kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана- ?мірді? шуа?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности


Саба?ты? та?ырыбы: Ана- ?мірді? шуа?ы 
Саба?ты? ма?саты: 
О?ушыларды ананы? е?бегін а?тау?а, ана?а деген с?йіспеншілікке, ананы ??рметтеп, сыйлау?а т?рбиелеу 
Саба?ты? к?рнекілігі: На?ыл с?здер 
Саба?ты? барысы: 
М??алім с?зі: 
Ана- барлы? ?мірді? бастауы. Ол адамды ?мірге ?келеді, оны т?рбиелейді,?сіреді. Адам бойында?ы барлы? асыл ?асиет к?нні? н?рынан, ананы? а? с?тінен дариды. Ана -?лы адам, Ана-??діретті жан ,ендеше б?гінгі мерекелері?із ??тты болсын, 
Аяулы аналар!!! 
Арулар! 
Сіздерді ?йел жанымен байланысты тамаша 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана- ?мірді? шуа?ы »

Ашық тәрбие сағаты 

Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы 
Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу 
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер 
Сабақтың барысы: 
Мұғалім сөзі: 
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, 
Аяулы аналар!!! 
Арулар! 
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке ! 
1-оқушы: 
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі 
2-оқушы: 
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші!

3-оқушы: 

Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иеміз

І жүргізуші: 
Той пердесін ашайық 
Аналарды құрметтеп 
Ән маржанын шашайық 

ІІ жүргізуші: 
Құтты болсын ардақты анам 
Асыл анам мерекең 
Құтты болсын ұстаздарым 
Қуанышты берекең 
І жүргізуші: 
1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. 
Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. 
Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

1-оқушы: 
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі 
2-оқушы: 
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші!

3-оқушы: 

Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иеміз

1-оқушы: 
Өзіңе еліктеп өсермін 
Борышты өтермін қалайда 
Тым нәзік, жұтаңдау жырымды 
Жүректе жылытшы, жарай ма? 
Мұғалім: Хор «Ананың тілі.» 


ІІ жүргізуші: 
- Оқушыларды өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды. Қабыл алыңыздар. 
Мұғалім: -«Анашым» әнін қабыл алыңыздар. 
І жүргізуші: 
-Дидар, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой. 
ІІ жүргізуші: 
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен? 
І жүргізуші: 
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. 
ІІ жүргізуші: 
- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік. 
Мұғалім: -Аялы алақан ойыны 
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу 
2-оқушы 
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен, 
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең. 
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ, 
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ. 
І жүргізуші: 
Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз. 
Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз. 
3-оқушы: 
Дүниенің жарық күні анамыз 
Дана болсақ анаменен данамыз 
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын 
Анаға арнап тағы бір ән саламыз 
Мұғалім: 
-Кластың орындауында ән «Анаға сәлем.» 
І жүргізуші: 
-Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен. 
ІІ жүргізуші: 
-Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ? 
І жүргізуші: -Сынап көрелік. 
Мұғалім: Гүл құрастыру. 
Мына гүлдерді көзін байлап орнына құрастыру 
І жүргізуші: 
- Мерген аналарымыздың құрметіне тағы да ән шашу 
Мұғалім: - «Анашым» әні 
ІІ жүргізуші: 
-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті. 
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты. 
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді 
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді. 
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ. 
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті. 
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті. 
І жүргізуші: 
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен. 
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты. 
Сен осылай жасай алар ма едің? 

ІІ жүргізуші: 
- Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім? 
І жүргізуші: 
-Ол бақытты жан кім екен ? 
І жүргізуші: 
- Білмеймін. Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой. 
Мұғалім: Ән Шоқ қыздар. 
ІІ жүргізуші: 
- Аналарымыз қандай өнерлі десеңші! 
І жүргізуші: 
- Өздері мерген. Өздері бір үлкен адамды да көтеріп кететіндей күштерін қалай сынасақ екен? 
ІІ жүргізуші: 
-Олардың шешендігін сынап көрелік. 
Мұғалім: Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны 
Аналарды ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз. 
Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді. Бір сан 5 сұрақтан тұрады. 
І ж -Менің анам алтын 
ІІ ж -Менің де анам алтын 
І ж -Аналарды құрметтеп 
ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың 
Аналарды ортаға шақырамыз 
І жүргізуші: 
- Біздің сөз тапқыш аналарымыздың құрметіне «Әже» әнін ұсынамыз. 
4-оқушы: 
Алтын анам жасымнан аялаған, 
Мен үшін игілікті аямаған. 
Сабақтан шаршап үйге келгенімде, 
Бал сөзі жаным деген сая маған. 
ІІ жүргізуші: 
-Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен. 
І жүргізуші: 
-Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында «Әлемнің жарығы.» әнін 
қабыл алыңыздар! 
Мұғалім: 
-Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп 
-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді: 
-Әкеңе,-деді . 
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.







Сабақтың тақырыбы:«Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз»

Мақсаты: Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін, сондықтан да барлық ананы, болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу. Өзін көпшіліктің алдында ұстай білуге, жасымай өнерін көрсете білуге тәрбиелеу.
Жоспары:
I бөлім «Ана - өмір шуағы» әдеби монтаж
II бөлім «Наурыз аруы» байқауы.
Құттықтау сөз:
- Құрметті апалар, аналар, қыздар сіздерді 8 наурыз мейрамдарыңызбен құттықтаймын! Бұл күні ең жылы сезімдер – қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді.
«8 наурыз - тамаша мереке, көктем - мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі, адамның бақыты мен махаббат кезеңі», - деп еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті.
Ардақты аналарға, салмақты әжелерге арналған
ашық тәрбие сағатымызды бастайық.
1 - оқушы: 
Жер бусанып, 
Көк шығып, 
Арықтардан су ақты. 
Бүрлеп өсіп көк шыбық 
Жұтып жатыр шуақты.
Аналардың мерекесі
Бәрімізді қуантты.
2 - оқушы:
Сегізінші наурыз
Келген кезі көктемнің
Босап бақша-бауымыз
Мұз, қар еріп кеткен күн.
3 - оқушы: 
Сегізінші наурыз 
Күлімсіреп көктен күн 
Елге ұсынып сары уыз 
Елжіреп нұр төккен күн. 
4 - оқушы:
Сегізінші наурыз
Жыл құсы ұшып жеткен күн
Тамшы жерге салып із
Жаңбыр жұпар сепкен күн.


5 - оқушы: 
Арнада су тасынып 
Көзге түскен беттен гүл 
Үлкен - кіші асығып, 
Күткен мейрам неткен бұл? 
6 - оқушы:
Жоқ ешқандай дауымыз
Мереке ең жайдары
Өйткені бұл наурыз
Аналардың мейрамы.

Фаризамен мен Алидың орындауында «Анасы мен Бағлан» көрініс.
Ән: Құттықтаймын мама!
Әр оқушы өз анасына жылы лебізін, тілегін білдіріп, сыйлықтарын береді.

II бөлім «Наурыз аруы» байқауы.
Байқаудың шарты: 1. «Таныс болайық...»
2. «Білімді мыңды жығар...»
3. «Қол өнер – мол өнер»
4. «Өнерлі - өрге жүзер»
5. «Дәм думан»
6. «Ерекше киім үлгісі»
(Сайысқа қатысатын қыздарды ұлдар қолынан алып класқа кіреді)

Қыздар мен ұлдарды таныстыру.
Қайратқызы Сымбат – жауапкершілігі жоғары, белсенді оқушы. Ол ән айтқанды, би билегенді ұнатады. Әдемі киінгенді, сұлулықты сүйетін кербез қыз.
Нұржігіт Нұрсұлтан – Сабақты жақсы оқиды. Ол тапсырылған істі баяу, бірақ тиянақты орындайды. Мерхат үйінде бауырларына қамқор аға.
Ақылбек Фариза - іске ширақ, әр пысық. Фаризаның жан - жағындағыларды өз ісімен, қылығымен баурап алатын сиқырлы мінезі бар. Ол кіші болса да апайларына сырттай қамқор болып жүреді. Фариза шығыс билерін билегенді ұнатады.
Курбанов Ернар - Өз ойын еркін жеткізе білетін, жан - жақты білімді бала. Ол зерттегенді, бақылағанды одан қорытынды шығарғанды ұнатады. Дүниетану пәнін ерекше жақсы көреді. Ернар көпшіл, досы көп бала.
Бугубай Толғанай - өзгелерден ерекше бірбеткей мінезі бар. Жанындағы достарының қуанышына қуана білетін ерке қыз. Толғанай анасының қолқанаты, сіңлісінің қамқор апайы.
Елеусіз Дархан - өте жұлымыр, ақкөңіл бала. Дархан айналасындағы құбылысты, өзгешелікті тез байқағыш, ширақ ойлы. Ол өлең айтқанды ұнатады. Жастайынан еңбек етуге үйренген еңбекқор бала.
Елеусіз Дария – достарының арасында, ата-анасының алдында өзін ерке сезінетін, қылықты қыз. Ол билегенді, әсіресе үнді биін жақсы көреді.
Дария жазуы өте тамаша.
Ахметов Айдос - Әр шаруаға пысық, шапшаң қимылдайтын бала. Айдос сурет салғанды, дайын үлгілерді бояғанды, реп стильіндегі өлеңдерді, биді жақсы көреді. Есте сақтау қабілеті өте жақсы.
Азинова Айтолқын – мақтағанды ұнататын, көп сөйлемейтін салмақты, ұяң мінезді қыз. Айтолқын үйде апайларының істегенін қайталағанды жақсы көреді. Билегенді, сіңлісінің шашын өріп, сәндегенді жақсы көреді.
Хайса Еламан – дос пейілді, басқаларға жаны ашығыш, мейірімді бала. Еламан билегенді, сурет салғанды ұнатады. Ол есеп шығарғанда алдына жан салмайды.
Нұғыманова Алуа – елгезек, іскер, қиялы өте жоғары дамыған, шығармашыл. Алуаның жүрегі жылылыққа толы, мейірімді, жаны нәзік қыз. Алуа ағасымен ойнағанды жақсы көреді. Ол мультфильм көргенді ұнатады.
Табылғазы Ернар – тиянақты, тазалыққа жаны құмар бала. Мінезі өте жұмсақ, кішіпейіл. Ернар «Қара жорға» биін тамаша билейді. Математика сабағын сүйіп оқиды.
Бимұханова Айым - байсалды, салмақты қыз. Ол мақтанғанды ұнатпайтын қарапайымдылығы басымдығынан, білсе де үндемей отыратын ерекше сабырлы мінезі бар. Айым кітап оқығанды ұнатады.
Қажынұров Азат

– дос пейілді, аңқылдаған мінезді бала. Ол ән айтқанды, би билегенді ұнатады. Әңгімені жақсы мазмұндайды. Азат достарының арасында елгезектігімен ерекшеленеді.

Қыздарға жеребе алдыру арқылы шығу ретін анықтау.
Ернар Ш.
Қыз дегенің қызғалдақ,
Құлпырады жайнайды.
Тотыдайын таранып,
Бұл-бұл құстай сайрайды.

Сегізінші наурыз көктем келді,
Жарасады қыздардың киген бөркі.
Даярланған сұлуларды көптен бері,
Мерекеде бағалайтын кезі келді, - деп сыныбымыздың ару қыздарының арасында өтетін «Наурыз аруы» атты сайысты бастайық.

- Сайысты бастамас бұрын ару қыздарымызға әділ баға беретін, қазылар алқасын сайлап алайық.

«Таныс болайық...»
«Қыз - өмірдің қызғалдағы» - деген ғой,
Талай заман мойындаған ерен ой.
«Сегізінші наурыз» мерекеде,
Танысуға алдарыңа, хас сұлулар келген ғой.
Айдос
Қарсы алайық, халайық!
Аруға көз салайық.
Қошеметтеп сайыскерді,
Қанекей қол соғайық!
- Ендеше ортаға сұлу қыздарымыз келіп, өздерін таныстыруға рұқсат етейік.

Тақпақ «Құттықтаймын мама» Мерхат Е.
«Білімді мыңды жығар...»
«Мақал – сөздің мәйегі» - дер даналар,
Білмегендер мақалды артта қалар.
Мәнін ұғып жаттап алған қыздарымыз,
Бүгінгі күн алдарыңда дараланар – деп қыздарымыз өз өнерлерімен қоса білімдерін көрсететін мақал - мәтел сайысын бастайық. Ару қыздарымыздың 1 минутта қанша мақал айта алатынын байқау.

«Қол өнер – мол өнер»
Ою деген көненің көзі, ескінің сөзі,
Сыр шертіп, әңгімелер келді кезі.
Қыздардың саусақтары майысқанда,
Дейсіздер - «хас шебердің келді өзі».

Би: «Қара жорға» Ернар Ш.

«Өнерлі өрге жүзер»
Өнерлілер қанат қағар қалықтап,
Ән салады, би билейді шалықтап.
Қыздарымыз қайсы мықты екенін,
Бүгінгі күн сайысымыз анықтар.

Ал, ортаға шақырайық сендерді,
Бар өнерді салатын бір кез келді.
Талантты да, жас жұлдызды көруге,
Өнерліні сүйетіндер көп келді.

«Дәм думан»
«Ас – адамның арқауы»- бәрі білер,
Тағамның алуан түрін білесіңдер.
Бүгінде қыздарымыз әкепті асты,
Даярлаған өз қолымен, ол бір өнер – деп, қыздарымызды үйден, аналарының көмегімен даярлаған тағамымен ортаға шақырайық.

«Брейк биі» Ахметов Айдос

«Мен жасаған ерекше киім үлгісі.»
«Адам көркі - шүберек» деген екен,
Қазірде сән үлгілер керек екен.
Әр арудың өз бейнесі өзгеше,
Сыр шертеді талғамы, бөлек елден – деп, ару қыздарымыздың ешкімге ұқсамайтын, өз қиялынан туындаған киім үлгісін тамашалайық.

Ару қыздарымыздың өнерін бағалап - саралау қорытындысын таныстырып, марапаттау, құттықтау қазылар алқасына тапсырылады.

Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ана- ?мірді? шуа?ы

Автор: Капалбаева Алтынай Даулеталы?ызы

Дата: 12.02.2015

Номер свидетельства: 171846


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства