kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Топ жетекшілер семинарына баяндама «Насыбай – жастар арасында таралып отыр?ан зиянды зат, оны? денсаулы??а зияндылы?ын студенттерге т?сіндіру ?дістері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Доклад на семинар классных руководителей В докладе рассматривается вред здоровью от употребления насыбая, также описывается состав насыбая, все химические вещества и последствия от употребления. происхождение насыбая. также в докладе есть советы врачей наркологов. высказывания потребителей насыбая, о том какие они получают ощушения от употребления.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Топ жетекшілер семинарына баяндама «Насыбай – жастар арасында таралып отыр?ан зиянды зат, оны? денсаулы??а зияндылы?ын студенттерге т?сіндіру ?дістері» »

 Ф.198

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК



Бекітемін

ОӘБ төрайымының орынбасары

________ А.М. Ибраева «___» __________ 2014 ж.



Сертификаттық талаптар


Насыбай – жастар арасында таралып отырған зиянды зат, оның денсаулыққа зияндылығын студенттерге түсіндіру әдістері» тақырыбында топ жетекшілер семинарына баяндама


өткізетін «11» қараша 2014 ж.


№ р/с

Атауы

Орындаушы

Мерзімі

I. Танысқан нормативтік, оқу-әдістемелік әдебиеттер

1

Бальсевич В.К. Физическая культура для всех и для каждого.

Несвельдинова С.М.

06.11

2

Жетписбаев Г.А. Валеология.

Несвельдинова С.М.

06.11

3

Виленский В.И. Физическая культура студентов.

Несвельдинова С.М.

06.11

4

Лубышева Л.И. Концепция формирования физической культуры челочека.

Несвельдинова С.М.

06.11

5

Сәтбаева Х.Қ., Соколов А.Д., Абишева З.С. Валеология – наука о здоровье.

Несвельдинова С.М.

06.11

II. Дайындалу және өткізу жоспары

1.

Әдебиеттермен танысу

Несвельдинова С.М.

06.11

2.

Баяндаманы дайындау

Несвельдинова С.М.

06.11

3.

Баяндаманың жоспарын дайындау

Несвельдинова С.М.

06.11

4.

Баяндаманы топ жетекшілер семинарында оқу

Несвельдинова С.М.

11.11.


Оқытушы ________ С.М.Несвельдинова

(қолы)




Арнайы пәндер циклдық комиссия-1 отырысында қаралды

Хаттама № ___ «___» _________ 2014 ж.


Төрайымы ________ Л.А.Мукушева

(қолы)

Келісілді

«Программист» бөлімінің меңгеруішісі

________ М.Н.Мухтарова

(қолы)

«___» _____________ 2014 ж.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

























Топ жетекшілер семинарына баяндама

Тақырыбы: «Насыбай – жастар арасында таралып отырған зиянды зат, оның денсаулыққа зияндылығын студенттерге түсіндіру әдістері»











Дайындаған: 3 қысқ ПО-1 тобының жетекшісі

Несвельдинова С.М.









Семей қаласы

2014-2015 оқу жылы



Дайындаған оқытушы: Несвельдинова С.М.

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып, талқыланды

Төрайымы __________Л.А.Мукушева

Хаттама № «___» ____________ 2014 ж.



Жоспар:

  1. Насыбай туралы түсінік 

  2. НАСЫБАЙ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

  3. ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ?

  4. НАСЫБАЙ ХАРАМ БА?

  5. НАСЫБАЙДЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР ҚАНДАЙ ПІКІР АЙТАДЫ

  6. Насыбай неге зиянды?


Насыбай туралы түсінік 

Насыбай – құрамында есірткі бар алқа тұқым-дасына жататын темекі өсімдігінен жасалтын, құмарлық үшін ататын (пайдаланылатын) зат. Отарлаушы орыс мемлекетімен, Қытаймен етене араласып, сауда-саттық жасаудың нәтижесінде қазақ даласына темекі келіп, насыбай жасау, оны ату етек жайған. Темекінің құрғатылған жапырағынан мүштікке папирос салып тарту- дың пайда болуы тәрізді, темекіні ұнтақтап, оған түрлі заттар қосып насыбай дайындауды далада мал бағып, көшіп-қонып жүрген қазақтардың әу- баста өзгелерден үйрен-гені хақ.

Ұлттық болмысымызға жат насыбай ату әдетінің ел арасында кеңінен тарағаны соншалықты, біздің тілімізде «Адам көңілі бір атым насыбайдан қалады», - деген де мәтел бар. Бұрындары насыбайды қариялар атып, оған елтіп жүре-тіндіктен, олар жас ер баланың пүшәнәйін де насыбайға теңеп, жақсы көріп кеткенінде жанына шақырып алып, немересінің «насыбайынан» атып қоюды да ғұрыпқа айналдырған. Осылайша, насыбайдың зияндылығы естен шы- ғып, оны негізінен қариялар атқандықтан, елімізде насыбай атуға тиым салынбаған.

Насыбай ату қан қысымын көтеріп, ұйқыны қашыратындықтан, түнде жылқы баққан немесе жолға шыққан атты кісілер, қотан мен ауылды күзеткендер де, көңіл күйін көтергісі келгендер де насыбай атты. Насыбай ату – темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, мазасыз күйге түседі. Сөйтіп отырғанында насыбайды атып жіберсе, жаны жадырап, басының ауырғаны тиылып қоя береді. Мұның «бас жазу» тәрізді қылық екенін түсінбейтіндер, насыбайда сондай күш бар деп ойлайды. Сірә, сол себептен де шығар, біздің бала кезімізде насыбайқұмар қарттар атып жіберген насыбайының жанын сергітіп, көңілін көтер-генін, басының сынып ауырып тұрғанының жазылып кеткенін айтып отырушы еді.

Насыбайшақша Дәстүрлі қазақ қоға- мында қолөнер шебер-лері насыбайшақшаны арқардың, сиырдың, ешкінің мүйізінен жаса-ған-ды. Ол үшін бұл мүйіздерді алдын-ала сұрыптап, таңдап алады да, әртүрлі әдістермен, яғни, балқыту, қырып-жону тәрізді, тәсілдерді қолдана отырып оны бір қалыпқа (формаға) келтіреді. Сонан соң шақшаның екі шетін қақталған күміспен көм-керіп, бетіне күміс шегелер қағады. Кейде күмістің орнына алтынды да пайдаланған. Ол шақша жасатушының байлығына байланысты болғаны мәлім.

Мұнан кейін шақшаның түбіне тығын, аузына қақпақ жасап, оларды бір-біріне кішкене шынжырмен байланыстырады. Шақшаның түбі мен қақпағы да күміс немесе алтыннан болады. Осындай қымбат металдар, ою-өрнек пай- даланылғандықтан, шақ-ша-әрі насыбай құты, әрі әшекей бұйым болып шыға келеді.

Негізінен, жасалған материалына, әшекейіне, түр-түсіне сәйкес насы-байшақшаның кеңінен қа-лыптасқан мынандай атаулары бар: сары шақша, жез шақша, алтынды қара шақша, күміс шақша, арқар шақша. Бұрындары күңгірт түсті шыныдан дөңгелек пішінді етіп жасалған, екі жақ бетіне айна жапсырылған шақ-шалар да болды. Қазір шақшаны сыйға беретін зат (сувенир) ретінде ғана жасайды. Халық шақшаның орнына шыны, пластмассадан жасалған түрлі құтыларды пайдаланып жүр.

Негізінен, насыбайшақ-ша (шақша) – насыбай салуға арналған құты. Ел аузында насыбайшақшаға байланысты қызықты әң-гімелер көп. Солардың бірі төмендегідей:

Бір қаралық шақша «Әлдеке деген ше-бердің бір қаралық күміспен нақышталған келісті шақшасын бір би үйіне келіп отырып, тамыр болайық деп, ат-түйедей қалап алып кетеді. Әлдеке шебер келесі жылы барса, би қолқа бермек түгілі, «Шақша даулай келдің бе?», - деп келеке қылады. Әлдеке шебер ханға жүгінеді. Хан: «Қолқа сұрағандай оның қандай шақша еді?», - дейді. Сонда Әлдеке шебер:

- Шақшам шақша-ақ еді, Шақша да болса жақсы-ақ еді.

Кер бұғының мүйізі – нақысы еді, Бір қысырақ істеген ақысы еді. Гауһар мен жақұттан салған көзі бар еді.

Қолқасын келесі жылы аларсың деген сөзі бар еді, - деген екен.

Хан: «Шақшасын қайы-рып бер, қайырмасаң қалағанын бер!», - деп кесім айтыпты» (Қазақтың шешендік сөздері, Алматы, 2007 ж).

Насыбайды қалай жасайды? Қазақтар насыбайды темекі ұнтағына күл, қалампыр қосып жасаған, ол ащы, күшті иісті зат болған. Насыбайды құма-рлық үшін ату – көп адамның жаман әдеті. Жалпы, насыбайды былай әзірлейді: саптыаяққа (үккішке) темекі жапыра-ғын салады, оны әбден ұнтақтайды. Оған арша немесе сексеуіл, қайың, тобылғы, қылша күлін қосады, үстіне су себеді. Бұл насыбайды жасаудың жалпы тәсілі.

Ал, насыбайдың басқа түрін, яғни, бұйра насыбайды былай жасайды: саптыаяққа (үккішке) темекі жапырағын салып, оны ұнтақтаған соң, су сеуіп, сосын бәрін де тесік қалбырдан (елеуіш) өткізеді.

    Қазақ қоғамының үлкен дертіне айналған нашақорлық пен ішімдікпен күресу жұмыстары бірде бәсеңдеп, бірде қарқын алып, әйтеуір қал-қадерінше жүріп жатыр. Үкімет елімізде темекі бұйымдары мен алкоголь өнімдерін кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салды. Соңғы кезде жаспен кәрі бірдей құмар  насыйбай саудасы кызып тұр. Насыбай қаламыздағы орталық базарды былай қойып, үлкен сауда орталықтары мен дүкен-дүгіршіктерге емін-еркін еніп алды.  Кез-келген үйдің бұры -бұрышында шемішке мен құрт, ұсақ- түйектер саудалап отырғандардың қасынан насыбайды да көзіміз жиі шалады.  Арнайы қалташаларға салынып, ашық саудаланып жатқан насыбайдың қалай жасалып, қайдан келіп жатқандығын ойлап бас ауыртып жүргендер шамалы. Десе де, мектеп жасындағы балалардың насыбайға құмарлығы соңғы кезде қоғам мен көпшілікті ойлантып жүргені рас.

НАСЫБАЙ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

Насыбай-құмарлық үшін пайдаланатын құрамында есірткі бар алқа тұқымдасына жататын, темекі өсімдігінен жасалатын зат. Насыбай негізінен темекі ұнтағына күл, қалампыр қосып жасалады деседі. Оны дайындау үшін үшін: үккішке темекі жапырағын салып, ұнтақтайды екен. Оған арша немесе сексеуіл, қайың немес тобылғы күлін қосып, үстіне су себеді . Бұл-

 насыбайды жасаудың жалпыға бірдей тәсілі көрінеді. Сондай-ақ насыбайдың құрамында табак пен әк, тауықтың немесе басқа да жануарлардың қилары (саңғырық) болады екен.  

ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ?

Райком БУРИБАЕВ, нарколог дәрігер:

-Насыбайды үзбей атқандардың көпшілігі жаман ауруға шалдығып, жандары қиналады. Өйткені насыбайдың құрамында денсаулыққа өте зиян келтіретін заттар көп. Құрамындағы әк пен табак ішкі ағзаны зақымдап, кейіннен жара түсіруі мүмкін. Оның арты қатерлі ісік ауруларына ұласады. Никотинге тәуелділік сияқты насыбай ататындарда да тәуелділік кездеседі. ауыз қуысы арқылы пайдаланатындықтан, адамның миы зақымданады.

Бәкен БАЙНАЗАРОВ, облыстың штаттан тыс онкологі:

-Кейбір ғалымдарымыз насыбай онкологиялық аурулардың туындауына әкеп соқтырады деп жатады. Десе де, облысымызда онкологиялық аурулармен тіркелген науқастардың арасында насыбайды пайдаланушылардың кездескені жайында ешбір дерек тіркелмеген.

Агия ТУЛЕЕВА, облыстың штаттан тыс бас инфекционисті:

-Насыбайдың құрамында жануарлар мен құстардың нәжістері болғандықтан, олардың құрамында түрлі микробтар бар. Ал, олар адам ағзасына енгеннен кейін адамды улап, жұқпалы аурулар мен ішек ауруларын  туғызады. 

НАСЫБАЙ ХАРАМ БА?

Тілепберген ЖӘКИЕВ, ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы:

-Насыбай ату ислам шариғатында жағымсыз іс-әрекеттерден болып саналады, яғни харам болып есептеледі. Оған жұмсалған ақша, пайдасыз ысырап. Егер адам денсаулығына зиян келтіретін істермен айналысса, шариғат оны рұқсат етпейді. Ал, насыбай-адамның денсаулығына өте зиян, әсіресе миын улайды. Алла тағала құранда: «ысырапшыл болмаңдар, өзіңе зиян келтіретін істермен айналыспаңдар»,-деген. Сондықтан да насыбай ату-харам болып саналады. 

НАСЫБАЙДЫ ҚОЛДАНУШЫЛАР ҚАНДАЙ ПІКІР АЙТАДЫ:

Қуат, 19-жаста насыбайды пайдаланушы:

-Мен насыбайды 5 жылдан бері пайдаланамын. Бірақ бұл жайында ата-анам, туған-туыстарым білмейді. 2 күнде 3 шақша насыбайдың түйір түрін қолданамын. Айына 3000-дай қаражат жұмсаймын,  сапасына қарай бағасы да әр түрлі. Насыбайды тастау үшін әрекеттендім, үш күн пайдаланбай, бас тарттым. Басым айналып, жүрегім айнып, тамаққа тәбетім болмай, мазам қашқан болатын,  ешқандай нәтиже болмаған соң, насыбайға тәуелді болғанымды ұққандаймын. Насыбайды тілдің астына салып қолданатындар 10-15 жылдың кейін тілдің астындағы тамырлары өлі тамырға айналады деп естігенмін. Сондықтан еріннің астына салып та пайдаланамыз. Негізінен насыбай ауыз қуысындағы тамырларды өлі тамырға айналдырып, асқазанды құртады, мидың дұрыс жұмыс жасауына кедергі болып, ұмытшақтық (склероз) ауруына әкеледі деп те естігенмін. Мұның барлығын біле тұрсам да насыбайға тәуелділігімнен бас тарта алмай келемін. Балалар мектеп жасында пайдалана бастайды, оларға әуес болмаңдар дегім келеді.

Ерлан, 22-жаста насыбайды пайдаланушы:

-Мен насыбайды 16 жасымда, үлкен ағамның пайдаланғанын көріп, қызығушылықпен бастадым. Бастапқыда басым айналды, кейін маған рахат сыйлайтындай сезіндім. Менің әкем темекіні тастау үшін насыбай атуға ауысты, оған насыбай ұнамай, қайтадан темекіні пайдаланып кетті. Насыбайдан бас тартқым-ақ келеді, бірақ үйреніп кеттім. Мен насыбайды ашық базардан сатып алып, пайдаланамын.

Гүлзат, «Русказ» базарында сатушы:

-Маған насыбай Шымкеттен тасымалданады, тез арада сатылып кетеді. Сіз насыбайды пайдалану зиян деп газетке жазғыңыз келе ме? Неге? Біздің қарттарымыз өмір бойы насыбай пайдаланып 90 жасқа дейін өмір сүрген ғой.

     ҮЙРЕТЕ КӨРМЕ АУЗЫҢДЫ, НАСЫБАЙ МЕН ШЫЛЫМҒА…

                Насыбай пайдалану темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған еті үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, қан қысымын көтеріліп, мазасыз күйге түсетін көрінеді. Сондай сәтте насыбайды атып жіберсе, жаны жадырап, басының ауырғаны да сап тыйылады екен. Сондықтан да, насыбайдың керемет күші бар деп ой түйеді. Насыбайды мектеп оқушылары көп пайдаланады екен, оның адам ағзасына зияны туралы білім ордаларында жиындар өткізіп, нашақорлыққа күрескендей шара  қажет-ақ. Түрменстанда насыбай сатуға тыйым салынған екен. Насыбайды тасыған және сатқан адамдарға айыппұл салынып, ол тағы қайталанса, бас бостандығынан айыруға дейін баратын көрінеді. Ал, Америкада насыбайға тыйым салу жөнінде де заң бар. Елімізде былтыр насыбай сатуға мүлдем тыйым салынуы мүмкін деп ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бастама көтерген болатын. Десе де, нақты шешім әлі қабылдана қойған жоқ. Ал, жастарымыздың насыбайға  тәуелді болып бара жатқаны көңіл қынжылтады. Халқымыз «Денсаулыққа зор кесел, үйрете көрме аузыңды, насыбай мен шылымға»- дейді. Сіз бұған не дейсіз?

Насыбай неге зиянды?

Оның зиянды болатын себебі, құрамында никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне (қатерлі ісік) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензпирен, полоний, висмут, т.б.) бар темекіден жасала-тындығы, кейінгі кезде кей жерлерде оған өзге де улы заттардың қосылатындығы.

Соның басты – бастысы: кейбіреулер насыбайға тауықтың саңғырығын, әктің суын, қара аға-штың смоласын қосып әзірлейді. Бұлардың қай-қайсы да өте зиянды. Тіпті, жай ғана тауықтың саңғырығын жеп қойған қойлардың бір сағаттың ішінде өліп қалғандығы жөнінде оқиғалар өмірде болған. Қара ағаштың смоласының зияны да тауықтың саңғырығының уынан кем емес. 

Соған қарамастан, кә-рі де, жас та насыбайды еріннің астына салып атады. Сол себепті насыбай ататындардың 80 пайызының ауыз қуы-сы, ас қорыту жүйесі ісікке ұшырап ауырады. Әуелі қызық үшін насыбай ататындар кейін оған әбден әуестеніп, үйреніп кетеді де, насыбай атпаса басы ауырып, айналады, тамаққа зауқы соқпайды, сөйтіп, насыбайға тәуелді болып қалады. Қазір насыбай ататын жастар да аз емес. Себебі насыбайдың бір орамының бағасы ап-арзан. Оны бірнеше рет бөліп атып, елтуге қолайлы. Ал оның орнына темекі сатып алып тартайын десе, насыбай сатып алған тиын-тебен темекінің бағасына жетпейді, әрі насыбайды одан кім көрінген сұрай бермейді. Көшеде темекі тартып келе жатса, шылым сұрайтындар көп.

Насыбай ататындардың есіне: 

• Насыбай ату адам жасын қысқартады.

• Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісікке ұшырайды.

• Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықылас азаяды.

• Әйелдер насыбай атса, ішіндегі баланың денсаулығына зияны тиеді.

• Тыныс алу жолдары қабынады.

• Ұйқысыздыққа апарады.

• Адамды ерте қартай-тады.

• Ауызы, үсті, айналасы сасып жүреді.

• Тамаққа деген тәбетті жояды, адам ағзасы әлсірейді.

• Рухани күйзеліске ұшыратады.

  Қазір елімізде Денсау- лық сақтау министрлі-гінің бастамасымен насыбай сатуды шектеу, оны жасөспірімдерден аластату жөнінде маңызды мәселе көтеріліп, ол Үкіметтің, Парламенттің назарына ұсынылып отыр. Расында да басқа ауыл, аудан, қала түгілі, Отанымыздың жүрегі –Астананың кез-келген жерінде де ең улы зат насыбай өте көп мөлшерде, ашықтан-ашық сатылуда. Оны ересек адамдармен бірге оқушылар да емін-еркін сатып алады. Еліміздің бақытты болашағы – жастарымыздың ден-саулығын улайтын бұл затқа неліктен тиым салынбай отыр? Халықты ойландыратыны осы мәселе.

Насыбай құрамында есірткі бар алконас тұқымдасына жататын темекі өсімдігінен жасалатын, құмарлық үшін ататын (пайдаланылатын) зат. Қазақ даласына темекі келгеннен кейін насыбай жасау, оны ату етек жайған. Насыбайды дайындауды далада көшіп-қонып жүрген қазақтар әу баста өзгелерден үйренген. Насыбай түйіршік және ұнтақ түрінде кездеседі. Бұрындары тек кәрі шалдар насыбайды атса, қазір жастар, оқушылар мен студенттер арасында насыбай ату кең тарап отыр. Насыбай арзан және барлық жерде сатыла береді. Бұрындары негізінен шалдар атқандықтан, елімізде насыбайға тыйым салынбаған. 
Насыбайды үйде дайындайды.

Насыбайдың құрамында махорка немесе табак бар, оған әктің суын, түйенің тезегін немесе тауықтың саңғырығын, қара ағаштың смоласын және түрлі ағаштардың күлін қосады. Түсі көк, иісі тауық қорадан шыққан иіс сияқты. Бұлардың қай-қайсысы да зиянды. Тіпті, жай ғана тауықтың саңғырығын жеп қойған қойлар да бір сағаттың ішінде өліп қалғандығы өмірде болған. Қара ағаштың смоласының зияны да тауықтың саңғырығының уынан кем емес. Соған қарамастан, кәрі де, жас та насыбайды еріннің астына салып атады. Сол себепті насыбай ататындардың 80% ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі ісікке ұшырап ауырады. Әуелі қызық үшін насыбай ататындар кейін оған әбден әуестеніп, үйреніп кетеді де насыбай атпаса басы ауырып айналады. Тамаққа зауқы соқпайды. Сөйтіп, насыбайға тәуелді болып қалады. Қазір насыбай ататын жастар аз емес. Себебі, насыбайдың бір орамының бағасы ап-арзан. Ал, оның орнына темекі алайын десе тиын-тебені жетпейді. Әрі насыбайды кім көрінген сұрай бермейді.

Насыбайды ату-темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, қан қысымы көтеріліп, ұйқысы қашып мазасыз күйге түседі. Ондайда насыбайды атып жіберсе, жаны жадырап, көңіл күйі көтеріліп, басының ауырғаны тыйылып қоя береді. Мұны «бас жазу» тәрізді қылық екенін түсінбейтіндер насыбайда сондай күш бар деп айтады. 
Насыбай неге зиянды?

Оның зиянды болатын себебі, құрамында никотин, синель қышқылы, көмір және сірке қышқылдары, азот, эфир майы және өкпе ісігіне (рак) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер бар және оған қосылған заттардың улы қосындылары кездеседі. Жасыратыны жоқ, бүгінде жастар жағы насыбай атуды әдетке айналдырған.

Насыбай ататындардың есіне мыналарды саламыз. Насыбай ату адам жасын қысқартады; Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесінің қатерлі ісігіне ұшыратады; Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынтасы азаяды; Әйелдер насыбай атса, ішіндегі баласының денсаулығына зияны тиеді; Тыныс жолдары қабынады; Мезгілінен ерте қартаяды; Ұйқысыздыққа апарады; Аузынан, айналасынан сасық иіс шығады; Рухани күйзеліске ұшырайды; Тамаққа деген тәбеті жойылады, адам ағзасы әлсірейді; Қан қысымы көтеріледі. 

Қазір елімізде денсаулық сақ-тау министрлігінің бастамасымен насыбай атуды шектеу, оны жасөспірімдерден аластату жөнінде маңызды мәселе көтерілуде.
Денім сау болсын десеңіздер, мұндай жаман әдеттен аулақ жүрі-ңіздер, спортпен шынығыңыздар!



Тот жетекшісі Несвельдинова С.М.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Несвельдинова Салтанат Мураткановна

Дата: 26.02.2015

Номер свидетельства: 179030


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства