kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ланымыз ?лы елді?!» Т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «?ланымыз ?лы елді?!»
Т?рбие са?атыны? ма?саты:
А) Бейбіт елімізді? ??рыш ?ал?аны ?арулы К?штер туралы т?сінік беріп, Отан ?ор?ау ісі е? басты міндеттері екенін ??ындыру;
?) ?лтты? салт – д?ст?р негізінде білімін ке?ейту,   ?лтты? д?ниетанымын ?алыптастыру.
Б) ?лтжандылы??а, отанс?йгіштікке т?рбиелеу, патриотты? сезімдерін ?штау.


К?рнекілік: иетербелсенді та?та, шарлар, та?ырып?а сай суреттер, на?ыл с?здер слайд

Барысы:
І. Ой ша?ыру.
- ?ымбатты балалар, б?гінгі ?неге са?атымыз Отан ?ор?аушылар к?ніне арналады. Т?рбие са?атымызды ?н?ранмен бастайы?.
(?н?ран орындалады)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ланымыз ?лы елді?!» Т?рбие са?аты»

Қызылорда облысы

Арал ауданы

№69 орта мектебі




Ашық тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Ұланымыз ұлы елдің!»

Жетекшісі: Дилмагамбетова А.Б

5-сынып

















2015 оқу жылы



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұланымыз ұлы елдің!»
Тәрбие сағатының мақсаты:
А) Бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштер туралы түсінік беріп, Отан қорғау ісі ең басты міндеттері екенін ұғындыру;
Ә) Ұлттық салт – дәстүр негізінде білімін кеңейту, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.
Б) Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ұштау.


Көрнекілік: иетербелсенді тақта, шарлар, тақырыпқа сай суреттер, нақыл сөздер слайд

Барысы:
І. Ой шақыру.
- Қымбатты балалар, бүгінгі өнеге сағатымыз Отан қорғаушылар күніне арналады. Тәрбие сағатымызды әнұранмен бастайық.
(Әнұран орындалады)

Оқушылар отанға, елге деген құрметтерін жыр шумақтарымен көрсетеді.

1.оқушы

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімнің жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген,
Ертеңімен Егеменді елімнің.

2- оқушы

Жас ұландар – Отан – ана өркені,
Үміт артқан болашағы ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартыңдар өлкені.

3-оқушы

Жас ұлан! Жарқылдаңдар, күліңдер!
Бақытты өмір сүріңдер.
Бар жақсылық, бейбітшілік,
Ұлы Отанды ардақ тұтып жүріңдер!

4-оқушы

Парызымыз Ұлы Отанға адалдық,
Бойымызда бар өскіндік, балалық.
Барша жанға үлгі - өнеге боламыз,
Біз, Жас ұлан! Адалдықтан жаралдық.

5-оқушы

Тыныштық – баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілікке таусылмайтын жыр әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

6 -оқушы

Біз, Жас ұлан! – туған елдің өркені,
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Сол үмітті арқалаған ұландар,
Болашаққа ізбасарын ертеді.

7-оқушы

Жас ұланбыз жаны жарқын,

Қайрат-күші құрыш мығым,

Тамылжыған жаны алтын,

Қорғаймыз ел тыныштығын.

8-оқушы


Сарбаздармыз саптағы біз,

Қатарымыз сөгілмеген.

Туған елдің мақтанымыз,

Адымдаймыз сенімменен.

9-оқушы

Желбіреген жалауымыз,

Ұлы Отанның ұланымыз.

Бейбітшілік қалауымыз,

Асқақтаған жыр-әніміз.

10-оқушы


Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арысы мен бергісі.

II бөлім. Кіріспе бөлім:

“Ұлан”термині Италияда (XII ғ.) пайда болған және мемлекеттік туды күзету үшін іріктелген жасақты білдірген. Кейін Ұлан Францияда(ХVғ.),Англияда,Швецияда,Пруссияда (ХVІІғ.), Түркияда,Жапонияда және басқа елдерде пайда болған.Ресейде бірінші Ұландық полктер (Лейб-ұлан) Преображен-ский және Семеновский полктерін І-Петр ХVІІ-ғасырдың 80-жылдары құрған. Қазақстанның аумағында жүргізілген қазба жұмыстары және басқа да зерттеулер ғалымдарға іріктел- -ген әскери құрылымдардың пайда болған кезеңін жобамен анықтауға мүмкіндік берді.

 Қытай жазбалары, мысалы, түрік қағандарында біздің эрамызға дейінгі V-VII ғасырларда жеке әскердің болғанын куәландырады. Қытайлықтар оларды «фули»деп атаған, ол түрік сөзінің «бори» деген сөзінен шыққан. Борилықтардың халаттарының түсі ерекше

болған және онда қасқырдың басы суреттелген. Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек, Керей (ХV ғ.) және олардың мұрагерлері - Есім, Қасым, Тәуке хандардың қазіргі

заманғы түсінік бойынша ұландықтар деп аталатын әскері болған. Оларға ханға адал, ақсүйектердің бозбалалары мен жеткіншектерін қабылдаған.Ұланның міндетіне хан отбасын қорғау,хан ордасын күзету,жол жүргенде ханға ілесіп жүру,көршілерден елші келгенде рәсімдік дәстүрлерді орындау кірген.Атты ұландықтардың пайда болуын тарихшылар хандар ру басшыларының қызметін,яғни әкім-шілік және әскери өкілдіктерді атқарған деп түсіндіреді.

Республикалық Ұланның тарихы

“ Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 16 наурыздағы № 673 Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданы,Красный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланы құрылды.

1992 жылдың 14 қазанында ҚР-сы Республикалық Ұланның алғаш қолбасшысы болып Сейілбек Алтынбекұлы Алтынбеков тағайындалды.

21.07.1993-09.10.1995 жылдар аралығында генерал-майор Төлеген Әнуарбекұлы Үмбетбаев ҚР-сы Республикалық Ұланның қолбасшысы міндетін атқарды.

03.03.1997-09.12.1999 жылдар аралығында генерал-лейтенант Сәт Бесімбайұлы Токпақбаев ҚР-сы Республикалық Ұланының қолбасшысы міндетін атқарды.

14.03.2001-31.01.2002 жылдар аралығында генерал-майор Болат Бақытжанұлы Жанасаев ҚР-ң Республикалық Ұланы-ның қолбасшысы міндетін атқарды.

14.12.1999-19.12.2000ж.ж,31.01.2002-2006 жылдың қаңтарына дейін генерал-майор Болат Ғазизұлы Ысқақов Республикалық Ұланның қолбасшысы міндетін атқарды.

2006 жылдың 23 қаңтарынан бастап генерал-лейтенант Абай Бөлекбайұлы Тасболатов ҚР-сы Республикалық Ұланының қолбасшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 23.01.2012 жылғы №247 Жарлығымен Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев ҚР-сы Республикалық Ұланының қолбасшысы болып тағайындалды.

2004 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен ҚР Республикалық Ұланы туралы жаңа ереже бекітілді. Республикалық Ұланы-Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, әскери құрама болып табылатын, ҚР-ң ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және қызметін "Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланы туралы" ҚР-ң Заңына сәйкес жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.

Республикалық Ұланының негізгі міндеттері:

-күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;

-рәсімдік жоралғыларды атқаруға қатысу;

-тізбесін ҚР-сы Президенті айқындайтын аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және қызметтік үй жайларды күзету;

-ҚР-ң Мемлекеттік туының және ҚР-сы Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету;

-соғыс және төтенше жағдай режимі жағдайында ҚР-ң заңнамасында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру;

-ҚР-сы Президенті белгілеген өзге де міндеттер болып табылады.

ІІI бөлім. Кім шапшаң? «Білімді мыңды жығар». Әр топ берілген сұрақтарға дұрыс және шапшаң жауап беру керек.

«Сарбаздар» тобының сұрақтары:
1. Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен?
2. Үш жүзді атаңыз?
3. Үш дауасызды атаңыз?
4. Бес дұшпанды атаңыз?
5. Ұлттық ойын түрлерін атаңыз?
6. Жігіттің үш жақын жұртын атаңыз?
7. Лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ?
8. Бес қаруды атаңыз?
«Қырандар» тобының сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының әскери анты қашан бекітілді?
2. Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен?
3. Бес асылды атаңыз?
4. Үш арсызды атаңыз?
5. Аттың ер – тұрмандарына нелер жатады?
6. Төрт түліктің пірін атаңыз?

7. Жеті қазынаны атаңыз?
8. Жеті жоқты атаңыз?


Ән: Аманбаева Фаризаның орындауында «Ән сал, сарбаз»
Жеңімпаз топ ұландар қатарына қабылданып, ант орындайды.

АНТ
«Мен, Қазақстан Республикасының азаматы, бүгінгі сайысқа қатыса отырып, сүйікті Отаным Қазақстанның дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы, өркениетті ел болуы үшін өз үлесімді қосып, сапалы білім аламын.
Алтын ұя мектебімді сыйлап, қастерлеймін. Мен өз Отанымның ержүрек, батыл қорғаушысы болуға салтанатты түрде ант беремін».

IV бөлім.

Қорытынды: Егемен еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау бұл әр азаматтың қасиетті борышы екені баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш – жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны - бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«?ланымыз ?лы елді?!» Т?рбие са?аты

Автор: Дилмагамбетова Алия Байшоковна

Дата: 20.02.2016

Номер свидетельства: 296262


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства