?аза? отбасында ?лтты? т?рбие ана ??рса?ынан басталып, адамды ?мір бойы ж?не оны ол д?ниеге шы?арып салумен ая?талатын ?дет- ??рыптар мен салт-д?ст?рлер негізінде ?здіксіз ж?ргізіліп, іс-?рекеттер мен ?арым-?атынастар ар?ылы ж?зеге асырыл?ан.
?аза? хал?ы бала т?рбиесіне ?лкен м?н беріп, о?ан ерекше к??іл б?лген.Себебі ол баланы отбасыны? ж?не ?мірді? жал?асы мен болаша?ы деп сана?ан.Отбасында баланы? к?п болуын тілеген.О?ан хал?ымызды? мынадай даналы? с?здері д?лел: «Бесіксіз ?йде береке жо?», «Балалы ?й базар, баласыз ?й ?у мазар», «Бала – адамны? бауыр еті» , т.б. бала туралы ма?ал-м?телдер.
?рбір отбасы д?ниеге келген жас н?рестені зор ?уанышпен ?арсы алып, жа?сы д?ст?рге, адамшылы? пен имандылылы??а т?рбиелеген.
Бала отбасы аясында т?леп ?седі, о?ы мен солын таниды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?рпа? т?рбиесі" »
Гүлмира Өтеулина Күреңбайқызы
Байғанин орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Жарлы ауылы
Эссе
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.
Қазақ отбасында ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны ол дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет- ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылған.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, оған ерекше көңіл бөлген.Себебі ол баланы отбасының және өмірдің жалғасы мен болашағы деп санаған.Отбасында баланың көп болуын тілеген.Оған халқымыздың мынадай даналық сөздері дәлел: «Бесіксіз үйде береке жоқ», «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар», «Бала – адамның бауыр еті» , т.б. бала туралы мақал-мәтелдер.
Әрбір отбасы дүниеге келген жас нәрестені зор қуанышпен қарсы алып, жақсы дәстүрге, адамшылық пен имандылылыққа тәрбиелеген.
Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын таниды.
Туа жаман жоқ, жүре жаман бар» деп халқымыздың даналары айтқандай, баланы есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектептің бірлесіп істеген жұмыстарына байланысты.
Жас ұрапақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. «бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаһар абат болады» дейді екен көне шығыс даналығы.Осы салыстырудың өзі – ақ баланың шын мәніндегі білікті білімді өнгелі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін зор еңбекті қажет ететін ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс екенін ұқтырса керекті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің бүгінгі жас ұрапақтың қолында, ал жас ұрапақтың тағдыры ұстаз қолында» деген сөзі мұғалімнің заман талабына сай жан-жақты білімін көтеруіне ықпал етті.
Ұстаз болып, өмір жолын бастадым,
Ақ қағазға сыр төкті жас жаным
Бар арманым ұрпақ үшін тер төгу,
Бір сол үшін қиындықтан қашпадым, - дегендей қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін ұстаз жолын таңдадым.
Еліміздің дамуына үлес қосатны , әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматты тәрбиелеу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.
Мұғалім – қоғамдағы басты тұлға.Дана да, ғалым да, батыр да, ақын да ұстаз алдынан өтеді, ұстаз тәрбиесін көреді.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын – адамның алтындығы, - деп Ғ.Қайырбеков ақын ағамыз жырлағандай ұстаз кім?
Ұстаз деп жауапкершілікті аталап ететін өз халқының адал шыншыл бала тәрбиелеуде жамандыққа жол бермейтін, бойында асыл қасеиттері мол, адамның рухани байуына қамқорлық жасайтын адамды айтамыз.Ұстаз оқушыларға білім бере отырып, балалардың досы олардың ақылшысы, рухани жетекшісі болуға тиісті.
Тәрбие жұмысын жүргізу барысында класс жетекшісі ретінде алдыма қойған мақсатым оқушыларды адамгершілікке , білімділікке бауырмалдылыққа, үлкенді сыйлай білуге, адамзат үшін теңдесі жоқ құрметті, асыл да ардақты адам ананы қадірлей білуге үйрету, анасын сүю арқылы еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
«Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады.Ата – анасын сыйламаған бала жолдасына да қоғамға да пайда келтіре алмайды», - деп Ы.Алтынсарин айтып кеткендей бірнеше сағатымды отбасына арнағанды жөн көрдім.Ата-аналармен бірлесе отырып, «отбасы-шағын қоғам» ,«Әке-алтын діңгек», «Ана – біздің күніміз» атты тәрбие сағаттарын өткіздім. Балалар ата-аналарына арнап жазған өз шығармаларын оқығанда жүрегі жұмсақ, алақаны аялы аналарымыз көздеріне жас алып, баласын деген сүйіспеншілік сезімдерін, жылы лебіздерін білдіріп, бір жасап қалды.
«Тәрбие мен білім - егіз» демекші, 10 ә сыныбына жетекшілік етемін. Аталған класс оқушыларымен 7 кластан бері жұмыс істеп келемін. Класымда 20 оқушы бар.Оның ішінде ұлы – 10, қызы – 10.Оқу үздігі екеу.Олар Бегендікқызы Айгерім және Жақсыбай Гүлжайна.8 оқушы оқу екпіндісі.Класс оқушылары бір-бірімен өте тату, ұйымшыл, ауыз- біршілігі мол оқушылардан құралған.Сынып мақтанышына айналған, үнемі белсенділік танытатын оқушылар саны өте көп. Мектепте өтетін домбыра үйірмесіне, пәндік үйірмелерге, волейбол үйірмесіне қатынасады. Оқушыларым ауданда өтетін пәндік олимпиадаларға қатынасып, жүлделі орындарға ие болды.Сонымен бірге республикалық «Ақбота», «Кенгуру», «Руский медвежонок» марафондарына қатысып, белсенділік танытып сертификат алған оқушылар бар.
Оқу жылының басында келетін 22 қыркүйек тілдер күніне интерактивті тақтамен оқыту үрдісін пайдалана отырып «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілім» атты ашық тәрбие сағатын өткіздім.Мақсатым оқушылардың өз ана тілдеріне деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру.Өзіміздің туған жеріміздің топырағынан шыққан Н.Байғаниннің 150 жылдық мерейтойына орай 10-шы класс оқушыларымен бірлесе отырып, ақынның «Төрехан» поэмасы бойынша сахналық қойылым өткіздік.Бұл қойылымда жекелеген оқушылардың өзіндік шеберліктері көрініп тұрды.Сонымен бірге класс оқушыларының ішінде поэзияны жаны сүйетін мәнерле оқу шебері Қ.Әжіғұлов, Г.Жаңбырбаева есімді оқушыларым бар.Аталған оқушылар мектепте өткізіліп жүрген ақындар мүшәйрасында жүлделі орындарға ие болды.
Мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту үрдісінің нәтижесін бағалауда, оқушылардың оқу сапасының үлгерімін, тәртібін қадағалап отырамын.Осыған байланысты тоқсан сайын тест, диктант, шығармашылық жұмыс түрлері алынып отырады.Оқушылардың тәртібі, білім сапасы жөнінде класс жиналыстарында , ата-аналар жиналысында айтып, өз ішімізде есеп беріп отырамыз.Класс оқушыларының мектептегі және мектептен тыс жүріс – тұрыстарын үнемі қадағалап отырамын.