Просмотр содержимого документа
««Салауатты ?мір салтын ?стану – міндетіміз» та?ырыбында топ са?аты»
Тақырыбы:«Салауатты өмір салтын ұстану – міндетіміз»
Мақсаты:Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Көрнекіліктер:Нақыл сөздер
Әдісі: Баяндау, сұхбат, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Тәрбие сағатының барысы:
Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартьгп жатыр.
Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болу.
Ал зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері.
Қазақ елі сонау кеңес үкіметі тұсындағы «шаш ал десе бас алатын» саясат, зиялы қауымды құрту, аштық, қуғын-сүргін, соғыс, жер мен елді тоздырған тың көтеру, экология апаты, желтоқсан зардабы тағы да басқаларын басынан кешірді. Осы апаттардан да қауіпті, адамды, сананы, есті жаулаған қасірет тым ауыр да азалы.
Қазақ халқының сөз байлығында «арақ» деген сөз болған емес. Олар қымыз бен шұбат ішкен. Сонда да әдемі тойлы ауыл, алтыбақан, жарасымды жастар әні, ойын түрлері мәнімен орын алған.
Зиянды әдеттер
Ішімдік ішу, Темекі шегу, насыбай ату, Нашақорлық Салауатты өмір салтын ұстануға бірден - бір кері әсер ететін факторлар.
Ішімдік – «этил спирті» немесе «этанол» деп те аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз болып келеді. Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40% градусқа дейін жетеді. Ішімдік ішу созылмалы бауыр ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады.
Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Оның зардабы: бронхит, өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Темекі түтінінде 300 - ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар.
Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық – бұл тажал адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді және жас ағза бірден үйренеді. Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12%- ы өмірінде 1 рет болса да есірткі қолданып көрген.
Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар.
Ал енді кезекті мақал – мәтелдерге берейік.
1. Сақ жүрсең, сау жүресің.
2. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
3. Денің сау болса, жарлымын деме. Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.
Оқушылар бір - біріне тілектерін жазып ұсынады. «Ойқозғау»
1. Қазір арақ, темекі баспасөз бетінде, теледидарда жарнамадан түспейді? Оның орнына ауыл, қала көшелеріне не ілуге болады? Көзқарасың қандай:
2. Салауаттылық салтын болашақ өмірде қалай ұстанасың?
«Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты.Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.
Ситуациялық жағдайлардан шығу.
1- жағдаят:
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол
« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
2-жағжаят:
Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.
- Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?
Адамның тірек-қимыл жүйесінің тазалығы.
— Шынығу жаттығуларымен жүйелі айналысу керек;
— Есіңде болсын, шынығу жаттығуларымен шамадан тыс айналысқан да қауіпті;
— Әртүрлі еңбек қозғалыстарынан кейін, ағзаңды ширататын жаттығулар жасаған дұрыс;
— Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек;
— Ауыр заттарды көтеру зиян;
— Орындықта дұрыс отыру керек;
— Жеткіншектерге биік өкше, тар аяқ киім киген өте зиян.
Тыныс алу жолдары тазалығының негізгі ережелері.
— Бір қалыпты және терең тыныс алу керек;
— Үлкен күш жұмсауды қажет ететін қозғалыс әрекеттері тыныс алу ырғағымен сәйкес келуі керек;
— Дұрыс тыныс алу үшін дене бітімінің де дұрыс қалыптасуының рөлі зор;
— Жұқпалы аурумен ауырған адамдармен қарым-қатынас жасағанда сақ болу керек (сырқат пайдаланған заттарды пайдалануға болмайды, дәкеден жасалған арнайы таңғыш тағып жүру керек);
— Темекі шегу сенің тыныс алу мүшелерінің үшін де, денсаулығың үшін де өте зиян.
Шыныққан шымыр адамның 6 белгісі.
— Өте сирек ауырады;
— Көзінен от жалындаған, терісі де таза жан;
— Ұйқысы да тыныш;
— Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады;
— 80 жастан кем жасамайды;
— Егер сырқаттанып қалса, тез сауығып кетеді.
Зиянды әдеттер бөлімшесі
Шылымқорлық
Ең алдымен, біз жаман әдеттер мен шылымның шығу тарихын біліп алайық.
Ертеде темекі алыстағы Америка материгінде өсірілген екен. Ал бұл өсімдіктің темекі атануы Гаити аралындағы Тобаго провинциясында өсетін жабайы өсімдіктің атауынан шығыпты. 1559 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауаруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Сонымен, «никотин» атауы француз елшісінің құрметіне аталған. Шылым – адам денсаулығына құрылған қақпан. Оның 2-3 талын шеккенен кейін, соған тәуелді болып, қақпанға қалай түскеніңді байқамай да қаласың. Шылымқор – ол ауру адам.
Ішімдік.
Ең көп тараған есірткі таблетка немесе капсулада емес, темір қалбырлар мен шыны бөтелкелерде болады. Бұл-спирттік ішімдіктер, екінші аты алкоголь.
Есіртікінің бұл түрі ашық түрде кең тараған және жастарды жаман әдеттерге үйрету жағынан бірінші орында тұр. Жыл сайын алкогольден уланып, мыңдаған адам өліп жатады. Адамның жүрегі мен бауырын зақымдауға спирттік ішімдіктің азғантай мөлшері де жеткілікті. Спирттік ішімдік ішкен сайын бауыр қатып, тас болады.
Біз өзімізге не керек екенін білетін қоғамда өмір сүріп отырмыз. Көркем фильмдердің шылым шегіп, арақ ішетін кейіпкерлеріне де еліктеуге болмайды. Қазір теледидардан зиянды заттардың алдын алу туралы жарнамалар көп беріледі. Соларға құлақ сал! Есіңде сақта! 18 жасқа толмаған балаларға сауда орындарынан ішімдік, темекі сатып алуына қатаң тиым салынған. Өзге адам жұмсаса оған осы тиым туралы түсіндір!
Пайдалы кеңестер бөлімшесі.
Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:
Қоршаған орта ластығы.
Дұрыс тамақтанбау.
Тұқымқуалаушылық.
Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
Зиянды заттарды қабылдау.
Тазалықты сақтамау.
Отбасындағы кері жағдайлар.
Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
Дұрыс тамақтану.
Қоршаған орта тазалығы.
Дене шынықтыру.
Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
Зиянды заттарды қабылдамау.
Жеке бастың тазалығын сақтау.
Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
Эмоциялардың оң болуы.
Ұйқыңнан ерте тұр,
Жадырап, жарқын күл.
Әдетің болсын әрқашан
Жаттығу жасау, жуыну!
Аузыңды шай артынан, тамақ ішсең,
Тісті жуу соншалық түспес күшке.
Екі мәрте күніне тазаласаң,
Қартайғанша жүрерсің аппақ тіспен.
Дәрігерге тісіңді көрсетіп тұр –
Өзін сыйлар баланың дағдысы бұл.
Ертеңгілік асыңды ішкеннен соң,
Таза ауамен мектепке беттеген жөн.
Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас.
Жылы сөйлеп, барлығымен амандас.
Суық қардан онша қорқа қоймасаң,
Шынығасың таза ауада ойнасаң.
Осы кезде спортпенен шұғылдан,
Сұлулық пен денсаулықты ойласаң.
Әуес болып шылымға,
Қылыққа жаман ұрынба.
Жамандық саған жабысып,
Ісің кетер құрдымға.
Шашыңды сап аузыңа,
Тырнағыңды тістеме.
Жетелейтін ауруға
Мұндай қылық істеме.
Мұрын – мұржа,
Кеуде көмір, ыс – күйе,
Шылымқордың, міне күйі осындай.
Араққорда
Қылық та жоқ ел сүйер,
Аты аталса, тұра алмайсын шошынбай.
Нашақор ма?
Өз еркіне өзі ие бола алмас.
Адам емес, хайуанның досындай.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың — өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.