kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ата-ана-мектеп-о?ушы" сыныптан тыс іс -шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптан іс -шара  "Бала т?рбиесі - орта? іс" ?атысушылар ата -аналар,о?ушылар Ма?саты: О?ушыларды? шы?армашылы? ?леуетін дамытуда  ата-аналармен бірлесе ж?мыс істеу,сынып пен м??алім, м??алім мен бала, педагог пен ата-ана арасында?ы  ?арым –?атынасты ны?айту, жетістікке жету ?шін  бірлескен ?рекетті? орта? ма?саттарын аны?тау,отбасы ерекшеліктерін ескере отырып ?иынды?тарды бірлесе шешу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ата-ана-мектеп-о?ушы" сыныптан тыс іс -шара »

Жамыбыл обл., Шу ауданы,

Шу қаласы,

Сәкен Сейфуллин о.м

Мамутова Дильбар Абдугапуровна



Күні:

Пәні:


Сабақтан тыс

іс шара

Мұғалім аты-жөні

Мамутова Дильбар Абдугапуровна

Жамбыл облысы


Шу қаласы

Сәкен Сейфуллин о.м

Оқу-ісінің меңгерушісі________


Садыкова Р.О


Тақырыбы: «Бала тәрбиесі –ортақ іс»


Сілтеме:

  • Презентациялар

  • Мақал мәтелдер жинағы

  • «Тренингтер» жинағы авторы: Елеусизова С. Алматы 1995 ж., Рауан

  • «Психологиялық тесттер» жинағы , авторы: Ф.Бизакова, Тараз 2012 ж. ,Сенім



Мақсаты:


Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу,сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау,отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу.


Күтілетін

нәтиже:


Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше екенін және мектеп қабырғасында алған тәрбиесі мен отбасылық тәрбиесі- бір тұтас үрдіс екенін сезініп,мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Түйінді идеялар:

«Алтын ереже» топпен бірігіп жұмыс істеу ережесі.


Сабақтың түрі:


сұхбат-пікірталас


Әдіс-тәсілдері:


Акт, Венн диаграммасы, кесте, «Бірге ойланамыз», «Ойлан.Бірік.Бөліс», «Сиқырлы қоржын» «Конверт»

Қытысушылар

ата-аналар, оқушылар

Пәнаралық байланыс:


Өзін өзі тану, қазақ әдебиеті, психология







Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Аудиторияны топқа болу

б) Ата аналармен тренинг «Жан жылуы »

в) Оқушылармен тренинг «Мен үшін қымбат жандар... »

  1. Кіріспе бөлім.

Қызығушылықты ояту

а) Ата-аналарға сауалнама «Мен баламды жақсы білемін бе?»

ә) Оқушыларға арналған анкета

Мағынаны тану

б) «Отбасы» сөзіне ассоциация жасау

в) Венн диаграммасын толтыру

  1. Негізгі бөлім

а) «Сұрақтары бар қорапша» әдісі (сұрақ –жауап)

ә) «Ойлан. Бірік. Бөліс.» (жағдаяттардың шешімін табу)

б) «Сиқырлы қоржын» Мақал-мәтелдер/нақыл сөздер

  1. Қорытынды бөлім

а) кесте толтыру

ә) бейнеклип «Ата –аналар жауапкершілігі»

б) Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

«Менің бақытты отбасым !» (презентация)

в) «Жүректен жүрекке»

г) Рефлексия


Ұйымдастыру кезеңі


Мұғалімнің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Топқа бөлу.

  3. Сабақ барысымен таныстыру.


  1. Ата –аналармен өткізілетін тренинг

«Жан жылуы»

(Бір шеңберге тұрайық, көзімізді жұмып, терең демаламыз. Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Ішкі дүниеміз жап-жарық болып кетті. Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Осы гүлді елестетіңіздер . Бұл жай гүл емес. Түрлі - түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелекм - бұл сіздің балаңыз. Біз гүлге жылуымызды беріп, аялап өсірдік. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.

Құрметті ата-аналар, елестегі гүлді парақ бетіне түсіріп, жапырақтарына балаңызға деген жылы сөздерді жазып көріңіздер.

Оқушылармен өткізілетін тренинг

«Мен үшін ең қымбат жандар...»

Оқушыларға өздеріне ең жақын адамдарының есімдерін стикерге жазуды сұрайды. Оқушыларды бір шеңберге тұрып, қолдарындағы есімдері жазылған стиккерді мыжып, ортаға лақтыруды сұрайды.


1.Сәлемдесу.Өздерін ретке келтіру

2.Топқа бөліну

І топ ата –аналар тобы

ІІ топ оқушылар тобы


Ата-аналар көз алдарына есететкен гүлді қағаз бетіне түсіріп, жапырақтарына балаларына деген сүйіспеншілік сөздерін жазады











1.Оқушылар стиккерге өздерінің жүректеріне жақын жандардың есімдерін жазып қояды.

2.Стиккерді лақтыруға қарсылық білдірген оқушылар себебін түсіндіреді.


Кіріспе бөлімі

Қызығушылықты ояту

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

1.Сауалнама «Мен баламды жақсы білемін бе?»

1.Биылғы оқу жылында қанша жаңа пәндер қосылғанын білесіз ?

а) 4 б) 3 в) 2

2. Сізге балаңыз оқитын сыныпта , пән мұғалімдерінің барлығы таныс па ?

а) бәрін білемін б) жартысын білемін в) кейбірін білемін

3.Балаңыздың дәптерлерін тексеріп тұрасыз ба?

а) үнемі б) тоқсанында 1-2 рет в) тексермеймін

4.Егер сіздің балаңызға кейбір пәндерді оқуда қиындық туғызатынын байқадыңыз, өзіңіз көмектесе алмадыңыз, не істейсіз?

а) мұғалімдерінің көмегіне жүгінемін

б) оқу ісі орынбасарына жолығамын

в) баламнан пәнді тереңірек оқығанын талап етемін

5.Балаңыздың қызығушылығын білесіз бе?

а) ия, білемін б) білмеймін в) сеземін

6.Балаңыз бос уақытың қайда, кіммен өткізетінін білесіз бе?

а) ия б) білмеймін в) білетін сияқтымын

7.Балаңыздың ең жақын достары кім?

8.Балаңыздың ұнататын түсі?

9.Балаңыздың арманы қандай?



Оқушылар үшін арналған анкета

  1. Биылғы оқу жылында қандай пәндер қосылды?

  2. Пән мұғалімдердің аты-жөні

  3. Ата анаң дәптерлеріңді қанша уақытта тексеріп тұрады?

  4. Сенің қызығушылығын?

  5. Бос уақытыңды қайда, кіммен өткізуді ұнатасын?

  6. Ең жақын достарың кім?

  7. Сенің ұнататың түсің?

  8. Сенің арманың ?



Ата –аналарға балаларының толтырған анкеталарын беріп, қолдарындағы өздері жауап берген сауалнамамен салыстыруды ұсынады




2.Ата аналардан «ОТБАСЫ» , оқушылардан «МЕКТЕП» сөзіне ассоциация жасауды ұсынады






Ата-аналар саулнаманы толтырады



















Оқушылар анкетаны толтырады








Ата аналар өздері жазған сауалнама мен балалардың толтырған анкетасындағы жауаптарын саластырады, ойларын айтады




Ата-аналар тобы «Отбасы» сөзіне , оқушылар тобы «Мектеп» сөзіне ассоциация жасайды, ойларын постерге түсіріп, ортаға салды.


Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)


Венн диаграмасы

«Бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің ролі»

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ата аналар тобына және оқушылар тобына «Венн диаграмасын» толтыруды және бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің ролі, ортақ қасиеттерін көрсетіп беруді ұсынады


Ата–аналар тобы мен оқушылар тобы «Венн диаграмасын толтырып» ойларын ортаға салады

БАЛА




МЕКТЕП тәрбиесі ??? ОТБАСЫ тәрбиесі








Сабақтың негізгі бөлімі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті


«Сұрақтары бар қорапша» қатысушаларға сұрақтары бар қорапшаны ұсынады.


1.Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?


2.Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіздер?


3. 14 жастағы балада өз қажеттілігіне жұмсайтын ақша болу керек пе? Қандай соммада?


4.«Конфликт» деген не? Жанұяда кофликтті жағдайаттарға не себеп болады деп ойлайсыздар?







Ата аналар тобы мен оқушылар тобы өзара сұрақтарды талқылап ,ойларын ортаға салады


«Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі . Ата-аналар тобы мен оқушылар тобына жағдаяттардің шешімін табуға ұсынады


Ата-аналарға арналған жағдаяттар

1 Сіздің балаңызда күдікті орта пайда болғанын білдіңіз, барлық бос уақытың солармен бірге өткізеді, сіздің сөзіңізді емес, сол достарының айтқандарына құлақ асады. Сіздің әрекетіңіз?


2. Жаңа жыл мерекесін дәстүр бойынша бірге қарсы аласыздар, бірақ 16 жастағы балаңыз қарсылық білдіріп, мейрамды достарымен бірге өткізгісі келді. Сіздің әрекетіңіз?


3. Сіздің балаңыз сізге сабақ үлгерімі туралы жалған айтты.Сынып жетекшіден балаңыздың сабақ үлгерімі төмендеп кеткенін білдіңіз.Сіздің әрекетіңіз?

4 Сынып жетекшіден, балаңыздың сабаққа қатыспай жүргенін білдіңіз. Бірақ балаңыз күнде сағат 12.30 жиналып сабаққа кетіп, сағат 18.30 сабақтан келеген сияқты болады. Сіздің әрекетіңіз

5 Сіз жұмыстан шаршап келесіз, әдеттегідей балаңыз затарын өз орнына қоймай, шашып тастапты. Үндемей жинап қойдыңыз. Келесе күн осындай жағдай қайта қайталанды. Сіз балаңызбен сөйлестіңіз. Балаңыз түсінген сияқты болды. Бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ.Сіздің әрекетіңіз?

7 Сіздің досыңыздың баласы ұлы Марат 10 сынып оқушысы. Анасының ерке, сүйікті баласы. Өзімшіл, бұзақы бала. Сыныптастарымен тіл табыса білмейді,достары жоқ. Анасына Марат сыныптастарын, мұғалімдерін жамандап отырады. Анасы баласына толықтай сеніп, айтқандарын қолдайды. Анасы ашуланып, мектеп әкімшілігіне жолығып, наразылығын білдіреді. Мараттың сөзін сөйлейді. Анасының бұл әрекеті, одан ары Мараттың достарымен қарым қатынасын бұзады. Сіздің әрекетіңіз?


Оқушылар тобына жағдаяттар:


1.Қалаға қызықты цирк келді. Сенің қолыңда екі билет ғана бар. Отбасы мүшелерінің арасында кімнің сенімен барғанын қалар едің?

2.Үй тапсырмасын орындауда қиындық туды. Отбасы мүшелерінің арасынан кімді көмекке шақырар едің ?



3 Үй тапсырмасын орындауда қиындық туды. Отбасы мүшелерінің арасынан кімді көмекке шақырар едің ?

4.Отбасы мүшелерімен бірге Лото ойының ойнауға келістіңіздер. Лото ойынына 4 адам ғана қатысу керек. Бір отбасы мүшесі артық, ойынға қатыспайды. Ол кім болмақ ?

5.Сенде өзің шеше алмайтын жағдай болды. Кімнен кеңес сұрар едің?

6.Саған дүкенен ұнаған затыңды сатып алуға ақшаң жетпеді. Жетпей қалған сомманы отбасы мүшелерінің қайсысыңнан сұрар едің?









Ата аналар тобы өзара жағдаяттарды талқылап , ойларын ортаға салады

































Оқушылар тобы өзара жағдаяттарды талқылап , ойларын ортаға салады

Ой толғаныс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті


«Сиқырлы қоржын» ойлануға арналған тапсырма

1.Балапан ұяда не көрсе – ........( ұшқанда соны іледі)


2.Жақсы ата- .... (орман)

Жақсы бала - .... (қорған)


3.Ананың ізін ...(қыз басар)

Атаның ізін ...(ұл басар)


4.Бала тәрбиесі –...(бесіктен)


.Жақсы бала- ....(еліне бас болады)

Жаман бала- ....(еліне қас болады)


6.Ұяты жоқ- .... ( ұл жаман)

Қылығы жоқ- .....(қыз жаман)


7.Баланың бас ұстазы – .... (ата- анасы)


8.Атадаң жақсы ұл туса, есіктегі басын .....( төрге апарар).

Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын .... (есікке апарар.)


9.Баланың ұяты –....(әкеге)

Қыздың ұяты- ....( шешеге)








Қатысушылар қоржыннан мақал - мәтелдерді алып аяқтап береді

Қорыту. Күтілетін нәтиже

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Оқушыларға сұрақ

Жауабы

Мен ата –анамның қандай болғанын қалаймын?


Менің тәрбиемде басым орын алатын .....(мектеп, отбасы) Себебі?













Ата –анаға сұрақ

Жауабы

Мен баламның қандай болғанын қалаймын?



Бала тәрбиесінің негізі мектеп пе, әлде отбасы ма? Неге?



2. «Ата ана жауапкершілігі» бейнеклипті ұсынады


3. Оқушылар шығармашылығын ұйымдастыру






1.Қатысушылар өзара талқылап ойларын кестеге түсіріп, ортаға салады











2. Бейне клипті көріп ойларын ортаға салады.


3. «Менің бақытты отбасым!!!» презентацияларын көрсетеді

Жүректен жүрекке



Ата –аналар мен оқушыларға бір-біріне деген жылы тілектерін стикерге жазып , ағашты көркейтуге ұсынады


Ата –аналар стикерге балаларына тілектер жазады

Балалар ата - аналарына тілектер жазады.


Рефлексия


Мұғалімнің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату.


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады






























Ресурстар

Сауалнама «Мен баламды жақсы білемін бе?»


1.Биылғы оқу жылында қанша жаңа пәндер қосылғанын білесіз ?

а) 4 ә) 3 б) 2



2. Сізге балаңыз оқитын сыныпта , пән мұғалімдерінің барлығы таныс па ?

а) бәрін білемін ә) жартысын білемін б) кейбірін білемін



3.Балаңыздың дәптерлерін тексеріп тұрасыз ба?

а) үнемі ә) тоқсанында 1-2 рет б) тексермеймін



4.Егер сіздің балаңызға кейбір пәндерді оқуда қиындық туғызатынын байқадыңыз, өзіңіз көмектесе алмадыңыз, не істейсіз?

а) мұғалімдерінің көмегіне жүгінемін

ә) оқу ісі орынбасарына жолығамын

б) баламнан пәнді тереңірек оқығанын талап етемін



5.Балаңыздың қызығушылығын білесіз бе?

а) ия, білемін ә) білмеймін б) сеземін



6.Балаңыз бос уақытың қайда, кіммен өткізетінін білесіз бе?

а) ия ә) білмеймін б) білетін сияқтымын



7.Балаңыздың ең жақын достары кім?



8.Балаңыздың ұнататын түсі?



9.Балаңыздың арманы қандай?


-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Оқушылар үшін арналған анкета

  1. Биылғы оқу жылында қандай пәндер қосылды?

  2. Пән мұғалімдердің аты-жөні

  3. Ата анаң дәптерлеріңді қанша уақытта тексеріп тұрады?

  4. Сенің қызығушылығын?

  5. Бос уақытыңды қайда, кіммен өткізуді ұнатасын?

  6. Ең жақын достарың кім?

  7. Сенің ұнататың түсің?

  8. Сенің арманың ?







«Сұрақтары бар қорапша» қатысушаларға сұрақтары бар қорапшаны ұсынады.



1.Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?



2.Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіздер?



3. 14 жастағы балада өз қажеттілігіне жұмсайтын ақша болу керек пе? Қандай соммада?



4.«Конфликт» деген не? Жанұяда кофликтті жағдаяттарға не себеп болады деп ойлайсыздар?

















«Сиқырлы қоржын» ойлануға арналған тапсырма



1.Балапан ұяда не көрсе –



2.Жақсы ата-

Жақсы бала - ....


3.Ананың ізін ...

Атаның ізін ...


4.Бала тәрбиесі –...


5.Жақсы бала- ....

Жаман бала- ....


6.Ұяты жоқ- ....

Қылығы жоқ- .....


7.Баланың бас ұстазы – ....


8.Атадаң жақсы ұл туса, есіктегі басын .....

Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын ....


9.Баланың ұяты –....

Қыздың ұяты- ...



ҰЛ

БАСАР

ҚОРҒАН

АПАРАР

БАСАР

ШЕШЕГЕ

БЕСІКТЕН

БОЛАДЫ

ҰЛ

ЕЛІНЕ

АПАРАР

БАС

ҚАС

ТӨРГЕ

ОРМАН

БОЛАДЫ

ЖАМАН

ҚЫЗ

ЖАМАН

ЕСІККЕ

АТА-АНАСЫ

ЕЛІНЕ

ҚЫЗ

ӘКЕГЕ

Оқушыларға сұрақ

Жауабы


Мен ата –анамның қандай болғанын қалаймын?









Менің тәрбиемде басым орын алатын .....(мектеп, отбасы) Себебі?










Ата –анаға сұрақ

Жауабы



Мен баламның қандай болғанын қалаймын?





Бала тәрбиесінің негізі мектеп пе, әлде отбасы ма? Неге?
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ата-ана-мектеп-о?ушы" сыныптан тыс іс -шара

Автор: Мамутова Дильбар Абдугапуровна

Дата: 17.05.2015

Номер свидетельства: 212510


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства