kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?уелсіздік -бар ба?ытты? бастаы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Т?уелсіздік- бастауы бар  ба?ытты?»

(Эссе)

     ?аза?станны? т?уелсіз мемлекеттігін ??ра бастауды? ал?ы шарты «?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» ?абылдау болды. ?зіні? толы? субьектілігін ?аза?стан 1991 жылды? 16 желто?санында «?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік Т?уелсіздігі туралы» За?ын ?абылдау ар?ылы р?сімдеді.Сол н?рлы та?мен арайланып, байта? елімізді? алтынмен аптал?ан Ата За?ы ?мірге келді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздік -бар ба?ытты? бастаы"»

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі

7 «а» сынып оқушысы

Хайролла Айнамкөз Тұрсынқызы

«Тәуелсіздік- бастауы бар бақыттың»

(Эссе)

Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғы шарты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдау болды. Өзінің толық субьектілігін Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдау арқылы рәсімдеді.Сол нұрлы таңмен арайланып, байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата Заңы өмірге келді.

Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Әнұранымыз екенін өзім жақсы білемін.

«Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орынында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса,ер болады. Аға, апаларымыздың арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенді,өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әр бір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтамын.

Қазіргі Қазақстан- егемен, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Әрине, бізге қайда ұмтылу бар. Ғылымда даму,ауылдарды демесу,жемқорлықты жою керек. Бірақ барлық Қазақстан жетістіктері алда болады. Мен сенемін.

Біздің елбасымыз –Н.Ә. Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы,нағыз отаншыл.Ол-Ата Заңның анты. Біздің Ата Заңымыз-негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар.Олар егемендікті,бостандықты,дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіз болу- өз тағдырына жауап беру деген сөз.

Ақыр соңында,әр Қазақстан Республикасының азаматы не істеу керек? Ол мемлекеттік тілін білу, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеу,өз Отанын қорғау керек. Себебі,Қазақстан-біздің ортақ үйіміз,біздің Отанымыз.

Тәуелсіздік-ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтанда мен үшін Тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн.

Меніңше, бүгінгі күн халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі деп ойлаймын.

Менің сүйікті ауылымда да көшеге Тәуелсіздіктің банері ілініп қойды.Сонымен қатар Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінде жалпы мектепішілік жоспар жасалып,соған сәйкес барлық сыныптарда біркелкі жұмыстар жүргізіліп отыр. Біз 7 «а» сынып оқушылары Жұлдыз апайдың жетекшілігімен Тәуелсіздік жолында құрбан болған жандар мен айтулы күнге арнаған өлеңдерін нақышына келтіре оқыдық.

Міне,Тәуелсіздік туының желбірегеніне де 24 жыл толады. Тоғыз жылдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем

жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевта Қазақстанның 20 жылында биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегіне орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.

Мен қазақ болып туғаныма ,осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!

Мен-Тәуелсіз елдің Жас Ұланымын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Т?уелсіздік -бар ба?ытты? бастаы"

Автор: Хайролла Айнамкуз Турсыновна

Дата: 11.11.2015

Номер свидетельства: 251501


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства