Мен Толыбаева Алтын «?стірт орта мектебі »ММ-ні? бастауыш сынып м?алімімін. Е?бек ?тілім жиырма жеті жыл. Педагогикалы? проблемам: Жауынбай ?араевты? де?гейлеп саралап о?ыту ?дісін ?олданып, о?ушыны? ой-?рісін, с?здік ?орын молайту. Осы ба?ытта ж?мыс математика, д?ние тану, ана тілі ж?не ?аза? тілінен пайдалан?ан тапсырмалар т?рлерін орта?а салып, т?жірибеммен б?ліспекпін.
?азіргі заман?ы педагогикалы? ой-т?жырымдарда о?ушыны? а?ыл-ойын, шы?армашылы? м?мкіндігіні? дамуы басты р?л ат?арып отыр. Олай болса ?азіргі ?стаздар ?ауымыны? алдында?ы ?лкен ма?саты ?мірді? барлы? саласында?ы белсенді шы?армашылы? іс-?рекетіне ?атілеті еркін жан-жа?ты жетілдірілген т?л?а т?рбиелеу.
Б?л технологияны пайдалануда о?ушыларды ?з бетімен дами алатын, ?р т?рлі ?мірді? ?иынды?тарына т?зе білетін, белсенді о?ушы т?рбиелеу. Б?л технологияда біріншіден дамыта о?ыту идеясын ж?зеге асыру?а м?мкіндік береді, ?йткені о?ушыны? ойлауын, елестету мен есте са?тауын, ынтасын белсенділігін дамытып, білім сапасыны? артуна к?мектеседі. 2-сыныптан бастап математика, ана тілі, ?аза? тілі, д?ние тану п?ндері бойынша де?гейлік тапсырмалар ар?ылы о?ушыларды ?алыптастыру. Б?л п?ндерді? барлы?ында осы де?гейлеп саралап о?ыту технологиясын пайдаланамын. Алайда мен аты атал?ан п?ндерді? ішінен ?аза? тілі п?нінде ?олданылуын мысалдар ар?ылы к?рсетемін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Толыбаева Алтын -жақсы маман»
Мен Толыбаева Алтын «Үстірт орта мектебі »ММ-нің бастауыш сынып мұғалімімін. Еңбек өтілім жиырма жеті жыл. Педагогикалық проблемам: Жауынбай Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту әдісін қолданып, оқушының ой-өрісін, сөздік қорын молайту. Осы бағытта жұмыс математика, дүние тану, ана тілі және қазақ тілінен пайдаланған тапсырмалар түрлерін ортаға салып, тәжірибеммен бөліспекпін.
Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда оқушының ақыл-ойын, шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсаты өмірдің барлық саласындағы белсенді шығармашылық іс-әрекетіне қатілеті еркін жан-жақты жетілдірілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл технологияны пайдалануда оқушыларды өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді оқушы тәрбиелеу. Бұл технологияда біріншіден дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын белсенділігін дамытып, білім сапасының артуна көмектеседі. 2-сыныптан бастап математика, ана тілі, қазақ тілі, дүние тану пәндері бойынша деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларды қалыптастыру. Бұл пәндердің барлығында осы деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланамын. Алайда мен аты аталған пәндердің ішінен қазақ тілі пәнінде қолданылуын мысалдар арқылы көрсетемін.
Деңгейлік тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейде беріледі.
1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік- стандарт деңгей, бұны барлық оқушы орындауға міндетті.
1) Қай әріпім жоқ?
Қай...қ, жаңб...р, асп...н (а,ы).
2) Түсіп қалған буынды тап.
Ал..., тақ..., су... (-рет, -та, -ма)
3) Қандай сөз жетпейді?
Арман .... оқушы (тәртіпті, үздік, әдепті).
1. Өлеңнен етістікті тауып, астын сызу.
Ағам жылқы бағады,
Атам пішен шабады.
Жеңгем сиыр сауады,
Әжем киіз қағады.
2. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің астын сыз.
А) Біздің көшеде өзім қатарлы балалар көп. Бәріміз мектепке бірге барамыз.
Ә) Қалада қорғаныс штабы бар.
Екінші деңгейде осы мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру немесе табиғатты суреттеген тұсын тауып оқу.
2-деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушы орындауға құқылы
1) Жетісу-көркем өлке. Іле осы өлкедегі үлкен өзен. Ол Балқаш көліне құяды. Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан.
Бұл мәтіннен Қазақстанның өзен –көлдерді тауып, астын сызу.
2) Көп нүктенің орнына қыймылды білдіретін сөздерді жаздыру.
Мысалы бәйге алу ойыны. Бұл ойынға 2 оқушыдан қатысады. Межеде еліміздің туы тұрады. Дұрыс әрі тез тапқан оқушы жеңіске жетеді.
А) Қандай ұлттық ойындар бар?
Ә ) Атпен ойналатын ойындар?
Б) Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
В) Ел рәміздерін ата?
4) Адасқан сөздерді сәйкестендір.
Арыстан боздайды
Түйе ақырады
Аю мөңірейді
Жылқы маңырайды
Қой кісінейді
Сиыр бақырады
5) Жаттығудан қимылды білдіретін сөздерді теріп жаз.
Болады, секіріп жүреді, қорғанады, қоректенеді
6) Мақал –мәтел арқылы оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту
Сәлем түзелмей, ......(әлем түзелмейді).
Үлкенге -құрмет, .....(балаға- міндет)
Ұлық болсаң,.........(кішік бол).
Үлкенді сыйласаң -..........(қадірлі боларсың)
Ойын «Тез ойла, сөз ойла» . Бұл ойын арқылы оқушылардың шапшаңдығын анықтау.
Не? Кім?
....құлындайды, .... емдейді.
.... қозылайды. .... оқытады.
.... лақтайды. ....ұшады.
.... боталайды. ....тігеді.
....бұзаулайды .... жазады.
«Шәкіртсіз ұстаз тұл»- дегендей осындай тапсырмаларды жүйелі орындағанның арқасында жоғарда айтылған қасиеттерді бойына сіңіріп, шығармашылықпен жұмыс жасап, жетістіктерге жетіп жүрген шәкірттерім бар.Атап айтсақ,2010 жылы жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстарым үшін аудан көлемінен мадақтама берілді. 2011 жылы Абдиева М «Жүрекпен тыңдаймыз»атты аудандық мәнерлеп оқу байқауынан 3-орынды иеленді. Айгөлек журналына оқушым Қоныс Гүлжайнаның Анаграммасы жарияланды.
Қорыта келгенде «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының » жалпы мұғалім үшін сабақтарды өткізудің тиімді жақтары өте көп. Атап айтқанда:
Әрбір оқушы тапсырмамен қамтамасыз етіліп , жеңілден күрделігіне қарай ойлау қабілеті артып, оқушылар іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
Оқушыларда бір-бірінен көшіру әдеті жоғалады, адамгершілік қасиетке, жоғары саналыққа баулиды, пәнге деген қызығушылығын арттырады, ақыл-ойын, ойлау қабілетін дамытады;
Жеке тапсырманың әр түрлі болуы әрбір оқушының өзін-өзі дамытуға, оны әдебиеттерден іздеп оқуға және өздігінен білім алуға дағдыландырады.
Пайдаланған әдебиеттер
1) Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі (барлық пәндер бойынша)