kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мектеп-оқушы-ата-ана"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. Мектеп, мұғалім және ата-ана орны бөлек, себебі бала бір жақты тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мектеп-оқушы-ата-ана"»


Ата-аналарға арналған коучинг сессиясы

Сабақтың тақырыбы:

«Мектеп-оқушы-ата-ана»

Жалпы мақсаттар:


Ата – аналармен тілдесіп, оларды ынталандыру, ортақ шешімді анықтау. Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата-аналармен бетпе-бет кездесе отырып, бала тәрбиесі туралы пікір алысу. Бала тәрбиесін де ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Тренинг ережесі

Сенімділік, ынтымақтастық, сыйластық, жақын араласу

Оқытудың нәтижелері:


Оқу тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата- аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып отбасы мен мектеп арасындағы байланыс күшейеді;

Өзінің құндылықтары мен көзқарастары анықталады;

Проблемалар мен дамуға арналған басымдықтарды анықталады.

Күтілетін нәтиже:

Балаларының алдында ата-ананың, ата-аналар алдында педагогтардың беделі көтеріледі;

Ата-аналар мектеп өміріне араласа алады.

Негізгі идеялар:


Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. Мектеп, мұғалім және ата-ана орны бөлек, себебі бала бір жақты тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.

Ресурстар:

Интернеттен қосымша материалдар

Сабақта қолданылатын материалдар:

Ватман, маркер, стикер, түрлі-түсті қағаздар, АКТ, А-4, А-3 қағаздар, суреттер, бейне-роликтер

Оқыту әдістері:


Топтық жұмыс, диалогтік оқыту, СТО, талдау, түсіндіру

Дерек көздері:



Тапсырмалар:

Сұрақ-жауап, салыстыру, ассоциация, рөлдік ойын

Коучинг барысы

Коуч әрекеті

Ата-аналардың іс-әрекеті

Уақыты

Тренинг: «Бірақ». Жағымды психологиялық азуал туғызу мақсатында коучер ата-аналарды шаттық шеңберін құруға шақырады.

Ата-аналар ортаға шаттық шеңберін құрады, және берілген сөйлемдерді жалғастырады

5 мин

Ой қозғау: «Оқушы» (коучер ата-аналарға сұрақ қояды, сұраққа нақты жауап алады)

Әр топ «оқушы» сөзіне әртүрлі ой мен пікірлер айтады, бір-бірінің ойларын тыңдайды

3 мин

Топтастыру: «Мектеп», «Оқушы», «Ата-ана» (коучер мұғалімдерді үш топқа бөледі)

Ата-аналар бүгінгі сабақта түрлі-түсті бет орамалдар арқылы үш топқа бөлінеді

2 мин

Топтық таныстырылым

(коучер топ мүшелерінен топтарын таныстыруын сұранады, уақыт беріледі)

Қатысушылар берілген уақытта өз топтарын таныстырып өтеді


Аяқталмаған сөйлем (коучер сұрақтарды оқиды)

Ата-аналар берілген сұрақтарға шынайы және нақты жауаптар жазады

3 мин

Тренинг: «Байлаулы бала» (коучер ортаға бір ата-ананы шақырады)

Ортаға бір ата-ана шығады, берілген сұрақтарға жауап береді

3 мин

Сұрақ-жауап: Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?

(коучер ата-аналарға сұрақты оқиды, сұрақтарға жауап сұрайды)

Берілген сұрақтарға ата-аналар шынайы түрде жауап береді

3 мин

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

(коучер барлық ата-аналарды ортаға сергіту сәтіне шақырады)

Интерактивті тақтадан көрсетілген «Көңілді күн» биіне билейді, көңілдерін сергітеді

2 мин

Шығармашылық тапсырма: «Мектеп-оқушы-ата-ана» кластер толтыру (коучер шығармашылық тапсырманы түсіндіріп өтеді)

Ата-аналар «мектеп-оқушы-ата-ана» тақырыбы бойынша флипчартқа кластер толтырады, өз ойларын айтып қорғайды.

10 мин

Қызықты сұрақтар:

(коучер сұрақтарды рет-ретімен оқып шығады)

Ата-аналар берілген сұрақтарға жылдам жауап беруі керек

5 мин

Ой толғау:

Сабақ барысы қандай?

Бүгінгі дәріс жайлы не айтасыздар?
Алған материал тәжірибеңізге пайдалы деп ойлайсыз ба?
Не үйрендіңіз?

(коучер ата-аналарға бүгінгі сабаққа кері байланыс орнатады)

Ата-аналар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, стикерлерге жазып іледі.

2 мин

Рефлексия

Бүгінгі сабаққа рефлексия жазады

2 мин




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Мектеп-оқушы-ата-ана"

Автор: Омарова Айнұр Жақсылыққызы

Дата: 26.04.2017

Номер свидетельства: 411906


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства