kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"М??гілік Ел - ?лтты? идеясыны? ??ндылы?тары" сынып са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

11 сынып?а арнал?ан "М??гілік Ел - ?лтты? идеясыны? ??ндылы?тары" та?ырыбында ?ткен сынып са?аты. Саба?ты? ма?саты: «?аза?стан - 2050» стратегиясыны? ма?ызы мен ма?сатын т?сіндіру ар?ылы М??гілік ел – идеясыны? ма?ызын т?сіндіру.
Саба?ты? міндеттері: 
Білімділік: О?ушылар?а отанын с?юге, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді? мемлекеттік р?міздерін ??рметтеуге ?йрету. 
Дамытушылы?: Отанымызды? байлы?ын ?ор?ау?а, елімізді ?ркендетуге ?з ?лестерін ?осу?а баулу.
Т?рбиелелік: Білімді ?рпа? болу?а т?рбиелеу. 
 
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мәңгілік ел 11А»

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының құндылықтары.» 
Сабақтың мақсаты: «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел – идеясының маңызын түсіну.
Сабақтың міндеттері: 
Білімділік: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету. 
Дамытушылық: Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін қосуға баулу.
Тәрбиелелік: Білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. 
Сабақ түрі: сынып сағаты
Сабақ әдісі: пікірталас 
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан - 2050» стратегиясы, слайд, Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер.
Сабақ барысы: 
Кіріспе: Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ең маңызды оқиға Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы болды. Онда Елбасы еліміздің дамуының басым бағыттары мен ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыру бағдарламасын айқындады. Кезектегі Жолдаудың ерекшелігі – ел Президенті «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясын тұжырымдап негіздеді. Мұнда Қазақстанның мемлекеттік сәйкестілігін және халқының бірлігін нығайту үнделген.

«Ұлттық идея» деген не және оның қоғам дамуындағы ролі қандай?

Ұлттық идея – халықтың, ұлыстың және ұлттың өмір сүру мәнін айқындайтын ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. Ол қоғам ықпалдастығының, тұлғаның әлеуметтенуінің және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің өзіндік теңесуінің зор мүмкіндіктерін қамтитындықтан, мемлекет дамуының әр кезеңінде қажет.

Ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. Сондықтан бұл Жолдау – жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары.  Бұл жоспар біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

Қазақстан үшін ұлттық идеяның қажеттілігі туралы сұрақ еліміз егемендігін алған алғашқы жылдары туындаған және бұл ғалымдар мен саясаткерлердің көптеген пікірталастарының тақырыбына айналды. Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан үшін ұлттық идеяны қалыптастыру проблемасы аса өзекті болды. Мемлекеттің келешекті даму принциптері мен мақсаттары тұжырымдалған «Қазақстан -2030» стратегиясы, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы сияқты құжаттар қазақстандық қоғамның ұлттық идеясын қалыптастыруға негіз болды.

Ел Президенті өз Жолдауларында айтып өткендей, қазақстандық ұлттық идея этникалық тиістілігіне қарамастан еліміздің барлық азаматтарының мүдделерін біріктіре отырып, көп ұлттылыққа сүйенуі керек; қазіргі қазақстандықтардың ділін қамтуы керек; елдің өзіндік ерекшеліктерін және қазақстандықтардың жақсы жақтары мен үздік сапаларын нақты түрде көрсетуі қажет. Сонымен қатар, біздің еліміздің ұлттық идеясы уақыт сынынан өткен қазастандық жол тәжірибесінен туындайтын нақыт құндылықтарға құрылуы керек.

Мұның барлығы Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің негізі бола отырып, барлық қазақстандықтар біріктіретін және оларды «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыруға жұмылдыратын «Мәңгілік Ел» идеясына көрініс тапты.

««Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп айтып өткен Елбасы өз Жолдауында.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпы ұлттық құндылықтар болып табылады.

1. Тәуелсіз Қазақстан және Астана

Бүгінде Қазақстан тәуелсіз, зайырлы мемлекеттің барлық белгілеріне ие: әлемдік қауымдастық мойындаған мемлекеттік шекара, БҰҰ мен халықаралық жетекші ұйымдарға толық мүшелік. Біздің еліміз көптеген әлем елдерімен екі жақты қатынастарда беделді және жауапты серіктес ретінде танылған. Егемендік жылдары ішінде жаһандық және өңірлік экономикалық жүйелердің бір бөлігі болған динамикалық экономика құрылған, елде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды даму стратегиялары мен бағдарламалары, жобалары іске асырылуда. Қазақстанның тәуелсіздігін қазақстандық этникалық топ өкілдерінің барлығы мойындайды. Бұл – бздің ортақ патриоттық құндылығымыз.

Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, барлық қазақстандық экономиканың локомативіне айналды.

Тәуелсіздікті қадірлеу және Астананы сүю – Қазсақстан патриоты мен азаматының маңызды сапалары.

2. Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім

Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды.

Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктерінежәне өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор.

Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.

3. Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық

Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін әрқашан рухани беталыс пен адамгершілік құндылықтар маңызды болады, әрқашан діни-мәдени дәстүрлер, әр азаматтың белгілі бір дінді ұстану немесе ешқандай дін ұстанбау құқығы сұраныста болады.

XXI ғасырда Қазақстанда мәдениет пен дін диалогының ғаламдық орталықтарының бірінің өкілдігі бекітіледі.

4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу

Экономикалық өсубұл біздің ең маңызды міндетіміз, мұның шешіміне Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі тәуелді.

Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту.

Инновация қосу қазіргі индустрия — бұл ағымдағы жүзжылдықтағы барлық жетістікті мемлекеттің магистральды жолы.

Мықты индустриялық база инновациялық өрлеуге ауысу негізі болады, экономикада инновациялық өсу нүктерлерін жасауға мүмкіндік береді. Тек осы негізде Қазақстан бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті мемлекет, бәсекеге қабілетті қоғам болады.

Экономикасы бекіген, индустриялық, инновациялық Қазақстан – бұл нағыз патриоттар міндеті.

5. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық және өмірлік әлеуеттерін толықтай ашу кешені.

Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.

Қазақстанның барлық шынайы патриоттарының маңызды міндеті – қоғамымызда бастамашыл, лайықты, адал еңбек құндылықтарына негізделген әлеуметтік оптимизмді нығайту.

6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған.

Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттікке, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды.

Тарих бізді сабақ алуға, даналық пен төзімділікті үйренуге, тағдыры ортақ халық күшіне деген сенімді нығайтуға үндейді.

Өз еліңнің тарихын білу, түсіну және құрметтеу – әр қазақстандық патриотының міндеті.

Ортақ мәдениет – Қазақстан халықтары бірлігінің негізгі тіректерінің бірі, еліміздің жаһандық әлемдегі өзіндік ерекшелігін сақтаудың маңызды шарттарының бірі.

Әр нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу және отандастармызға оны меңгеруге көмектесу.

Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік принципін енгізу де маңызды.

7. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы

- мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні.

Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә. Назарбаев G-GLOBAL: XI ғасыр әлемінің бес маңызды принципін атады:

  • революция емес, эволюция;

  • әділдік, теңдік, бәтуаластық;

  • ғаламдық төзімділік және сенім;

  • ғаламдық ашықтық;

  • сындарлы көп даңқтылық.

Оқушыларға Астана қаласының тарихы бойынша сұрақтар қойылады.
1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (жеті жүз мың)
2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
4. Жаңа көпірге қандай ат берілді? («Сарыарқа»)
5. Астанадағы ең басты қатынас жолы (Республика даңғылы)
6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат (Астана Тауэр)
7. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? («Атамекен»)
8.«Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
9. Астана қаласындағы газон қанша шаршы метр? (1 млн 200 шаршы метр)
10. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
11. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
Қорытынды: «Біз, қазақстандықтар, біртұтас халықпыз! Біздің тағдырымыз да ортақ – ол біздің «Мәңгілік Ел», біздің беделді және ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің жалпы қазақстандық үйіміздің ұлтық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы». Президенттің бұл сөздері ұлттық идеяның негізін де, тереңдігін де толықтай көрсетеді және бүгінде қазақстандықтардың оларды біріктіретін ортақ мақсаты бар деп нық айтуға мүмкіндік береді. Бұл мақсат – саулық пен молшылық, келісім мен достық үстемдік ететін ортақ үйімізді – Қазақстан Республикасын құру.

-Сіздер мектепте "Мәңгілік ел" ұлттық ойы, мектепте қандай жолмен жүзеге асырылуы керек деп ойлайсыздар?
- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Ал оқушыларымыз Омар Хайям айтқандай:
Сен жанбасаң лапылдап, 
Мен жанбасам лапылдап, 
Аспан қайдан ашылмақ деген дейін, -оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел" боламыз.

Просмотр содержимого презентации
«11А Мәңгілік Ел»

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ең маңызды оқиға Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы болды. Онда Елбасы еліміздің дамуының басым бағыттары мен ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыру бағдарламасын айқындады.

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ең маңызды оқиға Президентіміз

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы болды. Онда Елбасы еліміздің дамуының басым бағыттары мен ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыру бағдарламасын айқындады.

Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын  орындаудың жеті бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық - инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз. Елбасының Жолдауында әдеттегідей әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді. Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.

Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын  орындаудың жеті бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық - инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз.

Елбасының Жолдауында әдеттегідей әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді. Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.

Сондықтан бұл Жолдау – жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары.   Бұл жоспар біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу  « Мәңгілік ел »  мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

Кезектегі Жолдаудың ерекшелігі – ел Президенті «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясын тұжырымдап негіздеді. Мұнда Қазақстанның мемлекеттік сәйкестілігін және халқының бірлігін нығайту үнделген. «Ұлттық идея» деген не және оның қоғам дамуындағы ролі қандай? Ұлттық идея – халықтың, ұлыстың және ұлттың өмір сүру мәнін айқындайтын ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. Ол қоғам ықпалдастығының, тұлғаның әлеуметтенуінің және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің өзіндік теңесуінің зор мүмкіндіктерін қамтитындықтан, мемлекет дамуының әр кезеңінде қажет.

Кезектегі Жолдаудың ерекшелігі – ел Президенті «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясын тұжырымдап негіздеді. Мұнда Қазақстанның мемлекеттік сәйкестілігін және халқының бірлігін нығайту үнделген.

«Ұлттық идея» деген не және оның қоғам дамуындағы ролі қандай?

Ұлттық идея – халықтың, ұлыстың және ұлттың өмір сүру мәнін айқындайтын ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. Ол қоғам ықпалдастығының, тұлғаның әлеуметтенуінің және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің өзіндік теңесуінің зор мүмкіндіктерін қамтитындықтан, мемлекет дамуының әр кезеңінде қажет.

««Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп айтып өткен Елбасы өз Жолдауында. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпы ұлттық құндылықтар болып табылады.

««Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп айтып өткен Елбасы өз Жолдауында.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпы ұлттық құндылықтар болып табылады.

Қазақстан үшін ұлттық идеяның қажеттілігі туралы сұрақ еліміз егемендігін алған алғашқы жылдары туындаған және бұл ғалымдар мен саясаткерлердің көптеген пікірталастарының тақырыбына айналды. Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан үшін ұлттық идеяны қалыптастыру проблемасы аса өзекті болды. Мемлекеттің келешекті даму принциптері мен мақсаттары тұжырымдалған «Қазақстан - 2030» стратегиясы, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы сияқты құжаттар қазақстандық қоғамның ұлттық идеясын қалыптастыруға негіз болды.

Қазақстан үшін ұлттық идеяның қажеттілігі туралы сұрақ еліміз егемендігін алған алғашқы жылдары туындаған және бұл ғалымдар мен саясаткерлердің көптеген пікірталастарының тақырыбына айналды. Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан үшін ұлттық идеяны қалыптастыру проблемасы аса өзекті болды. Мемлекеттің келешекті даму принциптері мен мақсаттары тұжырымдалған «Қазақстан - 2030» стратегиясы, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы сияқты құжаттар қазақстандық қоғамның ұлттық идеясын қалыптастыруға негіз болды.

Ел Президенті өз Жолдауларында айтып өткендей, қазақстандық ұлттық идея этникалық тиістілігіне қарамастан еліміздің барлық азаматтарының мүдделерін біріктіре отырып, көп ұлттылыққа сүйенуі керек; қазіргі қазақстандықтардың ділін қамтуы керек; елдің өзіндік ерекшеліктерін және қазақстандықтардың жақсы жақтары мен үздік сапаларын нақты түрде көрсетуі қажет. Сонымен қатар, біздің еліміздің ұлттық идеясы уақыт сынынан өткен қазастандық жол тәжірибесінен туындайтын нақыт құндылықтарға құрылуы керек.

Ел Президенті өз Жолдауларында айтып өткендей, қазақстандық ұлттық идея этникалық тиістілігіне қарамастан еліміздің барлық азаматтарының мүдделерін біріктіре отырып, көп ұлттылыққа сүйенуі керек; қазіргі қазақстандықтардың ділін қамтуы керек; елдің өзіндік ерекшеліктерін және қазақстандықтардың жақсы жақтары мен үздік сапаларын нақты түрде көрсетуі қажет. Сонымен қатар, біздің еліміздің ұлттық идеясы уақыт сынынан өткен қазастандық жол тәжірибесінен туындайтын нақыт құндылықтарға құрылуы керек.

1. Тәуелсіз Қазақстан және Астана Бүгінде Қазақстан тәуелсіз, зайырлы мемлекеттің барлық белгілеріне ие: әлемдік қауымдастық мойындаған мемлекеттік шекара, БҰҰ мен халықаралық жетекші ұйымдарға толық мүшелік. Біздің еліміз көптеген әлем елдерімен екі жақты қатынастарда беделді және жауапты серіктес ретінде танылған. Қазақстанның тәуелсіздігін қазақстандық этникалық топ өкілдерінің барлығы мойындайды. Бұл – біздің ортақ патриоттық құндылығымыз. Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды. Тәуелсіздікті қадірлеу және Астананы сүю – Қазақстан патриоты мен азаматының маңызды  сапалары.

1. Тәуелсіз Қазақстан және Астана

Бүгінде Қазақстан тәуелсіз, зайырлы мемлекеттің барлық белгілеріне ие: әлемдік қауымдастық мойындаған мемлекеттік шекара, БҰҰ мен халықаралық жетекші ұйымдарға толық мүшелік. Біздің еліміз көптеген әлем елдерімен екі жақты қатынастарда беделді және жауапты серіктес ретінде танылған. Қазақстанның тәуелсіздігін қазақстандық этникалық топ өкілдерінің барлығы мойындайды. Бұл – біздің ортақ патриоттық құндылығымыз.

Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды.

Тәуелсіздікті қадірлеу және Астананы сүю – Қазақстан патриоты мен азаматының маңызды

сапалары.

2. Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды. Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктеріне және өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор. Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.

2. Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім

Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды.

Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктеріне және өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор.

Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.

3. Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін әрқашан рухани беталыс пен адамгершілік құндылықтар маңызды болады, әрқашан діни-мәдени дәстүрлер, әр азаматтың белгілі бір дінді ұстану немесе ешқандай дін ұстанбау құқығы сұраныста болады. XXI ғасырда Қазақстанда мәдениет пен дін диалогының ғаламдық орталықтарының бірінің өкілдігі бекітіледі.

3. Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық

Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін әрқашан рухани беталыс пен адамгершілік құндылықтар маңызды болады, әрқашан діни-мәдени дәстүрлер, әр азаматтың белгілі бір дінді ұстану немесе ешқандай дін ұстанбау құқығы сұраныста болады.

XXI ғасырда Қазақстанда мәдениет пен дін диалогының ғаламдық орталықтарының бірінің өкілдігі бекітіледі.

4. И ндустрияландыру және инновация негізінде э кономи калық өсу  Экономи калық өсу  –  бұл біздің ең маңызды міндетіміз, мұның шешіміне Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі тәуелді. Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Инновация қосу қазіргі индустрия — бұл ағымдағы жүзжылдықтағы барлық жетістікті мемлекеттің магистральды жолы. Мықты индустриялық база инновациялық өрлеуге ауысу негізі болады, экономикада инновациялық өсу нүктерлерін жасауға мүмкіндік береді. Тек осы негізде Қазақстан бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті мемлекет, бәсекеге қабілетті қоғам болады. Экономикасы бекіген, индустриялық, инновациялық Қазақстан – бұл нағыз патриоттар міндеті.

4. И ндустрияландыру және инновация негізінде э кономи калық өсу

Экономи калық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, мұның шешіміне Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі тәуелді.

Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту.

Инновация қосу қазіргі индустрия — бұл ағымдағы жүзжылдықтағы барлық жетістікті мемлекеттің магистральды жолы.

Мықты индустриялық база инновациялық өрлеуге ауысу негізі болады, экономикада инновациялық өсу нүктерлерін жасауға мүмкіндік береді. Тек осы негізде Қазақстан бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті мемлекет, бәсекеге қабілетті қоғам болады.

Экономикасы бекіген, индустриялық, инновациялық Қазақстан – бұл нағыз патриоттар міндеті.

5. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық және өмірлік әлеуеттерін толықтай ашу кешені. Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі. Қазақстанның барлық шынайы патриоттарының маңызды міндеті – қоғамымызда бастамашыл, лайықты, адал еңбек құндылықтарына негізделген әлеуметтік оптимизмді нығайту.

5. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық және өмірлік әлеуеттерін толықтай ашу кешені.

Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.

Қазақстанның барлық шынайы патриоттарының маңызды міндеті – қоғамымызда бастамашыл, лайықты, адал еңбек құндылықтарына негізделген әлеуметтік оптимизмді нығайту.

6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата - бабаларымыздың ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттікке, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды. Тарих бізді сабақ алуға, даналық пен төзімділікті үйренуге, тағдыры ортақ халық күшіне деген сенімді нығайтуға үндейді. Өз еліңнің тарихын білу, түсіну және құрметтеу – әр қазақстандық патриотының міндеті. Әр нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу және отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу. Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік принципін енгізу де маңызды.

6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата - бабаларымыздың ұлы істері сақталған.

Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттікке, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды.

Тарих бізді сабақ алуға, даналық пен төзімділікті үйренуге, тағдыры ортақ халық күшіне деген сенімді нығайтуға үндейді.

Өз еліңнің тарихын білу, түсіну және құрметтеу – әр қазақстандық патриотының міндеті.

Әр нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу және отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу.

Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік принципін енгізу де маңызды.

7. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы - мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні. Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә. Назарбаев G-GLOBAL: ХXI ғасыр әлемінің бес маңызды принципін атады:

7. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы

- мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні.

Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә. Назарбаев

G-GLOBAL: ХXI ғасыр әлемінің бес маңызды принципін атады:

  • революция емес, эволюция;
  • әділдік , теңдік , бәтуаластық ;
  • ғаламдық төзімділік және сенім ;
  • ғаламдық ашықтық ;
  • сындарлы көп даңқтылық .
«Біз, қазақстандықтар, біртұтас халықпыз! Біздің тағдырымыз да ортақ – ол біздің «Мәңгілік Ел», біздің беделді және ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің жалпы қазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы». Президенттің бұл сөздері ұлттық идеяның негізін де, тереңдігін де толықтай көрсетеді және бүгінде қазақстандықтардың оларды біріктіретін ортақ мақсаты бар деп нық айтуға мүмкіндік береді. Бұл мақсат – саулық пен молшылық, келісім мен достық үстемдік ететін ортақ үйімізді – Қазақстан Республикасын құру.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"М??гілік Ел - ?лтты? идеясыны? ??ндылы?тары" сынып са?аты

Автор: Асиенова Майра Мухамеджановна

Дата: 06.12.2015

Номер свидетельства: 262778

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства