kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка внеклассного занятия на тему: «Дала жұлдызы» (Ыбырай Алтынсариннің өмірі)

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Дала жұлдызы»

(Ыбырай Алтынсариннің өмірі)

 

Жоспары:

  • Кіріспе бөлімі:

Ыбырай Алтынсарин ақын, жазушы,  этнограф.

 

  • Негізгі бөлімі:
  • Ыбырай Алтынсариннің өмір жолынан хронологиялық кесте
  • Ыбырай Алтынсарин –оқулық авторы.
  • Ы.Алтынсаринге қатысты сөздер

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка внеклассного занятия на тему: «Дала жұлдызы» (Ыбырай Алтынсариннің өмірі)»

«Дала жұлдызы»

(Ыбырай Алтынсариннің өмірі)


Жоспары:

  • Кіріспе бөлімі:

Ыбырай Алтынсарин ақын, жазушы,  этнограф.


  • Негізгі бөлімі:

  • Ыбырай Алтынсариннің өмір жолынан хронологиялық кесте

  • Ыбырай Алтынсарин –оқулық авторы.

  • Ы.Алтынсаринге қатысты сөздер


  • Қорытынды:

Ыбырай сөзі

Талай дана – данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстаз Ыбырай Алтынсарин да туған.  Ыбырай (шын аты Ибраһим) Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай қаласындағы Затобол ауданында дүниеге келген.  Ыбырай үш жасқа келгенде әкесі Алтынсары қайтыс болады. Оны Кенесары шапқыншылығында өлтіріп кетеді. Ыбырайды әкесінің досы Жетібай Өтемісұлы құтқарып қалады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден алады. 1846 жылы Балғожа би Орынбордағы Шекара коммиссиясы жанынан ашылатын мектепке Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 22-тамызда сол мектепке Ыбырай алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады. Ол уақытын жан-жақты білім алуға ерекше ынтамен кіріседі.

Ыбырай Алтынсарин ақын, жазушы,  этнограф

1) Ыбырай -ақын

Ы.Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған. Өз шығармаларында Отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды. Оның «Бұл кім?», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», «Жаз», «Өзен», «Ананың сүйюі» және т.б. өлеңдері бар.

Кел, балалар, оқылық!

«Бір Аллаға сиынып,

Мұнтаздай боп киініп,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Оқысаңыз, балалар

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар!»

-деп Ыбырай атамыз осы өлеңінде ақын оқу-білімнің пайдасы мен қараңғылықтың зиянын салыстыра отырып сипаттайды. Ғылым-білімнің басты жауы — қараңғылықтың мән – жайын ашып береді. Ақын мұнымен де қанағаттанбайды, сол оқудың үйдегі әке-шешенің үміт тілегімен ұштасып жататынын да әсерлі жеткізеді.

Ақын «Өнер, білім бар жұрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудағы мақсатты аша түседі. Балғожа сықылдылардың бала оқытқандағы арманы «ата-ананы асырау» болса, Алтынсарин оқушылардың білімді адам болғандағы мақсат-міндеттері өз халқының бір керегіне асу, оның прогрестік жолмен ілгерілеуіне жетекшілік жасау, мәдениет жағынан салыстырғанда, басқалардан бірнеше ғасырлық кейін қалған өз елін, «Тастан сарай салдырып, айшылық алыс жолдардан, көзіңді ашып-жұмғанша хабар алдыратын» елдердің қатарына жеткізу деп білді. Радио, телеграф, телефон, самолет, электр, т.б. техника тетіктері қазақ тілінде көп тарламаса да, ақын сол сөздерді ұғындыруға тыңнан жол салып, үлкен шеберлік танытады. Оқып білім алудағы мақсат халықтың қажетіне жарау, өз еліңді өркениетті елдер қатарына қосу деп түсіндіреді.Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырды. Былайынша айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуды насихаттап, жастарға дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондықтан өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.


2) Ыбырай- жазушы


Ы.Алтынсарин жазба әдебиетке тән проза жанрының да негізін қалады. Ол - тұңғыш рет балаларға арнап әңгіме жазған жазушы. Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі-жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Ы.Алтынсариннің «Екі жолдас», «Бір уыс мақта», «Қисық ағаш», «Таза бұлақ», «Шеше мен бала», «Ақымақ дос», «Тазша бала», «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Талаптың пайдасы», «Бақша ағаштары», «Асыл шөп», «Байұлы», «Мейірімді бала», «Дүние қалай етсең табылады», «Жиренше шешен», «Бай мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Мақта қыз бен мысық» және т.б. әңгімелері бар.

3) Ыбырай -ғалым, этногроф


Ы.Алтынсарин этнография саласындағы еңбектері халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын қарастырады. Оның бірі өлген адамды жерлеу және оған ас беру, екіншісі құда түсу, қыз ұзату салттары туралы айтылады.

Лингвистика, тілтану саласында қазақ тілнің тазалығына зор мән берді.

Қазақтың әдеби тілі, оның қалыптасуы мен дамуы, ана тілінің тазалығы Ы.Алтынсариннің негізгі бағыты мен қызметі болып табылады.

Қазақтың әдеби тілі, оның қалыптасуы мен дамуы, ана тілінің тазалығы Ы.Алтынсариннің негізгі бағыты мен қызметі болып табылады.

Қазақ ауыз әдебиетін зерттеп, қазақтың жұмбақтары, дастандары, мақал-мәтелдері жөнінде ғылыми мақалалар жазды. «Қобыланды батыр», «Қара батыр», «Жәнібек батыр» эпостарынан, қазақ халқының  тарихынан үзінділері баспа бетіне жариялады.

Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлімінің толық мүшесі болды.


Ыбырай Алтынсариннің өмір жолынан хронологиялық кесте


1

1841 жылы 20 қазанда

Қостанай облысы Затабол ауданында туған.


2

1850жылы

Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.1857 жылы«өте жақсы» деген бағамен бітірген.

3

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.

4

1859 жылы

Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.

5

1860 жылы

Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

6

1864 жылы

Торғайдағы мектепті ашады.

7

1876 жылы

Петербург, Қазан қалаларына барады.

8

1876 жылы

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

9

1879 жылы

«Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.

10

1879 жылы

Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

11

1881 жылы

Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.


12

1879-1883 жылдары

Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.

13

1983 жылы

Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

14

1983 жылы

«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

15

1887 жылы

Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

16

1987 жылы

Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.

17

1889 жылы

Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.


Ы. Алтынсарин –оқулық авторы.


1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?

А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді.

В/ қазақтың мақал –мәтелдері.

2. Білімге шақырған өлеңдері

«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»

3. Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».

4. Орыс жазушыларының аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.

Ы.Алтынсаринге қатысты сөздер


1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

«Оренбурский листок» газетінен


2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз»

Ы.Алтынсарин.

3. «Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы даоқытушыға тең келе алмайды.»

Ы.Алтынсарин

4. Қазақтарға-осы дарынды, ақыл-есі мол халыққакешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегенмен де қажет болып отыр»

Ы.Алтынсариннің (губернаторға жолдаған баяндамасынан)


Ыбырай сөзі

Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен

Телмірме еш адамға мұңдықпенен...


Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар...


Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызды...


Ақылсыз жанды досым деп,

Басыңды қосып, сыр айтпа.

Күндердің күні болғанда,

Ол жаман айғақ болар басыңа...


Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын...



Қорытындылау:

Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Қазіргі өркениетті қазақ халқы не бәрі 48 жасында өмірден өткен Ыбырай атамызды ұлы ұстаз, педагог, ғалым, ірі қоғам қайраткері деп бағалап құрмет тұтады. Сөзімнің соңында Сахитжанов Мұхаммедтің жазған өлең шумақтарымен аяқтағым келіп тұр.

Алтынсарин – қазақтың жарық  күні,

Білімімен шыңдаған талай елді.

Ойлағаны ел қамы, бала қамы.

Алтынсарин – елімнің білім бағы.

Алтынсарин – халқымның асқақ әні,

Талай бала жырлайды «оқимыз» деп

Алтынсарин – даламның қоңырауы






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка внеклассного занятия на тему: «Дала жұлдызы» (Ыбырай Алтынсариннің өмірі)

Автор: Агибаева Айгуль Абдиалимовна

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377272


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства