң қой түлк ү/і

Фонетикадан алған білімдерін еске түсіру мақсатында жұмбақтар жасырып, шештіру де оқушылардың білімін тиянақты, жүйелі етуге өз септігін тигізеді. Төмендегідей жұмбақтарды пайдалануға болады.

Дыбыс емес таңба. Әрі дауысты, әрі дауыссыз. Түнде жоқ, кеште бар,

Оқылмайды, жазылады . Әрі жуан, әрі жіңішке. Отта жоқ, пеште бар.

Біраз сөзден табылады. Бұл қай дыбыс? (ш)

(ъ, ь) (у)

«Кім көп біледі?» ойыны арқылы сөздердің мағынасын ажыратқызуға

болады. Ойын тәртібі: Оқушылар «мұғалімдер» және «оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер» әртүрлі мағынасы бар сөздерді атайды, ал «оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Мұғалімдер» мен «оқушылар» өз рольдерін ауыстырып отырады.

Мысалы:

1) ара-жәндік 2) алма-жеміс 3) ою-зат

Ара-құрал алма-қимыл ою-қимыл

«Топтай біл» ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттігін ажыратуға, қатесіз жазуға дағдыландырады. Мысалы, сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, алхоры тағы басқа сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады. Сәбіз,қияр, картоп-көкөністер т.с.с

Оқыту жүйесіндегі оқушылардың ойлауын дамытудағы дидактикалық ойын арқылы жүргізілген тәжірибелік жұмыстар.

Әр сабаққа ойын түрлерін орнымен қолдану арқылы оқушылардың оқуға ынтасын, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруымызға болады.Сондықтанда өзімнің тәжірибелік жұмысымды 1- нші ; 2- нші және 4- нші сыныптарында жүргіздім.

Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Сабақта қолданылатын ойын түрлері кең: «Кім жылдам?», «Кім көп біледі?», «Не өзгереді?», «Почта», «Үндемес». Ойын кезінде мыналар ескеріледі: жоспарлау, дайындау, іске асыру, ойын шарттарының дұрыстығын бақылау, ойын кезіндегі қарым-қатынас,тәртіп.

Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады.

Жәрменке” ойыны. Ойының мақсаты: ”Күз” тақырыбы пысықтау, ойыншыларды өз бетімен еңбектенуге дағдылдандыру.

Ойының шарты: Қазақ даласында жәрмеңкенің атақты сал,сері,әнші,күйші,палуандар өнері, ақындар айтысымен өтетін “Қоянды” жәрмеңкесі туралы әңгімелегенде айтамыз.Жәрменке той, мереке сияқты болды. Біз де, балалар, бүгін жәрменкеде өз өнеріңмзді көрсетейік.Жәрмеңкеде әр түрлі жеміс-жидектер, көкөністер сатылады. Бұларды сатып алу үшін тақтадағы тапсырманы орындауыңыз керек.

1.Айжан жәрмеңкеге келді.

2.Жәрмеңкеде , , , сатылады.

3.Айжанға , және керек.

4.Айжан екі килограмм және бір килограмм сатып алды.

5.Ол жәрмеңкеде Айнашты кездестірді.

6.Айнаш екі килограмм сатып алды,т.б.

Кім жылдам ойнайды?” ойыны 1.Ойынның мақсаты:Үй жануарлары мен үй құстары, жабайы аңдар мен құстардың атын дұрыс айта білуге және есте қалдыруға үйрету.Ойынға керекті заттар:жануарлар мен құстардың суреті.

Ойынның шартты: Ненің даусы? Не қалай дыбыстайды ? деген сұрақтарға жауап беруге жаттықтыру.

Нелер? Тауықтар, қаздар, қойлар, лақтар.

Үй жануарлары қалай дыбыстайды?(Үй жануарлары қайтеді?).

- Қой маңырайды.

- Сиыр мөңірейді,т.б.

Не калай дыбыстайды?деген сұрақты оқушыларға қайта қойған кезде, олар дыбыстап көрсетеді,бұл ненің даусы екенін хормен айтады.

2.Әрқайсысының өз төлін табуына көмектес.

«Сен жалғастыр» ойынын ойнатуға болады.

Ойынның мақсаты: Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу.

Мұғалім сөздің басты буынын айтады, ал оқушылар оны аяқтайды.

Мысалы, Ә-ЖЕ, ТА-ЗА, А-ТА, АЛ-МА. Т.б.

«Достасқан буындар». Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек.

Лексика бойынша «жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.

«Кім білгір» ойыны. Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім біледі?
«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал - мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.

Морфология саласы бойынша.

«Ойлан тап» ойыны.

1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан

2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен

3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған

«Ойлан тап» ойыны арқылы сөз мағынасы туралы берілген ұғымдарды бекітуге болады.

Ойын тәртібі. Мұғалім бір сөзді ақырын ғана айтады. Оқушылар сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді табады. Мысалы, мұғалім «ұзын» десе, оқушы «қысқа» дейді. Осы тәрізді мұғалім мәндес сөздің біреуін атаса, оқушы сол сөзге мағынасы жуық екінші сөзді атауы тиіс. Мысалы, «Отан» десек, оқушы «туған жер», «ел», «атамекен» дейді.Ойын осылай жалғаса береді. Көп сөз ойлаған оқушы жеңімпаз атанады.

«Ойна да ойлан» ойыны.

1. адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны.

Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады? Абай жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық.

«Ұйқасын тап ойыны»

Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. қоян.

"Бата алмас түлкі,

Үсті тікен.. кірпі

«жалғасын тап ойыны»

Атаңның баласы болма, /адамның баласы бол/

«Сөз қуаласпақ ойыны» Ойынның шарты: 1 - қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2 - қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар» сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.

Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын арттыруға болады. Сабаққа ынтасын, ықыласын бірден аудару мақсатында өлең есепте қолданудың маңызы зор. мысалы:
Бізде қызық ойын бар

Ал, ықылас қойыңдар.

Қане, тәртіп сақтайық,

Баспалдақтан аттайық,

Есептеуден қашпайық,

Жүлделі болып қайтайық.- балалар зейіндерін аударып, тақтаға екі жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып мәредегі ойыншықты алады. Бұл ойынды «қоянға көмектесейік» немесе «балапанды құтқарайық» деп атауға болады.

Рөлдік ойындар-тіл дамыту құралы. Бұл - тілді үйре ну процесіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдерінің бірі.Оны тиімді қолдана білген ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде табысқа жетеді,сол арқылы шәкірттерінің бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі ойын дамытуға, диалогтық қарым- қатынас негізіндегі сөйлеу тілін бағыттауға ықпал етеді.

Балалар саусағын ойната отырып тілін дамыту.

Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең- тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан – жануарларды, құстар және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс – қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып есінде ақтайтын болады. Саусақ ойынын балабақшада жуне үй жағдайына әсерлі,көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі,әр қимылы көрсетіледі.Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі». Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың шымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойын да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Балалар осындай саусақ ойынын отырып өлең шумағын қазаға айтады.

Мысалы: «Моншақ».

Қызыл сары, көк моншақ,

Мен жасаймын көп моншақ.

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып моншақ тәрізді бейнелейді әрі оларды тізбектеп жасау-балалар үшін өте қызықты әрекет, қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруге дайындайды.

Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта - ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «сергіту сәті» Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: « Ұзын құлақ, сұр қоян». Немесе, дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары: «Әй, шымыжық, шымыжық»

Сондай - ақ, меңгерілген тақырыпты иә болмаса, жаңа сөзді бекіту мақсатында әуенмен ауаға жазу арқылы да байланыстыра аламыз. Түрлі би қимылдары арқылы да сергіту сәтін жандандыруға болады. Мысалы: Шөжелерім», «Әйгөлөк». «Қаражорға»

Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс - шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.

Қорыта айтқанда, кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады.

Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.

В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен.

Ойын арқылы баланың тілін дамыту

Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулар орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез – келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ен негізгі орын алады. Мұғалім бақылау заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Ойын ұйымдастыруда мұғалім өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

Сабақтың тақырыбы: Түлік туралы сабақ.

Сабақтың мақсаты:                                                                                        

Білімділігі: өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу, меңгеру арқылы төрт түліктің түрлері мен атауларын енгізу.   

Дамытушылығы:   халықтық педагогика элементтерін пайдаланып оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін, танымдық қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: төрт түлікті қадірлеп, қастерлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі:  жаңа сабақ.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ой қозғау, топпен  жұмыс, түсіндіру.

 Көрнекілігі: Слайдтар, оқулық, төрт түлік суреттер, мақал –мәтелдер, топтастыру, суреттер.

Пәнаралық байланы: музыка, дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  Өткенді пысықтау   

Бесік жыры өлеңін жатқа айтқызу

Анасы баласын қалай жұбатады?

Өлең неліктен «бесік жыры» деп аталады?

Балалар қандай сөзге түсінбей қалды?

Бесіктің қандай пайдасы бар?
Шаттық шеңбері:

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Бастауыш шақ үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздер ме қонақтар,

Қош келдіңіз, бәріңіз.

Мағынаны тану

Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық (бір - бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық (бір - біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық! (бас бармақтарын көрсетеді)

Жаңа сабақ

Тіршілікке нәр берген,
Өміріне сән берген.
Түйе, сиыр, жылқы, қой,
Қасиетті төрт түлік
Қастерлеп оны қазағым,
«Мал жаның аман болсын!» деп,
Айтқан сөзі ат мініп.
Оқушылар алдыңғы сабақта өткізілген есімдікті қайталай отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып, мақсатын қояды.

 Сөзжұмбақ


























1.Жылқы төлінің атауларының бірі.                          

2.Түйенің атаны.           

3.Ешкі төлі.

4.Сиыр сүтінен жасалатын тағам

5.Қойдың күзем жүнінен жасалатын зат.

    Қандай сөз шықты? (Түлік)

Бүгінгі жиырма жетінші сәуір күні өтетін сабағымыз «Түлік туралы сабақ»

ТӨРТ ТҮЛІК Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған. Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Малдың еті, сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мінсе - көлігі, тұтынса бұйымы да осы мал болған. Кең даланы еркін шарлап, көшіп - қонған халқымыздың тұрмыс - тіршілігі төрт түлікпен байланысты. «Малым - жаным садағасы, жаным - арымның садағасы» деген ата - бабаларымыз. Қазақстан жері мал өсіруге аса қолайлы. Біздің жерімізді малсыз елестету мүмкін емес

Топқа бөлу: сурет арқылы

І топ – «Қошақандар» Ұраны: Қошақанбыз момақан, жарысқан бүгін жол асқан.

Джаутургаева Мадина, Жақсылықова Гүлім, Жолдасбекұлы Дастан, Лесбек Ардақ, Сағымбекұлы Ұласбек.

ІІ топ – «Құлыншақтар» Ұраны:  Құлыншақтар тобы біз, әрқашанда жүйрікпіз.

Жұмабай Нұрдаулет, Аман Нұрай, Айдар Мөлдір, Белхожаев Мухамед.

Енді балалар топпен жұмыс жасаймыз. 1 - тапсырма
Балалар, қазір мен екі топқа тапсырма беремін.
1 - топ: бұзауқан, ботақан, қошақан, құлыншақ туралы не айта аласындар. Олар қандай жануарлар.

2 - топ: Балалар, малдың иесі, пірі деген сөздер қандай ой туғызады? Бұл сөздер туралы қандай ой қозғай аласыңдар.

Қай топ дайын? 1 - топтан кім сөйлейді? Ауызша, жазбаша)
Балалар, жақсы ой, тамаша пікірлеріңмен бөлістіңдер. Мен сендерге ризамын, жарайсыңдар?

Оқулықпен жұмыс: 2 – тапсырма

Ал енді, оқулықтарыңды ашып, 1 - топ «Торы құлын» өлеңін, 2 - топ «Сиыр» өлеңін іштей оқып шығыңдар. Балалар сендерге түсініксіз сөздер кездессе қарындашпен түртіп қойыңдар. 1 мин уақыт беріледі.
Әр топтан бір оқушы тұрып, мәнерлеп оқып берсін.
- Кәне 1 - топтан кім оқиды? Балалар, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті. (Жұп - жұмыр, бұлтиып)

1 - топ: Жұп - жұмыр - тып - тығыз, тығыршықтай терісі тартылып тұр, артық ештеңесі жоқ, сымбатты, сұлу.

Бұлтиып - еркелеген бала сияқты, томпиып, бұртиып тұрған тұрысын айтады.

2 - топ, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті?
(Жылтылдақ, сыртылдақ деген қандай сөздер?)

Бұл сөздердің мағынасын білетін балалар бар ма? Кәне кім біледі?
Сөздік жұмысы: жылтылдақ – ол мүйізі найзадай, жылтырап тұрғанын білдіреді.

Сыртылдақ- саны жұмырланып, толып тұрғанын айтады.

Сергіту сәті:
Ал, балалар, орнымыздан тұрып, біраз сергіп алайық.
Дәптермен жұмыс:

Жұп - жұмыр - тып - тығыз, тығыршықтай терісі тартылып тұр, артық ештеңесі жоқ, сымбатты, сұлу.

Бұлтиып - еркелеген бала сияқты, томпиып, бұртиып тұрған тұрысын айтады сөздерінің мағынасын дәптерге жазып алайық.

Қазір мен екі топқа тапсырма беремін.
1 - топ сендердің тапсырмаларың тақтада құлынның мүшелері баған түрінде жазылған, сендер теңеу сөздерді тауып тұсына жазасыңдар.
Алдарыңда кесте жатыр, сол кесте бойынша жұмыс жасайсыңдар.
2 - топ ал сендердің тапсырмаларың суретке қарай отырып, сиыр малын сипаттау.
2 мин уақыт беріледі.
Ал, енді, балалар өз жауаптарыңды тақтадан тексеріңдер.
Мүйізі... (айдай иілген, найзадай)
Танауы...(көкке шүйірген )
Желіні...(тырсиып сүтке толып тұр)
Күйі...( семіз, күйлі, бүйірі шығып ыңқылдап)
Тілі...(ұзын, шөпті орып, күйзеп жеп тұр)
Түсі... (ала, қарақасқа, қызылала)

Салыстыр.
№ 1 асық

Қойды не үшін өсіреді? Оның адамға келтіретін пайдасың санамалап айтып бер. Қой - төрт түліктің ұсағы

№ 2 асық
Қой сүтінен қандай тағамдар жасалады? Қой жүнінен жасалатын заттарды ата.. Күзгі терісінен - тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.
№ 3 асық
Жылқы етінің қасиеті қандай? Жылқының адамға пайдасы туралы айтып беріңіз. Жылқы - төрт түліктің бірі. Саусаң - қымызы сусын, мінсең - көлік. Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.

Жылқының төлі  құлыншақ. Жылқы сұлы, жем жейді. Құлыншақ сүт емеді. Жылқының сүтін – қымыз деп атайды. Жылқы мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Жылқының пірі – Қамбар ата.
№ 4 асық
Төрт түліктің пірлерін ата.
Жауабы: жылқы атасы – Қамбар ата
Сиыр атасы - Зеңгі баба
Түйе атасы - Ойсыл қара
Қой атасы - Шопан ата
Ешкінің иесі - Сексек ата

№ 5 асық
Мына жұмбақтын шешуін ата.
Қорасында маңыраған,
Қозысымен жамыраған,
Қозысынан айырылса Қоймай ұзақ аңыраған.
Аппақ қою сүті бар, Ақ шағала құрты бар. - Бұл не?
№ 6 асық

Сырдың пайдасы?

Сиыр ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.
Сиырдың төлі бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Бұзау сүт емеді. Сиыр сауса сүт, сойса ет, терісінен киім тігеді. Сиырдың пірі – Зеңгі баба. Сиырдың сүтінен қаймақ, айран, сүзбе, құрт, май, ірімшік алынады.
№ 7 асық

Қойды қозыдан, ешкіні лақтан, сиырды бұзаудан, жылқыны құлыннан, түйені ботадан бастап айтып беру: өсу ретімен.

№8 асық

Түйе туралы әңгімеле.

Түйе – түлік басы. Түйе – көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. Түйенің төлі бота. Түйе тікен жейді, су ішеді. Ботасы сүт емеді. Түйенің сүтін – шұбат деп атайды. Түйе мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Түйенің пірі -   Ойсылқара.

№9 асық
Түйе байлық, салтанат - түйе атасы – ойсылқара
Жылқы - сәндік, мақтан – жылқы атасы – Қамбар ата
Сиыр – қанағат, ақтық сиыр атасы - Зеңгі баба
Қой – қазына, мырзалық қой атасы – Шопан ата.
Ешкі - жеңілдік, жоқтың күні ешкі атасы - Сексек ата.
Ешкінің төлі лақ. Ешкі шөп, жем жейді, су ішеді. лақ сүт емеді. Ешкіні сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Ешкінің пірі – Сексек ата.

Балалар төрт түлік қалай дыбыстайды білеміз бе?
(Лақ, қозы, бота, бұзау, құлын)
Мөңіресе – бұзау
Маңыраса - қозы, лақ,
Боздаса - бота,
Кісінесе - құлын екен деп ұқ, ұлым.

Қазақ халқында төрт түлік туралы мақал – мәтелдері көп.
1. Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.
Қойдың сүті - қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
2. Сиырлының үйі – айран.
Сиырды теппейді,
Сүтті төкпейді.
3. Жылқы - жаным, қымыз - қымыраным.
Ат - адамның қанаты.
4. Түйе атасы - нар,
Ағаш атасы - шынар.

Түлік төлден өседі
Мал баққанға бітеді
Малды баға біл
Бабын таба біл
Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір
Жұмбақ Ол не?
Көкке шаншып құйрығын
Шауып келді жүйрігім
Ол не жібек тұлымды?
Оқушылар: Білеміз ғой құлынды.
Менің атам бақты оны
Үстінде бар ақ тоны
Ол не төлдің бозымы?
Оқушылар: білеміз ғой қозыны
Өнері бар сан қилы
Тастан тасқа қарғиды
Ол не шұнақ құлақты?
Оқушылар: білеміз ғой лақты
Кетпейді ұзақ желіден
Жайылуға ерінген
Ол не айыр жоталы
Оқушылар: білеміз ғой ботаны
Өтірік өлеңдер құрастырайық.
1. Сарымсақ, сәбіз бөлмеде
Өскенін көп ел көріпті.
Қой мен ешкі төлдерге
Тамақ жасап беріпті.
2. Қарағаштың басына
Қауын, қарбыз өсіпті.
Түйе мен сиыр қызығып,
Қыста жейміз десіпті.
3. Жануарлар бақшаға
Жеміс жеуге келіпті.
Суда өскен жүзімді,
Жылқы мен есек теріпті.
Тыйым сөздер.
1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.
2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды.
Иесі өкпелейді.
4. Жас малдың тістерін санамайды.
5. Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.
6. Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.
7. Малды біреуге сыйлағанда яки сатқанда, ноқта - жүген, бас жібі берілмейді.
8. Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады.
Әр бір ана өз баласын «ботам», «қозым», «қошақаным» деп жақсы көреді. Ал мал да өз төлдерін былай сүйеді.
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп
Ештеңені білмейтін «момыным» – деп
Сиыр сүйеді баласын «Торпағым» деп.
Қараңғыға баспаған «қорқағым» деп.
Түйе сүйеді баласын «Тайлағым» деп
Жабу жапса жарасқан «жайнағым» деп
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп
Тасстан тасқа секірген «шұнағым» деп
Жылқы сүйеді баласын «шұбарым» - деп
Жүгіруден тарасын «құмарым» деп
- Біз өмірде күнделікті көріп жүреміз. Әр малдың дыбыстап шақырылуы бар.

«Адасқан төлдер» ойыны.
Төлдер: ----- Құлыншақ ------- Ботақан ---------- Бұзауқан --------- Қошақан
Пірі: ----------- Қамбар ата --------- Ойсыл қара ----- Зеңгі баба ------- Шопан ата
Қалай шақырады: - Құрау - құрау --- Көс - көс -- Әукім - әукім - Пұшайт –пұшайт

Өрмекші тор ойыны

- Балалар, кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұра қалайық. Біздің көңіліміз қай кезде көтеріледі? (сыйлық алғанда, ойнағанда, ата - анамыз еркелеткен кезде)
- Ал, ендеше балалар, бір - бірімізді еркелетіп көңілімізді көтеріп көрейікші.
(Ақылдым сол, қошақаным менің, құлыншағым, томпағым сол, ботақаным, алтыным менің, ай - күнім, әдемісің өзің, жарығым, періштем, әнім - сәнім сол, құндызым, жұлдызым)

4-ші тапсырма: Ойын. «Сәйкестерін тап.»

Сәйкестерін тап
1 Сиыр ----- 1 Бота
2 Жылқы --- 2 Қозы
3 Түйе ------ 3 Лақ
4 Қой ------- 4 Бұзау
5 Ешкі ------ 5 Құлын

Қортынды:  Міне, балалар, біз бүгін төрт түлік мал туралы көптеген мағлұмат алдық, пайдасы көп екенін білдік. Бірақ оның пайдасын көру үшін, көп еңбек ету керек. Малды дұрыс күтпесе, бізге ол сүт те, ет те, жақсы тері мен жақсы жүн де бермейді. Сондықтан мал күтуде үйдегі үлкендерге қолғабыс тигізуіміз керек.

   1 Түлік туралы сабаққа кімдер қатысты?

2 Кім сұрақ  қойды? (Болат)

3 Не жөнінде сұрады? (қойдың неше түрі бар?)

4 Марат көп сөйлегенмен қойдың түрін айта алдыма?

5 Болат тағы қандай сұрақтар қойды?

6 Болаттың  өзі  не біледі екен?

7 Ендігі сұрақ не туралы болды.

8 Ешкі, лақ, серке мен  текенің айырмасы не екен

9 Болат пен Маратқа тағы кім қосылды? (Мұрат)

10 Ол қандай сұрақ қойды?  «Жабағы деген жүн ғой» деген Мұраттың  сөзіне келісесіндерме? Жабағы қойдың жүні одан иіріп киімдер тоқиды.

11Түйе туралы қандай талас тудыруға болады? Мойыны ұзын, шудасы жүні пайдалы.

12.  Болаттың ойынша жобалауы бойынша бұзаудан әрі, бұзаудан бері болуы керек.

VIII. Бағалау. Топ - топты бағалау, оқушы оқушыны бағалау.

IX. Үйге тапсырма: 8 – тапсырманы оқыту: Өлеңді жаттап ал. Төрт түліктің төлдеріне әңгіме құрау

Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да бастауыш сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.

Бұл туралы орыс педагогы А. Макаренконың айтылған сөздері орынды: «Оқушы өмірінде ойының маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Жеке адам ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады.

Ойын оқушылар үшін - айналадағыны танып-білу тәсілі» - деп тұжырымдайды .

Балалармен болған әр кездесу,қоштасу жылулық шеңберінен басталады

Жылулық шеңбері-бұл балалардың зейінін белсендендіретін және топта

Жағымды психологиялық жағдай қалыптастыратын тамаша әдістемелік тәсіл.

Балаларға шеңберге тұрып, бір-бірімен қол ұстасып амандасу,қоштасу бір-біріне сәттілік тілеу, хормен тақпақтар жаттау, қайталау, шағын әңдерді айту, музыка ырғағымен билеу, саусақ жаттығуларын ойнау сәті өте ұнайды.

Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланады.Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды.

Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау деген сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі балалардың белсенділігі және олардың іс – әрекеті болып табылады.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма –жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл – ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.

































Пайдаланылған әдебиеттер


1. . Қазақстан мектебі. № 11, 2004

2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» (Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы) Алматы. «Білім баспасы», 1998, 96 бет.

3. М.М. Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002

4. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Алматы, Атамұра, 2001

5.Бүлдіршіндерге арналған тілашар. Әдістемелік нұсқау.

6. А. Ысқақов. «Қазіргі қазақ тілі». «Ана тілі»: 1991ж

7. С. Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты». – Алматы:1997ж

8. журнал «Педагогика жаршысы»№4 2010,№3 2010ж,

9. журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті»№2, 2005,№11, 2007,№1, 10 2008,№4, 9 - 2009ж

10. 3-сынып әдебиеттік оқу. Атамұра баспасы

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауыш сыныпта ?олданылатын ойындар – баланы? ойын дамытуда?ы басты ??рал

Автор: Култаева Жанна Абилдакызы

Дата: 08.09.2016

Номер свидетельства: 342807


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства