kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7 с?уір-Д?ниеж?зілік денсаулы? са?тау к?ні

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а адам денсаулы?ыны? ?ымбаттылы?ын, ?мір с?ру ?шін ?ажеттілігін, басты байлы? екенін ??ындыру.

О?ушыларды? танымды? ?абілеттерін дамыту, с?йлеу шеберлігін жетілдіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7 с?уір-Д?ниеж?зілік денсаулы? са?тау к?ні»

Тақырыбы: 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні

Класс: 6 «в»


Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көрме, суреттер, сызбалар, слайд.


Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.


2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау. Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар? Әрине, Денсаулық.

Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.

Денсаулық дұрыс тамақтану.

Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.

Денсаулық таза ауада көбірек жүру.

Денсаулық тазалық сақтау.

Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.

Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады.


3. Жаңа сабақты бекіту. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады. Сондықтан 4топқа бөлініп отырайық.

1-топ «Шымыр»

2-топ «Денсаулық»

3-топ «Сымбат»

4-топ «Спорт»

Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса сайысымызды бастайық.

Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Сайысты бастамас бұрын сарапшылармен танысып алайық:

  1. Каримова Галима Амиржанқызы- мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

  2. Есенғұл Сәтбек Аманбайұлы- денешынықтыру пәнінің мұғалімі

  3. Медбике


1-бөлім «Таныстыру»

Әр топ өздерін таныстырып ұрандарын айтады.

«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң шымыр боларсың»

«Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық – ел байлығы»

«Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қслыңда»

«Спорт» тобының ұраны «Спорт-денсаулық кепілі»

2-бөлім. Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысу.

  • Сұрап алған аурудың емі табылмас.

  • Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.

  • Бірінші байлық – денсаулық

Екінші байлық– ақ жаулық

Үшінші байлық-он саулық

  • Тазалық – саулық негізі

Саулық – байлық негізі.

  • Жан ауырса — тән азады,

Қайғы басса — жан азады.

  • Жалқаулық — жаман ауру.

3-бөлім. Карточкамен жұмыс

1-карточка.

«Денсаулық» себетіне өзіңе пайдалы, дәрумендері мол жеміс-жидек, көкөністердің суретін жина, түсіндір.

2-карточка.

Қандай ұлттық ойындарды білесің, ойынның бір түріне тоқтал.

3-карточка.

Денсаулыққа пайдалы күн тәртібін жаса.

4-карточка.

Денсаулыққа зиянды әрекеттерді ата

4-бөлім. «Жарнама»

(1-топ айранды жарнамалайды)

1-оқушы.Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт-табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.

(2-ші топ құртты жарнамалайды)

2-оқушы. Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанща, осы құртты сатып алған тиімді.

(3-топ сабынды жарнамалайды)

3-оқушы. Бұл — «Тазалық» деген сабын. Бұл сабын денедегі әртүрлі микроптарды жояды. Бетті, қолды шаңнан тазартады.

4-оқушы. Секіргіш-денсаулыққа пайдалы құрал. Көп жаттығу жасап, денсаулығыңды сақта! Спортпен шұғылдан!

(4-топ секіргішті жарнамалайды)


Құрметті оқушылар қазір ортаға бүгінгі сабағымыздың қонағы мектеп медбикесін ортамызға шақырғым келіп отыр. Апай сіздерге Зика вирусы және оған қарсы күрес жүргізу бойынша мағлұмат береді. Сіздерді қызықтырған сұрақтарыңыз болса, сұрақ қоюларыңызға рұқсат.

Зика вирусы 1947 жылы анықталды. Алғаш рет ол Уганда еліндегі Зика орманында өмір сүретін макакадан табылған. 2007 жылға дейін Зика вирусы адам ағзасында сирек кездесті: бар болғаны 15 қана жағдай. Дәл осы жылы Микронезия мен Полинезияда аталмыш вирустан туындайтын ауру жаппай тарады. Вирус масалар арқылы тарайды, алайда жыныстық қатынас арқылы адамнан адамға тараған жағдайлар да болған.

Вирус тудыратын Зика безгегіне төтеп беру оңай және ол адамды өлтіре қоймайды. Безгектің белгілері – бөртпе, бас ауруы, температураның жоғарылауы. Безгек вирус қанға түскен соң бірнеше күннен кейін басталып, бір аптаға жуық уақытқа созылады және осы уақыт аралығында ешқандай мардымды қиындық тудырмайды. Зика вирусынан адамның өлуі өте сирек, адам өліміне дәл осы ауру себеп болды деген нақты айғақ жоқ десе де болады. Вирусты жұқтырғандар безгекке дәрігерге көрінбей-ақ төтеп береді, оның үстіне ауруға қарсы екпе де жоқ.

Микроцефалия – бас сүйек пен ми көлемінің өспей қалуымен сипатталатын туа біткен ауру. Әдетте ондай балаларда ақыл-ой кемтарлығы байқалады.

Зика вирусы микроцефалияға әкелуі мүмкін. Зика безгегі байқалған аймақта микроцефалиямен дүниеге келген сәбилер көбірек тіркелген. 2015 жылдың күз мезгілінен бастап Зика безгегі тұтанған Бразилияда микроцефалияның тіркелуі 30 есе өскен. Жүктілік кезінде безгекпен ауыру мен микроцефалий арасында байланыс бар екені ғылыми әдіспен дәлелденбеген; 2015 жылдың қараша айына дейін мұндай байланыстың болуы мүмкін екені мүлдем белгісіз болды, алайда Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген бақылаудан қандай да бір байланыс бар деген тұжырым жасауға болады.

Зика вирусының тағы бір қаупі – Гийен – Барре синдромы. Бұл бұлшықеттің әлсіздігінен көрініс табатын өте сирек аутоимундық ауру. 15 пайыз жағдайда синдром сал ауруына әкеледі. Көп жағдайда толықтай емделіп кетуге болады. Алайда тыныс алудағы қиындықтарға байланысты өлім қаупі бар. Микроцефалийдегідей, мұнда да байланыс ғылыми түрде анықталмаған.

Тек Бразилияның өзінде 2015 жылы Зика безгегімен бір жарым миллион адам ауырып шықты. Нақты санды айту қиын, себебі ауырғандардың бәрі дәрігерге бара бермейді. Вирус Aedes масаларының кей түрлері өмір сүретін кез келген ай аймақта таралуы мүмкін. Яғни бұл – Африканың барлық территориясы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Индия, Оңтүстік және Солтүстік Америка (Канада мен Чилиді қоспағанда). Ауруға пандемия, яғни індет статусы берілген. 


  1. Сергіту сәті. Жаттығу орындау.

  2. Қорытынды, бекіту.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.

Тәуелсіз ел тірегі - дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.

Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,

Таза болып жүреміз.

Біз баламыз шыныққан,

Денсаулығы мықты жан.

6.Үй тапсырмасы: «Денің сау болсын десең...» ойтолғау.


Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!




























№8 орта мектеп














Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: «7 сәуір - Дүниежүзілік Денсаулық күні»










Дайындаған: Сулейменова М.А.

6 «в» класс жетекшісі.















Ақтөбе-2016


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
7 с?уір-Д?ниеж?зілік денсаулы? са?тау к?ні

Автор: Сулейменова Мерует Ас?ар?ызы

Дата: 09.06.2016

Номер свидетельства: 333621


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства