kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Н.Келімбетов "Үміт үзгім келмейді"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Н.Келімбетовтің "Үміт үзгім келмейді" шығармасын оқығаннан соң оқушылармен бірге спектакль құрған едік. Бұл повесть-монологта ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты сөз болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Н.Келімбетов "Үміт үзгім келмейді"»

Ақжібек:

Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Сіздердің қазір тамашалайтындарыңыз Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты повесть-монологы. Бұл повесть-монологта ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты сөз болады. Шығарамда өмір үшін аса қауіпті нейрохирургиялық операцияға түсейін деп тұрған науқас адамның сын сағаттағы сан қилы ой-толғаныстары тартымды бейнеленген. Автор өзінің түпкі ойын повестің бас қаһармандары Ержан мен Гауһардың ішкі монологтары арқылы берген. Екі аяғы бірдей сал болып, ауруы меңдеп, тырп етуге шамасы келмей, ажалмен арпалысып жатса да қайғы-уайымға тізгін бермей, қайта от-жалында шыңдалған шар болаттай ширай түскен Ержанның ауыр тағдыры нанымды суреттелген.

Н.Келімбетов «Үміт үзгім келмейді»

І бөлім.

Мүгедек арбасында отырған Ержан кітап жазып отырады. Дауыс:

  • Гауһар, бүгін ойым онға, санам санға бөлініп, басым қатты. Қайдағы-жайдағы жымысқы ойлар мені қыл мойынға тақап, дегбірімді тауысып бара жатқан сияқты. Әттең, қас қылғандай тап қазір қасымда емессің ғой. Әйтпесе ішімде қазандай қайнап, жанымды қоярға жер таптырмай буырқанып жатқан сыр-сезімдерімді өзіңе түйдек-түйдегімен ақтарып, еңсемді езе түскен ауыр ойлардан арылып, жеңілдеп қалар едім.

ІІ бөлім.

Стол басында дәрігер мен Ержан отырады. Қастарында Ержанның әйелі бар.

Ержан: Доктор айтыңызшы, операция аяғыма жасала ма?

Дәрігер: Жоқ

Ержан: Енді қалай? Менің аяғым ғой ауыратын, доктор.

Дәрігер: Жоқ, гәп аяғыңызда емес, жігітім.

Ержан: Енді неде?

Дәрігер: Омыртқада. Дәлірек айтсақ, жұлында жатыр.

(Дәрігер Ержанды етпетімен төсекке жатқызады. Қасына келіп отырып, арқасына қолын салады. Сосын кһк желкеден бастап, құйымшақтың тұсына дейін созылып жатқан омыртқа сүйектің үстінен алақанымен бір сипап өтті де:)

Дәрігер: Міне, осы ұп-ұзын қаңқа сүйек омыртқа деп аталады. Мұның өзі бүкіл организмді тіреп тұрған ұстын деуге де болады. Сол омыртқа-ұстынның іші қуыс, кеуек. Бірақ әлгі қуыстың іші бос емес. Омыртқаның ішінде ұзыннан ұзақ түсіп жұлын жатыр. Ол бас сүйектің ішіне орналасқан орталық мидың жалғасы. Ұқтың ба? Сол жұлын сан иллиардтаған жіңішке талшықтардан құралған. Әрбір осындай талшық нервтің жіңішкелігі адам шашынан он мың есе жіңішке. Бірақ осы қылдай талшықтың әрқайсысы адам өмірінде орасан зор қызмет атқарады. Солардың бірі сәл науқасқа шалдықса адамның көзі жұмылай қалады, екіншісі нашарласа мына сіз тәрізді аяқтан қалабастайды, тағысын тағылар. Сіздің омыртқаңыздың ішіне кішкене ісік ет өсіп шыққан. Сол ісік әлгі талшық нервтің бірін басып, оның өз қызметін атқаруына бөгет боп тұр. Сондықтан қатерлі ісікті алып тастау керек.

Ержан: Қалай аласыз?

Дәрігер: Қалай дейтіні бар ма! Омыртқаны кесіп ашамыз да, алып тастаймыз...

Ержан: Құлагер, қолда өсірген құлыным-ай!

Ішінде омыртқаның жұлыны-ай!...

ІІІ бөлім.

Аурухана палатасы. Бөлме ішінде үш ер адам жатады. Елу, қырық, жиырма жастағы жігіт. Ақылбек пен Қайсар әңгіме айтып отырады.

Дауыс:

Демек, ертең менің ең жанды, ең қиын жеріме, омыртқа сүйектің ішіне операция жасалмақ. Сен қалай ойлайсың .Гауһар? Операция жасатамыз ба? Жоқ па? Тіпті өлмегеннің өзінде мүгедек боп қалсақ қайтеміз? Ондайлар да бар екен. Бүгін маған үрейленуімнің тағы бір сыры бар. Өзің білесің маған операцияны тағы бір айдан кейін жасауы керек еді. Ал, профессор бүгін келіп:

Аурухана палатасы. Бөлме ішінде үш ер адам жатады. Елу, қырық, жиырма жастағы жігіт. Ақылбек пен Қайсар әңгіме айтып отырады. Бір топ дәрігерлер кіріп келеді. Дәрігер:

Дәрігер: Ержан Мырзахметов. Ертең сізге операция жасаймыз.

Дауыс: Неге өйтті дейсің ғой? Сен білмейсің бе? Өзің-оқ ақылға салшы: кеше марқұм болған жігіт те нақ осындай, мендегідей дертке шалдыққан еді. Кеше соған операция жасап, омыртқаның ішін ашып көрген бойда-ақ профессор мені есіне алды. Қатерлі ісік ұлғайып, тамыр жайып кетсе,ісіктің насырға шабарына дәрігердің тағы да бір рет іс жүзінде көзі жетті.

ІҮ бөлім.

Дауыс:

Шынында да ертең мен мүгедек боп қалсам қайтер екенсің,Гауһар? Сүйген жарын жер түбінен алып қайтқан жеңгеміздей болу қиын шығар. Сау-саламат кездегі күйдім-сүйдім дегеннің бәрі жастық-мастықтың желігі боп шықпаса игі еді... Ертең мен үшін мына кең дүние тар боп қалса не істейсің? «Бағымды байлама, кешіре гөр», -деп басыңды алып қашпайсың ба? Ондайлар да болады екен. Өз көзіммен көрдім, Гауһар. Бірақ, мен саған қашанда қалтқысыз сенем ғой. Бүгін де көңіліңді аққа ұйытып отырғаныңа иненің жасуындай шүбәм жоқ. Маған деген ниетің сүттен ақ, судан таза екенін де сезем. Бірақ мен жақында жан шошырлық бір оқиғаға еріксіз куәгер болдым. Осы оқиғаны бөтен кісіден естісем илана қойас едім. Өз көзіммен көрді. Жеме-жемге, жан алқымға келгенде күрт өзгеріп кететіндер де болады екен.

Біздің палатада бір кексе кісі бар. Айтып едім ғой, «Қасымда бір үлкен ғалым жатыр», -деп. Сол. Аты-Ақылбек. Ауыр дертке ұшырап,екі аяғы бірдей сал боп қалған. Соның жиыра жылдай отасқан әйелі бар екен. Соны өзіңе бүге-шүгесіне дейін айтып берейін.

Аурухана палатасы. Бөлме ішінде үш ер адам жатады. Елу, қырық, жиырма жастағы жігіт. Ақылбек пен Қайсар әңгіме айтып әлденеге күліп отырады. Ержан кітап оқып отырады. Есік айқара ашылыпРаушан кіріп, бірден ашулы жүзбен Ақылбекке қарай барады. Кезекші дәрігерді көрген соң соған тарпа бас салады.

Раушан: Әй, докторсымақ! Бері қара! Сен мені ақымақ санайсың ба? Әлде түк көрмейтін, су қараңғы соқыр деп ойлайсың ба? Айтшы өзің! Мына жарымжан мешелді сен үйіңе қайтарам депсің, ә!? Үйінде оған кім қарамақ? Сенің қатының келіп, басында отыра ма? Әлде өзің барып,күніне екі-үш реттен дәретін төгіп тұрасың ба?! Керегі жоқ дедім ғой маған мұндай мешелдің! Ажырасам! Жазылып кетер деген шайтан үмітпен үш жыл сарғайып күттім. Сол да жетер. Мен әлі жаспын. Адамға ұқсап өмір сүргім келеді. Ұқтың ба, өмірсүргім. Мына тірі өлікті қайта-қайта әкелем. Сен оны қайта-қайта маған тықпыштай бересің. Неге өздерің қарамайсыңдар? Неге өздерің күте бермейсіңдер? Пәледен тезірек құтылғыларың келеді, ә? Мен жас басыммен омалып, ғұмыр бойы осының қасында отыра берем бе? Жоқ! Керегі жоқ мұндай мешелдің. Жатсын осында. Жатыр ғой мыналар, жұрттан жаны артық емес шығар. Ал ауруханадан зорлап шығаруға праваң жоқ сенің. Бәрібір өлексені үйіме кіргізбеймін. Маңайыма жолатпаймын.

Дәрігер жігіт алғашында сасқалақтап, сосын есін жиғандай болады да:

Дәрігер жігіт: Адамға ұқсап өмір сүргім келеді дейсің, ә?! Мына сиқыңмен сен ешқашанда адамға ұқсай алмайсың! Адамнан садаға кет! Мені түк білмейді деп ойлайтын шығарсың? Бәрін білем! Мына білдей азаматты мүгедек етіп тастаған да сенсің! Сенің удай ащы осы тілің. Сен сияқты жылан тілді зымияндарды соттау керек!

Кешекші дәрігер ашуға булығып әрі қарай сөйлей алмайды, Раушанды басқа дәрігерлер дәлізге қарай итермелеп жатады. Дәрігер Ақылбектің дірілдеп жатқан аяқ-қолын сипалай бастайды.

Ү бөлім

Бас дәрігер мен Гауһар сөйлесіп тұарады.

Дәрігер: операциядан соң Ержанның қол-аяғы кемтар боп қалуы да мүмкін.

Әйелі: онда операция жасаудың керегі не?

Дәрігер: бұл өзі өте сирек кездесетін кесел. Операция жасааудағы мақсатымыз адамды ажалдан арашалап қалу. Мұндайда аяқ-қолдан қалып қоюы ықтимал. Бірақ тірі қалады ғой. Жасамасақ, өмірі ұзаққа бармайды.

Екеуі шығып кетіп қалады.

Дәрігер: операция 5 сағатқа созылды. Өміріне қауіп жоқ. Бірақ Ержаннын қолы да семіп қалуы ғажап емес. Бірақ оны әзірше айтпай-ақ қояйық. Тым ауыр соғып жүрер. Әйелі үндемей қалады.

ҮІ бөлім.

Аурухана палатасы. Бөлме ішінде үш ер адам жатады. Елу, қырық, жиырма жастағы жігіт. Ақылбек пен Қайсар әңгіме айтып отырады. Ержан операциядан шықты. Ес түссіз жатады. Бір уақытта қасына Бас дәрігер келеді.

дәрігер: Жарайсың, жігіт ақ екенсің! Операция бес сағатқа созылды. Жүрегің қыңқ еткен жоқ.

Ержан: жүрем бе, жоқ па?

Дәрігер: қолдарым қимылдамай қалды деп қорықпа. Көп ұзамай-ақ жанданып кетеді. Бес-алты ай шыда батырым. Ал аяңыңа келетін болсақ....... меніңше аяқтарың осылай қалатын шығар. Әйтсе де сен тірі қалғаныңа қуан. Осындай күрделі операциядан аман шықтың. Бұл жарық дүниеге қайта туып келумен бірдей. өмірге сен екінші рет келдің. Анаңнан екінші рет туылдың. Медицина ғылым саған екінші рет өмір сыйлады.

Дауыс: Нейрохирург үшін әдетте ең қиыны-операцияға түсетін науқасты психикалық тұрғыдан әзірлеп, оның көңіл-күйін бәйге атындай баптап алу екен. Бұған дәрігер айрықша мән береді. Кейде дәрігердің қайраты селге кетеді. жатпай-тұрай, жалынып, жалбарынғандай боп зорға көндірген адамы дәл операция күні нілдей бұзылып, табанда айнып қалады. Ал, жұртты осылайша аумалы-төкпелі ала мінез етіп қоятындар көңіліне мәңгі бақи күдік ұялап қалған, жаны жасық жігерсіздер. Осындай күдік дертіне шалдыққан бір науқас жан бізбен көршілес палатада жатты. Оның ең сүйікті өнері-бүгін-ертең операцияға түсуге іштей бел буып, дап-дайын отырған адамды айнытып қою. Науқастың көңіл-күйін бұзу, шүбә тудыру, жазылып кетеріне сенімін жою. Сол неме маған да келді. Сол -ақ екен дәл осы сияқты Бәкір дейтін бір туысым есіме сап ете түсті. Бұрын бас аман кезде оған жөнді мән де бермеген екем-ау.

Үй іші. Кроватта Ержан жатады. Кісілердің барлығы Гауһармен қоштасып, үйлеріне кетіп жатады. Тек Бәкір мен оның әйелі қалады. Бәкір Ержанның қасына келіп оның жансыз аяқ қолдарына ұзақ қарайды.

Бәкір: Түсінем. Тас түскен жеріне ауыр. Бәрінен де саған қиын болды ғой. Бірақ қашанғы әйеліңе масыл боп төсекте жата бересің?! Ұят қой! Гауһар күнде жылайды екен. Қашанғы отырсын омалып. Жас емес пе? Сен оның жолына байлау болма. Жібер еркінк. Кетсін ұшып. Сен бұл үйде жатқанда өздігінен кете алмайды ол. Сенен қысылады. Аяйды. Ол үшін алдымен сен кетуің керек. Мүгедектер үйіне. Біздің өкімет ешкімді далаға тастамайды.ал балалардан қам жеме, мен олардыбір жақсы интернатқа өзім орналастырам..... кесімді күн-кесілген ет емес пе? Адам кейде өзінің тапқаны таусылғанына да сезей қала ма деп қалдым. Мұндайда батылдық керек. Жақында мына сен тәрізді кәріп боп қалған бір жігіт өз тағдырын қолына алып, мәселені бір-ақ шешіпті. Асылып өліпті. Байғұс қырық жылғы қиямет-қайымнан бір-ақ құтылыпты. Бірақ ол үшін таудай жүрек керек. Сенің қолыңнан о да келмейді ғой. Бейшара-ай. Тірі өлік болып жата беруден не пайда?!

Дауыс: рас, операциядан кейін қатты азап шектім. Бірақ мына бүгінгі жан азабы одан жүз есе ауыр соғып тұр. Әрине, бір қолым қимылдаса да қазір ашу үстінде алқымын езіп тастар едім. Бірақ қазір тілім мен көзімнен басқа қаруым болмай ,діңкем құрып тұр ғой!

Ержан: өз ойым бар өзімнің,өз дегенім,

Қайтем жұрттың қай жерді көздегенін,

Өшпей тұрса болады ой жарығым,

Сезсем бопты өзгенің сезбегенін.

Іші өлмеген еркектің сырты өлмейді,

Жан жаураса қайта адам жөнделмейді.

Осы кезде Бәкір аяқ астынан өңі қуарып кетіп қалады.

Дауыс: Сен жөніндегі сөздерді ол менің жанды жеріме әдейі тигізіп айтып отыр ғой, Гауһар. Бәкір мені бұлан –таланы шығып ашу–ызаға тұншығып қалады деп ойласа керек. Бірақ мен қызылтанау болғам жоқ. Қыңқ етпедім. Қайта әлгі сөзге қуанғандай сыңай танытып, шабыты қозған ақындай сампылдап өлең оқи жөнелдім. Соған қарап ол мені жынданып кетті деп қорықты ма екен? Кәлимаға тілін келтіріп жатқан молдаға ұқсап, еріндерін жыбырлатып күбір–күбір еткен күйінде бөлмеден шығып кетті.

Бірақ содан соң екі аласы егіліп жылап, Ержанның жанына жетіп келеді. (АСхат, Абай)

Мұхит: папа, сен маған жазыламын дедің ғой! Мойныңа мінгізем дедің. Ертең жазылам дедің ғой папаааа. (жылап)

Қайрат: анау бір кісі сені енді қайтіп тұрмайды деп жатыр. Жүрмейді деп жатыр. Мамамды ұрысты. Мамам жылап қалды. Анау кісі сені бір жаққа апарып тастамақшы. Бәрібір өледі дейді. Ал сен өлмейсің ғой,папа, өлмейсің ғой!

Дауыс: мен қазір өзімнің қайғылы тағдырыма емес, дүниеде осы күнге дейін Бәкір секілді аярлардың жер басып жүргеніне қынжылып жатырмын. Демек, қайғыға қамалып жата бермей, білек сыбанып күреске шығуым керек. Мына Мұхит пен Қайрат ер жеткенде араларында Бәкірлер жүрмесе екен.

Бөлмеге мамасы кіреді. Балалар шешелеріне жәутеңдеп қарайды. Шешесі кіріп

Шешесі: Жыламашы! Мына екі баланың көзіне көрініп, тірі жатсаң болғаны. Қалған тірліктің бәрін мен өз мойныма алам. Шешесі балалардың ,содан соң Ержаннын мойындарынан сүйіп құшақтайды.

Дауыс: мен Бәкірдің мені неге мүгедектер үйіне жіберуге асыққанын түсіндім. Мен кеткен соң екі баламды интернатқа орналастырып біздің үш бөлмелі пәтерді ескі уүйне заңды түрде ауыстырып алмақшы екен.....

Дауыс:талай рет тұяғымды тасқа соғып, өмірден қанша захмет шегіп жатсам да сәрі, кіші ұлымның сауалдарына бойым үйренбей-ақ қойды. Өйткені, Қайрат жанымның ең жаралы жерін тырналайтын.

Мұхит бөлмеге жылап келеді.

Ержан:Жігіт адам соған да жылайма екен?

Мұхит: жоқ, мен оның ұрғанына жылағаным жоқ.

Ержан: онда неге сонша ебіл-дебіл боп тұрсың?

Мұхит: саған тіл тигізді ол.

Ержан: қалайша маған тіл тигізеді ол. Мен төбелескем жоқ қой?

Мұхит: сені папама айтам деп едім.

Ержан: иә?

Мұхит: сенің папаңнан қазір ит те қорықпайды. Ол төсегінен де тұра алмайтын мешел деді. Ал сен мешел емессің ғой. Ертең жүресің ғой, әке!

Ержан: жүрем балам, жүрем. Тек сен жыламашы. Әйтпесе сені жылауық деп күледі ол.

Мұхит: оның көзінше жылағам жоқ. Былай шығып жыладым.

Дауыс: Мен аяқ-қолсыз, төсек тартып жатсам да босқа қарап жатпауға бекем бел будым. Төрт жылдан бері өзімді алақанына салып, сәбидей етіп әлпештеп келе жатқан ел-жұртымның ақ нанын адал еңбегіммен ақтап шықсам, иненің жасуындай арман болмас еді. Сол үшін осы кітапты жазуға барымды салдым. Оқырман қауым іштегі шерімді емес, маңдайдағы терімді көрер деп үміттенем. Соңғы демім біткенше күресе берем. Бұл саған берген соңғы сертім, Гауһар. Өмірден, сірә үміт үзгім келмейді.

Гауһар: Ержан, өмір-өзеннің ағысына көз ілескен бе, сірә! Аяқ астынан жармасқан дертпен жеті жыл бойы арпалысып келеміз. Онымен әлі қанша уақыт алысарымыз да белгісіз. Бірақ тас кенедей жабысқан ауыр кеселді сен жеңіп шықтың. Ең бастысы қиын қыстау сәтте арқа сүйеп, қара тұтар достарымыз қасымызды болды. Сондай дос-жарандары бар біздер бақытты шығармыз, Ержан. Өзіңді өлердей діңкелеткен дерттің ыстығына күйіп, суығына тоңып жатсаң да 7 жыл бойы бізге күрең қабақ көрсеткен жоқсың. Өз басың шырғалаңға түсіп жатсаң да біздің қас-қабағымызға қараумен бодың. Егер сен төзім таяғына сүйенбей, шыдамсыздық жасап, аһлеп-уһлей бергеніңде бар ғой, онда баяғы да ақ үйдің шырқы бұзылып, бәріміз де бытырап, жан-жаққа тоз-тоз боп кетер едік. Дәрігер сенің қолыңның семіп қалатынын айтса да сен өзіңді-өзің жақсылыққа сендіре білдің. Күнде қолыңды уқалатып, маған массаж жасататынсың. Мен сенің көңіліңді жықпау үшін ғана жасайтынмын. Әйтпесе оның 5 жылдан кейін жанданарын кім біліпті дейчің. Бұған профессордың өзі қатты таң қалды. Сенің алғаш қолың қимылдаған сәтті бір мәрте қолымды қысқаныңның өзі-ақ төбемді көкке тигізгендей болды. Бұл менің өмірімдегі ең қуанышты, ен бақытты күн болды.

Ержан, сен аяусыз арпалыста ажалдың өзін де жеңіп шықтың. Тірі қалдың. Бұдан артық не керек бізге. Демек, біздер бақыттылармыз. Өмір әлі алда, Ержан.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Н.Келімбетов "Үміт үзгім келмейді"

Автор: Таскенова Айымгүл Оралқызы

Дата: 14.04.2018

Номер свидетельства: 466153


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства