kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адасқанның алды – жөн, арты – соқпак

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушылардың «ислам діні» атын жамылған өзге ағымдарға түспеуін көрсете отырып, жалған діни ұйымдардың қауіптілігін түсіндіру. Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін маңызды әдіс екенін жеткізу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпак»

Тақырыбы: Адасқанның алды – жөн, арты – соқпак ....

Мақсаты: Оқушылардың «ислам діні» атын жамылған өзге ағымдарға түспеуін көрсете отырып, жалған діни ұйымдардың қауіптілігін түсіндіру. Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін маңызды әдіс екенін жеткізу. Діннің маңызы мен қасиетін ұғындыру.
Көрнекіліктер: Тақырыптық слайд, интерактивті тақта, бейнебаян
Сабақтың түрі: семинар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: 2 мин
а) Оқушылармен амандасу, Тақырып бойынша төсбелгі тағу

Өзге елден келен теріс жолды насихатташылар елімізде көбеюде. Ұлтымыздың салт – дәстүріне қарама-  қайшы пікірлер айтылады. Ислам дінін жамылып ислам құндылықтардың жоққа шығарып шет елден келген секта миссионеолері өздерінің қара ойларын іске асыруда. Олардың саны өкінішке қарай көбеюде.Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды теріс бағытқа тәрбиелеуде.Исламдағы теріс діни ағымдардың кесірінен қасиетті Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм, террор діні  саналуы қынжылтады.

Исламдағы ағымдар туралы оқушылардың айтқан пікірлері

Бейнебаян

Кіріспе сұрақтар:

  1. Ал енді балалар бұл бейнебаян жайлы біз не білеміз ойымызды ортаға салып көрейік, қане кім айтады?

  2. Алия, Дильназ, Бекет тобы презентация қорғайды

  3. Айдана, Мұқағали, Салтанат – кітаптар туралы мәлімет береді

  4. Ардақ, Данияр, Айда – газет дайындап қорғау

  5. Алтынай, Темірлан, Дамир, Айым, Жағылсы – көрініс көрсету

Бекіту:

«Салафиттер»немесе салафилер 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата – баба басында Құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған.»Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі.Негізінен «алдыңғы өткендер»,»бұрынғылар» деген мағынаны береді.Ал қазіргі заманның салафилерінің іс – әрекеттері Құран Аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.

«Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерінің таза мұсұлмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен.Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсұлмандармен араласпайды, мешітке бармайды.Мұсұлмандар арасында жік салушы.Мемлекеттің  саяси бағытын қабылдамайды.Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды.Ағым мұсұлмандар арасында ірткі салып,олардың бірлік – ынтымағын бұзуға тырысады.Дау – жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саясм эканомикалық  бағдарламасы нығаюына кері ықпал жасайды.

«Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері – ұстамдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп,Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру.Олар  адам  ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады.Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.

«Таблиғ  жамағаты». Нақты тұжұрым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді.Олардың екінші бір ата – «Дағуашылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру.Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды.Өздерін саясаттан бөлек ұстайды.Сақал қойып, ұзын көйлек киеді.Туған күнге, қайтыс болған адамның жетісіне, қырқына,  жылына бармайды.Көптеген мұсұлман мемлекеттері бұл ұйымның іс – әрекетіне тыйым салынған. 

«Нұршылар жамағаты» Түркияда пайда болған.Ұйымның мақсаты – мелекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдар тәрбиелеу.Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған.Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.

«Қадиян тобы» Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі Мұсұлмандарды діннен  аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді.Зиянды, жағымсыз  әдеттермен айналысуға, сатуға, қолдануға рұхсат береді.

«Хизбут-Тахрир» партиясы. Саясатқа бет бұрып мұсұлмандар арасында жан – жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы билікке қол жеткізуді көздейді.Хизбутшылар  мемлекеттік шекараны мойындамайды.


Қорытынды. Астанада «Мәңгілік ел» салтанат қақ­пасы бар. Айшықты сәулет нысанын салу идеясы Ұлт көшбасшысы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екені бар­ша­ға мәлім.
Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құ­дай», «Алла» сөздерімен мағыналас қол­данылды. «Мәңгілік ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді екен.
...Біз осылай болашаққа көз тігіп, «Мәң­гілік ел» болуды мұрат етіп отырмыз.. Әр­дайым ірі болу үшін бір болуымыз қажет екен. Мәңгілік ел болу үшін қандай ел болуымыз керек.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Ш.Құдайбердіұлы:

Әлемдегі діндердің түп мақсаты,

Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:

Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,

Еш діннің мақсаты жоқ мұнан асар.

Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,

Оны бөліп, дұшпандық қару жасар.

Інжіл, Құран бәрі айтып тұрса дағы,

Мағынасына адасып қара басар.

Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,

Дін десе білімділер тұра қашар.

Ешбір дін өйтіп дұшпан бол демейді.

Қанекей бұл сөзіме кім таласар?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпак

Автор: Бегімбетова Жансауле Құлтасқызы

Дата: 05.12.2016

Номер свидетельства: 365916


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства