kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ш тілді ме?геру-жар?ын болаша?ты? кепілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Президенттік «Тілдерді? ?ш т??ырлылы?ы» ба?дарламасыны? басты ма?саты-?аза? тілінде ?ысым жасау емес,керсінше оны? б?секеге ?абілеттілігін орыс ж?не а?ылшын тілі д?режесіне дейін к?теру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ш тілді ме?геру-жар?ын болаша?ты? кепілі»

Үш тілді меңгеру-жарқын болашақтың кепілі

     Президенттік «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының басты мақсаты-қазақ тілінде қысым жасау емес,керсінше оның бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру. Оның үстіне қазақ тілінің бәсекеге қабілеті осындай міндеттерді қоюға толық мүмкіндік береді. Сондықтан, халықтың орыс тілін білу деңгейін жоғалтпауымыз керек, ал ағылшын тілін – болашаққа жаңа даму шыңдарына бағытталған жол,себебі ол әлем мойындаған халықаралық қатынастар тілдерінің бірі. Сондықтан Н.Назарбаевтың Қазақстандықтарың өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде,орыс тілін ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп ойлаймын. Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Себебі,тіл саясаты оның ішінде мемелекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер болып табылады.

          Қазақстан халықтары тілдерін дамытудың стратегиясы үш негізгі мақсатта: мемлекеттік тілдің әлеуметтік – камуникативтік қызыметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этностық топтардың тілдерін дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан Республикасының тілін жүзеге асыру ,тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған,бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу,үш тілді – қазақ,орысжәне ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды тәрбиелеу.

Көптілділік – заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқалармен салыстыру арқылы ғана әлем суретін әр алуан және әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады. [1]

Бүгінгі таңда еліміздің Президенті Н.Назарбаев отандық білім берудің алдына жоғары талап қойып отыр. Білім беру бәсекеге қабілетті ,жоғары сапалы болуының нәтижесінде қазақстандық мектептердің түлектері өз білімін шетелдік ЖОО-да жалғастыра алатындай болуы қажет. Сондықтан білім берудің маңызды стратегиялық міндеті, бір жағынан ,үздік қазақстандық білім дәстүрлерін сақтау болса, екінші жағынан мектеп бітірушілердің халыаралық біліктілік сапасын, лингвистикалық білімін жетілдіру, ең негізгісі-мемлекеттік ,ана және шетел тілдерін меңгеруді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана – адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұның жаңартып, тиісті әдіс – тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені, білім әр адамға өмір бойы қажет екенін күнделікті тәжірибе дәлелдеп отыр.[2]

«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ» дегендей, әр педогог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс еңгізе алатын ұстаз ғана бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, саналы, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педогог қалыптастыра алады. Өйткені, жақсы мұғалім ғана жақсы оқушыларды тәрбиелей алады.

Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруде көзделіп отырған мақсаттардын ең негізгісі – әрбір жеке тұлғаға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына мүмкіндік туғызу.

Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудын сапасын жетілдіру - аса маңызды мәселе болып табылады. Осы мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс – әрекет мақсатын, мәндетін, түрін, тәсілін, жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз керек. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады.

Бүгінгі күні білім сапасы үлкен мәселе болып тұрғаны шыңдық. Білім сапасы – мұғалімдер жұмысының көрсеткіші және мұның бәрі пәндік олимпиададан, ғылыми жоба жарыстарынан көрініс табады. Осы жерде ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтын: «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педогогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, керек құралдар, құралсыз іс істелмейді» - деген сөзі ойға оралады. Бұл өткен ғасырдың басында айтылғанымен, жүз жыл өтсе де бағыт – бағдар болып тұр.

«Кез келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады» - делінген ҚР – сы орта білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік тұжырымдамасында. Орынды айтылған пікір. Жеке тұлғаны тәрбиелейтін адам – мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу жеміс бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып отыр.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет етуі керек және мына мәселелерге назар аударғаны жөн.

1.Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы.

2. Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін – өзі қорғауға ұмтылдыру.

3. Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау.

4. Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау.

5. Өзіне қарама – қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау.

Осы жайттарды ескере отырып, оқушыны жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін – өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызыметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі, мұғалім ең жауапты міндетті орындайды, ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкіртіде сондай сенім жүгін көтереді.

Оқытудың жаңа инновациялық әдістері пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту ,жаңалық, өзгеріс енгізу деген мағынаны білдіреді. Оның мәні: өздігінен және білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы-ақпаратпен қаруланған ,жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде,алыстан жақынға,таныстан жатқа көшіп,жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаева айтқан ,оқыту үрдісіне жаңа көзқараспен қарау керек. Жазу,баспасөз,электрондық пошта радио,теледидар мен комьютер күнделікті өмірде қарым-қатынасты жақсартуға және тілдік қарым-қатынастың төрт психологиялық әрекеттерін дамытуда көмекші құрал болып табылатыны аян.[3]

ЮНЕСКО XXI ғасырды «полилингвизм ғасыры» деп атады. Болашақ ұрпағымыз тек ана тілін меңгеріп қана қоймай ,бірнеше шетел тілін меңгеруі керек. Ал шетел тілін жан-жақты меңгертуде оқыту-тәрбие үрдісін қызықты, ыңғайлы және ұтымды қылу үшін бірнеше тілдегі (қазақ, орыс,ағылшын) әдіс – тәсілдерді қолдануымыз керек.

Тәуелсіз ел болған соң әлемнің барша жұртымен қарым-қатынас жасай бастадық. Енді біз тек орыс тілін ғана емес,қытай,түрік,ағылшын,француз және басқа ұлттардың тілін біліп, олармен қатынас жауға тиістіміз. Алайда, әлемде ең басты тіл-ағылшын тілі екені дау туғызбайтын ақиқат.Ағылшын тілін білсеңіз ,бүкіл елдерді аралауға мүмкіншілігіңіз артады.

Тілдік пәндерді біріктіру арқылы полилингвалды тұлғаны қалыптастыру заман талабы болғандықтан ,ұлағатты ұстаз өз білімін ,шеберлігін ортаға салып, оқушылар санасына сіңіру керек.

Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған.

Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз- ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз.Оған қоса ағылшынша білсең, әлемдегі ең үздік,ең беделді жоғарғы оқу орндарында білім алуға мүмкіндігің мол. Тіпті оқуыңды тәмамдаған соң біршама уақытқа шетелде қалып, еңбек етуін үшін де бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы ,ағылшын тілін білу-бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап. [1]

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан мектеп» журналы

  2. «Қазақстан-Zaman» газеті ; 15 қазан 2015 жыл.

  3. «Қоғам және мұғалім» 2011жыл,№5



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ш тілді ме?геру-жар?ын болаша?ты? кепілі

Автор: Сулейменова Мерует Ас?ар?ызы

Дата: 09.06.2016

Номер свидетельства: 333622


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства