kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??а?али Ма?атаев – а?иы? а?ын.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы? саба?.                   П?н: ?аза? ?дебиеті. Саба?ты? та?ырыбы: М??а?али Ма?атаев – а?иы? а?ын.                                                        Саба?ты? ма?саттары:                                                                                                         1.Білімділік: М??а?али Ма?атаевты? ?мірі,шы?армашылы?ы бойынша шолу жасау ар?ылы о?ушыларды? білімдерін ке?ейту.                                                            2.Дамытушылы?: О?ушыларды? ?з бетінше ж?мыс істеуін шы?дау, ?ле?ді талдау ар?ылы о?ушыларды? ой-?рісін, ойлау ?абілеттерін, ауыз екі с?йлеу тілін дамыту. 3.Т?рбиелік. О?ушыларды? ту?ан жерге, Отан?а деген с?йіспеншіліктерін, патриотты? сезімдерін арттыру.                                                                             Саба?ты? т?рі: аралас                                                                                            ?олданыл?ан ?дістер: баяндау, с?ра? жауап, кластер, электронды презентация. К?рнеліктер: М??а?али Ма?атаевты? портреті, слайдтар, мультимедиялы? кешен.                                                Саба? барысы.                                                     ?йымдастыру кезе?і.                                                                                                                      –С?леметсіздер ме, о?ушылар. Отыры?дар.                                                                            –Балалар, ?ткен саба?та біз М??а?али Ма?атаевты? ?мірбаянымен танысты?. Б?гінгі саба?та оны? ?мірбаянына шолу жасап,шы?армашылы?ымен танысамыз. Саба?ты? со?ында сендерге белсенді ?атыс?аны ?шін ба?а ?ойылады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??а?али Ма?атаев – а?иы? а?ын.»

Ашық сабақ. Пән: қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев – ақиық ақын. Сабақтың мақсаттары: 1.Білімділік: Мұқағали Мақатаевтың өмірі,шығармашылығы бойынша шолу жасау арқылы оқушылардың білімдерін кеңейту. 2.Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін шыңдау, өлеңді талдау арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін, ауыз екі сөйлеу тілін дамыту. 3.Тәрбиелік. Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін арттыру. Сабақтың түрі: аралас Қолданылған әдістер: баяндау, сұрақ жауап, кластер, электронды презентация. Көрнеліктер: Мұқағали Мақатаевтың портреті, слайдтар, мультимедиялық кешен.

Сабақ барысы. Ұйымдастыру кезеңі. –Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Отырыңдар. –Балалар, өткен сабақта біз Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянымен таныстық. Бүгінгі сабақта оның өмірбаянына шолу жасап,шығармашылығымен танысамыз. Сабақтың соңында сендерге белсенді қатысқаны үшін баға қойылады. Баға қоюда маған Жұлдыз көмектеседі. –Оның алдында өткен тақырыптарға шолу жасайық. Сұрақтар слайдта шығады. 1. Мағжан Жұмабаев неше жастан бастап өлең жазды? 2. Оның алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді? 3.Сәкен Сейфулиннін 1914 жылы шыққан тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады? 4.Сәкен Сейфуллин қаламынан шыққан туындылары қай жанрларда? 5.Әңгіме дегеніміз не? 6.Мұхтар Әуезовты кім деп білесіңдер? 7.Мұхтар Әуезов қандай романымен әйгілі болды? 8.Роман дегеніміз не? -Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянына презентация дайындап келуге байланысты үйге тапсырма берілген болатын. Кім дайын? Презентация қорғау. (2 слайд)

Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны бойынша қосымша мәлімет алу үшін Андрей мен Анара көмектеседі.

“Менің анкетам”

Сұрақ қоюшы: -Туған жерің? Жас Мұқағали: -Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. –Сұрақ қоюшы:- Туған жылың? Жас Мұқағали:-1931.Құрдасымын Шәмілдің. Сұрақ қоюшы:-Жынысың кім? Жас Мұқағали: Еркекпін ғой, еркекпін! .................................................................................Және-дағы тәуірмін.. Сұрақ қоюшы: -Партияда барсың ба? Жас Мұқағали: -Жоқпын.Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын. Сұрақ қоюшы: Шыққан тегін? Жас мұқағали: -Шаруамын. ...........................Бар тірліктен бағалы оны санаймын. Сұрақ қоюшы:-Білімің ше? Жас Мұқағали: -Орташа ғой. ..........................................................................Алайда өзім жоғарыға балаймын. Сұрақ қоюшы:-Ана тілің? Жас Мұқағали: Қазақша. ...........................Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. Сұрақ қоюшы: -Шетелдерде болдың ба? Жас Мұқағали:-Болғаным жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. ......................................................Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, ......................................................Осы отырған орнымда-ақ. Сұрақ қоюшы: Мекен-жайың? Жас Мұқағали:-Мекен-жайым-жер менің. . ..........................Жерде жүрген ақын деген пендемін. .........................Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, .........................Мен өмірді жырлау үшін келгемін! -Балалар, “Менің анкетам” дегеен өлеңді тыңдаған соң, Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны туралы нені бұрыннан білгенмін? Нені жаңа білдім? Деген сұраққа жауап беріп көріңдер. (Оқушылар ауызша жауап береді)



1.Нені бұрыннан білемін? Нені жаңа білдім? (3 слайд)

-Мұқағалидің “Жазылар естеліктер мен туралы” атты өлеңді тыңдайық. (Мұқағали Мақатаевтың портреті) 4 слайд. Жазылар естеліктер мен туралы, Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Жоқ жанды қиған емес жамандауға, (Сол үшін рақмет адамдарға!!!) Білемін, әйтеуір бір замандарда, Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға....

Жазылар естеліктер нешелген, Көрерміз оның бәрін пешенеден. Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе- Көшеді өлең, немесе өшеді өлең!

...Құлары, таудың қызыл түлкісі дер, Момындар, біздің үйдің кірпіші дер. Мәнгілікке өзіммен ала кеткен, Менің нәзік жанымды кім түсінер!?



Жаңа сабақ: Кіріспе сөз: Мұқағали Мұқатаев аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі-туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замандастарының арман-аңсары, табиғат. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытты. “Бүкіл менің жазғаным-бар жоғы бір ғана бүтін поэма.Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма”-деді ақын (5 слайд). Сонымен қатар ақын тағы қандай тақырыптарға өлеңдер жазған? Осы сұраққа жауап беру үшін белгіленген сиқырлы ұяшықтардан бір әріпті алып, М.Мақатаевтың өлендерінің тақырыптарын тауып алыңдар.

Сиқырлы ұяшықтары (6 слайд)

А,Ә,Б В,Г,Ғ Д,Е,Е Ж,З,И

Й,К,Қ Л,М,Н Ң,О,Ө П,Р,С

Т,У,Ұ Ү,Ф,Х Һ,Ц,Ч Ш,Щ,Ы

І,Э,Ю,Я



1.Отан-7,9,1,6 2.туған жер-9,9,2,1,6,4,3,8 3.табиғат-9,1,1,4,2,1,9 4.маххаббат-6,1,10,1,1,1,1,9 5.адамгершілік-1,3,1,6,2,3,8,12,13,6,13,5 6.тіл-9,13,6 -Табылған өлендерінің тақырыптарын оқушылар өздері интерактивті тақтаға кластер түрінде жазады. (7 слайд)

Кіріспе сөз: Мұқағали Мақатаев аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі-туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замандамтарының арман-аңсары, табиғат. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты.

Сабақ бекіту:- Мұқағали Мақатаев көптеген тақырыптарға өлеңдерін жазғанын білеміз. Олардың ішінде туған еліне арналған бірнеше өлеңі бар. –Аминаға “Елім барда...” деген өлеңі ұнайды екен. Соны тыңдап көрейік.



Елім барда.....

Не сыйлайды, не береді келер күн?! Неде болса тірі тұрсам көрермін. Желідегі құлынымен мен елдің, Көгендегі қозысымын мен елдің. Не сыйлайсын, несін берсін ел маған?! Тұрсақ екен елім де аман. Таулар-менің таусылмайтын бақытым, Ал ырысым-ұланғайыр кең далам.

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты, Оларды іздеп өткізбеспін уақытты. Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты. –Мұқағалидің осы өлеңді оқығанда автордың патриоттық сезімдері қай өлең жолдарынан көрініп тұр? -Енді махаббат тақырыбына жазылған өлеңдерді есімізге түсіру үшін Мадина мен Бахтияр бізге көмектеседі.

Махаббат диалогы. Мадина: Құс болып ұшып жоғалсам, не етер едің? Бахтияр: Сені іздеумен мәңгілік етер едім. Мадина: Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? Бахтияр: Күл болып бірге соңыңнан кетер едім. Мадина: Бұлдырасам сағымдай не етер едің? Бахтияр: Жел бол қуып, ақыры жетер едім. Мадина: Қайғы әкелсем басыңа не етр едің? Бахтияр: Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін. –Махаббат туралы Мұқағалидің өлеңдерін атап шығындар. –Мұқағалидің ең көп жырлайтын өлең тақырыбы-табиғат туралы. Ол Қарасаз деген туған жері туралы, Хан тәңірі туралы, Алматы, жалпы табиғат туралы көп жырлаған. –Зарина “Әй, табиғат!” деген өлеңін айтып береді.

Әй, табиғат! Әй, табиғат! Шеберсің-ау, шеберсің. Көрмегенді көрсетерсің, бересің. Ұлаң-ғайыр байлығынды місе етпей, Ашкөзденген адамдарға не дерсің?!

Айың анау, Күнің анау, Жер міне, Ау, адамдар! Жетпей жатыр енді не?! Табиғатқа таласпаңдар, ағайын, Асырайды ол сені, мені, елді де. –Осы өлеңде Мұқағали не туралы айтқысы келді. –Сонымен біз бүгін Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерімен таныстық.

Сабақты қорытындылау. “Дұрыс-бұрыс” деген әдісі арқылы сабақта алған білімдерді бекіту. (8 слайд)

Мынау пікірлердің дұрыс-бұрыстығын аңықта.

Пікір

Дұрыс

Бұрыс

1

Ақынның туған жері-Алматы облысы Нарынкөл ауданы Қарасаз ауылы.

дұрыс


2

Мұқағали Мақатаев тек қана әңгімелері мен романдарды жазған.


бұрыс

3

Ол тек қана табиғатты жырлаған ақын.


бұрыс

4

Оның әкесі Сүлеймен соғыста қаза тапты.

дұрыс


5

Мұқағали Мақатаев өмір бойы мектепте мұғалім болып жұмыс істеді.


бұрыс

6

Мұқағалидің өмір серігінің аты-Лашын Әлімжанова.

дұрыс


7

“Үш бақытым” деген өлеңі бейбітшілік, адамгершілік, ата-ана туралы.


бұрыс



Бағалау. Сабаққа дайындалып келген және сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады. Мұқағали өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер де көп кездеседі. Әр түрлі тақырыптағы өлеңдерінің арасында кең тарағандарының бірі “Сарыжайлау”. Сендердің назарларыңызға “Сапжайлау” өлеңі ұсынылады.

Үй тапсырма беру: “Туған жер тақырыбына” бір өлеңді жаттап келу. –Біз ақынды ұмытпаймыз, оның өлеңдерін мәңгі есімізде сақталады. Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім. Жыр жазсам, оған жұртым елендестің. Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім!-деп ақынның өз сөзімен осы сабақты аяқтағым келеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
М??а?али Ма?атаев – а?иы? а?ын.

Автор: Нуртазина Алма Канапияновна

Дата: 25.02.2016

Номер свидетельства: 298858


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства