kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?ат - тал бесігім

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? хал?ыны? бар ?мір тіршілігі таби?атпен тікелей байланысты бол?ан.?асырлар бойы таби?ат аясында тіршілік ете ж?ріп,оны? сан алуан ??пия сырларына к??іл б?лді,?здерін таби?атты? б?лнбес б?лшегі іспеттес к?рді.?з шаруалы?ыны? таби?атпен ?йлесімді ж?ргізіп отырды,ж?не таби?ат?а жылы ж?рек сезімі мен ?ам?орлы?ты? ?ажет екенін ерте сезді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?ат - тал бесігім »

[Введите текст]


Ақсу негізгі мектебі

















«Табиғат - тал бесігім»

(тәрбие сағаты)













Өткізген: Нургалиева Ж.Е

География пәні мұғалімі















Мақсаты:Жасыл даланың әсемдігін сақтауға,сүйуге үйрету,ата – баба мұраларының,тыйым сөздерінің табиғатпен байланысын ұғындыру,экологияық тәрбие,баба өсиетін қастерлеу мақсатында ұйымдастырылды.

1-жүргізуші:

Табиғат – сен тіршілік тұнып тұрған Сен – күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен – көлсің,сен – ормансың,сен – бұлақсың, Адамға сұлұлықты сен ұқтырған.

Елбасымыз Н.Назарбаев 2050 жылға дейінгі бағдарламасында «Тазалық – саулық негізі,саулық – байлық негізі» - деп,қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән берді.

«Жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес қоғамның әр мүшесі,туған жердің табиғатының таза қалпын сақтап қалуға,өркендетуге тиіс.

Бүгінгі таңда экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып,бүкіл әлемдік мәселеге айналуда.Елдің бай болуы,құт – берекенің молдығы – табиғатқа жан беретін ауа,су,жерді қорғау.

2-жүргізуші:Күллі тіршіліктің қоныс мекені,құт-берекесі – табиғат адамзат баласы үшін ең қасиетті ұғым.Өйткені ол адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы.

Ән: «Ауылым»

1-жүргізуші:Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты болған.Ғасырлар бойы табиғат аясында тіршілік ете жүріп,оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді,өздерін табиғаттың бөлнбес бөлшегі іспеттес көрді.Өз шаруалығының табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды,және табиғатқа жылы жүрек сезімі мен қамқорлықтың қажет екенін ерте сезді.

2-жүргізуші: Халық ұғымында туған жерге,өскен елге,ата – мекенге деген сүйіспеншілікпен бірге табиғатқа деген сүйіспеншілік арта түсті.Халқымыздың табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі табиғат сұлулығын сезіне білуден қалыптасқан.

Оқушылардың туған жерге,елге деген сүйіспеншіліктерін білу үшін табиғат жайында тыйым сөздер сұралды.



1-жүргізуші:Бұл тыйым сөздердің мән – мағынасына үңілсек,олар салиқалы ой пікірді қамтиды.Ерте кезде халқымыз табиғатпен адамды біртұтас деп құрған.Міне,сол себепті табиғаттан керегін ғана алып,қалғанына зиянын тигізбеген.



2-жүргізуші:Ш.Уәлиханов «Қазақтар киеге үлкен мән берген.Табиғаттағы кейбір жануар мен құстарды киелі деп қастерлеген» - дейді.



1-жүргізуші:Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атап,оларды көздерінің қарашығындай қорғап отырған.Ал қарлығаш,аққу,ұлар т.б аң – құстарды жақсылықтың жаршысы,бақыттың бастамасы,игіліктің иесі деп ұясын бұзуға,балапанын алуға,өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.



2-жүргізуші:Халық даналығында халқымыздың табиғатқа жанашырлық қасиетін аңғартатын аңыз әңгімелер де көптеп кездеседі.Соның бірі – асқан ақыл иесі Төле би атамызға байланысты айтылды.



1-жүргізуші:Төле би атаны халық қастерлеп «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп,күні бүгінге дейін құрметтейді.



1-оқушы:



Қасиетті сөз бар еді – «Кие»деген, Көкті жұлма,болады обал деген,

Жерін,елін,Отанын сүйетіндер. Ата – анамыз жалынға үйге келген

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен. Ақ сүт құйып басына «жоғал»деген.

Тірі нәрсе шөп деген,көгал деген,



2-жүргізуші:Табиғат жерден нәр алады.Сол себепті табиғат деген ұғым Жер – Ана, туған жер деген ұғыммен мағыналас.



2-оқушы: 3-оқушы:



Туған жер бар үмітім күтер алдан, Табанымда туған жер табы қалып,

Қасиетіңді қастерлер көтере алған. Топырағыңда нәр алып,өзіңде өстім.

Мен қалай туған жерді ұмытамын, Туған жер бастауысың өнегенің,

Қаны тамып,кіндігім сенде қалған. Мен уығымын керегенің.

Туған жер өзіңмен өзектеспін, Қалайша ұмытамын мен анамның

Қинағанда дем беріп,көмектестің. Бесігінде әлдилеп,бөлегенін.

Ән: «Туған өлке»

1-жүргізуші:Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атауының өмірлік өзегі – таза ауа.



Болмасан ауа ешкімнің араман мұңы, Ойлашы кімге керек боламыз біз?

Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы. Жұтудан таза ауаны қалған күні.

Адам ауасыз өмір сүре алмақ емес.Сол ауамыз ластанған.Еліміздегі алып кәсіпорындар жылына ауаға 980 мың тоннаға дейін зиянды зат таратады.

2-жүргізуші:Соңғы жылдары елімізде табиғат қорғау шараларына көңіл бөлініп,әр аймақтың табиғи ерекшелігін сақтап қалуға үлкен мән берілуде.1997 жылы 15-шілде «Қоршаған ортаны қорғау»туралы,1997 жылы 6-тамызда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар»туралы заң қабылданды және оны жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүргізілуде.

1-жүргізуші:

Табиғаттың көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі – хайуанаттар болса,бірі әсем әнге бөлейтін құстар.

4-оқушы:

Аңды адамды жағалайды, Әрқашанда зәру аң – құс,

Санат туған бауырлас. Адамдардың мейіріне.

Ұя салып паналайды, Айтатындай іштей алғыс,

Үйді дала қарлығаш. Адал аппақ пейіліне.

«Аңшы мен бала» көрінісі.



  • Құс аулауға шығамысың? -Атпадым.

  • Шығамын. – Таппадың ба тоғайдан құс?

  • Атқаныңды жығамысың? - Таппадым.

  • Жығамын. - Көп еді ғой көлде құс?!

  • Мә,мылтығым,атамысың? - Көп екен.

  • Атамын. - Е,неге атпадың?

  • Сен атып қайт, мен демалып жатамын. – Қимадым.Туған жердің құстарында сыйладым.

«Қазақ биі»

Ән: «Қаздар қайтқанда»

5-оқушы:

Пай,пай,пай киелі неткен жер! Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер

Батырлар дүбірлеп төккен тер! Ғашықтар бір-бірін өпкен жер

1-жүргізуші:

Табиғаттың көркін ажарландырып,жер бетін маялы баққа айналдыратын байлық көзі – су.Су – табиғаттың айнасы.

Су деген тіршіліктің қамы емес пе, Су жоқ жерде өмір жоқ,ол – ақиқат,

Су деген табиғаттың жаны емес пе. Күміс су қара жердің сәні емес пе?

Ән: «Есіл ағады»

1-жүргізуші:

Табиғат байлығының бірі,жер бетінің сәулеті,еліміздің дәулеті – жасыл әлем.Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап,одан қамқорлығын аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша,тал қалсын» деген сөз соның айғағы.

6- оқушы:

Саған айтам,болашақтар бүр жарған,

Шыбық- талың,шыршаларың ұрланған.

Сендер қаулап,айналғанда орманға

Не қалады,

Не қалады бұл маңнан.

  • деп М.Мақатаев ағамыз жырлағандай жасыл орманды орынсыз отау,орны толмас өкінішке апарары сөзсіз.

Табиғаттың тарылтпайық,

Мөлдір кәусар тынысын.

Пәк табиғат!

Жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей,адамдар!

Қалай ғана қатыгездік жасайсың,

Ол анаң ғой,ал сен оның кенже ұлысың.



1-жүргізуші:

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

2-жүргізуші:

Балалар,табиғатқа қиянат жасамайық,керісінше,баубақшаға тал егіп, «Жасыл ел» бағдарламасын орындауға өз үлестерімізді қосайық. Құрметті қонақтар Ақсу еліміз көркейіп,өміріміз гүлдене берсін деген ниетпен сіздерді тал егуге шақырамыз.



Ауылым менің,Ақсуым,туған өлкем,

Табиғатың неткен сулу,неткен көркем.

Көрмесе бір күн бойы сені аңсап,

Сағына асығады асыл еркең!

1-жүргізуші:

Қиялдаймын әрдайым, «Таза болса табиғат,

Жайнасын деп айнала. Аман болар адамзат»-

Қақтырардай таңдайын, Деген сөзге мән беріп,

Таза болсын сай-сала. Өздеріңе, өзгеге,

Жасамаңдар қиянат!

Ән: «Тәңірден тілек»

Осымен «Табиғат тал бесігім» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен – көп рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Таби?ат - тал бесігім

Автор: Нургалиева Жамиля Есимовна

Дата: 10.04.2015

Номер свидетельства: 200023


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства