kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру механизмдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

аталмыш мақала білім беру жүйесіндегі тәрбиенің маңыздылығы жөнінде жазылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру механизмдері»

Қ.Қ. Бақабаева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ


Бүгінгі таңда біздің алдымызда қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім-тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі тұр.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңында: «Қоғам, жанұя алдында жауапкершілікті сезінетін, адамгершілігі, мәдениеті жоғары, еркін, ерікті, Заңды және Конституцияны, өзінің және басқа азаматтардың құқығы мен еркін құрметтеуші, ынтымақтастыққа және өзара түсінушілікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» басты міндет ретінде айқындалғаны белгілі.

Сондықтан жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың белгілі бір мақсатқа, қоғам талаптарына сай туындайтын білім беру саясатының гуманистік бағыттарымен үндесе алатын сипаты негізінде олардың қызығушылықтары, қажеттіліктері мен өмірлік арман-мұраттарына жетуіне баға берудің маңыздылығы жоғары.

Тәуелсіз Қазақстанның даму жолында бәсекеге барынша қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыру мақсаты қойылған. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену міндеттері білім беру мазмұны мен құрылымын жаңарту, білім беру технологияларын жетілдіру, білім сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту арқылы шешіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында отандық білім жүйесінде 2020 жылға дейін болатын бірнеше игі өзгерістерді атап көрсетті. 2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері-мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге дейін түбегейлі жаңартылатын болады. Білім берудің әрбір деңгейінде білім алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіндіктері ұсынылады.

Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында жаңа формация мұғалімі-бұл кәсіптік өз мамандығына қажетті дағдыны, педагогикалық қабілетті жетік меңгерген, үнемі жаңаға ұмтылатын, рухани дамыған, шығармашыл тұлға делінген.

Зер салсақ, бүгінгі қоғамның жаңа формация мұғаліміне қоятын талаптары күннен күнге арта түсуде. Болашақ маманның білім беру кеңістігіндегі әлемдік стандартқа жауап беруінің және бәсекелестікке қабілетті болуының талап етілуі де осыны көздейтін тәрізді.

Тәрбие мәселесі тұлғаның қалыптасу барысын сипаттайтын педагогика ғылымдарының көкейкесті мәселелерінің бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне, идеялық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырады.

Тұтас педагогикалық үдеріс теориясында педагогикалық үдеріс мәнінің қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты-қоғамның шығармашылық іс-әрекетіне белсенді қатыса алатын, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруымен толық сәйкес келуіне көп көңіл аударылады.

Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жас ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мемлекет саясаты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында оқушыларға құқықтық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында адамгершілік-жыныстық тәрбие беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасы атты ресми құжаттарда атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасы қазіргі білім беру жүйесі ұлттық және адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы және дамуы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Демек, білім беру жүйесінің аса маңызды міндеттерінің бірі жас ұрпақтың жан-жақты дамуы және тәрбиеленуі үшін жағдай жасау.

Бұл әрекеттердің барлығы Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған игі қадамдар болып табылады.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы тәрбие саласындағы мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетін, тәрбие мазмұнының негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасының басты мақсаты-жас ұрпақтың тәрбиесіне бірыңғай көзқарас қалыптастыру, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету болмақ.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасына сәйкес жоғары оқу орындарындағы студенттерді оқыту және тәрбиелеудегі педагогтардың барлық іс-әрекеті тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ететіндей жағдай жасауға бағытталуы қажет.

Тұжырымдаманың негізгі аспектілерінің біріне тәрбиенің басым бағыттарының үйлесіп келуі жатады. Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысында жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуін актуалдандыру; тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру; балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес және жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру; жас ұрпақтың өзінің рухани-адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзіреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау; жас қазақстандықтарды толеранттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу; балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау; өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау міндеттерін жүзеге асыру көзделген.

Сонымен қатар, тұжырымдамада тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерін қарастыру да назардан тыс қалмаған. Сондай-ақ, тұжырымдамада педагогтардың тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруда бағдар жасайтын негізгі қадамдары да айқын көрсетілген. Тұжырымдама мазмұнында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидалары да айқындалған.

Тәрбие қағидасы –педагогтар міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдастырудың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.

Бұл қағидалар педагогтың педагогикалық іс-әрекетіне сәйкес тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруда үнемі басты назарда болады. Мәселен, гуманистік бағыт қағидасы әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның бостандығын және әлеуметтік құнын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орныға қояды; педагогтың білім алушыларға өздерін-өздері дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөлуі. Тәрбиенің үздіксіздік қағидасы жеке тұлға ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылық әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді. Демократияландыру қағидасы педагог пен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен авторлыққа негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесінің құрылымына кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида оқушыларды еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады және т.б.

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады.

Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.

Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары айқындалады: азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбиесі, отбасы тәрбиесі, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру, әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру, коммуникативті мәдениетті қалыптастыру, экологиялық тәрбие, эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру, еңбек және экономикалық тәрбие, кәсіби-шығармашылық тәрбие, интеллектуальді мәдениетті дамыту.

Сонымен қатар, тұжырымдаманы жүзеге асыру шарттары туралы да айта кеткен жөн. Тұжырымдаманы жүзеге асыру шарттары мынандай:

  • Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағын, саяси және әлеуметтік маңыздылығын өзектілендіру;

  • Интелектуалдық, педагогикалық ұйымдастырушылық, экономикалық әдістемелік және кадрлар және тағы басқа ресурстарды тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда шоғырландыру;

  • Ашық ақпараттық, білім беру, коммуникативтік, әлеуметтік және тұлғалық кеңістікті құру, балалар мен жастардың жауапкершілікті және өз бетінше болу қажеттілігі үшін тәрбие ортасын қалыптастыру;

  • Тәрбиеленушілердің рухани, интеллектуалдық және өз денсаулығы мен өмірі, әлеуметтілік біліктілігі мен жауапкершілігін көтерудің ұйымдастырушылық жағдайларын жасау;

  • Балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне толеранттылық, келісім мен ұлтаралық мәдениет пен қарым-қатынасты тәрбиелеу;

  • Қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;

  • Кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін-өзі іске асыруына және өз білімін үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау.

Сондай-ақ, тұжырымдаманы жүзеге асыруда тәрбиелеу үдерісін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық-басқарушылықты қамтамасыз ету,материалдық-техникалық қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық қолдау, кадрлық қамтамасыз етудің маңызы аса жоғары. Осы аталған негізгі ресурстарды қамтамасыз етпей тәрбие үдерісінің тиімді нәтиже бермейтіндігі түсінікті.

Тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдістерінің де алар орны ерекше. Сондай-ақ, тәрбиелеу үдерісінің тиімділігін оны ұйымдастыру формасына байланысты екендігі белгілі. Тәрбиелеу жұмысының формалары мен әдістерін түрлендірудің жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Бакабаева Кундуз Кабидоллановна

Дата: 03.01.2017

Номер свидетельства: 375189


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства