kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Заманауи мектептегі - жа?ашыл ?стаз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Заманауи  мектептегі -  жа?ашыл ?стаз

       Елбасы Н?рс?лтан Назарбаев «Болаша?та е?бек етіп, ?мір с?ретіндер-б?гінгі мектеп о?ушылары, м??алім оларды ?алай т?рбиелесе ?аза?стан сол де?гейде болады. Сонды?тан ?стаз?а ж?ктелетін міндет ауыр» деген болатын. ?азіргі заман м??алімінен тек ?з п?ніні? тере? білгірі болу емес, тарихи танымды?, педагогикалы?-психологиялы? сауаттылы?, саяси экономикалы? білімділік ж?не а?паратты?  сауаттылы? талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жа?алы??а жаны ??мар шы?армашылы?пен ж?мыс істеп, о?у мен т?рбие ісіне еніп о?ытуды? жа?а технологиясын шебер ме?герген жан бол?анда ?ана білігі мен білімі жо?ары жетекші т?л?а ретінде ?ла?атты саналады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Заманауи мектептегі - жа?ашыл ?стаз »

Эссе

Заманауи мектептегі - жаңашыл ұстаз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық  сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Қоғамның өзгермелі кезеңінде қазіргі заманауи мектептің талаптары да жоғары. Осыған орай ұстаз да заманына қарай жаңашыл ұстаз атануы тиіс. Жаңашыл ұстаздың бойында жауапкершілік, сенімділік, күш - жігер, рух болуы тиіс. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

 Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,- деген.

Сондықтан мұғалім өзі ізденіп қана қоймай, оқушысын ізденіске шабыттандыратын, жоғары біліктілік пен құзыреттілік иесі болуы шарт. Мұғалім тек бір ғана пәннің кәсіби шебері болуы жеткіліксіз, соңғы өркениет жаңалықтарын игере отырып, озық мәдениетті тұлға болуға ұмтылуы тиіс деп ойлаймын. Өзім ұстаздық мамандықты таңдағандықтан да заманның ағымынан қалмай, өз білімімді, біліктілігімді жетілдіріп, заманауи педагогикалық әдіс- тәсілдерді оқып, үйреніп, өз шәкірттерімнің бойындағы қабілет, дарындылықтарын ашып, жетілдіруге, шабыттандыруға күш салудамын.

Заманауи мектептің жаңашыл ұстазы атануы үшін, алдағы табыстылық үшін алдымен ұстаз баланы жан жүрегімен сүйе білуі керек, екіншіден, өзінің таңдаған мамандығын жақсы көре білуі керек деп ойлаймын. Абай атамыз айтқандай,

Ақырын жүріп, анық бас,

 Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-

Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздың үмітін ақтап, табысты болып жатса, ұстаз еңбегінің ақталғандығы емес пе?

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Менің де ұстаз атанып, өз елімнің азаматтарына сапалы біліп, саналы тәрбие беру, шәкірттерім өмірге бейімделген, кез келген жағдайда оң шешім қабылдай алатындай құзыретті тұлға болуын қалаймын.

Жаңашыл ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсеткім келеді:

–         Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

–         Қызметке бейімділігі

–         Кәсіптік білімі мен біліктілігі

–         Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

–         Ұйымдастырушылық қабілет

–         Заманға сай жаңашылдық

- Көшбасшылық

Осындай даралық қасиеттер ұстазды табыстылыққа, бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.





Кабдулкалыков Жаксыбай Мейрамұлы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Заманауи мектептегі - жа?ашыл ?стаз

Автор: Кабдулкалыков Жаксыбай Мейрамович

Дата: 21.10.2015

Номер свидетельства: 242346


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства