kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға  «сыбайлас жемқорлық»  туралы толығырақ мағлұмат беру;  адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет»»

Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға

ортақ міндет»


Мақсаты: оқушыларға «сыбайлас жемқорлық» туралы толығырақ мағлұмат беру; адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; патриоттық тәрбие қалыптастыру;


Көрнекілігі: бейнеролик, слайдтар, ватман, түрлі-түсті қаламдар.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!  Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға ширек ғасырдан астам  уақыт өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілеттілігімен айқындалады.» делінген.Олай болса, еліміздің болашақтағы келбетін анықтайтын – бәсекеге қабілет­тілік. Бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада, руханиятта, яғни барлық салада болуы керек. Бәсеке болған жерде жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, санамызды жөндейміз. Ендеше, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деп ғұлама жазушы М. Әуезов айтқандай, , өскелең ұрпақты тәрбиелегенде олардың бойына бәсекеге қабілеттілікті, патриоттық рухты, сананы сіңіре білген дұрыс.

Сол себепті, болашақ жеткіншектер өздерің екенін ескере отырып, осындай жағдайларды болдырмау мақсатында тәрбие сағатымыздың тақырыбын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет» деп алып отырмыз.

Оқушыларды үш топқа бөлу: («тарихшы», «заңгер», «журналист» деген сөздермен бөлу)

І топ. «Тарихшылар»

ІІ топ. «Заңгерлер»

ІІІ топ. «Журналистер»


Топтарға тапсырма: «Сыбайлас жемқорлық» сөзіне ассоциация.

Аудиториядағы оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсініктерін қалыптастыру мақсатында сұрақтар қойылды.

  1. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заң қашан шықты?

Сыбайлас жемқорлық – . “Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады

Бейнеролик: «Жемқорлық – қоғам дерті»

Топ тапсырмалары:

Әр топ өзінің атауына байланысты сыбайлас жемқорлық туралы деректер айтып, топ мүддесін қорғайды.

Әр топқа басқа топтар екі сұрақ қойып, бір ұсыныс айтады.



1-топ. Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан1.

Көне заман тарихына көз жүгіртетін болсақ, алғашқы және ерте таптық қоғамдарда абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына олардың көрсеткен көмегі, қызметі үшін төлемақы беру әдеттегідей норма болып қабылданғаны мәлім. Жоғары шенде тұрған басшылар қарамағындағы төменгі шендегі қызметкерлердің белгіленген бір төлемақыға риза болғанын талап ете бастады, яғни олар белгілі бір көлемде жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі қызметкерлер лауазымдық міндеттерін орындау барысында көрсеткен қызметі үшін жасырын түрде қосымша төлем талап еткен. Біздіңше осы құбылысты сыбайлас жемқорлықтың алғашқы белгілері деп қарастыруға болады.

Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында «үшінші әлем» елдері саяси дербес ел болып дамыған кезде, олардың мемлекеттік аппараты алғашқы кезден бастап сыбайлас жемқорлық жолына түскен еді. «Үшінші әлем» елдерінде «төменнен жоғары жаққа қарай» сыбайлас жемқорлық түрі кездеседі, бұндай жағдайда парақор басшы өз кінәсін мойындамай, қарамағындағы қызметкерлерді жазаға тартады. Сондай-ақ «жоғарыдан төменге қарай» сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай жағдайда жоғары қызметте тұрған шенеуніктер ашық түрде пара алып, алған парасымен қарамағындағы қызметкерлермен жартылай бөліскен (сыбайлас жемқорлықтың осындай жүйесі Оңтүстік Кореяда байқалады). «Үшінші әлем» елдерінде (Филлипинде, Парагвайда, Гаитиде, Африканың кейбір елдерінде) клептократиялық тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық барлық әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты қамтыған және пара бермесе ешбір іс орындалмайды. 1990 жылдары сыбайлас жемқорлық мәселесі аса өзекті мәселеге айналды. Осы кезде бұрынғы социалистік елдерде сыбайлас жемқорлық аса үлкен қарқынмен дамыды.

Қорыта келе айтатынымыз, ХХ ғасырда сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың даму үдерісі мынадай:

- сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбее түсті.

- ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлыққа айналды.

- биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды.

2-топ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады. 

Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.

Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді.

3- топ. Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығының деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіліп отыру керек. Егер де біз бүгіннен бастап, өскелең ұрпаққа «сыбайлас жемқорлықтың» қандай қауіп әкелетініін, еліміздің дамуын тежейтінін ата-ана, ұстаз, қоғам болып түсіндірсек, бұл кеселдің тамырына балта шабуға өз септігін тигізеді деп ойлаймын.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Қорытынды. Қазақ халқы ежелден «Адалдық – ардың ісі», «Ала жіпті аттамағанның абыройы биік» деген ұранмен, адалдықты ту еткені мәлім. Қазақ пайымында адам бойында адалдық, пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Әр азамат бойына адамдық жақсы қасиеттерді сақтай отыра, адал еңбегімен мақсатты нәтижелерге қол жеткізу қажет.

Егемен елімізді ғасырлардан ғасырларға жетелейтін күш, әрине, бұл тәуелсіздігіміз бен бірлігіміз. Олай болса, Елбасымыздың ұстанып отырған сарабдал саясатына барлығымыз бірауыздан қолдау көрсетіп, жемқорлықсыз болашаққа нық қадам басуымыз қажет.


Кері байланыс: «Екі жұлдыз. Бір тілек»

























1


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет»

Автор: Жумагалиева Гулдана Куанышевна

Дата: 26.03.2018

Номер свидетельства: 463596


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства