kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шы?арма "Адам ж?не таби?ат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жалпы ал?анда, адам мен таби?ат бір-бірімен ты?ыз байланыста екені белгілі. Екеуі бір- бірінсіз ?мір с?ре алмайтындай к?рінеді. Алайда, таби?атта адам еркіне к?нетіні де бар, к?нбейтіні де бар. Ал, адам болса, ?зіне к?нетінін аялап, к?нбейтінін ?инамауы керек емес пе?! О?ан мысалы белгілі жазушы, ?аза? ?дебиетіні? ірі т?л?асы М?хтар ?уезовты? “К?ксерек” ??гімесін алайы?. Б?л ??гімеден біз ?ас?ырды еш?ашан ?й жануары етіп асырай алмайтынымыз?а к?з жеткіземіз. Себебі, ?ас?ыр бостанды?ты с?йетін дала жануары. Ол адамдарды? еркіне к?нгісі келмейді. Сонымен ?атар, адамзат баласы таби?атта орын алатын зиянды апаттарды ?з ?олымен жасап алатыны м?лім. М?ны к?нделікті ?мірден естіп те, к?ріп те, айтып та ж?рміз. Біра?, оны мойында?ан кім бар? О?ан м?н беріп, саралап, талдап жат?ан жо?пыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шы?арма "Адам ж?не таби?ат" »

Өскемен қаласы №45 бейімделген орта мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы Оралбекова Мөлдір

Шығарма

Адам және табиғат

Жалпы алғанда, адам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланыста екені белгілі. Екеуі бір- бірінсіз өмір сүре алмайтындай көрінеді. Алайда , табиғатта адам еркіне көнетіні де бар, көнбейтіні де бар. Ал, адам болса, өзіне көнетінін аялап, көнбейтінін қинамауы керек емес пе?! Оған мысалы белгілі жазушы , қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Мұхтар Әуезовтың “Көксерек” әңгімесін алайық. Бұл әңгімеден біз қасқырды ешқашан үй жануары етіп асырай алмайтынымызға көз жеткіземіз. Себебі, қасқыр бостандықты сүйетін дала жануары. Ол адамдардың еркіне көнгісі келмейді. Сонымен қатар, адамзат баласы табиғатта орын алатын зиянды апаттарды өз қолымен жасап алатыны мәлім. Мұны күнделікті өмірден естіп те, көріп те, айтып та жүрміз. Бірақ, оны мойындаған кім бар? Оған мән беріп, саралап, талдап жатқан жоқпыз.

Адам және табиғат... Осы бір екі ауыз сөз соншама бір араларында байланысы мол нәрселерді ұғындаратын тәрізді. Бірақ, ескере кететін бір жайт мынау: адам табиғатқа тәуелді; ал табиғат адамға тәуелді емес. Мұны былай дәлелдуге болады: адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Өзіне қажетті бес жағдайының барлығын дерлік табиғаттан алады. Табиғат ананың адамға, яғни бізге беретін маңызды екі нәрсесі мынау: ауа және су. Оның бізге тигізер пайдасы мол. Ал, біздің табиғатқа жасаған қандай пайдамыз бар? Осы сұрақты бір рет болсын ойланып көрдік пе? Әрине, жоқ. Себебі, мына біздер тек табиғатты ластап, оны құртумен ғана айналысып жатырмыз. Мұны өзіміз байқап та жүрген жоқпыз.

Сондықтан, мына біздер адамдар – қасиетті де қамқоршы анамыз табиғатты қорламай, таза ұстап, қорғайық. Оның бізге тәуелді емес екенін, біз оның теңдігін бұзып жатқанымызды, оған қымбат ‘’өз балаларындай ‘’ өсімдігін, жануарын құртып жатқанымызды есімізде ұстағанымыз жөн. Табиғаттың теңдігі бұзылса, біздің де теңдігіміз бұзылатынын есте ұстаған дұрыс. Өйткені, біздің бүкіл өміріміз табиғатпен тығыз байланысты екенін жоғарыда атап өттік.

Ендігі кезеңде біз болашақ ұрпақ табиғптты көркейтуге, оны дамытуға көп үлес қосуымыз керек. Мәселен, мынандай жағдайларды бірінші кезекте қарағанымыз жөн:

  1. Қалалы жерлерде ауаның көп ластанатыны белгілі. Оған қалада көліктердің көптігі, зауыттардың көптеп ашылуы себеп. Осы жағдайға байланысты ауаны ластамайтын көліктер ойлап табу керек .

  2. Қазіргі кезде елімізде “Жасыл ел ” бағдарламасы бойынша көптеген табиғатты қорғауға байланысты жобалар ұйымдастырылуда. Біз сол жобаларды болашақта әрі қарай дамытып, жетілдруіміз керек.

  3. Ауылды жерлерде дәулетті адамдар аң аулауды ермек көреді. Ал, бұл еліміздегі жануарлар санының азаюына себепші болады. Әрі оны кейбірі бизнеске айналдырып жібереді. Аңды аулап, оның терісін сатумен айналысады. Сондықтан мұндай адамдардың іс-әрекетіне тыйым салумен қатар оларға салынатын айыппұл мөлшерін көбейту керек.

Мінекей, сондықтан біз болашақ өсіп келе жатқан ұрпақ табиғатты қорғауға осыншама үлес қоссақ табиғат анамыздың көркейері сөзсіз. Сол үшін табиғатымыз жайнай берсін деген ниетпен мына өлең шумақтарын табиғат анамызға арнайық:

Табиғатым –тынысым,

Тұнып тұрған байлығы.

Сенсіз мынау ғаламда,

Өркендемек қай ғылым?



Кей перзентің аяусыз,

Жаралайды жаныңды.

Жаппай отап бауыңды,

Жазықсыз қырар аңыңды.



Құшағыңда тел өскен,

Тіршілік пен адамзат.

Анамызсың көпке ортақ,

Жайнай берші, табиғат!



Табиғат анамызды мәңгі қорғап, аялайық. Оны әрқашан таза ұстайық!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Шы?арма "Адам ж?не таби?ат"

Автор: Оралбекова М?лдір

Дата: 19.03.2015

Номер свидетельства: 188885


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства