kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ибалы ?л, инабатты ?ыз -?мір к?ркі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шы?ыс ?аза?стан облысы Абай ауданы Ке?гірбай би ауылы

"Ш?к?рім атында?ы орта мектебі" КММ

химия п?ні м??алімі

Абылхаева Марзия Абылхаевна

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: Ибалы ?л, инабатты ?ыз- ?мір к?ркі

Т?рбие са?аты 6-сынып о?ушыларына арнал?ан.

Ма?саты:  О?ушыларды? бойына адамгершілік пен имандылы?ты д?ріптеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ибалы ?л, инабатты ?ыз -?мір к?ркі »

ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы

«Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ













Тәрбие сағатының тақырыбы:

Ибалы ұл, инабатты қыз -өмір көркі



Сыныбы: 5-7 сыныптар



Авторы: Абылхаева Марзия Абылхаевна химия пәні мұғалімі

Қасымжан Қарлығаш Санақбекқызы қазақ тілі мен әдебиет пәні

мұғалімі

Мұқанқызы Гүлжанат қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі














2014-2015 оқу жылы



Түсініктеме хат


Тәрбие сағатының тақырыбы: Ибалы ұл, инабатты қыз -өмір көркі


Бағыты: Рухани -адамгершілік тәрбие


Түрі: өнеге  сағаты

Әдісі: сұрақ-жауап,топтастыру, тренинг, жағдаяттық сұрақтар, бейне-көрсетілім     

                        

Мақсаты:  Оқушыларды адамгершілікке, имандылық, инабаттылық, әдептілікке тәрбиелеу.


Міндеттері:

1. Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір  заңдылықтарын білуге үйрету;

  2. Адамгершілік қасиеттерге  бағыттай отырып, оқушының  рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;

  3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге  тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.


Тәрбие сағатының өзектілігі: Оқушылардың бойына рухани –адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.



Тәрбие сағатының мазмұны: Тәрбие сағаты ҮІІІ бөлімнен тұрады. Тәрбие сағаты барысында қазақтың қыз бала мен ұл балаға берген тәрбиесі, әдептілік әліппесі, ұлы адамдардың айтқан тәрбие туралы ойлары айтылды. Сонымен қатар, Ұлы отан соғысының 70-жылдығына байланысты отан соғысына қатысқан жауынгерлерден қазіргі ұрпақтың алар тәрбиесі туралы айтылды. Оқушыларға жағдаяттық мысалдар бере отырып, одан шығу жолдары тыңдалды. «Дүние керуен» бейне-көрсетілім, «Қазақ қызы» әні тыңдатылып, оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды.


Қолданылған көрнекіліктер: Нақыл сөздер, техникалық құралдар, гүл,  шарлар, музыка

          

Қолданылған техникалық құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, үнтаспа.




Тәрбие сағатының барысы:

І бөлім.  Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.  « Көңіл толқыны» музыка ойнап тұрады.

     Мұғалім.

     Қайырлы күн, ата-аналар, оқушылар!

     Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

     Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

     Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

     Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

  Балалар, «адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп қонақтармен, бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет.   Енді әсем  әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.

Мысалы: Қайырлы күн! Сабағыңды жақсы оқы! Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін! Адал бол! Қайрымды бол! Жүрегің жақсылыққа толы болсын! Алланың нұры жаусын!

Бірге: Ал біз сізге бақыт тілейміз.

Мұғалім: Рахмет оқушылар, осы гүл шоғырлары біздің  тәрбиелік шарамыздың сәтті өтуіне көмектеседі деп ойлаймын.

Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында өлең шумақтары оқылады.

1  -оқушы:

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты.

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген  Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға арнадық.

  2-оқушы:

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса.                                

Елінің соры болады- деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Ибалы ұл, инабатты қыз- өмір көркі» атты тәрбиелік шарамызды  бастаймыз.

  

 Мұғалім сөзі:

- Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.

- Бүгінгі бас қосуымыз сыйластықты нығайту.

ІІ бөлім. Топтастыру стратегиясы: Топқа бөлу. Стикер арқылы оқушыларды «инабатты», «ибалы» деп 2 топқа бөлу.

ІІІ бөлім. Тренинг.  Алдарыңдағы параққа адам бойындағы жаман қасиеттерді  жазыңыз. Болғасын жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы қасиеттерді жазыңыз.

  Мұғалім: Балалар, қазақта мынадай тілек  бар екен.  Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгершілігі мол болсын, қайырымды болсын!  Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін манағы жазған жаман қасиеттерді жазған парақтарды жыртып тастайық. Бүгінгі тәрбие сағатымызда тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық  қағидаларына тоқталамыз.

ІҮ бөлім. «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес»

Топпен жұмыс

І топқа: Әлия мен Мәншүктің ерлігі мен қыздарға берер үлгісі.

ІІ топқа Бауыржан Момышұлы мен Баубек Бұлқышевтің ерлігі мен ұлдарға берер үлгісі.



І топқа: ІІ топқа:

Бауыржан Момышұлы

Баубек

Бұлқышев

Мәншүк

Әлия




 





Бауыржан- рух пен намыс төресі



Қайсар

Өктем Айбатты Адал Шешен

Бір сөзді Көреген Дана Тура сөзді Кісілікті тану

Текті әулет ұрпағы


Ү бөлім. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»

І-ІІ топқа сұрақтар беріледі. Осы өз пікірлерімізді ортаға салайық.  Балалар пікірі тыңдалады.

         1. «Қызы өссе қылықтымен ауылдас бол!» ұлдарға сұрақ.

 

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?  ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине  сыртқы келбеті)

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?   ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, 

  бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай  

  кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие 

   қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

 

3. Қызға қандай қылық жараспайды?   (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, 

                                                                         өтірік айтқаны)

 

4. Қыздарға арнап мақал айт.    ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, 

       қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)

 

5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса, 

                                                                                 сыпайы, биязы  болса  )

 

 2. «Ұлың өссе ұлықтымен ауылдас бол!» қыздарға сұрақ.

 

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды?

( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні  сыйламайтыны)

2. Ұлдарға арнап мақал айт  (Ұлды ұясында баулы, Ұяты жоқ ұл жаман.

     Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)

 

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, 

адамгершілігі мол).

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

    ( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет 

    етуі тиіс.Ол  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп  

    ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

     (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

  ҮІ бөлім. Бейне- көрсетілім

Жігіттер квартетінің «Дүние керуен» әні мен бейне-көрсетілім көрсетіліп, оқушылардың пікірі тыңдалады.

Дуние керуен (Жігіттер тобы)


Өтетін сейілмен,

Ей, дүние базарсың.

Пенделік пейілден

Жүрегім тазарсын.

-Балалар бейне-көрсетілімнен не ұқтыңдар?

-Қандай жат қылықтарды көрдіңдер?

ҮІІ бөлім. Қазақ зиялыларының нақыл сөздері...

Мұғалім:

Тәрбиенің асқары-

Абай атам табынған.

Адамгершілік бастауы

Бес асыл боп табылған

Оқушылар өздері білетін өлең жолдарын оқиды.



1-оқушы: Мұқағали Мақатаев «Көшеде»

Мен жолымды берейін, өт, қарағым,

Несін күттің, несіне көп қарадың?

Анасының бергенін саған берген,

Аруағынан айналдым текті Ананың!

Жалған-ай!

Жарсымды-ау ізет деген!

Иілген біз өтпенен, сіз өтпенен.

Қасиетін халқының сыйламайды,

Атасының дәстүрін күзетпеген.


2-оқушы: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрсеге асық бол,

Бес нәрседен қашық бол.


3-оқушы: Шәкәрім Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Адамдық борышың,

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта оны біл.


ҮІІІ бөлім.  Ситуациялық жағдаяттар.

1- топ

                


  Елдостың қылығы.

 

Велосипедпен жарысып келе жатқан Елдос жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Елдос қарияның жолын кесіп өтеді. Елдостың қылығы дұрыс па, бұрыс па?  Сен қайтер едің?   


2-топ

Қонақтар шақырылған уақытта бәрі жиналды.Қонақтар бір-бірімен жатырқамай тез тіл табысып кетті. Әңгіме күнделікті заттардың қымбаттауы туралы айтылды. Осы үйдің үлкен ұлы Самат сөзге араласып, былай деді:

-Иә, тіпті базарда да тамақ қымбат, мен анама өрік-мейіз қымбат екен алмай-ақ қойса болмай ма,-десем, «Қонақтардан ұят болады»- деді... Қонақтар бір-біріне қарады.

-Неліктен үлкен кісілер ыңғайсыз жағдайда қалды?

ҮІІІ бөлім. Қорытынды.

Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?

 Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.

Сонымен,  иманды ұл мен инабатты  қыздың бойында  қандай  қасиеттер  болу керек?

Топтастыру          

    Иманды ұл                                       Инабатты қыз

тәртіпті                                                ибалы                             

қайырымды                                    сыпайы

әдепті                                                  биязы

адамгершілігі мол                                 кішіпейіл


Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы, халық қаһарманы

Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген екен..



«Қазақ қызы» әнін орындау.

Аң жортар  аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі, – деп  Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да  инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.


Сүймеген сені азамат, азамат па?

Көңілің тәрізді аппақ , таза мақта.

Ерліктің қос қанаты деп білемін

Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.











































Пайдаланылған әдебиеттер.





1. Абайдың қара сөздері


2.А.С Сейтақов, Р.О. Ізғұттынова, Ұ.М.Әбдіғапарова «Өзін-өзі тану», 9-8-сынып, Алматы «Бөбек»,2010


3. «Тәрбие құралы» журналы, № 4,6



4. «Қазақстан тарихы» журналы, №2,6




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ибалы ?л, инабатты ?ыз -?мір к?ркі

Автор: Абылхаева Марзия Абылхаевна

Дата: 28.02.2015

Номер свидетельства: 180182


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства