kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?рбиеге деген мені? к?з?арасым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мына эсседе т?рбиеге мені? к?з?арасым туралы жаздым. ?сіп келе жат?ан ?рпа?ты? бойына адамгершілік ізгілік д?ні? егетін е? басты т?л?а - сынып жетекші деп білемін. Саба? пен т?рбие- егіз ??ым, бірт?тас жал?аспалы ??ым. Жас буынан бастап, ер жеткенше сынып жетекші ?р о?ушы?а  аянбай т?рбиесі? береді. "?стаз ?стаз емес - егер ш?кірті оны с?ймесе", - деген  Ыбырай с?зін бір минут есте? шы?ар?ан емеспін. ?з ж?мысымда т?рбиеге к?п к??іл б?лемін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?рбиеге деген мені? к?з?арасым"»



Көкпекті ауданы

Бастаушы ауылы

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

Байтанбалиева К.Ж.


«Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым»

Эссе


Ұстаз болып өмір жолын бастадым,

Ақ қағазға сырын теріп жас жаным.

Бар арманым- ұрпақ үшін тер төгу,

Бір сол үшін қиындықтан қашпадым,- деген толғаныспен ұстаздық жолыма көз салып, өзіндік сара жолымды, алған асуларымды, өткен белестерімді тебірене еске түсірдім.

Иә, мен білім ететін білім ордасы - Абай атындағы орта мектеп, кең жазиралы даланың қыр төсіне орналасқан Бастаушы ауылының нақ төріне қоныс тепкен.

Күн сайын ертемен ауылымның керімсал ауасымен кеудемді кере дем алып, жұмыс орныма асыға басып жетемін. Менімен жарыса білімге қанат қаққан, асқақ арманды ту еткен, халық тәлімімен нұрланған ізбасар -оқушыларым да келеді. Есік алдында жүзі бал – бұл жанған нұрлы ақылды, жылы жүректі балаларды қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Себебі, әр бала мен үшін жаны көркем жас өркен. Ертең іргелі елімнің елеулі азаматы болатын қажымас өжет те қайратты жас түлек екендігін есімнен шығарған емеспін.

Өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік ізгіліктің нәрлі дәнін егетін ең басты тұлға – сынып жетекшісі деп білемін. Жас буынның сабақ үстінде жан – жақты ашыла алмай жататын кездері де болады. Сабақ пен тәрбие – егіз ұғым, біртұтас жалғаспалы үрдіс. Сабақтан тыс уақытта әр бала алуан қырынан көрінеді. Сондықтан өз оқушыларымның бойынан көргім келетін қасиеттерді там – тұмдап сіңіруді ойға алдым. Педагогика ғылымының докторы К. Қожахметованың пікірі бойынша: «Педагогикалық жүйе бірнеше құрамдас бөлшектерден - кіші жүйелерден тұрады: басқару, дидактикалық және тәрбие жұмысы жүйесі. Әрбір жүйе дербес болып саналады, бірақ бір-біріне ықпалы зор. Мектептің біртұтас жүйесі тұрғысынан алып қарасақ, сабақ ерекше роль атқарады. Бұл жағдайда оқу үрдісі тәрбие жүйесінің бөлшегі, бір саласы ретінде жалпы мақсаттардан бастау ала тұра, ортақ талаптарға бағынады».

Ең алдымен, ата-ана, ұстаздар, оқушылар ынтымақтастығы аясында сыныптың тәрбие жүйесін құрдым. Әр тәрбиелік іс-әрекетті белгілі бір мақсатты шешуге бағыттадым. Баланың әр күн сайын мектепке аса қуанышпен келіп, мектеп өміріне белсенділікпен қызу араласуын қадағаладым.

«Шәкірт шәкірт емес, ұстазы оның болмаса,

Ұстаз ұстаз емес, шәкірті оны сүймесе,» - деген Ыбырайдың ұлағатты сөзін ешқашан естен шығарған емеспін. Ал, ол сүйіспеншілік, ұстазын сыйлау тақыр жерде қайда болмайтыны айдан анық теп түйсінген мен, ең алдымен, балаларды жан-жақты болуларына баулыдым. Маңдай терімнің ақталдығына қуандым.

Алдымда екі көзі жәудіреп отырған, өзім тәлім – тәрбиемен баулып жүрген әр баланың тағдыры, күнделікті тыныс – тіршілігі бүгінде менің өміріммен шиырласып, тұтасып кеткендей. Жанарында нұр ойнаған сыныптың әр оқушысына «Өзіңе қаламаған жамандықты өмірде өзге ешкімге жасама, біреудің ала жібін аттамай, әр қадамыңды аңдап басып өмір сүрсен, қашанда жолың ашық, досыңның көп болатындығын жадыңнын шығарма» деп тәрбиелеп келемін. Осылай дер уақытында тауып айтылған тағлымды сөздің оқушының жадында мәңгі сақталары ақиқат екендігін есімнен бір сәт те шығармаймын. Айтылған тәлімді сөздің мағынасын түйсініп, «сырты күміс, іші алтын» сөз жақсысын тере біліп, сұлулық пен әсемдікті, табиғаттың тылсым сырын ұғынып, өнерді бар болмысымен сүюіне өз ықпалыммен тәрбиелеген шәкіртімнің жаны таза, жүрегі пәк болып, еш қиянатқа ешқашан бармасы анық.

Тәрбие жұмыстарымның жүйелілігі арқасында өз ісіне баға беріп өскен жас жеткіншектің ертеңгі күні өз өмірін тағдыр тәлкегіне салмай, өмірден өз орнын адаспай табатындығына көзім жетті. Атқарған жұмысыма толғана қарасам, оқушының бүткіл рухани өмірі тәрбиелеушінің қолында, өн бойында екен. Сондықтан мен өзімді мектептің негізін қалаушы рух иесі деп білемін.

Менің атым – мұғалімі ауылдың

Жанашыры, тағлым алар қауымның.

Тұнығына жүздіретін шәкіртін

Бұлағымын «тәлім» атты тауымның,- дегім келеді.

Шынында да, менің бар ғұмырым мектеп өмірімен біте қайнасып жатыр екен. Әр оқушы үздік оқыса да, сайыстан озып келсе де, оқуға түссе де жүрегім жарыла бірге қуанамын. Ал сәл сүрінсе, бірге қиналып, уайым шегемін. Қашанда солардың тілеуін тілеймін.

Әр баланың бойындағы жылт еткен қабілетін көріп-танып, талантын ұштап, нық сеніммен қолдауды міндетім деп танимын. « Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген осыдан туса керек.

Әр шәкірт жүрегінен орын тауып, шеберлігін ұштауда өзім қалай самғасам, осыны ұғына білген балам да солай қанат қағатындығында еш күмәнім жоқ.

ХХI ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр жеке тұлға тәрбиелеу үшін ұстаздың өзі дарынды болуы керек. Өзім таңдаған ғұмырлық мамандығымның арқасында бір баланың жүрегіне нұр сеуіп, соны сезіне білген баланың «дүниенің бір кірпіші» болып дұрыс қаланғанын көрсем, босқа өмір сүрмегем екенмін деген сенімде боларым хақ. Алаштың ақ таңын ойлар азамат тәрбиелесем, менен үйренгенін арда асы етсе, есіл еңбегімнің еш кетпегені. Сондықтан да менің бар мақсатым - «ақырын жүріп, анық басып», бүкіл ел қолға алған ұлы іске өз үлесімді қосу, болашақтың үкілі ғимаратына өзімнің үкілі үмітімді кірпіш етіп қалау.

Ұстаздық қашан да жеңіл болмас,

Өнеге, тәлімді ел ұмытпас.

Өзіңіз алда болып, жанып тұрсан,

Еңбегің ескерілмей жерде қалмас,- деп жалпы бала тәрбиесіне байланысты өзіндік көзқарасымды тұжырымдағым келеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Т?рбиеге деген мені? к?з?арасым"

Автор: Байтанбалиева Калимаш Жумагалиевна

Дата: 03.03.2016

Номер свидетельства: 301738


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства