kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасында?ы ?арым-?атынас психологиясы (ата-аналар жиналысы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-ананы? психологиялы? к?з?арасын, бала?а деген жауапкершілік сезімін ?алыптастыру. ата-аналарды? мектеппен т?ра?ты ?арым-?атынасын ?алыптастыру, мектеппен ?арым-?атынасты? тиімді моделдерін іздестіру, балалар ?мірінде ата-аналарды? р?лі туралы ма?л?маттар бере отырып пікіралмасу, балаларды? д?ниетанымын, ?абілетін, дарынын дамыта отырып білімді, салауатты ?рпа? т?рбиелеуде жан?яны? р?лін дамтыу, ата-ана баланы? бас ?стазы екенін т?сіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасында?ы ?арым-?атынас психологиясы (ата-аналар жиналысы)»

р жиналысының мақсаты: ата- ананың бала тәрбиелеудегі оң Ата- Ата- Ата-аналарының жиналысының мақсаты:

Ата-ананың психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, мектеппен қарым-қатынастың тиімді моделдерін іздестіру, балалар өмірінде ата-аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып пікіралмасу, балалардың дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін дамтыу, ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру.

Ата- аналарының жиналысының міндеттері:

  • ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау;

  • өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу;

  • көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

5 "Ә" сыныбының ата- аналары

Класс жетекшісі: Турешова Фариза Серікбайқызы

Жиналыс барысы:

I. Ұйымдастыру кезең

Жиналыстың мақсаты және міндетімен таныстыру.

1. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

II. Аңыз «Мәңгілік серік»

Өмірден әбден шатасып,шатасып әбден шаршаған адамдар өмірдің шыңырауына жақындайды ,амадары қалмай не істерлерін білмей,бізді кім қорғап қандай ақыл жол тауып берер екен,- деп абыржып, бір парасатты данышпан адамнан ақыл сұрап барады.

Ол оларға, таңның ең алғаш шыққан жұдызымен сіздерге мәңгілік серік алдарыңыздан шығады, сол сіздерді қорғап қалады,- дейді.

Мәңгілік серікті күтіп алу үшін адамдар түні бойы жолдың үстінде тұрып таңның алғашқы жұлдызының шыққанын күтеді. Таңның атысымен алыстан келе жатқан көлеңкелерді көріп әне келеді, міне келеді деп, бірінің үстінде ақ шапаны жоқ, бірінде таяғы,бірінде ақ сақалы жоқ, ол да емес, дейді. Сөйтіп тұрғанда алғашқы жұлдыз да шықты. Бір жерде тырналар өлендетті,бір жерде баланың жылаған дауысы естілді.Таңғы жұдыз жарқырай түсті. Ол кім? Қашан келеді өзі, -деп күбірлесіп тұра берді. Кенет тағы да алыстан шулаған қаздың дауысы, құлындардың шыңғырған дауысы, жылаған баланың дауысы естілді. Бірақ еш нәрсеге мән бермей адамдар екі көздерін жолдан алмай мәңгілік серікті күтумен

болды. Ақыры шыдамдары тауысылып әлгі данышпанға келіп өздерінің реніштерін білдірді.

— Сенің айтқан мәңгілік серігің қайда,ешкім де келмеді,-дейді.

— Сіздер баланың жылаған дауысын естідіңіздер ме?,- деді данышпан.

— Иә, бірақ ол сәбидің дауысы ғой?,- дейді.

— Сол сәби сіздердің мәңгілік серіктеріңіз! Сол сіздердің қорғаныштарыңыз,-деп жауап береді.

Біздің баламыз ол біздің қарттық шағымыз. Дұрыс тәрбие ол біздің бақытты қарттығымыз. Қате тәрбие ол біздің болашақ қайғымыз,көз жасымыз, ол біздің басқа адамдар алдындағы кінәміз, мемлекет алдындағы кінәміз.

А.С.Макаренко

Құрметті ата – аналар бала біздің болашағымыз. Тек бала адамзаттың тұқым жалғастырушысы, тірегі, сенімі.

Баланың жан дүниесін мына үлкен тостағанға ұқсатуға болады.

-Балаңыздың қандай болуын қалайсыз?

-Қандай мінез құлық көргіңіз келеді?

— Қандай адами қасиеттерді дарытқыңыз келеді?

-Өзіңізден қандай қасиеттерді алғанын қалайсыз?

Әр қайсыңыздың алдыңызда қағаздар жатыр, соған балаңызда қандай қасиеттер болса дейсіз, өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт. Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер. Енді міне қараңыз, бала жанының қандай әсем әдемі болып жанданғанын көрдіңіз бе? Ал енді осындай жан дүниесі жарқын әдемі сұлу, баланың қасында жүрген үлкендеріміз қандай болуы қажет?

Слайд :

Ата ананың ең бастапқы жіберетін қателігі – ол алдымен өзін тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеуінде.

Л.Н.Толстой

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет. Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме? Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың қолында.

«Топтық жұмыс»

1-топ: «Баланың алдында ата-ана қандай болу керек?»

- Тәрбиелі, мәдениетті;

- Жан-жақты, күнделікті өмір жаңалықтарынан хабардар ;

- Бала алдында жат қылықтар көрсетпеу , яғни дөрекі сөйлемеу , ұрыспау себебі , күнделікті мұндай кикілжіңнен бала жасық болып өседі .

- Ішімдік ішпеу , артық сөйлемеу яғни, біреуді жамандамау, өсек айтпау;

2-топ:«Ата-ананың бала алдындағы мектепке деген міндеттері»

1.Мектепке деген құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;

2.Сабаққа уақытылы жіберіп, сабақтан қалдырмау;

3.Мектеппен, сынып мұғалімімен тығыз байланыста болу;

4.Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындауға көмектесу;

5.Баланың жеке сабақ оқитын бөлмесін дайындап беру;

6. Баланың сабағына қатысу;

7.Баланы қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету;

«Сөйлемді аяқта» әдістемесі

  • - Мен өз отбасымды жақсы көремін, себебі....

  • - Отбасы бұл....

  • - Отбасым бақытты болу үшін....

  • - Отбасымда зорлық - зомбылыққа жол жоқ, себебі....

  • - Егер баланы үнемі сынап отырса, ...

  • - Егер балаға үнемі күлсе, ...

  • - Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...

  • - Егер бала төзімділікте өссе, ...

  • - Егер бала адалдықта өссе, ...

  • - Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...

  • - Егер бала кекшілдікте өссе, ...

  • - Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...

Жағдаяттарды талқылау:

1.Балаңыз сабақты қанша оқыса да тағы «2» деген баға әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?

2. Сабағыңды оқы деген сөзіңізге балаңыз назар аудармайды. Не істейсіз?

3.Балаңыздың жаман қылықтарын бөтен біреуден ғана естисіз. Сіздің әрекетіңіз қандай?

4.Балаңыз мектепте ұдайы төбелес құрады. Не істейсіз?

5. «Мектеп» сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

Кінәлі сөздер...:

Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

Неге сен басқа балалардай емессің?

Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

«Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.

«Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

«Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама». «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

«Менің ең бақытты күнім» атты сыр сандықтағы балалар пікірін тыңдау.

Шегенің ізі

Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты.

Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды то лтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді. Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырып.

Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар , еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні , ащы да болса ақиқат . «Алдыңа келсе , атаңның айыбын кеш » деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. « Бір ашуыңды маған бер», « Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», « Бір білместік өтті» , егер бала болса « ісінің шалалығы » деп , жас болса « жастық шақта кімнің басынан не өтпейді » деп , үлкен кісі болса « жаңылмайтын жақ , сүрінбейтін тұяқ бола ма » деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге , араларын татуластыруға , артын тым ушықтырмауға тырысқан .

Қорытынды: Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік! Бүгінгі жиналыста сіздер бала тәрбиесінін оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Тәрбиенің сан, қырлы әдіс-тәсілдері жөнінде хабардар болдыңыздыр. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, ата-аналармен қоштасамыз.


- Ата-аналар жиналысының өтілуі, тренинг барысын 1-5 балл аралығындна бағалаңыз: - Өзіңізге пайдалы мәлімет ала алдыңыз ба? - Қандай әсер алдыңыз? Сіздің тілегіңіз бен ұсынысыңыз: Рефлексия Алдын - ала алғысымызды білдіреміз!


Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет !





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Отбасында?ы ?арым-?атынас психологиясы (ата-аналар жиналысы)

Автор: Турешова Фариза Серикбаевна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279564


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства