kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жазылар мен туралы естелiктер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

“Жазылар мен туралы естеліктер”..                        ( М??а?али Ма?аевты? 85-жылды? мерейтойына ?арсы) ..Поэзия-?ылым, зерттеу керек. Адам ?міріні?, адам жаныны? зерттелмеген, ?алам тартылма?ан несі ?алды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезімін жан-жа?ты зерттейтін ??дірет болса, ол тек поэзия. Бас?а еш?андай да ?ылымны? ?олынан келмейтін шара б?л!”- деп ?аза? поэзиясыны? алыбы, а?иы? а?ын-М??а?али Ма?атаев айтып кеткен еді.  Поэзия сонау 15 ?асырда?ы Асан ?ай?ыдан басталып Б??ар, Абай, Ш?к?рімдерімен ?атар С?кен, Ілияс, Бейімбет, олардан кейін Жамбыл, Кенен, Ж?бан, Сырбай, ?адыр, Са?и, ??діретті М??а?али, Ж?мекен, Т?легендер салып кеткен жол емес пе? ?р адам ?р т?рлі ?нерді ?натады. Сол ?нер иелерін ?зіне пір т?тады. Мысалы, кейбіреулер саз ?нерін с?йеді.саз ?неріні? атасы-?ор?ыт бабаны да ?зіне пір т?туы м?мкін. Біра?, ?ай адам, ?ай ?нерге жа?ын болса, сол ?нерді? пай?амбарын ?зіне пір т?татыны а?ы?. Сол сия?ты, мені? де ?зіме тамаша ?найтын, сондай ??мартып с?йетін ?нерім бар. Ол-поэзия.От-поэзия.Поэзияны? шебері-М??а?али.И?, мені? пір т?т?ан адамым-осы. ??діреті-М??а?али. Мені?ше,шын а?ын д?ниеге бір-а? дана болып туады! М??а?али Ма?атаев –?аза?ты? рухани ?міріні? алтын ?азы?тарыны? бірі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жазылар мен туралы естелiктер"»

Нұртазина Алма Канапияновна Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Жазылар мен туралы естеліктер”.....

( Мұқағали Мақаевтың 85-жылдық мерейтойына қарсы)

.....Поэзия-ғылым, зерттеу керек. Адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол тек поэзия. Басқа ешқандай да ғылымның қолынан келмейтін шара бұл!”- деп қазақ поэзиясының алыбы, ақиық ақын-Мұқағали Мақатаев айтып кеткен еді.

Поэзия сонау 15 ғасырдағы Асан Қайғыдан басталып Бұқар, Абай, Шәкәрімдерімен қатар Сәкен, Ілияс, Бейімбет, олардан кейін Жамбыл, Кенен, Жұбан, Сырбай, Қадыр, Сағи, құдіретті Мұқағали, Жұмекен, Төлегендер салып кеткен жол емес пе? Әр адам әр түрлі өнерді ұнатады. Сол өнер иелерін өзіне пір тұтады. Мысалы, кейбіреулер саз өнерін сүйеді...саз өнерінің атасы-Қорқыт бабаны да өзіне пір тұтуы мүмкін. Бірақ, қай адам, қай өнерге жақын болса, сол өнердің пайғамбарын өзіне пір тұтатыны аңық. Сол сияқты, менің де өзіме тамаша ұнайтын, сондай құмартып сүйетін өнерім бар. Ол-поэзия....От-поэзия....Поэзияның шебері-Мұқағали....Иә, менің пір тұтқан адамым-осы. Құдіреті-Мұқағали. Меніңше,шын ақын дүниеге бір-ақ дана болып туады! Мұқағали Мақатаев –қазақтың рухани өмірінің алтын қазықтарының бірі.

Мұқағали поэзиясынан әр шумақ, әр өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да, тасқа да жар салған ақын жүрегінің жанталас үні естіледі....”Ойым бар менің, ойым бар менің ерекше. Жақсылық жауып, дүниені мынау сел етсе, жауыздықтардың жамандықтардың барлығын, көрге алып кетем керексе”, деп дүниедегі опасыздық пен жауыздық атаулының бәрін жалғыз өзі ғана арқалап кетуге бел шешеді. Мұқағали жырларындағы трагедия-жан азасы.

“Соқ, соқ, соқ жүрек!

Соқ жүрек, қозғал миым.

Ми қозғалмай, ойды да қозғау қиын.

Жырсыз өмір-мен үшін өмір емес,

Жырсыз өмір-мен үшін тозған бұйым”-дегізген жыр өнердің трагедиясы. Немесе мына бір өлең жолдарын алайық:

“Қарасаз қара шалғын өлең де өстім,

Қырға шығып ырысқа кенелмеспін.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім” –деп ақынның өзі айтып кеткендей. Мұқағали өлсе де оның сұлу да, нәзік жырлары еш уақытта өлмек емес.

Сол сияқты, ақынның өзінің қызы Майгүлге арнаған бірнеше өлеңдері бар. Оларды оқып отырғанда қайран ақын, қызыл гүлі сабағынан ерте жұлынғанда қалай күйзелсе, оқырманы да солай күйзелетін шығар деп ойлаймын. Өйткені, өзімнің Мұқағалидің осынау өлеңдерін оқығанда, көзіме еріксіз жас келгені анық. Мысалы, “Майгүлге” деген екінші өлеңінің мына бір шумағын алайық:

“Түсіме енді ап-арық қызым бүгін,

Қызым бүгін.....жұлынған қызыл гүлім.

Бақшамдағы балбырап пісіп тұрған,

Үзіп кетті, апырай жүзімді кім?.....”

Егер осы бір сұраққа жауып тапқыңыз келсе, ақынның балбырап пісіп тұрған қызыл гүлін кім үзгенін білгіңіз келсе, Мұқағалидың ‘Қош махаббат” атты кітабын ашып жіберіңіз де оқыңыз. Сол кезде ақынмен бірге күйзеліп, ақынмен бірге егілесіз.

Мұқағалидің сүйікті қызы Майгүлдің мына жарық дүниемен қалай қоштасқанын оқып, жан дүниең қан жылайды. Енді Мұқағалидың күнделігіне көз жүгіртейікші: “Айналам тарылып, құрсауланып барады. Жағдай қиын, өте қиын. 1972 жыл 22 наурыз” деген күйзелісті жолдардан басын тау мен тасқа ұрған ақынның жан айқайының жаңғырығын естиміз. “Ей, қалам ұстаған, қаламдас бауыр-туыстарым, халықты ұмытпаңдар! Халықсыз күндерін қараң! Оны сүйем деп байбалам салмандар. Оған тек ғашық бола біліңдер!1973 жылы 22 ақпан”. Міне, қандай тамаша сөз десеңізші. Неткен махаббат! Шын мәнісінде де халқымды сүйем деп байбалам салатын, құр кеуде ақындар аз емес. Ақиқатын айтар болсақ, Мұқағали айтқандай халыққа тек ғашық болу керек. Ал, енді мына сұраққа жауап ізделікші. Мұқағали, прозашы ма? Қалың оқырманның көпшілігі Мұқағалиды біріншідіен, поэзия арқылы таниды.Оны үлкен ақын ретінде бағалайды. Ал, Мұқағалидың бірнеше прозалық шығармалары да, “Қош махаббат” атты драмалық шығармасы да бар. Міне, Мұқағалидың таланты, дарыны қайда жатыр!? Ендеше, оны құдіретті Мұқағали деп атауымыз әбден дұрыс емес пе?!

Мен Мұқағали ақынға табынамын және оны жан-тәніммен түсінуге тырысамын. Мұқағали ақын арамызда жүрсе алпыстың үстіне шыққан, қадірменді ақынымыз болар еді. Әттең, жарық дүниемен ерте қоштасты. Ол-өзіннің қашан өлерін де, қашан қайтып жалындап жанатынын да біліп кеткен арқылы ақын. Себебі ол өзінің: “Өзімнің есебімде”..атты өлеңінде былай деп жазады:

“Өзімнің есебімде,

Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде.

Кім біледі...

Ендігі қалған өмір,

Неше жылға жетерін

Неше күнге.

Ұмыт болып есебің де, өсегің де.

Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде.

Қырықтың бесеуінде”-деп жазып кеткен Мұқағали, өзі айтқандай, сол қырық бестің о жақ, бұ жағында жарық дүниемен қоштасып кетті. Ойлап отырсақ құдіретті ақынның жарық ғаламмен қоштасқанына да біраз жылдың жүзі болыпты. Бейнесіне қарап отырсаң, алып денелі, кең маңдайлы, екі көзі тұнып тұрған мұн мен ойға толған толайым біртуар ақынның кезінде еш адам қадірін білмеген екен. Өкінішті....

Ақын “Алпысқа келдіңіздер” атты өлеңінде:

“Алпысқа келдіңіздер,

Бәрін де көрдіңіздер.

Бәріне сендіңіздер,

Бәрін де бердіңіздер.

Алпысқа келсек екен, енді біздер!”- деп алдағы өмірінен көп үміт күтеді. Алайда арманына жете алмай, үміт жүбі үзіліп, “ұйықтап кетсем болғаны төсегімде” деген ақын тап осы мезгілінде келмес сапарға аттанды.

Мұқағали Мақатаев жырлары-көбіне болашаққа үміт артқан жалынды жырлар. Мысалы:

Бүгін менің туған күнім,

Ой, бәлі-ай?

Мына адамдар неге

Жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім

Өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ

Қойғаны-ай.

Тойланбаса тойланбасын,

Не етейін.

Той көрмей-ақ, сый

Көрмей-ақ өтейін.

Қаламымды берші маған.

Біз осындай ақынға қалай қызықпаймыз? Әсіресе, мынадай дауылдап соққан, таңғажайып жырларыңызды оқып отырғанда! Біз де сіз сияқты халқын сүйген, халқы Сізді сүйген адал перзенттері болғымыз келеді.






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Жазылар мен туралы естелiктер"

Автор: Нуртазина Алма Канапияновна

Дата: 25.02.2016

Номер свидетельства: 298851


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства