kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1-?ырк?йек білім к?ніне арнал?ан сынып са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Cынып о?ушыларына ?ркендеп ?сіп келе жат?ан ?аза?стан Республикасыны? болаша? ту ?стар, елін, жерін ?ор?ар азамат болып ?сулеріне ы?пал ететін ?лтты? т?рбие беру. Ата За?ымыз бен ?аза?стан Ассамблеясыны? 20 жылды?ы туралы ??гімелеу.

Саба?ты? т?рі: Аралас саба? (с?ра? – жауап, пікір - талас)
К?рнекілігі: та?ырыпты? суреттер, на?ыл с?здер,

Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і
М??алім: ??рметті о?ушылар, келген ?она?тар! Б?гінгі «Мені? Отаным - ?аза?стан» атты ашы? т?рбие са?атына ?ош келді?іздер. Егемендігімен т?уелсіздігі жас мемлекетімізді? жа?а Конституциясын ?абылдау о?ай бол?ан жо?. ?аза?стан ?шін ?ндірістік ?атынастарды? жиынты?ы болып табылатын экономикалы? базисте, ?атынастарды? ???ы?ты? негіздерін ?айтадан ?алыптастыру ?ажет болды.


Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1-?ырк?йек білім к?ніне арнал?ан сынып са?аты »

Бұланды ауданы

Қараөзек орта мектебі











Тақырыбы:

«Менің Отаным Қазақстан»

5-6 сынып



Өткізген: Базар И.




















2015 жылы




Менің Отаным - Қазақстан


1 қыркүйек Білім күні
Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Cынып оқушыларына өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғар азамат болып өсулеріне ықпал ететін ұлттық тәрбие беру. Ата Заңымыз бен Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығы туралы әңгімелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сұрақ – жауап, пікір - талас)
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, нақыл сөздер,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Құрметті оқушылар, келген қонақтар! Бүгінгі «Менің Отаным - Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Егемендігімен тәуелсіздігі жас мемлекетіміздің жаңа Конституциясын қабылдау оңай болған жоқ. Қазақстан үшін өндірістік қатынастардың жиынтығы болып табылатын экономикалық базисте, қатынастардың құқықтық негіздерін қайтадан қалыптастыру қажет болды.

Енді келесі кезекті 5-6 сынып оқушыларының отан, рәміздер, елбасымыз туралы өлең жолдарына кезек берейік

1 – оқушы 6 «А» сынып оқушысы Сархат Айбол
2 – оқушы 5 «А» сынып оқушысы Хайымхан Бекйбарыс

3 – оқушы 6 «А» сынып оқушысы Серікбол Айсулу
4 - оқушы: 5«А» сынып оқушысы Сайым Гулдана
5 - оқушы: 6 «А» сынып оқушысы Ерханат Алтынжан
6 - оқушы: 5 «А» сынып оқушысы Аманбек Бақтияр
7 – оқушы 6 «А» сынып оқушысы Жанасқызы Ботагоз
ІІ. Сұрақ – жауап ойыны.
Қандай қаланың аты саннан, дене мүшесінен және тамақтың атынан тұрады? (Екібастұз)

2.     Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды. (Бурабай курорты)

3.     Астананың көне аты қалай аталған? (Қара өткел)

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім болды?

(Н. Назарбаев)

        

4 «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (И. Есенберлин)

5. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады? 

             (қараша,1993ж.)



ІІІ. Қорытынды топпен жұмыс.  Сынып төрт топқа бөлініп өз тапсырмалары бойынша жұмыс жасайды.

 Құрметті делегаттар бүгінгі конференцияның тақырыбы:

«Менің Отаным Қазақстан».

Конференцияның ұраны «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр!»

І топ – «Тарих - ғасырлар куәсі»

ІІ топ – «Ата Заң»

ІІІ топ – «Бірлік»

ІҮ топ – «Мәңгілік Ел»

Конференцияда қаралып отырған тақырып бойынша  деректер таптарға берілген.  Әр топқа 10 минут уақыт беріледі

 Патриоттық ән.

І топқа – «Тарих - ғасырлар куәсі»

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс - шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында.

ІІ топ – «Ата Заң»

Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.

Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді. Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью - Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.

Қастерлі  құндылығымыздың қағидаттарын  бұлжытпай  орындаудың  нәтижесінде  біз қысқа мерзімде  мызғымас мемлекетімізді   орнатып,  Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз  бен тұтастығымыздың кепілі ретінде  біздің бірлігімізді  бекемдеп, елдегі тұрақтылық  пен  татулықтың берік тұтқасы болды.

Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі  халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа   Конституция қабылдау арқылы Қазақстан  жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі  межеге биыл 20 жыл толып отыр. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы  түп- қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.

                         Ата заңың- мерейің,

                         Мәртебең мен беделің.

                         Ата заңмен өркендеп,

                         Өсіп, өрлей берейін!   

ІІІ топ – «Бірлік»

Бірлік – барлық қиындықтарды жеңуге қабілетті күш. Ортақ міндеттерді шешу кезінде әркім өз өмірін жақсартуға тырысады. Ынтымағы жарасқан ел ғана ертеңгі күнге сенімді. Біртұтас мығым ұлт – кез келген тарихи жағдайларда өркендеудің кепілі. Сонымен бірге, озық елдер қатарына

қосылуды сезіну әрбір қазақстандықта бейбітшілік пен тұрақтылық үшін ортақ жауапкершілік туындатты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім – ол өміршеңдік

оттегі», – деп ерекше атап көрсетті.Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда бірегей және халық бірлігінің осы кезге дейін еш жерде қайталанбаған моделі

қалыптастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жиырма жыл аралығында Қазақстандағы барлық этностардың достық, тағаттылық және мәдениеті мен дәстүрін бірге дамыту идеясы іске асырылған қоғамды үйлестірудегі өзекті тетік қызметін атқарып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы сондай-ақ ағымдағы жылы 20 жылдығы атап өтілетін жаңа Қазақстан Конституциясын қабылдау бойынша

бүкілхалықтық референдум бастамасын көтерді. Осы жылдар ішінде Ассамблея Мәжіліс депутаттарын сайлау құқына ие конституциялық органға айналды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды, әлемде баламасы жоқ және ол еліміздің болашағы үшін өте маңызды, себебі оның нормалары біздің ұлтаралық саясатымыздың негізін қалыптастырады.

Қазақстандық модель барлық халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды. БҰҰ-да тұсаукесері табысты өтті және 60 тілге аударылды. Барлық әлем үшін ол қоғамдық тұрақтылықтың өнегесі, 100 этнос пен 17 конфессия мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау мен нығайтудың үлгісі болды.

Қазақстан Республикасында оқыту толығымен өзбек, ұйғыр, тәжік және украин тілдерінде  жүргізілетін 88 мектеп жұмыс жасайды. Қазақстанда 108 мектепте 22 этностың тілдері жеке пән ретінде оқытылады. Мұнан бөлек, 30 этностың тілі оқытылатын мамандандырылған 195лингвистикалық орталық ашылған. Ақпараттық өрісте 35-тен артық этникалық газет, журналдар белсенді жұмыс жасайды. Ең ірі 6 этникалық республикалық газет мемлекеттің қолдауымен жұмыс істейді. Газеттер мен журналдар 11 тілде шығады, радиохабарлар – 8 тілде, ал телехабарлар – 7 тілде жарияланады.

ІҮ топ – «Мәңгілік Ел»

Біздің мемлекетіміздің түп негізі – бұл бейбітшілік және келісім, бірлік және тұрақтылық. Қазақстан көптеген елдердегі әлеуметтік күйзелістер мен ғаламдық тұрақсыздықтың өсуі аясында орнықты және сенімді түрде дамуда. Мемлекет басшысының «2050-Стратегиясы», жаңа индустрияландыру,

«Нұрлы жол», Бес институтиционалдық реформа, «Мәңгілік Ел» сияқты үздік бастамалар – бұлар көп жылға бұрын есептелген ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мега-жобалар. Оларды тек қуатты бүкілхалықтық механизм ғана іске қосуға қабілетті. Болашақ біртұтас ұлт осындай бола алады. Бүкіл қазақстандық бірегейлік пен азаматтық принципті одан әрі нығайтуға, «Мәңгілік Ел» идеясы базасына біріктірілген құндылықтарды, тілдердің үштұғырлылығын, қазақ ұлтының негізі ретінде орта тапты дамытуға негізделген болашақ біртұтас ұлт қана азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады.

«Мәңгілік Ел» – бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.

«Мәңгілік Ел» – барша қазақстандықтарды біріктіретін біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.

«Мәңгілік Ел» – бұл қазақстандық мемлекеттіліктің терең тарихын айшықтайтын жалпыхалықтық идея!

«Мәңгілік Ел» – бұл өз Атамекеніне деген сүйіспеншіліктің белгісі, қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейі, рух күші, Отанға адалдық, еліне шынайы берілгендік, азаматтық борыш!

Қорытынды

М. Мақатаев  «Отан туралы» өлеңі

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйемін.

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйііп өтем.

Ән: «Атамекен»
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
1-?ырк?йек білім к?ніне арнал?ан сынып са?аты

Автор: Базар Индира

Дата: 02.09.2015

Номер свидетельства: 228265


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства