kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

За?-б?рімізге орта?! т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: За? - б?рімізге орта?!

Саба?ты? ма?саты:

  • О?ушыларды?  ???ы?ты?  білімдерін  тер?дету,за?  алдында?  жауапкершілікті  арттыру,?йымшылды?  пен  т?ртіптілікті? тиімді  жолдарын  таба  білуге,саяси  сауаттылы??а  баулу;
  • О?ушыларды?  ?з  ???ытарын  ?ор?ай  білуге  ?йрету;
  • О?ушылар  бойында  демократиялы?  к?з?арас  ?алыптастыру;
  • ???ы?ты?  нормативтік  актілерді  орындай,??рметтей  білуге  ?йрету,адамгершілікке,елжандылы??а,???ы?ты?  сауаттылы??а  т?рбиелеу;
  • О?ушыларды?  ойлау,ты?дау,?з  ойларын  еркін  жеткізе  алу  м?дениетін   дамыту, шы?армашылы?  ?абілеттерін  шы?дау.

Саба?ты?  к?рнекілігі:

  • Слайдтар,видеороликтер.
  • За?,т?ртіп  туралы  на?ыл  с?здер.
  • Азамат  жолы-ар  жолы.  /Бауыржан  Момыш?лы/
  • Біреуді?  н?рсесін  ?рла?ан  адам  о  д?ниеде де  тоза??а  т?седі. /Хадистен./
  • ?діл  адамны?  адамгершілік  ?асиеттері  за?ды  жо?татпайды. /Менандер./
  • За?  адамды  ба?ындырады. /Т.Футлер./

Саба?ты?  ?дісі:    Тренинг -  саба?.

Саба?ты?  барысы:   

  • ?йымдастыру  кезе?і.
  • О?ушылармен  с?лемдесіп,т?гендеу.
  • О?ушыларды  саба?ты?  та?ырыбымен,ма?сатымен.ж?ргізілу  барысымен  таныстыру.
  • ?орытындылау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«За?-б?рімізге орта?! т?рбие са?аты»



«Тәрбиелі-тәртіптің құлы,

Тәртіпті –елдің құлы.»

Бауыржан Момышұлы

Бес түрлі қылмыс жасаған

адам қанша садақа берсе де

күнәсінен құтыла алмайды.

Хадистен.

Сабақтың тақырыбы: Заң - бәрімізге ортақ!

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың құқықтық білімдерін терңдету,заң алдындағ жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге,саяси сауаттылыққа баулу;

  • Оқушылардың өз құқытарын қорғай білуге үйрету;

  • Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;

  • Құқықтық нормативтік актілерді орындай,құрметтей білуге үйрету,адамгершілікке,елжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;

  • Оқушылардың ойлау,тыңдау,өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Сабақтың көрнекілігі:

  • Слайдтар,видеороликтер.

  • Заң,тәртіп туралы нақыл сөздер.

  • Азамат жолы-ар жолы. /Бауыржан Момышұлы/

  • Біреудің нәрсесін ұрлаған адам о дүниеде де тозаққа түседі. /Хадистен./

  • Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды. /Менандер./

  • Заң адамды бағындырады. /Т.Футлер./

Сабақтың әдісі: Тренинг - сабақ.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен сәлемдесіп,түгендеу.

  • Оқушыларды сабақтың тақырыбымен,мақсатымен.жүргізілу барысымен таныстыру.

  • Қорытындылау.

Мектеп оқушылары арасындағы қылмыс бойынша ОҚО көш бастап тұр. Мақтарал, Сайрам ауданының жасөспірімдері де бұзықтық жасаудан алдына жан салмайды. Ал ұстаздар шәкірттер тәртіпке бағынбайды деп шыр-пыр. Салдарынан қылмыс саны артып барады. Бұл өзекті мәселе облыстық ішкі істер департаменті басшылығы мен мектеп және арнаулы оқу орындарында да, өзекті мәселеге айналып отыр. Білім ұялары басшылары 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін шәкірттерді мейірімділік пен әділдікке баулимыз, ал жасөсіпірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың белең алуына ата-аналардың орасан ықпалы бар дейді.

Қос тарап арасында келіспеушілік жалғасып жатқанда, облысымызда жасөсіпірімдер арасындағы қылмыс саны 100-ден асып жығылған. 2011 жылы жастар арасында барлығы 425 қылмыс тіркелсе, 2012 жылы оның саны 57 болған. Бір жылдың ішінде 208 қылмысқа артып отыр. Ал 2013 жылдың 6 айлық көрсеткіші де жуырда белгілі болады.

ҚР Статистика агенттігінің 2009 жылғы ұлттық санақ қорытындысына жүгінер болсақ , ел халқының 70,2 пайызы ислам дінін, 26 пайызы христиан дінін ұстанады екен. Бұл деректер мен дәйектердің қаншалықты шындыққа жақын екендігін дәл қазір тап басып айту қиын. Өйткені , сақал қойғандар мен хиджап кигендерді тұмсығынан тізіп уаҺбилер мен сәләфилдердің қатарына қосқанымыз сияқты, жаны қиналғанда ғана Алланы ауызына алатын қаракөз қандастарымыздың бәрін ислам дінін ұстанады деп сеніммен айтуға әлі ертерек.


Мұғалім: Балалар,заң дегеніміз-қоғамның негізгі тірегі.Қоғам деп отыр-ғанымыз -мына біздер. Ата Заңымыз –еліміздің рәміздерінің бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция-бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген.Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақтылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын,халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.

Жүргізуші:

Армысыздар ұстаздар,қонақтар!Бармысыздар оқушылар!

Бүгінгі өткізгелі отырған тренинг –сабаққа қош келдіңіздер.

Сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Бұл тақырыпты таңдауымыздың өзіндік себебі бар.Өйткені қазіргі таңда жасөспірімдер арасында қылмыс жасау көптеп орын алып отыр. Олар қылмыс жолына өз ерліктерімен бара бермейді. Оған әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Бүгінгі тақырып аясында, өздеріңе берілген сұрақтарға емін-еркін жауап беріп отырсаңдар.Сонымен балалар сендерге алғашқы сұрақ, сендердің түсініктеріңде тәртіп бұзу дегеніміз не?

І –жүргізуші:

Осы сұрақ аясында келесі көріністі көріп тамашалайық. Экранға назар аударайық.

Мұғалім:

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың туындау себебін қоғамдық жағдайлардан, әлеуметтік себеп-салдардан, тәрбиелік жұмыстардың әлсіздігінен көруге болады.Дегенмен бұл бағытта көп жұмыстар атқарып жатырмыз.Тәрбие береміз,қылмыстың алдын алу шаралары түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Оның бәрінің қылмыстың аз болуына ықпал жасайтыны рас.Бірақ қылмыстың болуын түбегейлі жойып жібере алмайды? Неге?

Мерей:

Құқық бұзушылық дегеніміз-адамның қоғамға,мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соны заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті несе әрекетсіздігі.Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды,яғни келешегі болмайды.Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз.

Жадыра:

Менің ойымша тәртіп бұзу дегеніміз-сабақта тыныш отырмай, өзгелерге кедергі келтіру, мұғалімге дөрекі сөз қайтару, сабақтан қашу, тағы басқалар,бұл мектепке қатысты тәртіп бұзушылықтар.Ал мектептен тыс жағдайда біруге өрескел қылық көрсету,біреудің үйінің терезесін сындыру.т.т. басқалар мектептен тыс тәртіп бұзушылықтар.

Самат:

Қоғам үшін қауіпті адам,ол-қылмыскер.Қылмысқа жақын кісі,өзінің жеке басының мақсатын іске асыруды көздеп жүредіОл сол жолда ештеңеден тайынбайды. Біреуді жәбірлейді, әлдебіреудің қанын төгеді, тонайды, бопсалаумен айналысады. Бұл ретте қылмыс табиғатын, мәнін түсінуге қиынға соғады. Қылмыс табиғатының астында көп себеп бар-кек алу, өшпенділік,есе қайтару, пайда табу, тағысын тағылар.


ІІ –жүргізуші:

Келесі сұрақ: Тәртіп бұзу мен қылмыстың айырмашылығы бар ма?


Толқын:

Тәртіп бұзу мен қылымыстың айырмашылығы жоқ.Себебі,менің ойымша бүгінгі күнделікті тәртіп бұзып жүрген бала ертеңгі қылмыскер деп ойлаймын.Себебі,тәртіпті бұзушылардың бойы жамандықтарға үйреніп кетеді де қылмысқа бейім болып тұрады.

Рауан:

Ал мен Толқынның пікіріне толық қосыламын.Себебі,тәртіп бұзушылық балалықпен,білместікпен болуы мүмкін және оның салдары ауыр емес.Меніңше тәртіп бұзу ол әкімшіліктік құқық бұзу болып есептеледі.Ал қылмыс ол қасақана жасалады.Мысалы:ұрлық жасайды,кісі тонайды,адам өлтіреді.Мұның қоғамға қаупі өте ауыр.Ал бұзық болып жүрген жасөспірім баланы ертеңгі қылмыскер деп айтуға түбірлі қарсымын.Жас кезінде бұзық болған қаншама ағаларымыз,қазір үлкен адамгершілік иелері,отбасы отағалары,адал еңбек етушілер.

ІІ –жүргізуші:


Әңгімеміз қызықты өрбуде,біз тақырыбымызды ашу үшін: «Қылмыс дегеніміз не?»Оның анықтамасына тоқталайық.

Аийда:

Қылмыс қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі.Ол заң тыйым салған,заңмен жазаланатын өрескел қылықтар.Қылмыс жасағана кезінде 16жасқа толған адам жауапқа тартылады.Кейбір жағдайда өте ауыр қылмыс жасаған 14 жастағы қылмыскер де жауапқа тартылады.


  • Кісі өлтіргені үшін.

  • Қасақана денеге жара салғаны,денсаулығына зиян келтіргені үшін.

  • Әйел зорлағаны үшін.

  • Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін

  • Тонағаны үшін.т.б.

Гүлнара:

Қылмыс-бұл құқық бұзушылықтың бір түрі.Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан,оның қылмыстық Заңмен белгілетіндігімен және оны жасағанада қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс»ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 9-бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет-қылмыс деп аталады

Айгерім:

Қылмыс әрқашан іс-қимыл болып табылады,яғни,ол әрекетпен де,әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.Әрекет бұл бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны.Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды.Адамның ойлау қызметі жазаланбайды,өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

Дана:

Қылмыс-бұл қоғамға қауіпті әрекет,яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

Рауан:

Қылмыс-әрқашан құқыққа қайшы.Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

Лаура:

Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы.Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.

Айкерім:

Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше жасайды.Өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді.Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор.

Самат:

Сүрініп кетіп,тағдырын бүлдіріп алған жасөспірімдерді тәрбиелеуге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда.Салауатты өмір салтын қалыптастыру үрдісіне орай,тәрбиеленушінің спортпен шұғылдануға мүмкіншіліктері бар.Тар қапаста бостандықтың қадірін түсініп,қасиетін сезінгендер Аллаға құлышылық етіп,имандылыққа бас бұруда.

ІІ –жүргізуші:

Қылмыстық жауапкершілікке адам 14-жастан бастап тартылады екен.Әрбір баланың үйіндегі ата-анасы,мектептегі мұғалімдері менің білуімше адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелейді.Бірақ,қоғамымызда жасөспірімдердің қылмыс жасауы дегенмен тыйылып жатқан жоқ.Сонда балалар,

«Жасөспірімдерді қылмысқа қандай жәйттар итермелейді?»

Әлімхан:

Себебі:әр баланың өмірі әр түрлі жағдайда өтеді.Әлеуметтік қиындығы бар отбасының баласы мен төрт түлігі сай отбасындағы баланың мінезін,өмірге деген көзқарасын салыстыруға келмейді. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды»деген сөз бекерге айтылмаған.Отбасылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік баланың тағдырына,тіпті ойлау жүйесіне де әсер етеді.Бала айналаға қарап өседі.Өзінің құрбы құрдастарына қарап еліктейді.

Әлимұхаммед:

Дұрыс айтасың Әлімхан баланың не себепті тура жолдан тайып,қылмыс әлеміне еніп кететінін кім біледі? «Ақша», «байлық» дейтін түсініктердің дәуірі жүріп тұрған заманда,жақсы тұрмыс,қалың қалта баланың ойына кіріп шықпай ма?Оның үстіне жұмыс басты болып кеткен ата-ананың да баласының өмірін қадағалайтын мүмкіндіктері жоқ.Баланың ермегі болатын дұрыс нәрселер азайып кеткен.

Динара:

Ия Әлимұхаммед көшеге шығады,өзі сияқты бос жүргендермен жолығысады. Ақшасы болса ойын залдарына барып уақыт өткізеді. Ақшалары болмасы, бірігіп не істейтіндерін ойластыра бастайды. Олардан қалмауға тырысып,сол қатарда абыройлы,беделді болуы үшін не істемейді?! Топтың айтқанымен,солардың меңзеуімен жүріп тұруына тура келеді. «Баланы көше тәрбиелейді»деген сөзді жиі естиміз. Бұл дұрыс Өйткені бүгінгі бала,шын мәнінде,өз өмірімен жеке қалып отыр.Түске дейін мектепте болса,түстен кейін өз еркі өзінде.

Асылжан:

Балаға айтылған ақыл бір құлағынан кіріп,екінші бар құлағынан шығып кетеді. Себебі ол сондай кезеңді басынан өткізуде.Сол сияқты баланың өмірі қоғамның назарынан тыс қалған уақытта,баланың басына не кіріп шықпайды?Ғаламтор бола ма,әлде басқа да нәрселер бола ма,баланың табиғатына көп әсерін тигізуде.

Алпамыс:

Менің пікірімше қылмысқа итермелейтін жәйттар: еліктеушілік, қызғаныш, кек қайтару ,қастандық,жетіспеушілік тағы басқалары.

Аякөз:

Ал менің ойымша сабақтан қашу,нашар оқу, мектептегі жұмыстарға белсенді қатыспау, сонымен қатар қылмыстық іс-әрекетке әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларынан шығады деп ойлаймын.Себебі Қазіргі кезде көп жоғары оқу орындары ақылы,ал ол бала өзінің отбасының жағдайын көре тұра,жоғары оқу орнына түспек түгілі күндерін зорға көріп отырса,оның оқуын қалай төлейді?Міне,осындай себептер баланы артқа тартады.

Назерке:

Мен бұл пікірге түбегейлі қарсымын,себебі қазіргі таңда 11-сыныпты бітіргенде,ҰБТ-ді жақсы тапсырып,кез келген жоғарғы оқу орнына есік ашық.Мамандақ иесі болып,отбасына көмектесіп,отбасының әлеуметтік жағдайын түзеуге болады.

Жүргізуші:

Сендердің айтуларың бойынша,қылмысқа итермелейтін жәйттар, баланың отбасының әлеуметтік жағдайы әсер етеді дейсіңдер,бірақ біздің арамызда отбасыларының әлеуметтік жағдайы төмен балалардың сабақ үлгерімі жақсы,өзі тәрбиелі балаларды көріп жүрміз.Ал енді кейде керісінше бәрі емес әрине кейбір отбасының әлеуметтік жағдайы жақсы болса да тәртіп бұзуға бейім,сабақ үлгерімі нашар оқушылар бар.Әрине,сендердің ойларыңды сараптай отырып,әлеуметтік жағдайы белгілі бір дәрежеде әсер ететін шығар,бірақ бұл жауаптар менің сұрағымның жауабын толық ашпаған сияқты.Қане,кім тағы қандай пікірін айтады?

Мұғалім:

Сол пікір айтпас бұрын осында отырған қонақтар,балалар шаршаған болар.Сендермен сергіту сәтін өткізгім келіп отыр.

Менің сөздеріме мұқият боламыз.

  • Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

  • Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...

  • Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.

  • Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.

  • Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.

  • Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.

  • Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз.

  • Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.

Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.

Әлімхан:

Мен айтылып жатқан пікірлердің бәріне қосыламын.Бізге ата-анамыз,ұстаздарымыз жаман әдеттерден зиянды жақтары туралы айтып отырады.Жоғарғы сынып оқушылары мектеп бұрышында тұрып сабаққа кешігіп кіріп жатқандарын көреміз,өздерінен кішілерге дөрекі сөйлеп,кейде мәдениетсіз сөйлеп жатқандарын байқап қаламын. Ал қыз балалар ше? Әсіресе күн жылы кезде қысқа юбка киіп,үстіңгі жақтарында да ашық киімдерді киеді.Міне, тәртіп бұзу,тәртіппен ауытқу еліктеуден басталады. Сол үлкен аға-әпкелеріне еліктеп өсетін іні-қарындастарымыз бар.

Әлимұхаммед:

Әлімхан сенің пікіріңе қарсымын.Іні қарындастарымыз үлкендерге еліктейді дейсің,ендеше сол үлкендердің жақсы жақтарына еліктейік,қаншама жақсы жетістіктерімен,мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатындары бар.Ал кейбір тәртіпсіздер үшін барлық жоғарғы сынып оқушыларына күйе жағуға болмайды. Халқымызда мақал бар: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.»сондықтан тәртіп бұзуға,қылмысқа итермелейтін жәйттар еліктеушілік емес,әрбір адамның сана-сезіміне әсер етеді деп ойлаймын.

Жүргізуші:

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып,оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз.»

Алпамыс:

Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша,қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартылады.16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады,азамат жеке куәлік алады.

Самат:

1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды.

Динара:

2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы заңы қабылданды.

Дана:

2004жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Заңы қабылданды.

Жүргізуші:

Сендер тәртіп бұзушылық пен қылмыстың айырмашылығы туралы жайлы берілген сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер.

Енді көңіл қойып «Кім кінәлі?» көрінісін тамашалайық.

Мұғалім:

Ал, енді осы көріністе өздерің байқаған Айнұрдың осыншама көңіл күйінің жабырқауына,өмірден түңілуіне не себеп болып тұр.Бұл жағдайды алдын алуға болатын ба еді?


Мерей:

Меніңше бұл жерде кінәлі сынып жетекшісі.Сынып жетекшісі Айнұрдың көңіл-күйін осындай жағдайға жеткізбек шараларын жасау керек еді. Яғни сыныптағы балалардың оған қарым қатынасының дұрыс болуын қадағалауы тиіс еді.Қыздар,ұлдар оған мейіріммен қараулары керек еді.

Айкерім:

Менің пікірімше,Айнұрдың анасынан айырылуы-ол тағдыр.Ал мұндай күйде жүруіне бір ғана кінәлі адам-әкесі,оның ішкілікке салынуы.Егер әкесі ішкілікке салынбағанда,бәрі де дұрыс болар еді.


Асылжан:

Бұл жердегі әңгіме өмірден жасыған қызбала туралы болып тұр,ал оның орнында егер ер бала болса,ол мұндай тығырықтан шығу үшін ұрлыққа баруы немесе біреуден,өзінен кіші адамнан ақша тартып алуы мүмкін еді.

Бұлардан да басқа оқушылар осы тақырып аясында өздерінің сан қилы ойларын білдірді.


Жүргізуші:

Сонымен бүгінгі тақырып аясында өте жақсы,тиянақты өз ойларыңды білдірдіңдер.Мектеп қабырғасында жүріп тәртіпсіз болып жүргендер туралы көзқарастың да жақсы болмайтынын білдіңдер.

Ал қылмыстық әрекет үшін 14жастан бастап жауап беретіндігімен таныстыңдар. Ендеше біз:


Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі

оның алдын алған әлде қайда жақсы.

деген ұстанымды қалыптастырамыз.

Мұғалім:

Өте жақсы алған беттеріңнен қайтпаңдар.Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымызды қорытындылай келіп сендерге кеңес ретінде,өзі бір ақ берілетін және қайталанбайтын өмір деп аталатын үлкен жолды жүріп өтіп,артымызға қайырылып қарағанда өкінбейтіндей болйықшы,оның баға жетпес құндылығын,мәнділігін бала жастан біліп өсейікші.

Әлімхан:

Биылғы күтіп тұрған ұлттық біріңғай тестті сәттілікпен тапсырып,үлкен үмітіміз-жоғарғы оқу орнына түсу болатын және еліміздің жігерлі азаматтары болсын деп

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін»атты өлеңін оқып берейін.


Жүргізуші:

Болашақ-жастардікі.Ертеңгі ел тірегі жастар дейтін болсақ,олардың дендері сау,тәні таза болуы керек.Мағжан атамыз жырлағандай біз де жастарға сенейік.

Сонымен:\


Қылмысқа жол-жоқ!!!

Өнер-білім үйренуге-жауабымыз ия!!!

















































































































































































































































































































































































































































































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
За?-б?рімізге орта?! т?рбие са?аты

Автор: Егизбаева Гулдана Сексенбаевна

Дата: 03.04.2016

Номер свидетельства: 314558


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства