kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ш ж?зді? басын біріктірген хан Абылай

Нажмите, чтобы узнать подробности

: ?аза? хал?ын бір ханды??а біріктіріп, ?аза? мемлекетіні? іргетасын ?ала?ан Абылай хан жайында м?лімет бере отырып, оны? ?аза? тарихында?ы орны, ерлік істері жайында,  о?ушылар?а тарихи  талдай, т?жырымдай  білуге ?йрете отырып, ?осымша деректермен таныстыру.

 Абылай ханны? ?аза? тарихында?ы алатын орнын аны?тай отыра, о?ушыларды ?а?арман т?л?аларды? ерлігін ??рметтеуге, ерлікке, отанс?йгіштікке, ?лтжандылы??а, батылды??а  т?рбилеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ш ж?зді? басын біріктірген хан Абылай»

1

Үш жүздің басын біріктірген хан Абылай

Мақсаты: Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында мәлімет бере отырып, оның қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайында, оқушыларға тарихи талдай, тұжырымдай білуге үйрете отырып, қосымша деректермен таныстыру.

Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отыра, оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге , ерлікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, батылдыққа тәрбилеу

Көрнекілігі: Абылай ханның үлкен суреті, кітап көрмесі, куй, компьютер, презентация

Слайд №1

Кітапханашы: Абылай – үш жүздің басын қосқан данышпан хан, алып мемлекеттердің аузына іліктірмей елін сақтап қалған кемеңгер дипломат, жаумен айқаста жеңістің жолын таба білген көреген қолбасшы. Хан қазақ халқын тар жол, тайғақ  кешулердің талайынан аман алып қалды.

Қазақ тарихында өшпес орны бар Абылай Ханды асқақтатуымыз керек. Егеменді ел болып, тәуелсіздігіміздің көк байрағын желбіреткен шақта біз тамыры тереңде жатқан тарихымызды өзімізге де, өзгелерге де танытуға тиіспіз. Бүгінгі іс шарамыз үш жұздің басын біріктіріп, халқымызды тоз- тоз болудан , елдігіміздді ыдыраудан сақтап қалауүшін жанқиярлықпен күресе білген батыр бабамыз Абылайға араналады.

Еңдеше, сол қазақ халқының тағдыры талауға түскен кезде елін-жерін жаудан қорғап, азат еткен, қазақтың қазақ болып қалуында зор рөлі болған бабаларымыз, қазақ халқының ханы Абылай жайында болмақ.

Слайд № 2

Ал енді кезекті оқушыларымызға береміз

Сахнаға қазақша киінген ұл бала шыгады, суретке қарап тұрып: /2 а сынып оқушысы Серикбаев Замир /

Ұлы Абылай хан алып ием,

Асқар таудай алып ең,

Қазағым деп жанып ең,

2

Қазағым деп налып ең,

Тосылғаңда қалың ел,

Өзінді-өзің танып ең,

Намыс өртеп жағып ең,

Ұлы Абылай, хан ием!

Қорғаным ең, бағым ең!

Оқушы: Жәнибек

Алтын тәжін бақыттың киген ханым,

Елі-жұртын еңіреп сүйген ханым.

Алты Алаштың алауыз басын қосу

Еншісіне ең алғаш тиген ханым.

 

Өшкен оты қайтадан лаулаған хан,

Жан-жүрегін жалпының жаулаған хан.

Мың оралған жерұйық құрағындай,

Ұрпақтары алшынып қаулаған хан.

 

Кеншінді елеп, кемді де қоштаған хан,

Келешекке кемеңгер бастаған хан.

Дара туған дарбозым, хан Абылай,

Қазағымда өзіңнен аспаған хан…

Оқушы: Замир

Халық үшін жаратқан Дана-Құдай,

Әруағыңнан айналдым,Хан Абылай.

Шемендеген зар заман шер-сағыныш

Домбырамның сыймайды шанағына-ай.

Тауқыметін тағдырдың тарқан ханым,

Арқасына нар жүгін артқан ханым.

Иісі қазақ баласын соңына ертіп,

Жолбарыстай жаранып жортқан ханым.







3

Слайд №3Марал: Абылай ( азан шақырып қойған аты Әбілмансұр) 1711 жылы Түркістан билеушісі Уәли сұлтанның шаңырағында дүниеге келген. Оның шыққан тегі төре тұқымынан. Арғы атасы атақты Жәңгір хан (1628 – 1680ж.) нәсілінен. Жәңгір хан өлгеннен соң хан болып оның бәйбішеден туған үлкен ұлы Тәуке хан сайланадаы да, тоқалдан туған Уәлінің еншісіне Түркістан  билігі тиеді. Оның мұрагері – Түркістан әмірі Абылай сұлтан Әбілмансұрдың арғы атасы. Ол өз елін жерін қорғаудан аянбай қызмет еткен, жауларына қатігез қаһарлы болғандықтан оны халық арасында « қанішер Абылай» деп атап кеткен көрнеді. Одан туған Уәлі сұлтан (Көркем Уәлі)- Әбілмансұрдың әкесі 1723 жылы жаугершілікте қаза табады. Оны өлтірген жаулар сол кездегі ұғым бойынша артында кегін алатын адам қалдырмау үшін үрім бұтағының бәрін қырған. Тек қана Әбілмансұр тірі қалған. Оны жасынан тәрбиелеген  Ораз деген төленгіт өз жанын пида  қылып аман алып қалады да жасырын Үргінші асырады. Кейін арасына жыл салып баланы ертіп Ораз қалың ел қазақ жұртын іздеп Сары Арқаға тартады. Ал жолаушылар жолдан әбден арып – шаршап Үйсін Төле бидің ауылына кез болады. Әбілмансұр сол бидің үйіне келіп одан бас пана беруді өтінеді. Төле би баладан аты – жөнін сұрағанда ол қауіп ойлап атын айтпай «сіз қалай атасаңыз солай болсын» деген көрнеді. Шашы өскен, алба – жұлба киімі бар балаға Төле би Сабалақ болсын дейді. Ол баланы қамқорлығына алып малын бақызады. Сөйтіп Әбілмансұр Төле бидің қойын, жылқысын бақты, түйешісі болды. 18 жасында Төле бидің Сабалақ аталған түйешісі көп қолмен қалмаққа қарсы аттанады. Бөгенбай 80 жасында қалмақтың батырымен жекпе-жекке шықпақшы болады. Әбілмансұр Бөгенбайдан рұқсат сұрап қарсы шығады. Осы ұрыста қалмақтарды ойсырата жеңеді. Осы жеңістен соң "Абылай" аталады.

Окушы : Мадина

Сабалақ "Абылай" деп ұран салды,

Найзаны майыстырған жұлып алды.

Құлаштай сарбестіге қамшы басып,

Ағындап шауып келіп, кезек алды.

Оқушы : Рамиля

Көз жетпей, сене алмай тұр көрген пенде,

Қалмақтың басы түсті әуел жерге,

Мұқыл терек секілді дене қалды,

Дулыға жерге түсіп, жарқ еткенде.

4

Оқушы : Мадина

Әкеліп қасқа атты да ханға берді.

Кім сыйламай тұрады мұндай ерді.

Батырларды қасына ертіп алып,

Қалмаққа тобын жазбай, қайта кірді.

Оқушы: Рамиля

Ей,Абылай , Абылай!

Мен өзіңді көргенде,

Тұрымтайдай ұл едің,

Түркістанда жүр едің,

Үйсін Төле бидің

Түйесін баққан құл едің!

Жаныс Қарабайдың үйінде

Түнде туған ұл едің

Оқушы: Гүлдана

Ай, Абылай сен он бір жасыңда

Әшейін-ақ ұл едің.

Он бес жасқа келгенде,

Арқада Әбілмәмбет төренің

Түйесін баққан құл едің.

Абылай атың жоқ еді,

Сабалақ атпен жүр едің.

Жиырма жасқа келгенде,

Оны да көрген жерім бар,

Жаныс Қарабайдың қолында

Түнде туған ұл едің .

Жиырма беске келгенде,

Бақты берді басыңа,

Тақты берді астыңа.

Отыз жасқа келгенде

Дүниедей кең едің.

Отыз беске келгенде,

Қара судың бетінде

Сығылып аққан сен едің.

Қырық жасқа келгенде,

Алтын тонның жеңі едің.

Қырық беске келгенде,

Жақсы-жаман демедің;

Елу жасқа келгенде,

Үш жүздің баласының

Атының басын бір кезеңге теңедің



5

Оқушы : Мадина

Абылай-ау , Абылай,

Момынғкеліп бек болдың,

Атаңды ұқпас ұл едін.

Қарсы менен құзарда

Жаланаяқ жүр едің.

Жаланаяқ жар кешкен,

Бөз тоқыған сарт едің.

Ата тегіңді сұраса,

Арқар ұранды жат едің,

Қай түріңмен төре едің?

Шешеңді және сұраса ,

Қай алтынның буы едің?

Оны да мен білуші ем,

Түрікменнің жерінде ,

Қашып жүріп күнелткен

Мәскенің қара күні еді.

Жұлдызың туды оңыңнан,

Жан біткен ерді соңыңнан,

Ақ жол тапты күніңіз

Арсы менен күрзіге

Тайталасты үніңіз.

Өзің болған күніңде

Жер-жиһанғасыймады,

Азат болған құлыңыз.

Ашуланба,Абылай,

Ашулансаң,Абылай,

Көтерермін, көнерімін.

Көтеріп қазыға салармын.

Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма,

Орыспенен соғысып,

Басына мұнша көтерген

Еліңе жаулық сағыгба!

Күнінде мендей жырлайтын,

Мініңді айтып сынайтың,

Тоқсан үштегі қария

Енді саған табылмас!

Слайд №4

6

Эльвира: Орыс тарихшысы В.В. Бартольд «Абылай хан - ХVIII ғасырдағы хандардың ішіндегі ең құдіреттісі» деп жазды Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

Куй «Түрікпен» орындайтын Жумаева Г слайд №5

Жания: Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да,

1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім

7

Слайд№6

Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И.Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.


Оқушы: Айдос

...Күңіреніп ойлағанда алаш жайын,

Жанымды орай берсе ұлы уайым.

Кеудемде күннің нұры толғандай боп,

Жырлаймын алты алаштың Абылайын.

Арсыға асқандаймын, тауап қылсам,

Кебедей Абылайдың Бурабайын ...

Оқушы: Маржан

Кебеже қарын, кең құрсақ,

Артық туған Абылай,

Көтере көр бұл істі.

Көп қытайдың жылқысы

Тұрымтайдай құнысты.

Жау жағадан алғанда,

Ит етектен алғанда,

Ер Абылай қорыққан жоқ.

Әншейін еңкейе бере жылысты.

Бәсентиін Сырымбет

Оқ жіберіп ұрысты.

Ақыл қалмас қашқанда,

Дегбір қалмас сасқанда,

Баяндай ерді көрмессің,

Бұрылып жауды шанышқанда!..

Майгүл: Хан тұсындағы сыртқы саясат слайд №7-8

 1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып,

8

Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды.

Оқушы: Балқия

Қазақтың ұлы ханы Абылай хан,

Көп емес өткеніне аз-ақ заман.

Уәли өз әкесі хан сайланбай,

Қазақтан басқа жаққа қоныс ауған.

Абылай хан хан боп өтті қолы жеткен,

Қазақтың баласына еңбек еткен.

Әкесі Абылайдың Уәли еді,

Өпкелеп хан бола алмай ауып кеткен.

Нағашысы Ғайып ханға кеткен ауып,

Тыныштық тұрып қапты сонда тауып.

Жетім-жесір боп қалды Уәлихан,

Елінен Ғайып ханның қалмақ шауып.

Ақтабан шұбырынды-аштық болып,

Ел кетті бет-бетімен қайың сауып.

Жас бала Әбілмансұр қалды жетім,

Еліне жетер емес қайта тауып.

Іздеп кеп Төле биге сәлем берді.

Таба алмай ата-баба туған елді.

Тағзыммен рұқсат сұрап кірген кезде,

Сәлемін қабыл алып Төле көрді.

9


Бір бала үсті-басы далба-дұлба,

Күрсініп дем алады анда-санда.

Жылтыр көз тікірейген, сұрғылт-сары,

Жаратқан ерекше қып Алла тағала.


Оқушы: Шынғыс

Қалданменен ұрысып,

Жеті күндей жүрісіп,

Абылайдың қасында

Бастарын бой тігісіп,

Сондай ауыр жорықта.

Қандыжаппен соғыста

Бірге болған батырлар

Мыналар еді егесіп:

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Беті қайтпас арыстар,

Шақшақұлы Жәнібек,

Серкеқара Тілеуке,

Қарақалпақ Құлашбек,

Тігіден шыққан Ертерек,

Шапырашты Наурызбай,

Құдаменде Жібекбай қасында,

Бақ-дәулеті басында.

Сеңгібай мен Шүйбекбай,

Таңсыққожа Мамыт бар,

Қасқараұлы Молдабай,

Қатардан жақсы қалдырмай,

Айнақұл, Батый ішінде

Өңкей батырды жиысты,

Абылай салды жарлықты.

Слайд №10-12

Кітапханашы: 1781 жылы Тәшкен жорығынан қайтып келе жатқан жолда Абылай хан өзін жайсыз сезінеді. Әскер тоқтап аялдады. Хан осы жерде бекініс тұрғызуға бұйрық етті. Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жеріндегі бұл бекініс халық «Хан қорғаны» деп атап кетті. Осы жылдың мамыр айында ұлы хан 80 жасында дүние салды. Абылайдың сүйегін үш жүздің жақсылары Түркістанда Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне арулап қойды. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды. Иә, Абылай аңызға айналған тұлға, бірақ біз ата тарихының бар

10

шындығын ашу үшін сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек. Және оны өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек.

Оқушы: Айдос

Өзіңсің айбарым да, айбатым да,

Санасқан орыс, қытай, ойратың да.

Ел берген жігер болды жігерің де,

Ел берген қайрат болды қайратың да.


Оқушы: Жулдыз

Елің үшін жауластың,

Жерің үшін дауластың,

Уа, Хан ием, Абылай!

Ешкімнен де ықпалдың,

Намыс туын жықпадың,

Маңдайдағы бағым-ай.

Теңіз құсап бұлқындың,

Найзағай болып сілкіндің,

Уа, Хан ием, Абылай!

 Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

Ерлерді ұмытса да елі ұмытпас.

Ел жұртының ойлайтын есендігін!

Ерің болса - сол ханның, осы елдігің.

Қымбат емес алтын тақ, Хан ордасы Қымбат бізге,

Абылай көсемдігің.

Кітапханашы: Қорытынды: Абылай бабаның аңсаған арманына да жеттік. Еліміз тәуелсіздік алды, басқа ұлыстармен теңесіп, көк туымызды желбіреттік. Біз бабалар өсиетін, аманатын ұмытқан жоқпыз. Олардың аруағына сиына отырып, істерін алға жалғастырып келеміз. Халқымыздың осындай біртуар ұлдарының бірі, тұңғыш президентіміз — Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев. Президентіміз басқа ұлттармен достық қарым-қатынасын нығайтып, дүние жүзі қазақтарының басын қосып, құрылтай өткізді. Бұл аталар дәстүріне адалдықты, сыйластықты білдіреді.

Осымен «Үш жүздің басын біріктірген хан Абылай атты конференцияны аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?ш ж?зді? басын біріктірген хан Абылай

Автор: Аймамбетова Дарига Толегеновна

Дата: 19.03.2016

Номер свидетельства: 307597


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства