kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Джихад дегеніміз не?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні: 25.11.2020

Сабақтың тақырыбы: «Джихад дегеніміз не?»

Сабақтың мақсаты: Джихад сқзінің мағынасын ашу, түрлерімен танысу, Ислам діні туралы мәлімет беру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сынып сағаты

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі: видео, слайд, стикер

Өткізу түрі: қашықтықтан «WhatsApp»желісі арқылы

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру 

Оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен амандасу.

«Ой-қозғау»

  1. Джихад сөзін естігенде көз алдымызға не келеді? (ассосация)
  2. Жақсы бейнелер келеді ме, әлде қорқынышты, үрейлі бейнелер келеді ме?

       Интернеттің іздеу жолағына Джихад деп жазсақғ қару асынған, бір қолында Құран, бір қолында қару асынған адамдардың суреттері шығады. Бүгінгі сабақта осы сөздің мағынасы қандай және оның қандай түрлері бар деген сұрақтардың жауабын білетін боламыз,

(видео)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Джихад дегеніміз не?"»

Күні: 25.11.2020

Сабақтың тақырыбы: «Джихад дегеніміз не?»

Сабақтың мақсаты: Джихад сқзінің мағынасын ашу, түрлерімен танысу, Ислам діні туралы мәлімет беру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сынып сағаты

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі: видео, слайд, стикер

Өткізу түрі: қашықтықтан «WhatsApp»желісі арқылы


Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

Оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен амандасу.

«Ой-қозғау»

  1. Джихад сөзін естігенде көз алдымызға не келеді? (ассосация)

  2. Жақсы бейнелер келеді ме, әлде қорқынышты, үрейлі бейнелер келеді ме?

Интернеттің іздеу жолағына Джихад деп жазсақғ қару асынған, бір қолында Құран, бір қолында қару асынған адамдардың суреттері шығады. Бүгінгі сабақта осы сөздің мағынасы қандай және оның қандай түрлері бар деген сұрақтардың жауабын білетін боламыз,

(видео)

Видео бойынша сұрақтар қойылады.

1.Джихад сөзі кұрес деген мағынаны білдіреді.

2. Джихад - Исламда «Алла жолында күш салу» деген мағынаға ие әрекет. Көп жағдайда «қасиетті соғыс» деп қате аударылып жүр.

3. Джихадұсылмандық әуелгі дәни мәтіндерге сәйкес джихадтың екі түрі бар: ұлы джихад және кіші джихад.

4. Ұлы джихад - адамның өз бойындағы жаман қасиеттерімен күресі.

5. Кіші джихад – Исламды, мұсылман елді я қауымды оған сырртан төнген зорлық-зомбылықтан қорғау әрекеті.

Оқушылардың мәліметтері

Аружан: Қасиетті Құран Кәрімде: «Дінде зорлық жоқ»  делінген. Соңғы кездері ел тыныштығын бұзып, түрлі қауесеттер таратып, жарылыстар ұйымдастырып, адамдарға қару жұмсап, Алла атымен ұрандап өзін жанкешті, джихадшы етіп көрсету бейбітшілік діні Ислам дінінде жоқ дүние. Бұл құбылыстар Исламды яғни мұсылмандарды құбыжық етіп көрсету болып табылады. Джихад дегеніміз соғысу емес. Джихад – бұл Алла пен адам арасындағы кедергілерді жоюды тырысу дегенді білдіреді. Ал шынайы Ислам діні тек қана жақсылыққа, бейбітшілікке шақырады. Ислам сөзі: «Бейбітшілік, Тыныштық, Саламаттық» деген мағыналарды білдіреді. Түсіністікке, өзара ынтымаққа ұмтылу, өзге дін өкілдері мен барлық ұлтттар мен ұлыстармен тіл табысып, тату тәтті өмір сүру, өркендеуі Ислам дінінің ерекшелігі десек болады. Жалпы Ислам -  бүкіл адам баласына жіберілген ең соңғы дін, ақыл мен ғылым діні, теңдік діні, жеңілдік діні, бейбітшілік пен сүйіспеншілік діні, махаббат пен қайырымдылық діні. Пайғамбарымыз Мұхаммед (С.А.С) өз хадистерінде былай деген: «Бір-біріңді сүймейінше , нағыз мұсылман бола алмайсыз», «Қайырымды болғандарға, Алла Тағалада  қайырымдылық жасайды». 

Аслан: Әрине тәуелсіздіктен кейін түрлі діни ағымдарды түсінбей төрімізге отырғызып алдық міне осылардың зардабын шегуіміздің себебі Ислам  дінінің насихатталу деңгейінің төмендігі, діни сауатсыздық, біздің сол кездегі экономикалық әл ауқатымыздың төмендігі,  теріс ағымдардың түрлі жанашырлық кейіппен танытқан қайырымдылық іс - шаралары, түрлі - түсті кітаптар тарату болып отыр. Тіпті ата - бабаларымыз ұстанып келген Ислам дінінің Ханафи мәзһабы жолынан алыстап кете жаздадық.

Алтынбек: Енді жалпы соңғы күндері терроризммен етене араласып айтылып жүрген «жиһад» терминіне тоқталар болсақ. Алдымен, «жиһад» сөзі араб тілінде белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр-қайратың мен ынта-жігеріңді төгу, тырысу, күресу деген сияқты мағыналарды білдіреді. «Жиһад» ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда теріс бағыттағы ақпарат салдарынан көптеген адамдар жиһадты қару алып соғысу деп біржақты түсінеді.

Әрине, мұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. Құранда «жиһад» сөзі 35 жерде өткенімен төрт жерде ғана тікелей соғыс мағынасында келген. Құранда соғыс ұғымы «харб», «мухарабә», «мағрака», «қитәл» терминдерімен білдірілген. Бірақ, жиһад сөзі соғысты да қамтығандықтан, көпшілік жиһад делінген кезде тікелей соғысты түсінеді.

Айболат: «Жиһад» – адамның Алла Тағаланы тануына кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды жою. Жаратушы мен адамның арасындағы бөгеттерге сауатсыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, ерік-ойға, санаға жасалған шектеулер жатады. Ендеше, «Жиһад» деп осы бөгеттерді жою үшін жасалатын барлық іс-шара, күреске айтылмақ.

Алла ризалығы үшін істелген әрбір іс-қарекет «жиһад» саналады. Қандай да болсын қиын жағдайларға қарамастан күн сайын үздіксіз бес уақыт намаз оқу, кейде аптап ми қайнатар ыстықта ораза ұстау, Алла Тағаланы өзге жандарға түсіндіру үшін істелген әрбір іс, қоғамдағы
кейбір керітартпа келеңсіздіктерді түзету үшін атқарылған үлкенді-кішілі барлық шара исламдағы жиһад ұғымының аясына кіреді.

Анель: Жиһад – ең әуелі өзіңді түзету. Ішкі дүниеңді, жүрегіңді тазарту. Болмысыңды қызғаншақтық, қанағатсыздық, сабырсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық секілді күллі жаман қасиеттерден арылтып, олардың орнын көркем қасиеттермен толтыру. Қысқасы, нәпсіңмен әрдайым үздіксіз күрес. Себебі, әуелі өз басын түзете алмаған адам, нәпсісін жеңіп, кәміл адам болу жолына түспеген жан өзгені қалай түзетіп, тура жолға қалай шақырмақ.

Сыртқы күрестен бұрын ішкі күресті қолға алудың маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Себебі, адам өзінде жоқ нәрсені басқаға қалай бермек? Пайғамбарымыз бірде соғыстан шаршап, шалдығып келе жатқан сахабаларына: «Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық» деген кезде, сахабалары: «Уа, Расулуллаһ, «үлкен жиһад» деген не?» – деп, таң қала сауал қойды. Пайғамбарымыз: «Ол – өз нәпсіңмен күрес», – деп жауап қайырды. Міне, сондықтан Пайғамбарымыз сыртқы дұшпанмен күресті «кіші жиһадқа» жатқызса, нәпсімен күресті «үлкен жиһадқа» балаған.

Мұғалім сөзі: Пайғамбарымыз басқа бір хадисінде: «Нағыз жиһад жасаушы кісі – өзінің нәпсісімен күресуші» деп, нәпсімен күрестің маңыздылығын тағы бір рет айшықтай түскен. Жиһад ұғымы адамға, қоғамға, жағдайға қарай түрленіп отырады. Бір дәрігердің өз саласында кәсіби деңгейге қол жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі, экономика маманының мұсылмандардың әлеуметтік жағдайларының түзелуі үшін жұмсаған қажыр-қайраты, мұғалімнің сауатты түрде бала оқытуы – мұның бәрі жиһадқа жатады.

Мұсылмандардың керекті қаржыны тірнектеп жинап, өздеріне мешіт, медресе тұрғызуы; жоқ-жітіктерге көмектесіп, жетім-жесірлерге қарайласқан қалталы азаматтардың бұл істері де Хақ жолындағы күреске – жиһадқа жатады.

Рефлексия:

  • Сынып сағаты маған.....

  • Өзім үшін білдім .....

  • Достарыма мен тілеймін.....

«№5 мектеп-лицей» КММ















«Терроризм – ғасыр қаупі» атты онкүндік барысында

өткен ашық тәрбие сағаты «Джихад дегеніміз не?»




Өткізген: Жұмағұлова Ж.М.

Сынып: 8 «Г»










2020-2021 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Джихад дегеніміз не?"

Автор: Жұмағұлова Жанар Мырзағалиқызы

Дата: 26.01.2021

Номер свидетельства: 571490


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства