kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ж??палы аурулар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а  темекі, ара?, есірткі, ЖИТС-ті? ?азіргі та?да?ы адамзатты? басты проблемасы екенін, оны? зиянды жа?тарын т?сіндіру, ?асыр дертіне айналып отыр?ан кеселдерді? залалын жан-жа?ты ме?герту, зиянды заттардан барынша аула? болу?а ша?ыру, сана-сезімдерін дамыта т?су.
О?ушылар?а ЖИТС ауруыны? адам ?мірі ?шін ?атерлі, ж??палы екенін ж?не одан са?тану жолдарын т?сіндіру.
О?ушыларды  ЖИТС  (ж?ре  п.б.  иммунды?  тапшылы?  синдромы)  немесе  ЖЖБА -дан  са?тану  ?дістерін  ?йрету,  т?тенше  жа?дай  кезінде  д?рыс  шешім  ?абылдай  білу  ?абілеттілігін  дамытатын  ?ажетті  білім,  білік,да?ды  /ББД/  ?алыптастыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ж??палы аурулар»

Сабақтың тақырыбы: ЖИТС - адамзатқа төнген қауіпті дерт

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға  темекі, арақ, есірткі, ЖИТС-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
Оқушыларға ЖИТС ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.
Оқушыларды  ЖИТС  (жүре  п.б.  иммундық  тапшылық  синдромы)  немесе  ЖЖБА -дан  сақтану  әдістерін  үйрету,  төтенше  жағдай  кезінде  дұрыс  шешім  қабылдай  білу  қабілеттілігін  дамытатын  қажетті  білім,  білік,дағды  /ББД/  қалыптастыру. 
Сабақтың негізі:  Елбасының «Қазақстан – 2030» Жолдауы негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және осы тәрбиені ұрпақ боййына сіңіру ұстаздар алдында тұрған үлкен мәселе. 
Бұл сабақта қазіргі таңда елімізде де таралып бара жатқан, Қазақстан Республикасының әрбір азаматын ойландыратын ЖИТС дерті жайлы сөз болмақ.
 Онда ЖИТС-тің пайда болуын, таралу жолдарын, зиян екенін түсіндіру, нашақорлықтан бойларын аулақ ұстауға үйрету көзделді.
  Сабақта берілген нәтижелер арқылы оқушылар шылым шегудің физиологиялық зардабын және тірі ағзаға әсерін сипаттай алуы қажет.
 Қолданылатын әдістер: Конференция түрінде өткен сабақта пікірталас,  сұрақ-жауап,  әңгімелесу,топтастыру әдістері қолданылды.
 Көрнекіліктері:  Конференцияда ЖИТС дертінің жұғу жолдары бейнеленген плакаттар, баяндама,оқушылардың өзіндік жұмыстары,салған  суреттері «нақыл сөздер көрнекілікке алынды.
І ұйымдастыру кезеңі:
1.    Оқушыларды түгелдеу
2.    Сабаққа дайындау
3.    Топқа бөлу
Сабақ мазмұны:
 Мұғалім. Бүгін біз «Адамзатқа төнген қауіпті дерт» деген тәрбие сағатымызды бастағалы отырмыз. Бастамас бұрын, мына сөздерге көңіл аударайық:
Темекі
Алкоголь
Есірткі
-Жарайды, өте жақсы. Олай болса, осының әрқайсысына да көңіл аударсақ, бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. (Әрбіреуіне жеке-жеке байланыстырып тоқталу.)
-Балалар, сендердің жастарың нешеде?
-13-14-те, яғни сендір қазір жасөспірімсіңдер. Жасөспірімдік кезең – сендердің адам болып қалыптасуына септігін тигізетін негізгі даму кезеңі.
-Ал, балалар, сендер өздеріңнің есейіп жатқандарыңды байқайсыңдар ма?
-Сендердің айналаға қарап киінуге, жақсы жүруге талпынатын кезеңдерің.
-Ал, сендер үлкендерге ұқсағыларың келе ме?
-Әрине, ата-ана, ұстаздың көзінше бала бұларды мойындағысы келмейді. Ал кейбір жасөспірімдердің негізгі ойлары: темекі шегу – ересек болып көріну. Темекі шексе, өзін-өзі үлкен сезініп, өзіне-өзінің сенімі артып, үйге кіруге әлі ертесініп, «мамасының баласы ғой» дейтін балаларды ажырата алады.  
- Ия, алғашында осылай бола тұрса да, жасөспірімдер елігіп, шылым шегуді жалғастырады. Бірнеше рет шеккен адамға алғашқыдай жағымсыз әсер туғызбайды, керісінше, никотинге тәуелділік қалыптасады. Әрі қарай темекіге деген құштарлық туады.
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған ЖИТС (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. 
ЖИТС вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
ЖИТС қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады.
ЖИТС вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде ЖИТС - ті тарата береді.
ЖИТС - наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. ЖИТС - тен сақтану үшін не істеу керек? Мысалы: ішімдікке әуестік, токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір жасыңды қысқартады. Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ. Байлық та, бақыт та сол емес пе?
ВИЧ, қазақша АИТВ - адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және ЖИТС – пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.
Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда ЖИТС - тен қайтыс болған ата - аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл - қыздарының саны 9 млн - ға жеткен.
Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900 - ге жетті. Оның ішінде ЖИТС - пен ауыратындар саны - 25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны - 38.

ЖИТС ауруын тудыратын вирус - ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады.
Дархан: Кейде ЖИТС вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.
Ғасыр дерті – ЖИТС өршіп тұр. Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның ЖИТС - ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.
Денсаулығыңды ойласаң (лото)
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу - маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан - жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
Иә, мақал - мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.
Карточкалар үлестіріледі. (мақал - мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды, екінші бөлігін тауып оқу керек.
1. Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген
2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі -
Еріккеннің ермегі.
4. Шарап - арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.
6. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
7. Адам арақты ішеді.
Ақыл арақты ішеді.
8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр.


Қорытынды: ТЕСТ
1. ЖИТС жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
2. ЖИТС вирусын не дейміз?
а) Кох талшығы
ә) Айде
б) А вирусы
3. Қай жылы ЖИТС вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. ЖИТС қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
ә) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар ЖИТС - пен ауырғанын білмеген?
а) Африка
ә) Азия
б) Америка
г) Австралия
7. Қазақстанда ЖИТС - пен ауыратын адамдар кімдер?
а) жастар
ә) балалар
в) үлкен адамдар
8. ЖИТС - ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін.
а) норкомания
ә) әңгіме кезінде
в) темекі шегу
г) жезөкшелік
9. Дүниежүзілік ЖИТС - пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
10 Қай ел ЖИТС - пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды, оларға жағдай жасайды?
а) Жапония
ә) Канада
б) Қытай
в) Куба
Қорытынды:
ЖИТС адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ж??палы аурулар

Автор: Кабдиева Айдана Усеновна

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 274361


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства